3(25) 2008 содержание “Әділеттің”



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата26.01.2017
өлшемі1,08 Mb.
#2735
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ 
ТІЛДІК СИМВОЛДАР 
ҚОЛДАНЫСЫ
Ш.С. НИЯТОВА 
Каспий қоғамдық университеті тіл пәндері 
кафедрасының  меңгерушісі, 
филология ғылымдарының кандидаты,
профессор
ФИЛОЛОГИЯ

157
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
қазіргі  тілімізде  символдық  мәнге  ие  болған. 
Махамбет  те  тұрмысқа  жайлы,  шат-шадыман 
думанға  толы,  берекелі  өлке  идеясын  жеткізу 
үшін  кіндік  қаны  тамған  туған  жері  -  Нарын 
өңірін символ етіп алады: 
Біздің анау  Нарында
Бір төбелер бар еді
Айналасы ат шаптырса жеткісіз
Қиқулап ұшқан қырғауыл,
Күнінде құлан да басып өткісіз
Ерте келген жақсылар
Кешке үйіне кеткісіз.
Қойды мыңға толтырған
Нарынның ана құмдары
Түйені жүзге толтырған
Көкпекті, шайыр, шымдары.
Жатып қалған тайлағы
Жардай атан болған жер!
Жабағылы тоқтысы
Қой болып, қора толған жер!
Аш-арығым тойған жер,
Жылаған бала қойған жер.
Шортаны қара бақадай,
Бақасы сары атандай,
Балдырғаны білектей,
Баттауығы жүректей,
Қымыздығы күректей,
Сонасы қоңыр үйректей.
Ондай қоныс маған жоқ,
Құдай қылды амал жоқ [3].
Бұл  өлеңдегі  Нарын  бейнесінің  батыр 
баба  Қазтуған  жыраудың  туған  жеріне 
арнаған  толғауымен  астасып  жатуы  қазақтың 
халықтық поэзиясындағы дәстүр жалғастығын 
көрсетеді:
Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас…
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!…[4]
Сондай-ақ  дәстүрлі  халықтық  поэзия-
мызда 
“атамекен” 
идеясын 
білдіруде 
кеңінен  қолданылған  “қос  өзен”  (Еділ  мен 
Жайық)  ұғымына  да  жауынгер  ақын  шығар-
машылығында едәуір орын берілген:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім...
Жайықтың бойы көк шалғын,
Күзерміз де жайлармыз.
Күмісті сынды күреңді
Күдірейтіп күнде байлармыз.
Сонымен қазақ ұғымындағы жанға жайлы, 
шаруаға  қолайлы  жер  “құтты  мекен”  деп 
танылса, Махамбет танымында ол туып-өскен 
Нарын  құмы  мен  Еділ,  Жайық  өзендерінің 
атаулары 
сол 
қасиетті 
“туған 
жерді” 
бейнелейтін символдық мәнге ие болған.
Қазақ 
зерттеушілерінен 
символды 
арнайы 
қарастырған 
Қ.Қайырбаеваның 
ойынша:  “Ақын-жазушы  қолданысындағы 
сөз-символдар  көркем  мәтіннің  идеялық 
мазмұнын  арқалап,  оқиғаның  құлақ  күйі 
ретінде шертіледі. Символ – сөздің мағынасы, 
кейде  бір  сөйлем  немесе  абзац,  тіпті  бүкіл 
мәтін  көлемінде  ғана  танылады.  Сөз  –  сим-
вол  жазушының  айтпақ  ойын  дөп  басып, 
шығарманың  бейнелілігін  арттыру  үшін 
қажет.  Сондықтан  символдың  жеке  автор 
қолданысындағы  мәнін  ашу,  мағынасын  тану 
ерекше қабілет пен көкірек көзін қажет етеді” 
екен [5,23].
Махамбет - жастайынан түрлі шайқастарға 
қатысып, соғыс өнерінің бар ауыртпалығы мен 
қиындығын  тікелей  басынан  өткерген  батыр. 
