3(25)
2008
СОДЕРЖАНИЕ
“ӘДІЛЕТТІҢ”
ҒЫЛЫМИ
ЕҢБЕКТЕРІ
НАУЧНЫЕ
ТРУДЫ
“ӘДІЛЕТ”
ТЕОРИЯ И ИСТОРИЯ ПРАВА И ГОСУДАРСТВА
Б.Ж. Қуандықов. Едіге бидің өмірі және саяси құқықтық реформасы.......................................3
У.А. Ахатов. Түркістан төтенше комиссиясының құрылуы және оның
құқықтық жағдайы................................................................................................................................7
Н.А. Сейдалиев. Монархиялық басқару идеясы XIX ғасырдың
басындағы Ресейдің саяси және құқықтық ой тарихында...........................................................11
А.М. Қаратаева. Қазақстанда демографиялық үрдістің қалыптасуы.........................................16
К.Е. Мамаев. Теоретические аспекты формирования профессиональной
правовой культуры работников прокуратуры................................................................................22
Э.Э. Дуйсенов. История становления и развития органов
финансовой полиции (Республика Кыргызстан)..........................................................................26
ГРАЖДАНСКОЕ И ГРАЖДАНСКО-ПРОЦЕССУАЛЬНОЕ ПРАВО
С.П. Мороз. Правовой режим иностранных инвестиций
в Республике Казахстан на современном этапе..............................................................................31
А.А. Нукушева. Право преимущественной покупки доли
и приоритетное право государства.................................................................................................39
УГОЛОВНОЕ И УГОЛОВНО-ПРОЦЕССУАЛЬНОЕ ПРАВО
Б.Т. Таджиханова. Особенности возбуждения уголовных дел частного обвинения............47
К.М. Сманалиев. Проверка доказательств (Республика Кыргызстан).................................... 52
НАЛОГОВОЕ ПРАВО, ФИНАНСЫ, БАНКОВСКОЕ ПРАВО
А.А. Черняков. Налоговые обязательства: институционный анализ.......................................57
Д.К. Нурпеисов. Развитие казахстанского финансового центра как фактор
укрепления экономической безопасности Казахстана.................................................................64
Б.Ж. Сапаров. Банктік құқықтық қатынастарды реттеудің кейбір мәселелері........................68
МЕЖДУНАРОДНОЕ ЧАСТНОЕ ПРАВО И СОЦИАЛЬНОЕ ПРАВО
А. Смагулов. Халықаралық деңгейдегі және Қазақстан Республикасындағы
балалар құқығын қорғау мәселелері................................................................................................71
Х.Ж. Сулейманов. Сущность и особенности института правовых льгот................................78
КРИМИНОЛОГИЯ, ЮРИДИЧЕСКАЯ ПСИХОЛОГИЯ
Ш.Е. Амитов. Отдельные вопросы криминалистической характеристики
техногенного фактора провоцирующего крушение и аварий на
железнодорожном транспорте Казахстана.....................................................................................82
Журнал издается с 1996 года
Выходит 4 раза в год
Журнал зарегистрирован
Национальным агентством
по делам печати
и массовой информации
Республики Казахстан
Регистрационное свидетельство №285
от 13 ноября 1996 г.
Редакционный совет:
А.Г. Диденко
С.А. Заурбеков
К.М. Ильясова
А.А. Матюхин
С.П. Мороз
М.К. Сулейменов
Р.А. Подопригора
К.Н. Шакиров
С.Г. Шеретов
Главный редактор:
С.В. Алимов
Учредитель:
Учреждение образования
“Каспийский
общественный университет”
Адрес:
050000, г. Алматы
пр. Сейфуллина, 521
тел.: (727) 250 69 35
250 11 43
факс: (727) 250 69 30
e-mail: caspian@kou.kz
Опубликованные материалы не всегда
отражают точку зрения редакции.
Ответственность за достоверность фактов
и сведений в публикациях несут авторы.
Ответственный редактор
Б. Амзеева
Компьютерная верстка и
дизайн обложки:
Г. Нурмаханова
Подписано в печать
01.10.2008 г.
Формат 70х100/16.
Усл. п.л. 10,58
Уч.-изд.л. 12,38
Тираж 300 экз.
Заказ № ___.
