б.]. Ел қаған ҿзінен бұрынғылардың ел басқару жүйесіне ҿзгерістер енгізді: басты басқару
орнындағы басшыларды түсіріп, олардың орнына жағымпазданып іші бауырына кіріп
алған қытайлықтар мен соғдылықтарды қойды. Жат жұрттықтардың басқаруындағы
халық шектен тыс қанауға ұшырап, ҿз бимлеушілеріне қарсы күрес ашуға мҽжбүр болды.
609 жылы Ел қаған Шаньсиде кҿтерілісшілерден жеңіліс тапты. Осымен қатар осы кезде
оғыз тайпасы да кҿтерілді. Шиеленіскен ішкі жағдайды пайдаланып Қытай
императорының армиясы қағанат жеріне басып кірді. Жат жұрттық басшылар теріс
айналып кетті, Ел қаған тұтқынға түсті. Түркілер құрған мемлекет ҿзінің сексен жылдық
тарихында кҿп ҿзгерістерге түсті. Биліктің бҽрін ҿз қолында ұстаған қаған жалпы
халықпен байланысын үзіп, аз ғана аристократиялық топтың мүддесін қорғады. Соғыстар
кҿбінде соларға ғана тиімді болды. Елдің негізгі бҿлігі мал шаруашылығы ҿнімдерімен
күнелтті. Түркілердің басым кҿпшілігін жорықтардан кҿрі асыл тастар мен жібек мата
саудасы қызықтырды. Қол астындағы елдің мұң-мұқтажымен санасқан кейбір қағандар
Қытайдың империялық үкіметіне сауда қатынасына кедергі жасамау жҿнінде жиі-жиі
ҿтініштер жасап тұрды. Бірақ қытай үкіметі шекарадағы сауданы саяси құрал ретінде
қарап, неше құбылтып шектеп отырды. Бұдан негізінен шекараға жақын жерге орналасып,
бейбіт сауда жүргізуге тырысқан қытай жер ҿңдеушілері мен түркі малшылары зардап
шекті.
Осылайша ұлы қағанаттың шығыстағы саясаты сҽтсіздікке ұшырап, бірінші Түркі
қағанатының тарихы аяқталды.
Падаланылған ҽдебиеттер тізімі:
1
Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в древние времена. Т I. М-
Л., 1950. 229 стр.
2
Груссе Рене. Империя степей: История Центральной Азии. А., 2003, 109 стр.
3
Алдабек Н.Ҽ. Орта ғасырлардағы Қытай тарихы. А., 2004, 44 б.
4
История Китая. Под. ред. Меликсетов А.В. М., 2002. 165 стр.
5
Очерки итсории Китая. Под. ред. Шан Юэ. М., 1959. 178 стр.
6
Аманжолов К., Рахметов. Түркі халықтарының тарихы. А., 1996. 1-кітап. 86 б.
401
ҼОЖ 94(574) «552/756»
Тҥрік қағанатындағы ішкі саяси ӛзгерістер мен қайшылықтар
Сырбаева А.А., «Сырдария» университеті, Жетісай қ.
Түрік қағанатында мемлекеттің негізін қалаушы ағайынды Бумын мен Истеми
қайтыс болған соң олардың ұрпақтарының арасында ауыз біршілік болмады. Ҽр бегзада
ҿзіне мұралыққа алған иелігінде дербес билік жүргізуге тырысты. Мысалы 575 жылы
Истеми қаған қайтыс болған соң оның ұлдары Қара Шора Жетісуды иеленсе, екінші бір
ұлы Түркістан, тҿменгі Еділ мен Орал маңын мұралыққа алады. Истемидің орнына
отырған Таспар қаған ҿз алдына бір билеуші еді. Ал бұл кезде қағанаттың шығыс
бҿлігінде Мұқан қағанның інісі жҽне мұрагері Тобо қаған билік етіп тұрған болатын.
Бұлардың ешқайсысы да қағанатқа түгел ҽмірі жүретін билеуші бола алған жоқ. Осы екі
қаған бірінен кейін бірі ҿмірден ҿткен соң, нақтырақ айтсақ 583 жылға қарай билеуші
ақсүйектер арасында азамат соғысы басталып кетті. Бұл Түрік қағанатында 20 жылға
созылған (583-603) түрікаралық ішкі соғысқа алып келді[1].
Ҽсіресе ішкі бақталастық Батыс Түрік қағанатында қатты жүрді. Қағанаттың
шарықтау шегі Тон-ябғу қаған кезінде болды. Тон-ябғу қағанға Византия императоры
Ираклидің ҿзі тҽж кигізді.[2] Испиджабтан Шашқа, Оңтүстік Ауғанстанға, солтүстік-батыс
Пакистанға дейін созылған жер иелігін қамтыған қағанаттың жергілікті жердегі
билеушілерінің сепаратистік пиғылы күшейді. Тон-ябғудың деспоттық билігіне жаулап
алу соғыстары кезінде күшейген тайпа ақсүйектері қарсы шыға бастады. Ҿзара
қақтығыстың алдын алуға тырысқан Күл-Баһатур ҿзінің жиені Тон-ябғуды ҿлтіріп Күл-
Елбілге қаған атпен қаған сайланды.[2; 90 б.] Бірақ тайпа ақсүйектерінің келесі бір бҿлігі
басқа бақталасты қолдады. Сҿйтіп тайпаралық соғыс басталды. Осындай ішкі тартыс
нҽтижесінде қағанат 630-634 жылдары Сырдарияның батысындағы иеліктерінен
айырылып қалды. Мемлекет ішінде ҿзара билікке таласушы дулулар мен нушубилердің
екі тайпалық одағы қалыптасты.