Сондықтан  да  ауыр  шайқастағы  әрбір  соқ-
қының  күшін  бар  болмысымен  сезініп,  әрбір 
соғыс қимылын көзімен көріп, өзі атсалысқан 
жауынгер  суреткердің  аузынан  шыққан  әрбір 
бейнелі  қолданыс  оның  көркемдік  әлемінің 
шынайылық сипатын танытумен қатар халық 
поэзиясы  арқылы  ұлттық  танымды  байыта 
түседі.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  Махамбет 
жырлауындағы  әрбір  өлең  жолы  сол  дәуірді 
ФИЛОЛОГИЯ

“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
158
бейнелейтін символдық жүк арқалап тұр десек, 
артық айтқандық болмайды.   
Соғыстағы  басты  тұлға  -  Батырдың 
хас  сипаты  оның  шайқас  барысындағы 
әрекетінен  көрінеді  десек,  ақынның  өзін 
қоршаған  дүниедегі  қимыл–қозғалыстар  мен 
құбылыстарды,  үн  мен  дыбысты  сенсорлы– 
перцептивті  қабылдауы  (өз  көзімен  көруі,  өз 
құлағымен естуі, ыстық пен суықты, жағымды 
мен жағымсызды тәнімен сезінуі т.б.) арқылы 
алған 
физикалық 
және 
эмоционалдық 
әсерін  жеткізу  үшін  соматизмдерді  кеңінен 
пайдалануы  бірқатар  уәжді  қолданыстарды 
туындатқанын  байқаймыз.  Ел  қамы  үшін 
өлімге  бас  тігіп,  шайқасқа  кірген  ердің 
«көрмейтіні  жоқ».  Ақын  танымында  ол  ер-
азаматтың  қабырғасы  қаусатылады,  бір–
біріндеп  сөгіледі,  қақыратылады,  алайда 
батыр  оны  ауырсынбайды,-  тіпті  «қабағын  да 
шытпайды»:
Қабырғасын қаусатып,
Бір – біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске!
Көз  «ақияды»,  «ашылмайды»,  кірпік 
«қағылмайды»:
Жақия жауды көрсе ақияды. 
...Аспанды борай қар жауып,
Аштырмайды көзімді,
Қақтырмайды кірпікті,
Соғады боран сабалай…
Жүрек «оянады»:
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан…
Қан «судай төгіледі»:
Халық үшін қанды төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем деп...
Маңдайдан «күн өтеді»,
Жауырыннан «жел өтеді»
...Қарындасым бар – ды деп,
Қабырғасын сөксе де,
Қанын судай төксе де,
Қайыспас қар нар – ды деп,
Маңдайынан күн өтіп
Жауырынынан жел өтіп,
Күн астымен жеткен ер…
Жауырынға «мұз қатады»:
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол жатып,
Жауырынына мұз қатып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?
Осылайша, “бір-бірлеп сөгіліп, қаусатылған 
қабырға”  мен  “ақиған  көз”,  “күн  өткен 
маңдай” мен “жел өтіп, мұз қатқан жауырын”, 
“судай  төгілген  қан  ”-  қолданыстары  үлкен 
символдық  жүк  арқалап,  соғыстың  бел 
ортасындағы хас батыр образын сомдап тұр.
 Нағыз ер «жауырынан өтін алса да», алған 
бетінен қайтпайды:
Асылдан болат ұл туса...
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер,
Жауырынынан өтін алса да,
Жамандарға жалынбас
Батырдың  жүрегі  қандай  «ер»  («ержүрек») 
болса, білегі де сондай мықты:
Палуан, жолбарыс секілді (алып күш иесі)
Алысқанды алып ұрған білегім.
Қамалаған қара болаттай
Қарсы 
біткен 
жүрегім 
(өжеттік, 
жаужүректік)
Батырлардың  білегі  бірлессе,  дұшпанның 
жүрегіне ақ семсер сұғылмақ:
Біздер – дағы, жігіттер,
Бірлестірсек білекті,
Шынтуайттасақ тілекті,
Орната білсек керек – ті;
Толарсақтан саз кешіп,
Болат найза, ақ семсер
Жарасын біздің керекке.