Типография “L Pride”
Толе би/Наурызбай батыра, 73/71
Г.С. Курманова. Основные детерминанты
насильственных преступлений, совершаемых
сотрудниками правоохранительных органов........88
Г.Г. Нубаева. Психолого-криминалистический
портрет личности преступника – насильника,
связанного с насильственными действиями
сексуального характера.............................................97
Р.М. Абдрашев. Характеристика личности
коррупционных преступников.............................103
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ВЫСШЕЙ
ШКОЛЫ
Е.И. Войцеховский. Кафедра теории и права
государства...............................................................108
Р.М. Ныязбекова. Становление института
магистратуры в Кыргызстане в свете российского
опыта, на материале деятельности КНУ
им.Ж. Баласагына (Республика Кыргызстан).......116
НАУЧНЫЕ ТРУДЫ МАГИСТРАНТОВ
АКАДЕМИИ «ӘДІЛЕТ»
Е.Л. Кудакова. Развитие инвестиционного
законодательсвта Республики Казахстан..............122
ИСТОРИЯ, ФИЛОСОФИЯ, СОЦИОЛОГИЯ
Р.Б. Жалимбетова. Современные тенденции
развития рынка труда в мировом сообществе
и Казахстане..................................................................126
l. Tungatarova. Post Soviet political leadeeeership
style issues: searching the “roots”...........................131
А.В. Степанов. Динамика этноконфессиональной
сферы Казахстана и её влияние на процесс
миграции................................................................ 135
А.Р. Аужанова. Модель межконфессионального
согласия Казахстана для стран ЕС-Европы........ 138
Г.К. Кадиркулова. Приход ислама
в Семиречье..............................................................147
Ж. Сабырқызы. Қазақстандағы еңбек
миграциясы мәселелері..........................................150
Ж.Т. Турсынбаева. Некоторые вопросы
социальной защиты в случаях
потери кормильца....................................................152
ФИЛОЛОГИЯ
Ш.С. Ниятова. Махамбет өлеңдеріндегі тілдік
символдар қолданысы.............................................156
С.Б. Ержанова. Қазіргі қазақ поэзиясындағы
тәуелсіздік идеясы...................................................160
С.Б. Ержанова. Қазақ поэзиясының тілдік-
стильдік мәселесі.....................................................164
А.М. Ибраева. Культура – это
коммуникация?.......................................................167
ТҮЙІН-РЕЗЮМЕ-SUMMARY...........................170
3
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
Т
арихта аты шулы бірнеше Едігелер
өмір сүрген болатын. Біз сөз етіп
отырған Едіге ноғайлы дәуірінің
қаһарманы. “Тарихи деректер Едігенің
тарихта болғанын, 1352-1419 жылдар
аралығында өмір сүргенін, Ақ Орданың
әмірі
болғанын,
кейінде
1396-1411
жылдары Темір Құтлық Алтын Орда
тағында отырған кезінде оның Едіге
ықпалында болғанын, ал Темір Құтлық
өлген соң Алтын Орда ханы тағына 1399
жылы Едігенің тікелей араласуымен
Шәдібектің
отырғанын,
сондай-ақ
Едігенің Ноғай ордасының да негізін
қалағанын дәлелдейді” [1, 124 б.]. Едіге
туралы түркі халықтарында аңыз бен
әфсәнәлер көп. Едіге туралы жырдың
татарларға тән, ноғайдың, қарақалпақтың
және қазақтың ішінде кең тараған
нұсқалары баршылық. Соның бірінде
Едігенің ата-бабасы туралы мынандай
жолдар бар:
“Арғы атаңды айтайын,
Алатайлы Аңшыбай.
Артық еді ақылы,
Олда жалғыз өскен жан еді.
Жоқ еді туған жақыны.
Екі әйелден қарағым,
Екі бала бұл туды.
Баба түкті Шашты Әзиз,
Екі бірдей ұл туды.
Біреуінен бала жоқ.
Біреуінен туғаны
Парпария деген ұл болды.
Парпариядан, қарағым,
Құттықия деген ұл туды.
Ол Құттықияны қарасаң,
Жарлыболып бұл кедей,
Хандығынан айрылып
Отырып еді жалғыз үй,
Қуқанат еді баққаны.
Бақташысы өлгесін,
Қуқанаттың қасына
Қондырды Құттықия әкеңді,
Сол уақытта сен өзің
Іште қалған бала едің” [2, 71-72 бб.].