634 жылы билікке нушибилерге арқа сүйеген Ышбара Елтеріс Шир - қаған келді.
Ол орталықтанған билікті сақтап түру үшін «он оқ» жүйесін күшейтті. Жаңа реформалар
бойынша тайпа ақсүйектерін қаған тағайындайтын болды. Сонымен бірге ҽрбір тайпаға ру
ақсүйектеріне тҽуелсіз қаған ҿкілі - шад жіберілетін болды. Бұл жергілікті басшылардың
саяси ықпалын тез түсірді. Бірақ қағанның ҽскери-саяси мүмкіндігі мұндай ҽрекетке
жеткіліксіз болды. Нҽтижесінде 638 жылы дулу тайпасы ҿздеріне жіберген шадтардың
біреуін қаған қылып сайлап алды.Дулулар мен нушебилер арасындағы ұзаққа созылған
ауыр соғыстың нҽтижесінде, қағанат Іле ҿзені бойымен екі бҿлікке бҿлініп кетті. Ышбара
қаған Ферғанаға қашты. Тайпааралық жҽне ҽулеттік соғыс 17 жылға (640-657) созылды.
Ал бұл кезеңде Қытайда керісінше процесстер болып жатты. 581-588 жылдары
бұған дейін ыдыраңқы күйде болған Қытай жұрты Суй династиясының қол астына
біріктірілді (581-618); онда жасалынған экономикалық реформалар Қытайдың
экономикалық жҽне ҽскери қуатының тез ҿсуін қамтамасыз етті. Қытайдың күшейуі
тұсында түркілердің басшы топтарының, ҽсіресе Ашин руының ішінде ҽр түрлі
араздықтармен ашаршылық қатар жүріп жатты.
Түркі аристократиясы үздіксіз соғыстар жүргізіп, басып алған жерлерінде жеке
билік орнатуға ұмтылу саясаты қарапайым кҿшпенді халықты қалжыратты. Оған 581-583
жылдардағы жұт келіп қосылды [3]. Осының барлығы қағандықты дағдарысқа еріксіз
алып келді.
Түркі руларының жорықтары арқылы үйреншікті пайда табуы келмеске кетті
Түркілер құрған мемлекет ҿзінің сексен жылдық тарихында кҿп ҿзгеріске түскен. Биліктің
бҽрін ҿз қолында ұстаған қаған жалпы халықпен байланысты үзіп, аз ғана топтың
мүддесін қорғады. Соғыстар соларға ғана тиімді болды. Елдің негізгі бҿлімі мал
шаруашылдығының ҿнімімен күнелтті. Түркілердің басым кҿпшілігін жорықтардан гҿрі
асыл тастар мен мата саудасы қызықтырды. Қол астындағы елінің мүң-мұқтаждығымен
402
санасқан кейбір қағандар Қытайдың империялық үкіметіне сауда қатынастарына кедергі
жасамау жҿнінде жиі-жиі ҿтініш жасап тұрды. Бірақ Қытай үкіметі шекарадағы сауданы
саяси бақылау құралы ретінде қарап, неше құбылтып, шектеп отырды. Бұдан шекараға
жақын аймақта бейбіт сауда жүргізуге тырысқан халық зардап шекті. 620-629 Ел қаған
мен оның ҽскер басшылары сан мыңдаған ҽскерді тынымсыз жабдықтауды, атты ҽскерді
толықтыруды қолға алды. Соғыстан түсетін табыстар мен сыйлықтарға қанағаттанбаған
қаған ҿз халқына салынатын салықты ҿсіре берді. Салық ҽсіресе жұт жылдары (627-629)
халыққа ҿте ауыр тиді. [4].
Ел қаған ҿзінен бұрынғылардың рулық-тайпааралық ел басқару жүйесіне
ҿзгерістер енгізді: басты орындардағы басшыларды түсіріп, олардың орындарына
қытайлықтар мен соғдылықтарды қойды. Жат жұрттықтардың басқаруындағы халық
шектен тыс қанауға түсіп, ҿз билеушілеріне қарсы күрес ашуға мҽжбүр болды. 629 жылы
Ел қаған Шаньсида кҿтерілісшілерден жеңіліс тапты. Оған қарсы ілесе оғыз тайпалары
кҿтерілді. Қытай императорының армиясы осы жағдайды пайдаланып қағанат жеріне
басып кірді. Жат жұрттық басшылар тері бұрылып кетіп, Ел қаған тұтқынға түсті (630).
Осылайша бірінші Түрік қағанатының тарихы аяқталды. Суй патшалығының (581-618)
тұтқиыл шабуылы барысында 603 жылы Батыс жҽне Шығыс Түрік қағанаты болып екіге
бҿлініп кетті[5]. Ал 630 жылы Шығыс Түрік қағанаты Таң патшалығының (618-907)
тегеуірінді соққысынан ойсырай жеңіліп тҽуелсіздігінен айырылды. Шығыс Түрік жері
Тан патшалығы арнайы құрған «тізгіндеуші аймақтық ҿкімет» дейтін ҽскери-ҽкімшілік
мекемелер арқылы басқаруға кҿшті [6]
Батыс Түрік қағандығындағы жағдай басқарақ болды. Тан патшалығы тікелей
ҽскери күшпен бақылай алмасын сезгендіктен де Батыс Түрік жері мен Он Оқ елін Тан
ордасына қызмет етуге құлшынған қуыршақ хандар арқылы басқару саясатын ұстанды.