Бойлата сұқ жүрекке,
Ханның кетсін аты өшіп!
Ердің  алып  күші  тең  деп  баланатын  қара 
нар «толарсақтан саз кешсе», батыр «толарсақ-
тан қан кешеді», яғни өлімнің символы «ағып 
жатқан қан» суға теңеледі, «судай төгіледі»:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске:
Қабырғасын сөксе де,
Қанын судай төксе де
Қайыспас қара нар – ды деп:
Исатай  батыр  «дұшпанының  басын  кесіп, 
қанына ақ алмасын суарады»:
Мына отырған Иса-екем,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына,
Ақ алмасын суарды-ай.
Батырдың  аса  күшті  екені  оның  аққан 
ФИЛОЛОГИЯ

159
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
өзенді  («асау  Жайықты»)  «тізесімен  бұзып 
өтуінен» көрінеді:
Жайықтың бойы енді су,
Кешегі қуатымның барында,
Тіземмен бұзып өткенмін...
Махамбет  танымында  «өлім»  концептісі 
бастың кесілуімен аңғартылады:
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған. - 
Махамбет атты батырмын!
Хандар  мен  қарны  жуан  билердің  «басын 
кесу» - оның арманы :
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім...
Қазақ  ұғымында  үрей,  қорқынышпен 
ассоциацияланатын  «өт»  соматизмі  («өті 
жарылды»,  «өті  айрылды»,  «өтін  алып  к...іне 
құйды», «өтін алып аузына құйды», «жылқыда 
өт  жоқ»  (үркек,  қорқақ)  ақын  танымында  да 
«қыспаққа алу», «жан алу», «өлтіру» мәндерінде 
қолданылады.  Ақын  тілінде  мықтының 
мықтыға қылар қысастығы:
Күндердің күні болғанда, 
Өзіңнен мықты жолықса,
Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді...
деген жолдармен берілсе, Асылдан туған батыр 
ұлдың шыдамдылығы мен бірбіткей өрлігі:
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер,
Жауырынынан  өтін  алса  да...  деген 
шумақтан көрінеді.
Махамбеттің 
авторлық 
тілдік 
ғалам 
бейнесінде  «Өлім»  ұғымы  «оқ  тиген»  тар 
қолтық,  ауыз  омыртқа,  қыл  мықын  және 
«найза  түйреген  жүрек»  пен  «күйретілген, 
сөгілген  қабырға»  оралымдары  арқылы  
объективтеледі:
Тар қолтықтан оқ тисе,
Тарыққанда қайрылар,
Қарындасым менде жоқ…
Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен 
Ер жігітке оқ тиді
Ауыз омыртқаның түбінен …
Қақ жүректен найза түйретпей,
Найзаны күнге қуратпай,
Қарсыласқан дұшпанның
Қабырғасын бір – біріндеп күйретпей,
Әлі де болса қорқа –алман,
Адасып қалған үйректей!..
Махамбет  шығармашылығында  біршама 
аз  кездесетін  махаббат  тақырыбына  қатысты 
қолданыстар «ару–жар» концептісі төңірегіне 
шоғырланған.
Ару  -  ақын  үшін,  ең  алдымен,  Батырдың 
бейбіт өмірдегі серігі:
Асыл  туған  ару  -  тектілік  символы;  ақша 
бет  ару,  алма  мойын  ару  -  сұлулық  символы; 
басына  жібек  байлаған  ару,  әлпештеген  ару, 
жаста  қосылған  ару,  алғыншы  (алғаш)  алған 
ару – асыл жар символы.
Тілдік 
тұлға 
прагматиконын 
оның 
өмірлік  мақсаттары,  мүдделері  мен  уәждері, 
ұстанымдары  мен  ниеттері  құрайтындықтан, 
оны 
талдау 
барысында 
ең 
алдымен, 
лингвоменталдық  мәселесі  басты  назарда 
болуы  тиіс.  Оған:  образдылық,  эмотивтілік, 
экспрессивтілік,  афористілік,  бағалауыштық 
және  аялық  білім  жатады.  Осы  аталғандар 
ақын  танымындағы  символизмге  жол  ашады. 