Едігені кейбір деректерде Мұхаммед
пайғамбардың ұрпақтарының бірі деп
бағалайды. Жоғарыдағы жыр жолдары да
содан хабар беретіндей. Аңызға сүйенсек,
Тоқтамыс хан Едігенің әкесін өлтіреді.
Ал, Едіге болса, Жылқыбай атты басқа
бір адамның қолында өседі. Ол туралы
былай дейді: ““Тоқтамыс ханның ел
қыдырып жүретін жансызы бар еді, бір
күні сол далада ойнап жүрген Едігені
көріп Тоқтамысқа хабар етеді. Мен Жыл-
қыбайдың үйінде ойнап жүрген бір бала
көрдім, асылы, Жылқыбайдың тұқымына
біткен бала емес, жауырыны қақпақтай,
шекесі шоқпақтай, мойны құрықтай, көзі
жанған оттай жайнаған. Сонда Тоқтамыс
Б.Ж. ҚУАНДЫҚОВ
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті мемлекет және
құқық теориясы мен тарихы
кафедрасының доценті,
заң ғылымдарының кандидаты
ЕДІГЕ БИДІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ
САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
РЕФОРМАСЫ
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
4
ТЕОРИЯ И ИСТОРИЯ ПРАВА И ГОСУДАРСТВА
айтты: “Бар Жылқыбайдың ол баласын
мұнда алып кел”, - деп Жылқыбайдың
баласын алуға кісі келгенде, қатынына
Жылқыбай сөйлей бастайды:
Жас он бесте қосылған,
Қынадай белім шешілген,
Ибалықпен сөйлеп сөз.
Наздықпенен көсілген.
Баласын алып келсін, - деп
Тоқтамыс хабар етіпті,
Ол тілеуі кесілген,
Тілімді алсаң, бәйбіше,
Хан баласы Едіге,
Едігені бермейік,
Мұның бетін көрмейік,
Біздің бала не қылар,
Тек жинаған малға ие болар,
Тірі болса Едіге
Дұспаннан басып, кек алар.
Едігеден айрылсақ,
Хан тұқымы жоғалар
Тілімді алсаң, алғаным,
Едігені алып қалып.
Өз баламызды берейік” [3, 70 б.].
Жылқыбай өстіп Едігенің орнына өз
баласын береді. Едігенің өмір жолы туралы
аңыз осылай дейді. Әрине, Едігенің өмірі
болашақта жүйелі зерттеуді қажет ететін
мәселенің бірі болып табылады. Біз бұл
жерде тек жалпы шолу жасап отырмыз.
Негізінен біздің мақсатымыз Едіге бидің
саяси-құқықтық реформасының мәнін
ашу болып табылады. Енді, мәселені осы
жаққа бұрайық.
Едіге би тарихта ноғай ордасының
негізін салушы үлкен қоғам қайраткері
ретінде
қалып
қана
қойған
жоқ.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік би-
лікті, оның құқықтық жүйесін өмір
талабына бейімдеуге ат салысқан ірі
реформаторлығымен
де
танылған
болатын. Едіге бидің бұл қыры әлі
толық бағасын ала қойған жоқ, оны
белгілі
тарихшылар
да:
“Едігенің
мемлекеттік
жүйедегі
қайраткерлік
белсендігі, Алтын Орда мемлекетіндегі
реформалар ретінде беделі ол таққа өзі
отырғызған хандарға өз бетінше сясат
жүргізуге әрқашан кедергі жасады. Айта
кеткен жөн, күні бүгінге дейін Едігенің
мемлекет қайраткері ретінде жүргізген
шаралары, Жошы ұлысын нығайту
жолындағы саяси және экономикалық
реформалары тарихымызда әлі де терең
зерттеле қойған жоқ. Орыс және Батыс
тарихшылары Едігенің қайраткерлік және
реформаторлық белсенділігін біржақты
және жағымсыз тұрғыдан сипаттап,
оны
Алтын
Орданың
отаршылдық
жүйесін нығайтушы ретінде көрсетіп
келеді. Осы тұрғыдан алғанда түркі
дүниесі тарихшылары қайта қарайтын
мәселелер де баршылық [4, 134 б.]”, - деп
мойындайды. Едігенің саяси-құқықтық
реформасының мәні де, маңызы да, сол
кезеңде Евразия құрлығында теңдесі жоқ
алып империя Алтын Ордадай мемлекетті
сақтап қалу болып табылған.