Ҽлкей Марғұлан ол хандарды «табғаш хандар деп атады.[7]
Түрік халқы тұтастай алғанда кіріптарлыққа, бодандыққа тап болып ауыр күнді
басынан ҿткізуге мҽжбүр болды. «Түрік бектері түрік атын жоғалтып табғаш бектердің
табғаш атын тұтынып, табғаш қағанына бағынды. Елу жыл ісін, күшін берді»[8]. Мұнда
аталып отырған 50 жыл дҽл 630-679 жыл аралығындағы бодандық дҽуірдің ҿзі болатын.
Бұл дҽуірде Орта Азия мен Тан империясы арасындағы саяси-ҽскери жағдайда орасан
ҿзгерістер болып жатқан еді.
Құтылық қаған таққа отырысымен (682-684) алдымен Тан империясының ҽскери
қамалдарын талқандап ордасын Қарақұмнан Отукенге апарып орнату арқылы Гоби
құмының екі жағындағы империяның тізгіндеуші үкіметін жойды. Сҿйтіп азғана уақыт
ішінде Шығыс Түрік қағанатының байырғы территориясын қалпына келтірді де, енді
Батыс Түрік жерін бағындырып, біртұтас Түрік қағанатын қалпына келтіру жоспарына
кірісе бастады. Ол үшін алдымен Батыс Түрік жеріндегі «Табғаш қағандар» билігін
жойып, Тан патшалығының ҽскери базаларын талқандау керек еді. Ол бұл жорыққа
мұқият дайындалды. Жорық екі кезеңге бҿлінді:
1-кезең 685-690.
2-кезең 690-691.
Тан патшалығының билігі 685 жылы жесір патшайым У Зытиянның қолына ҿтті.
Ол ел билеумен дипломатияда ҿзінше кҿптеген ҿзгерістер жасауға ұмтылғанмен
империяны ауыр зардаптарға ұрындырды. Асана Хұсрау қолбасшы Тан империясына
«Тҿрт қала бекінісін» қаратып берді Ҿзі Суяб қаласына орнығып алды да Шығыс
Түріктердің батысқа жорығын тоқтатып тастады.
Тан патшалығы 689 жылы кҿктемде тобандарға қарсы кең кҿлемді ҽскери жорыққа
аттанды. Тан патшалығының жорыққа аттанған таңдаулы армиясын тобандар талқандап,
«Тҿрт қала бекінісінің» Суябтан басқасын басып алды. Сол тұста Шығыс Түрік
қағанатына қарсы аттанған Тан патшалығының армиясы да ешбір ҽскери табысқа жете
алмай қайтып оралды. Осындай оңтайлы сҽтті ұтымды пайдаланған Құтылық ҽскері
батысқа бірінен соң бірі аттанып он тайпа жеріне ішкерілеп ене бастады.
403
Бұл тұста Он тайпа еліндегі Бес Дулаттың белді тайпасы болған түргештер
барынша күшейіп келе жатты. Түргештердің кҿсемі Ҿжелі Баға тархан еді. Ол ҿз кезегінде
табғаш қаған Хұсраудың қол астындағы Баға тархан болып істеген. Ол бытыраған елінің
басын қосып Суябтың батыс-солтүстігіне шоғырлана қоныстандырды. Шығыс Түрік
ҽскері Суябты басып алған кезде түргештер пҽлендей қарсылық кҿрсетпеген болатын.
Бірақ Құтылық қаған армиясының Суябқа біржола орнығып қалуына да кҿнгісі келмеді.
Сондықтан Ҿжелі Бағы тархан ҿзіне қарасты елін басқаруға ҽкімдер тағайындап ҽскер
дайындығын күшейтуге тырысты. Тан патшалығы да ҿзінің батыстағы бірқатар
бекіністерінен айырылып қалғанына ҿкініп қайтарма шабуыл арқылы қалпына келтіруге
кіріседі Түркештердің Баға тарханымен астыртын байланыс орнатты шығыс түрік
қағанатына қарсы ҽскери жорық жоспарына келіседі. Суяб бекінісі үшін Түркештермен
болған соғыста шығыс түріктер ойсырай жеңіліп шегінуге мҽжбүр болды.
Осындай ҿте қолайлы геосаяси жағдайда Түркеш қағанаты құрылып шықты. Бұл
дҽуірде Түркештердің тҿрт тарапында аса қуатты ҽрі агрессиялық Тан империясы, шығыс
Түрік қағанатында Тобанбар, Араб халифаты тұс-тұсынан анталап бҽрі де Түркештерді
бағындырып алуға, тым болмаса ҿзіне одақтас күш ретінде пайдаланып қалуға ұмтылды.
Ҿжелі Баға тархан түркештер болса ҿз тҽуелсіздігін сақтап қалу үшін ең алдымен
ел ішіндегі бес дулат пен бес нушебе арасындағы татулықпен бірлікті қамтамасыз ету
мақсатында ҽскери ҽкімшілігін құру арқылы қатаң тҽртіп бойынша бақылауды күшейтті.