Махамбеттің  өзіндік  айрықша  бедерге  толы 
шығармашылығында 
лингвоменталдықты 
құрайтын  аталған  бөлшектердің  бәрі  де 
бар,  олар  бірін-бірі  толықтыра,  бір-бірімен 
жымдаса 
отырып, 
ақынның 
көркемдік 
әлемінің концептілік тінін құрайды. 
                    Әдебиеттер
1. Колшанский Г.В. Объективная картина 
мира в познании и языке. М.: Наука, 1990. 
107 с. 
2. Белый А. Символизм. М., 1910. 434 с.
3. Махамбет. Алматы: Арыс, 2001. 160 б.
4. Ай, заман-ай, заман-ай. А., РББ. 1991.
5.  Қайырбаева  Қ.  Қазақ  тіліндегі 
этномәдени  атаулардың  символдық  мәні. 
ф.ғ.канд.  дисс.  қолжазбасы.  Алматы, 
2004. 135 б.
ФИЛОЛОГИЯ

“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
160
С
ол  үрдісті  жаңаша  түрлендіріп, 
жалғастырып 
келе 
жатқан 
талантты  ақындардың  бірегейі  - 
Жанат Әскербекқызы. Ақынның «Көтеріп 
ап мұң көзені...» деп басталатын өлеңінде 
ол  нақтылы  көрінеді.  Өлеңнен  біз  «бет-
бейнесі  байқалмайтын,  алайда  нақтылы 
бір  кеңістіктегі  лирикалық  бейненің 
«қимыл-қозғалысын» 
 
байқаймыз. 
Көз  алдымызға  лирикалық  кейіпкер 
періштелік  сипаттан  өзгешелеу,  пенделік 
әрекеттен 
оқшаулау 
тұратын 
нәзік 
жанды  болмысты  елестетеді».    Алғашқы 
шумағынан осылай басталған өлең былай 
сабақталады:
Тәнін бүркеп боз жамылғы,
Талақ қылып тозған үнді.
Түнде ғана бой көрсетіп,
Кешіп кетер өзге ағынды.
Сұлба-лирикалық кейіпкер түн әлемі-
не құмарта түседі де, күн әлемін өз-өзінен 
жек  көріп,  жатсына  береді.  Тәнін  бүр-
кеген  боз  жамылғы  тұман  сипатындағы 
табиғи құбылыстың бөлшегі ретінде таны-
лып, кейіпкерді пенделіктен бөлек сипат-
қа бөлейді. Шумақтың келесі жолындағы 
«тозған  үн»  тіркесі  бір  қарағанда  ұйқас 
үшін  алынған  тәрізді.  Алайда  барлап 
қарасақ,  жанның  бейтәни  сипатына 
дерексіз  ұғым  «үннің»  гармониясы 
байқалады.  Бұл  ретте  сұлба-лирикалық 
кейіпкер  пенделік  «дауыстан»  арылып, 
жаңа  «үнге»,  тылсым  әлемнің  сазына 
лайықты дауысқа ие болу керек. Осы ретте 
«жан  дауысы  шығу»  фразеологиялық 
тіркесінің негізгі көрінетіндей болады. Ал, 
түн лирикалық кейіпкер үшін құтқарушы, 
дем  беруші  қалай  болған  күнде  де  оның 
ішкі әлеміне жақын күш ретінде алынады. 
(Түн  жоғарыда  біз  атаған  идеал-тұлғадан 
бөлек). Себебі лирикалық кейіпкерге түн 
жат емес, қайта түнге келсе, өзін бақытты 
сезінетін  тәрізді.  Бұл  ретте  байқалмас 
«бақытқа»  үстеме  ретінде  мына  шумақ 
көрініс береді:
 Қараңғылық - қабағында,
Түнерген ой - жанарында.
Жүрегіне ай қонақтап,
Жұлдыз жатар табанында. 