Едіге би көп тарихшылар айтатындай,
Алтын Орданы әлсіретіп күйретуді
мақсат еткен жоқ. Ол осы мемлекеттің
белсенділігін арттыруға күш салған
болатын. Алтын Орданы қанша сақтап
қалуға күш салғанмен, одан ештеңе
шықпады: “Оның мынандай екі себебі
болды: біріншісі, түркі халықтарының
рухани, мәдени тұтастығының бұзы-
луы болса; екіншісі, Әмір Темірдің
Тоқтамысты талқандағаннан кейін Жошы
ұрпақтарының қайта атқа мініп, Сарай
тағы үшін қырқысты бастауы еді. Алайда,
Едіге бидің бұл арпалысы нәтижесіз
болғанымен,
оның
еңбегінің
одан
кейінгі кезеңдегі түркі мемлекеттілігінің
тағдырына
тікелей
ықпалы
болды.
Едігенің ол еңбегі – Алтын Орда мем-
лекетінің қасіретті тағдырына жіберілген
қателіктерді саралай отырып, жаңа
заң жобасын “Төре” мен “Жасақты”
қайта жасап шығуы еді. Едігенің сол
енгізген заңдық жүйесі түркі халқының
мемлекеттік жүйесін қалыптастыруда
одан кейінгі ғасырларда шешуші роль
атқарды [5, 199 б.]”. Едіге би мемлекеттік
құқықтық жүйені реформалауда мұндай
шараларға қажеттіліктен барды. Себебі,
ол кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінде
көне түркілік дәстүр жойылып, оның
орнына ирандық басқару жүйесінің
нақыштары ене бастаған болатын. Осы
жерде тарихшы З. Жандарбектің мына
пікірі орынды болып табылады: “Ежелгі
5
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
көне түркілік билеуші әулеттер шыққан
Едіге би ирандық діни таным мен
ирандық мемлекетті басқару жүйесінің
Жошы ұлысына дендеп енуі аса қатерлі
болатынын айқын сезінді. Ол қалайда
Өзбек хан қалыптастырған рухани,
мәдени тұтастықты сақтап қалу жолына
жанталасты [6, 200 б.]”.
Едіге би заңға, оның пәрменіне
үлкен құрметпен қараған болатын.
“Едіге өзі хан тағына отырғанымен,
ханның әр кезде заңды сақтауын,
заң шеңберінен шықпауынан талап
етті. Едіге заманында заң ханнан да,
Едігенің өзінен де, өзгеден де жоғары
тұрды [7, 200 б.]”. Бұл заңды силаудың
көшпелі халықтардың дәстүріне де жат
болмағандығын көрсетеді. Осы жерде
бір ескеретін жағдай, жалпы евразиялық
құрлықтағы көшпелі мемлекеттердің
тарихында құқықтық жүйені реформалау,
жаңа заңдық түзім жүйесін енгізудің
мемлекеттік тұрғыда үлкен маңызы және
ықпалы басым болды. Егер тарихқа көз
жүгіртетін болсақ, ғұндардың кезінде
Мөде жүргізген саяси-құқықтық реформа
арқылы ғұн мемлекеті, өз дәуірінің алып
империясына айналған болатын. Кейінгі
кезеңдегі Шыңғысханның “Ұлы жаса”
заңы да, Шыңғысхан мемлекеттілігін
нығайтуда орасан зор күш болып та-
былды. Шыңғысханның ұлы жасасының
өзі, кезіндегі ғұндардың, қаңлылардың,
түркі қағанатының, найман хандығының,
заң жинақтарын сүзгіден өткізіп барып,
жасалған болатын. Едіге би жүргізген
саяси-құқықтық
реформаның
негізі
сол бұрынғы көшпелі мемлекеттердің
дәстүрін сақтай отыра, жүзеге асырылды.
“Едіге би Алтын Орда мемлекеті басынан
өткерген қасіретті тарихтан сабақ ала
отырып, өзі жасаған “Төре” мен “Жасақ”
заңын қабылдауға мәжбүр болды. Ол
заңда кез-келген Жошы ұрпағы хан болу
құқынан айрылды. Ханды Шыңғыс хан
ұрпақтары ішінен, Жошы ұлысында
Жошы ұрпақтары арасынан таңдап қою
ру, тайпа басшыларының, билерінің
қолына берілді. Хан сайланатын Жошы
ұрпағы билердің сараптауынан өтуі тиіс
болды. Билер қаламаған, жаратпаған
Жошы ұрпағы хан тағына отыра алмайды.