Ҽсіресе Тан империясына арқа сүйеген он оқ еліне ҿктемдігін жүргізіп келген табғаш
қағандарының қалдық күштерінің бүлдіру ҽрекетімен аяусыз күресуге тура келді. Ҽрі Тан
патшалығының ашық күресінен сақтанып оны шығыс Түрік қағанатына қарсы күресте
одақтас етуге ұмтылды. Тобандармен негізінен одақтық негізде тату кҿршілік сақталды
деуге болады. Ал арабтармен бұл кезде ашық қарым-қатынас бола қайған жоқ.
VII ғасырдың соңында Құтлық қаған бастаған шығыс түркі тайпалары Қытайға
қарсы ҿлермендікпен жүргізген соғыстың нҽтижесінде ҿз тҽуелсіздіктерін қалпына
келтірді. Құтлық ҿзіне Елтеріс қаған деген лауазым алды. Қағанаттың орталығы Ҿтікенде
(Хангай таулары) орналасты, ал оның батыс шекарасы Алтай тауларымен шектесті.
691жылы Елтеріс қайтыс болғаннан кейін, билікке оның ағасы Қапаған қаған (691-716)
келді. Оның кезінде Шығыс Түрік қағанатының ҽскери-саяси қуаты күшейді.Солтүстік
Қытайдағы қытай армиясына қарсы бірнеше сҽтті жорықтар, қидандарды талқандау (696-
697), Туваны басып алу, Енисей қырғыздары мемлекетін талқандау (709-710) Қапағанды
Орталық Азиядағы билеушіге айналдырды. [2; 92б.]
Сонымен қатар осы кездері Батыс Түркі қағанатындағы шашыраңқы билікті
құрамындағы ең күшті тайпа түркештер бір орталықтандырып ҿздерінің мемлекеті
Түркеш қағанатын құрды.
699 жыл түргештердің билеушісі Үш-Елік Батыс Түрік қағанатындағы бҽсекелесі
Хосрау Бҿрі шадты Қытайға қарай қуып жіберіп, Шаштан Турфанға, Бесбалыққа дейінгі
жерде ҿз билігін құрды. Хосрау Бҿрі шадпен бірге Бесбалыққа оған бағынышты 50-60 мың
адам кҿшіп кетті. Бесбалықтағы ірі Қытай гарнизонымен қосылған Ашина руының
ақсүйектері Түргештер үшін ҿте қатерлі қауіп болды.
704 жылы билікке таласушылардың бірі Ашина Сянь Бҿрі шадпен бірге Жетісуға
аттанды. Түргештер бірнеше жауап жорықтарын жасады жҽне Шығыс Түркістанға үлкен
жорыққа дайындала бастады.
Үш-Еліктің мұрагері Сақал қаған кезінде тайпалық ақсүйектер қытайлықтарға
сүйене отырып алғашқы кҿтерілістерін бастады. Сақал кҿтерілісшілерге ауыр соққы беріп,
Кучедегі Қытай наместнигінің армиясын талқандады. 708 жылғы Кучеге жасалған
жорықты Тан империясының Жетісуға шапқыншылығын тоқтату үшін кезінде Үш-Елік
дайындаған болатын. Далалық шайқаста қытай ҽскерлері ауыр соққы алып, наместник
Аньси Ню Шицзяннің ҿзі кҿптеген қолбасшыларымен қаза тапты. Осылай түргештерге
қауіп біраз уақытқа сейілді. Кҿп ұзамай кҿтерілісті Сақалдың інісі бастады. Ол Шығыс
Түрік қағаны Қапағаннан кҿмек сұрады. 711 жылы Қапағанның баласы Инел жҽне ҽскери
404
қолбасшы Тонұкҿк бастаған шығыстүрік ҽскерлері Сақал армиясын Жоңғариядағы Болучу
ҿзенінде талқандады. Жауласқан екі бауырда Қапағанның бұйрығы бойынша жазаланды.
Түргеш қағанаты ҿз дамуының шырқау шегіне жеткен кезде Тан патшалығының
арандатуына елігемін деп 711 жылы Болучу даласындағы жеңіліске тап болады.
Қағанынан үлкенді- кіші Шор, Еркінен айырылған түргештің қара халқының бір бҿлегі
Шығыс Түрік қағанатына бағынды аздаған бҿлігі Кеңерес жаққа барады. Тағы біраз бҿлігі
Тан патшалығы иелігіндегі «тҿрт қала бекінісі» маңайына Тан ордасын қолпаштап
отырған табғаш Қаған Асана Шияңды жағалайды. Шығыс Түрік қағанатымен тікелей
қақтығысқа араласпай «тҿрт қала бекінісі» негізгі күшін сақтап Тан империясы ендігі
жерде бірден белсенді ҽскери қимылға кҿшкенін кҿреміз.
Қорыта келе, мемлекеттің негізін қалаушы Бумын қаған мен Истеми жабғу ҿмірден
ҿткен соң олардың ұрпақтары ҽскери күш-қуаттарын дұрыс емес бағытта жұмсауының
нҽтижесінде қағанаттың беделімен қоса аймақтық ықпалын да ҽлсіретті. Мұның ақыры
кейін түріктерді қытай бодандығында болуға алып келді. Жарты ғасырдай уақыт ҿткен
соң қағанат қайта қалпына келтірілгенмен бұрынғы қуатын қайтара алмады. Даланың
қатал заңына сҽйкес ҽлсіреп қалған Түрік қағанаты тарих сахнасынан кетіп, кҿшпенділер
ҿлкесіндегі билеушілік құқықты ҿздерінің құрамында ҿмір сүрген Түргеш тайпасына
ҿткізді. Түргеш қағанаты ҿзі ҿмір сүрген алпыс жылдай уақытты тҽуесіздіктерін сақтап
тұру үшін шетел басқыншыларына қарсы, атап айтсақ Тан империясы мен Араб
халифатына қарсы күреспен ҿткізді.
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі:
1
Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в средней Азий древние
времена. Том I. М-Л.; 1950, 229 стр.
2
История Казахстана и Центральной Азий под.ред., Абусейтова М., Кляшторный
С.Г. 90 стр.
3
Аманжолов К., Рахметов . Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996. 1-кітап., 86 б.
4
Дҽулетханов Ҽ. Түркеш қағанаты (саяси жҽне мҽдени тарихи зерттеу
жылдар) Тар. ғыл. кан. автореф. 2002, 23 б .
5
Груссе Р. Империя степей: история Центральной Азии. Аламаты, 2003, 109 стр .
6
Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Исследование. Л.1990,
287 стр.
7
Ҽ.Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар. Алма-Ата, Жазушы, 1985, 98 б.
8
Күлтегін үлкен жазу.78-қатар. М.Жолдасбеков аудармасы.Алматы, 1996, 48 б.
ҼОЖ 94(574) «1750/1868»
Оңтҥстік Қазақстан халқының Қоқан хандығы ҥстемдігіне қарсы кҥресі
Токмурзаев Б.С., «Сырдария» университеті, Жетісай қ.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Ферғанада экономикалылық жағдай жақсарып,
жібек мата ҿндіру ҿнеркҽсібі кҿтеріліп, Қытаймен сауда қатынасының жандануының
нҽтижесінде, Қоқан хандығы құрылды.
XIX ғасырдың ортасында Орта Азияда үш ірі мемлекет: Қоқан, Бұхар жҽне Хиуа
хандықтары болды.
Сырдария аймағында орналасқан Қоқан хандығы XIX ғасырдың басында
толығымен нығайды. Қоқанның атақты хандарының бірі Ҽлім осы хандықты құрушы
болды. Қоқан хандығын біріктіруші Ҽлім хан тарихшы Наливкиннің сҿздерімен айтқанда,
«куатты ҽрі ҿз алдына бҿлек отау тіккен мемлекет құруды кҿксеп, осы жолда ҽсрекет
жасап бақты»
Ол 1799-1809 жылдары билік құрып, ҿзіне Ташкент, Ходжент қалаларын қосып
алды жҽне Бұхараға бірнеше шапқыншылықтар жасай отырып, оның біраз аудандарын
басып алып, хандықты күшейтгі. Осылайша оған мейлінше үлкен мемлекетті құрудың сҽті
405
түсті. Ҽлім хан Қоқан қаласын ҿз хандығының астанасы етіп, сол уақыттан бастап бұрын
ҽкесі Нарбота бидің тұсында Ферғана аталған хандық Қоқан хандығы деп атала бастады.
Ҿзінің жоспарлары бойынша Ҽлім хан Хиуа хандарынан кем түспеді. Оның билік
жүргізген алғашқы жылдары туралы Наливкин былай деп жазды: «Ҽлім хан қолында
барды ұқсатып, жайластырып қана қоймай ҿз иелігін қаншалықты ұлғайту мүмкіндігі
туралы да ойлап жҽне осыған тікелей байланысты ҿзінің жеке басына тиесілі қазынаны
еселеп артыруды кҿздеп, дереу жаулап алу жолына түсті».
Ҽлім хан тұсында Қоқан хандығының территориясы едҽуір ұлғайтылды. Ол ҿзінің
жаупап алу саясатын Орта жүз қазақтарының қонысына басып кіруден бастады
Шымкентті, Сайрамды, жҽне Кұрамды басып адды. Ҽлім хан жорықтарын жергілікті
тұрғындарды қырып-жоя отырып жүргізді, сол үшін оған «залым» деген ат қойылды.
Ҽлім хан Шымкент қаласын қоршап алып, 20 күннен кейін қаланы алды. Ҽскер
қазақ далаларында орналасқан Ҽулиеата жҽне Түркістан қалаларына жетіп, оларды түгін
қалдырмай тонауға кірісті, сҿйтіп малдарын тартып алып, халқын қинады. Жергілікті
халықтың бұл жағдайға тҿзгені тҿзіп, тҿзбегені басқа елдергі кҿшіп кете бастады. Ҽлім
ханның толассыз ҽскери жорықтары халық бұқарасының жағдайына ауыр ҽсер етті. Бұл
халық арасында қатты наразылық туғызды. Наливкин былай деп жазады: «Ҽлім ханның
есіл-дерті соғысу, ал қалғандарына соғыстың еш қызығы жоқ еді, олардың кҿз алдында
ханның жаулаушылыққа ҽуестігі оның жеке басының ермегі сияқты болып кҿрінді, мұның
халық үшін титтей де пайдасы болмағаны ҿз алдына, ол қыруар уақытты текке кетіру,
қаржына босқа жұмсау, жиі-жиі адамдарды қазаға ұшырату еді». [1]
Ҽлім ханның ҿте қатал, залымдық ҽрекеттеріне шыдай алмаған қарамағындағы
феодалдар да одан іргелерін алыстата бастады. Бір сҽтсіз жорықтан кейін Ҽлім ханның
жақтастары оны тастап кетіп қалды. 1809 жылы ол ҿлтірілді.