Сот билігі де толығымен билер қолына
өтті [8, 202 б.]”. Әрине, бұл Едіге би
реформасының негізгі өзегі болып
табылады. Едіге би, Тоқтамыс ханмен
арада белгілі бір мәмілеге келіп, ұлысын
алым-салық төлеуден босатуды сұрады.
Бұл жағдайды ноғай ордасының тарихын
зерттеген белгілі ғалым В.В. Трепавлов
былай сипаттайды: “Отказавшись от
незаселенных земель по одной стороне
Волги, ты отдай их в море распоряжение;
а кроме того, ты не требуй подати с лиц,
ко мне приходящих, а равно и с нищих,
вдов и сирот”. Хан согласился и подписал
договор, который забрал себе Эдиге.
Узнав, что на левобережье Волги не нужно
платить налогов, измученный войнами
народ потянулся во владения беклербека,
и вскоре число подданных Тохтамыша
уменьшилось вшестеро” [9, с.76.]. Бұл
жағдайлардың барлығы Едіге бидің
ұлысының күшеюіне жол ашты. Едіге би
жүргізген саяси-құқықтық реформасы
туралы “Ф. Орманшы еңбегінде аса қыз-
ғылықты деректер аз емес. Соның бірі-
Едігенің өз мемлекеті көлемінде адамды
құл ретінде сатуға тыйым салғандығы.
Ноғай
Ордасында
Едігенің
халық
қамқоры деген даңқының аспандап кетуі,
оның елін жаудың шабуылынан аман
сақтап, бейбіт өмір орнатуға айрықша
күш салуына байланысты болып көрінеді.
Ежелден келе жатқан тәртіпті бұзып,
тиісті салықты төлемей, бас асаулық
көрсеткен орыс князьдерін күшпен, әрі
айбармен иліктіріп, жөнге салуы да Едіге
бидің атағын арттыра түскен... [10, 4 б.]”.
Жоғарыдағы Едіге бидің жүргізген саяси-
құқықтық реформаларының бағыттарына
байланысты айтылған пікірлерді саралай
келе,
Едіге
бидің
саяси-құқықтық
реформасы мынандай, қоғам өміріне
жаңашылдықтар енгізді:
Біріншіден, хан сайлау ру басшылары
мен билердің құзыретіне өткен болатын.
Осыдан бастап, Жошы ұрпағы тақты мұра-
герлікпен ала алмайтын еді. Мұрагерді
билер мен ру басылары сайлады;
Екіншіден, сот билігін жүзеге асыру
негізінен билерге берілді, яғни қоғам
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
6
ТЕОРИЯ И ИСТОРИЯ ПРАВА И ГОСУДАРСТВА
өміріндегі көпшілік даулардың барлығын
билер қарайтын болды;
Үшіншіден, Едіге би жетім балаларды
құлдыққа сатуға тыйым салды. Оның
себебін, В.В. Трепавлов былай түсіндіреді:
“Он был заинтересован в увеличении
числа подданных и заселении подвластной
ему территории. Этим стремлением скорее
всего и объяснялся его знаменитый запрет
на продажу детей в рабство на чужбину,
что сразу было замечено на работорговых
рынках Сирии и Египта [11, с. 76]”;
Төртіншіден, Едіге би салық жүйесін
тәртіпке келтірді, оның ішінде сырт елдер-
ден алынатын алым-салық мәселесін
бір жүйеге түсірді. Белгілі себептермен
Едіге би Мәскеуді шабудан бас тартып,
еліне қайтарда Мәскеуді күйретпегені
үшін алым-салық алған болған. Ол
туралы тарихшы ғалымдар мынандай
деректі пікір айтады: “Қайтар жолда
Едіге Мәскеуге шабарманын жіберіп,
егер қала 3000 сом салық төлесе, өзінің
оны қоршауды тоқтататынын, әскерлерін
алып кететінін атап көрсетті. Араға бір
ай салып Едіге қисапсыз мол қазанымен
және байлықпен орыс жерін тастап кетті
[12, 135 б.]”.