Ҽлім ханның мирасқор інісі Омар 1809-1821 жылдары билік құрды. Ол ҿз дҽуірінің
саналы адамдарының бірі еді. Омар хан қоқан хандығының шекарасын едҽуір кеңейтті. Ол
ең ҽуелі Орта жүз қазақтары мен Алатау қырғыздарына сұқтанды. Оның тұсында айнала
тҿңірегімен қоса Түркістан қаласы басып алынды. Қаланы алу құрметіне Омар хан үлкен
той жасап, Қожа Ахмет Яссауи мешітіне барып, онда барлық шейхтарға сый кҿрсетті.
Түркістан ауданының жаңа ҽкімі болып Шайх-и-Бадаль тағайындалды.
Сырдария, Шу жҽне Сарысу ҿзендері бойымен кҿшіп-қонып жүрген қазақ
руларына Қоқан ықпалын күшейту ниетімен Жаңақорған тағы басқа бекіністер салынды.
Сҿйтіп Сырдария ҿзенінің Қоқан бекіністері орнаған орта ағысы енді Қоқанның
шекаралық облысын құрады да, оны Ақмешіттен Қашқардың болашақ қожасы Жарқынбек
басқарды. Жарқынбек Ташкент құсбегіне тҽуелді болғандықтан, ол Ақмешіт аймағында
кҿшіп-қонып жүрген қазақтардан жиналған асалықта беріп тұруға міндеттенді. Халықтан
салық жинау кҽдімгі феодалдық тонауға айналды. Бұл туралы Ладыженский: «Жарқынбек
ҿз тҿңірегіне ҽккі тонаушыларды топтастырды да, Сырдың оң жағына кҿшіп-қонып
жүрген қырғыздарға шабуыл жасай бастады, сҿйтіп ҽр кезекте олардың кҿп-кҿп малын
жҽне дүние-мүлкін тарыпт алып, барлығын Қоқан базарларына сату арқылы тойымсыз
Нұрмұхаммед құсбегі мен одан да бетер тойымсыз ҿзінің де қалтасын толтырып отырды»
деп жазады.
Қоқан хандығының Ұлы жүз бен Қырғызстандағы жаулап алу саясаты тек
феодалдық тонау мақсатымен кҿздеп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда-саттық
мүддесін де ойлаған. Қоқанның ҿзі жҽне оған бағынышты Ташкент, Ҽндіжан қалары
ҿздерінің географиялық жағдайына орай ҽуелден-ақ сауда-ҿнеркҽсіп орталығына
айналған. Соның ішінде Ташкент қаласы Ресеймен жҽне қазақ даласымен ортаазиялық
сауданың орталығы болып, сонымен бір мезгілде Құлжамен жҽне Шауешекпен сауда
жасаушы мемлекеттердің жол торабында орналасқан еді. Ұлы жүздің жҽне Алатау
қырғздарының жаулап алу ҽрекетінің нысанасы болғаны мҽлім. Сонымен бірге бұл
облыстардың ҿздері де сауда қатынасында маңызды болғаны белгілі. Ҿздерін патша
406
ҿкіметі жаулап алғанға дейін Ұлы жүз қазақтары негізінен Қоқан хандығымен сауда-
саттық жасады.
Омар хан тұсында Қоқан билігі тек Сырдария қазақтарына, Сайрам, Шымкентке
қана емес, сондай-ақ, Түркістан мен Ҽулиетаға да жүрді. Қоқан хандығына бағынышты
қазақтар ҿте ауыр салықтар тҿлеп тұрды. Қазақтардан алынатын салық екі түрге бҿлінді:
малдан – зекет, егістіктен – харадж. Жергілікті қазақ тілдес, ҽрі діндес үкіметтің
қарамағында болғандығын ескергендіктен ғана қоқандық езгіге тҿзгендігін байқауға
болады. Егер Ресей тарапынан сондай алым-салықтар алынғанда, халық баскҿтерулері
одан да жиірек болған болар еді.
Зекет жинау ерте кҿктемде басталатын еді. Қырға алдын-ала жігіттер жіберіледі.
Олар зекет жинаушылар келер алдында малдың есебін алып ең тҽуір малдарды ірктеп
дайындап отыратын. Харадж егіншілікпен айналысатын халықтан алынды. Тұқым
себілген алқаптың кҿлемі «тақып» ҿлшемімен ҿлшенеді. Бір тақып 1/6 гектарға тең
болады. Мал санының қырықтан бір бҿлігін алуды белгілеген барша мұсылман заңына
қарама-қайшы қоқандықтар неше түрлі зорлық-зомбылықпен түтін басынан жыл сайын
алты қойдан, ал бай қазақтардан бұдан екі есе кҿп алды, бұл санға басты зекетшіге,
сондай-ақ оның кҿмекшілеріне берілетін сыйлықтар енбейді. Егіннен қоқандықтар
түсімнің 1/3 бҿлігін, ал қамал маңында кҿшіп-қонып жүретін кейбір қазақтардан астық
күйінде алынатын харадждың орнына піскен нан мен тары алатын. Салықты отын, кҿмір,
пішен түрінде алу да харадж есебіне жатқызылды. Ҽр түтін басынан жылына 24 қап кҿмір,
тҿрт тең сексеуіл жҽне бір мың бау шҿп пен қамыс талап етілді.[1; 52 б.]
Қазақтарға зекет пен харадждың басқа міндеттері жүктелді. Мҽселен, олар бір
жыртуға, бау-бақша ҿңдеуге, қамал қабырғаларын жҿндеуге мҽжбүр болады. Ҽскери іс-
қимыл кезінде ҽрбір қазақ ҿз атымен Қоқан бегіне келуге міндетті болды, ҽскери
қызметіне қазақтарға ақы тҿленбеді.
Ауыр езгіні бастан кешкен қазақтар Қоқан билігіне қарсы талай рет кҿтеріліске
шықты. Омар хан басқаруының соңғы жинаушы Сейдіқұл бек Түркістан, Шымкент,
Сайрам жҽне Ҽулиеата тҿңіреген мекендеген қазақтар арасында наразылыққа тап болды.
Кҿтерілісті Тентек тҿре басқарды. Ол он екі мың қолды бастаған Қоқан ҽскери бекшілерін
қоршап алып, қалалардың бірінен соң бірін ала бастағанда, жергілікті халықтың ашу-
ызасынан қоқандықтар қатты үрейленді. Наливкин кҿтеріліс жайлы мынадай деректер
келтіреді: «Қырғыздар Қоқан ханынан бҿлініп шығуды ойластырды. Сол себепті Тентек
тҿре дегенді ҿздерін басқаруға жҽне Омарға қарсы ҽскери қимыл бастауға шақырды.
Түркістан маңында Тентек тҿренің қоластына 12 мың қол жиналды». Осындай
кҿтерілістерді Ресей үкіметі қазақ халқымен қоқандықтар арасындағы онсыз да
қордаланып қалған араздықты тұтандыру үшін шебер пайдаланды.
Кҿтерілісшілер алғашқы кезде Сайрамды алды, қаланы ҿз орталығына айналдырды.
Кҿтеріліс маңайындағы елді мекендерді тез қамтыды. Кҿтерілісшілерге Шымкент,
Ҽулиеата жҽне басқа қалалардың қазақтары қосылды. Кҿтерілісшілердің кең кҿлемді
қамтуынан қорыққан Қоқан ханы Ҽбіл Қаным басқарған ҽскерді жіберді. Қоқан ҽскерінің
жіберілгенін білген Тентектҿре кҿтерілісшілерді екіге бҿлді. Кҿтерілісшілердің тең
жартысын ҿзі басқарып, Сайрам қаласына бекінді де, қалғаны Шымкент қаласына
жіберілді. Қоқан ҽскерлері бұл қалаларды қоршауға алды. Кҿтерілісшілер ұзақ уақыт
табанды қарсыласып, азық-түлік тапшылығынан берілуге мҽжбүр болды.
Қоқан жҽне Хиуа феодалдарының зорлығынан қашқан қазақтар орыс
қамалдарының маңына кҿшіп барып жатты. Мҽселен, 1831 жылы Ұлы жүзден 7500
шаңырақ орыс иеліктеріне ҿтіп кетті.[2]
Бұл кҿтерілістен ұйымдаспаған, ҽрі кҿтеріліс басшысының тҽжірибесіздігі мен
ҿзінің жеке басының мүддесі үшін ғана ҽрекет ететіндігін білуге болады.
Қазақ жерлерін жаулап алмақ болып ҽрекеттенген Қоқан феолдалдары ҿзбектер
мен қазақтардың дінінің бірлігін, тілдерінің жақындығын пайдаланды, «жалпы мұсылман
қамы үшін», «кҽпірлерге», яғни орыстарға қарсы күресу үшін бірігуге шақырды. Ҿз
407
кезегінде тиімді болған реттерде Қоқан феодалдары қазақ сұлтандарының кҿмегімен
халықтар арасында ұлт араздығын қоздырып отырды. [3]
Омар хан 1821 жылы ауырып қайтыс болғаннан кейін таққа отырған Мҽделі хан,
ҿзінің 1822-1842 жылдардағы билік құрған кезеңінде де Қоқан үстемдігінің езгісі
саябырсыған жоқ. Оның тұсында хандықтың жекелеген облыстарын басқаратын
құсбегілерінің рҿлі ҽсіресе күшейе түсті. Кҿптеген құсбегілер Қоқан ханының билігін тек
сҿз жүзінде ғана мойындады. Қарапайым халыққа бар ауыртпалықты салып қойды барлық
жаулап алынған елді мекендер олардан салық жинаулары үшін құсбегілеріне тапсырылды.
Ұлы жүз қазақтары мен Сырдария бойындағы қазақтардың Ташкент құсбегінің билігіне
кҿшуіне байланысты салық езгісі одан сайын күшейе түсті.