Қорыта келгенде, айтарымыз Едіге
бидің
жүргізген
саяси-құқықтық
реформасы сол қоғамның дамуына үлкен
ықпал етті. Едіге бидің реформасы өз
заманындағы елді алға ұмтылдыратын
қадамдардың бірі болып табылды.
Әдебиет
1. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан
тарихына және тарихнамасына ұлттық
көзқарас. Алматы: Қазақ университеті,
2004. 388 б.
2. Едіге / Қырымның қырық батыры.
Алматы: Арыс, 2005. 67 - 83 бб.
3. Сонда.
4. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан
тарихына және тарихнамасына ұлттық
көзқарас. Алматы: Қазақ университеті,
2004. 388 б.
5. Жандарбек З. Йасауи жолы және қазақ
қоғамы. Ғылыми зерттеу. Алматы: Ел-
шежіре, 2006. 256 б.
6. Сонда.
7. Сонда.
8. Сонда.
9. Трепавлов В.В. История Ногайской
Орды. М.: Восточная литература РАН,
2002. 752 с.
10. Бердібай Р. Едіге би (аңыз бен ақиқат)
/ Егемен Қазақстан. 2001. 11 қыркүйек. -
1-4 бб.
11. Трепавлов В.В. История Ногайской
Орды. М.: Восточная литература РАН,
2002. 752 с.
12. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан
тарихына және тарихнамасына ұлттық
көзқарас. Алматы: Қазақ университеті,
2004. 388 б.
7
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
Т
үркістан өлкесінде Кеңес өкіметінің
орнауы, аймақта бұрын қалыптасқан
Империялық басқару жүйесінің
күйреп, жаңа тоталитарлық басқару
жүйесінің қалыптасуына алып келеді.
Қоғамдық өмірдің барлық саласында,
оның ішінде мемлекеттік басқару мен
құқықтық жүйеде күрделі өзгерістер бой
көтере бастады. Идеологиялық тұрғыдан
Кеңес өкіметі елде соңғы жылдары
қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық
және саяси тығырықтан шығудың тиімді
жолдарын ұсынып, мемлекеттік биліктің
бірден-бір қайнар көзі – халық, шаруалар
мен жұмысшыларға береміз деген уәдемен
тез уақыт ішінде халықтың арасында
беделге ие болып, көп қиындықтар көрген
халық Кеңес өкіметін қолдай бастады.
1918 жылдың 30 сәуір күні Түркістан
АССР құрылады. Дегенмен де, аймақта
Кеңес өкіметінің толық жеңіске жетуі әлі
ерте болатын. Оған көптеген ішкі және
сыртқы факторлар кедергі жасады.
Өлкеде, сонымен бірге бүкіл Ресейдегі
секілді Кеңес өкіметінің орнауына ішкі
буржуазиялық топтар үлкен кедергі
жасайды. Оларды сырттай, халықаралық
капитал мен шет мемлекеттері қолдап
отырды.
Осы тұрғыда алғашында Ресейде,
кейіннен Түркістан өлкесінде Кеңестер
өз биліктерін сақтап қалу мақсатында
жедел қызмет етуге бағытталған түрлі
мемлекеттік органдар құрыла бастады.
Солардың бірі, революциямен бірге өмір-
ге келген, контрреволюциялық күш-
термен күресу үшін құрылған Төтенше
Комиссиялар еді.
Кеңестік Ресей өкіметі Түркістан өлке-
сін өз уысынан шығармауға бар күш жіге-
рін салды. Себебі, Түркістан стратегиялық
тұрғыдан, саяси, экономикалық, әскери
маңызы зор болды. Сол мақсатта 1918
жылдың қыркүйек айында Бүкілресейлік
Төтенше Комиссияның негізінде ішкі
контрреволюциялық және сыртқы күш-
термен күресу мақсатында Түркістан
Төтенше Комиссиясы құрылды. «Решение
о создании ТуркЧК было принято на
объединенном заседании Центрального
Исполнительного Комитета и Совета
Народных Комиссаров Туркестанской
республики от 5 сентября 1918 г. Оно
гласило: «Учредить Чрезвычайную след-
ственную комиссию Республики по
борьбе с контрреволюцией, спекуляцией
и мародерством, с самыми широкими
полномочиями, включив в ее состав
Достарыңызбен бөлісу: |