Қоқан хандығының езгісі Құдияр ханның кезінде күшейіп кетті. Оның тұсында
ауыр езгіні тек қазақтар ғана емес, жергілкті еңбекші дихандар да бастан кешті. Тіпті,
үйленетін адамдардан неке салығы алынды. Тұрмысқа шыққалы тұрған қыз 10 теңге
тҿлесе, жесір ҽйел 5 теңге тҿлеген. [4] Ол тек қатал билеуші ғана емес, ҿте залымдық
жолмен ҿсімқорлықпеп де айналысты. Сонымен қатар Сырдарияның тҿменгі ағысындағы
кҿптеген қазақ руларын ҿзіне бағындарды. 1849 жылы мыңдаған шҿмекей жҽне басқа да
қазақ руларын тонады. 1850 жылы Ақмешіт басшысы Жақынбектің басшылығымен тағы
да шҿмекей жҽне тҿртқара руларын тонады. 1852 жылы шҿмекейліктердің 150 мың қойын
айдап ҽкетеді. Шыдамаған жҽне наразы болған бірнеше Сырдария бойының қазақтары
Ресей иелігіне ҿтіп кетті.
Бұл кезде тек қана Сырдария бойының халықтары ғана емес, оңтүстік аймақтардың
қазақтары да жапа шегуде болды. Түркістан, Шымкент жҽне Ҽулиеата аймақтарындағы
қазақтардың да жағдайы қиын еді. ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарында аталған аудандардың
барлығында кҿтерілістер болып ҿтті. 1851 жылы Ҽулиеата, Мерке, Шу, Іле атырабындағы
халықты зар иелетіп, аяусыз талан-таражға түсіріп, тонауды күшейтеді. Осы тұста
шапқыншылыққа ұшыраған дулат руының екі адамы Алатаудағы Сұраншыға келіп
жағдайды баяндайды. Дулат руының бай, мырзалардан ел кҿрген қорлықты айтады.
Халық қайғысына ортақтасқан Сұраншы батыр шұғыл жиналып, үш мың қолмен барып,
Қоқан қолын түре қуады. Сҿйтіп біраз уақытқа дейін ел бейбіт тыныс алады. [3; 105 б.]
Қоқан билеушілеріне қарсы кҿтерілістердің ішіндегі ең ірісі 1858 жылы болып ҿтті.
Бұл кҿтеріліс Оңтүстік Қазақстанның едҽуір бҿлігін қамтыды. Оған негізі себеп болған
қоқандық салық жинаушылардың шектен тыс салықты кҿбейтуі жҽне балалар мен
ҽйелдерді кепілдік құлдыққа алуы еді. Кҿтерлістің негізгі ошақтары Ҽулиеата, Шымкент
жҽне Жетісу аймақтарын қамтыды. Кҿтеріліске кішкене шекті, дулат, бестамғалы,
қоңырат жҽне қыпшақ, арғын, найман руларының бір бҿлігі қатынасты.[5]
Кҿтерілістің шығуына себеп ретінде мына мҽліметті келтіруге болады: «Салықты
толық тҿлей алмаған жағдайы нашар қырғыздардың бала-шағалары тартып алынып,
құлдыққа сатылды».[6] Осыған жауап ретінде жергілікті халық салық жинаушыларды
соққыға жығады. Мырза Ахмет кҿтерілісшілерге қарсы ҽскермен жазалауға барады.
Кҿтерілісшілердің тегеурінді қарсылығына ұшыраған құсбегі шегініп, ақыры қашып
кетуге мҽжбүр болады. Кҿтерілістің негізгі қозғаушы күші еңбекші бұқара болып, соғыс
халық-азаттық сипат алған. Осы тұста халық қозғалысының прогрессивті бағытынан үрейі
ұшқан жергілікті бай, сұлтандар Қоқан бектерімен тез тіл табысып, кҿтерілістің жеңіске
жетуіне кедергі болған. Бірақ, соған қарамастан бұл жалпыхалықтық қозғалыс қазақ елінің
қоқандықтардан босауын барынша тездетті.
Феодалдық соғыстармен жҽне ҿзара алауыздықтармен, яғни, ішкі қарама-
қайшылық шиеліністерімен ҿркендеу маңызынан айырылған ортаазиялық елдің билік
жүргізуі қазақтардың шаруашылық жҽне ҽлеуметтік құрылысының дамуына мүмкіндік
жасай алмады. Ал, Ресей империясының құрамына қосылу – қазақтардың ауыр азапты
батыстың отарлық езгісіне ұшырауына қарамастан, анағұрлым жоғары ҽлеуметтік жҽне
шаруашылық дамуына қадам басуына жол ашты. Бірақ та, екі жақты қыспаққа алған
408
агрессиялық саясаттан қазақ халқы біржола саяси тҽуелсіздіктен айырылуына мҽжбүр
болды.
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі:
1
Үмбетаев М. Пірім менің Сүйімбай. – Алматы, 1992, 51б.
2
Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. – Москва, 1957. 105 стр.
3
Павлов И.Г. История Туркестана. – Ташкент, 1910, 99 стр .
4
История Стран Азии и Африки в новое время. Ч.1. – Москва, 1989, 222 стр.
5
Любавский К.Б. Обзор истории русской колонизации с древнейших времен и до
ХХ века. – Москва: изд. университет, 1996, 571 стр.
6
Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. – Алматы: Санат,
1994, 203.
ҼОЖ 327:94(574) «1594/2008»
Достарыңызбен бөлісу: |