«Жүрегіне  ай  қонақтаған»  лирикалық 
кейіпкер  толыса  бастаған,  табанында 
жатқан  жұлдыздар  оның  биіктегенін 
тағы  бір  дәлелдей  түседі.  Алайда  ол 
жұлдыздарды  басып-жаншудан  аулақ, 
ол  тіпті  жауыздық  дегеннің  бар  екенін 
ұмытқан,  білмейтін  де  сияқты.  Шартты 
түрде  алатын  болсақ,  бұл  шумақ  өлең 
композициясында  шарықтау  шегінің 
қызметін  атқарады.  Келесі  шумақта 
жан  әлемінің  түн  тылсымына  ұқсай 
С.Б. ЕРЖАНОВА
Каспий қоғамдық университеті 
Тіл пәндері кафедрасының доценті, 
филология ғылымдарының кандидаты
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ 
ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ 
ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ
ФИЛОЛОГИЯ

161
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
бастауы  беріледі.  Бұдан  басқа  жанның 
тәнге  оралуы  сипатындағы  ой  дамуы 
байқалады.  Діни-философиялық  ұғым   
бойынша  жанның  жаратылысының  өзі 
аспан  әлемі,  түн  кезеңі  немесе  кеңістік 
шексіздігі  сияқты  тылсым,  құпиясы 
мол  ұғымдармен  тығыз  байланысты.  Біз 
өзіміздің  қарапайым  ойлау  жүйеміздің 
өзінде  де  жан  жаратылысын  тылсым 
күштермен байланыстырып отырамыз. 
Таңға жат боп тылсым өңі,
Тал бойына түн сіңеді.
Өң мен түстің арасында
Болар-болмас күрсінеді. 
Оның  негізінен  адамдық  сипат  алуын 
«күрсінуінен»  көреміз.  Өң  мен  түстің 
арасында  жатуы  да  лирикалық  бейненің 
нақтылана  бастағанын  байқатса  керек. 
Бұл  оның  жеңілісі  емес,  ғалам  мен 
жаратылыс  заңдылығына  бағынышты 
болуы.  Және  лирикалық  кейіпкердің 
«түнді  кезуі»  үздіксіз  жалғаса  беретін 
процесс  екені  байқалады.  Ол  бір  түннің 
шеңберіне  сыятын  құбылыс  емес,  қайта 
түн  өткен  сайын  жалғасып,  жетіліп 
отыратын құбылыс. 
Соңғы шумақ тікелей ақынның атынан 
айтылатын  шешім  ретінде  берілген. 
Сұлба-лирикалық кейіпкер тыным тауып 
жатқан секілді болады. Өлең басталған да 
айтылған:
 Көтеріп ап мұң-көзені,
 Сұлбам менің түн кезеді,- 
деген жолдардың қайталануы «сұл-баның» 
әрекетін  көрсетпейді,  қайта  ақынның 
баяндауына ұқсайды. Бұл жоғарыда айып 
өткеніміздей  «кезу»  процесінің  жалғаса 
беретінін  білдіреді.  Шумақтың  келесі  екі 
жолында  сұлбаның  қозғалысы  мүлдем 
тоқталып тыншығаны байқалады да, ақын 
тұлғасы нақтылы беріледі:
Жолығар ма жоқшысына,
Келер ме екен бір кезегі...
Ақын бұл жерде тілекші, жаны ашушы 
тұлғасында көрінеді де кәдімгі күнделікті 
тіршіліктің танымдық сипаты байқалады. 
Жанның  қайтадан  тәнге  оралуынан 
кейінгі  қарапайым  өмірдің  күйбеңіне 
араласу керектігі көрініс береді. 
Жанның  негізгі  ұмтылатын  әлемі  - 
жаратушы  Хақтың  мекені  немесе  өзінің 
түп-төркіні.  Алайда  ақын  үшін  баршаға 
белгілі  аталған  діни  философиядан  гөрі 
сондай  жан  мен  тән  бөлінісі  кезіндегі 
сезімдік  түрлену  мен  психологиялық 
хал-күй  қымбатырақ.  Адамның  осындай 
бір  аффективті  жай-күйінің  пайда  болу, 
даму  және  түйінделу  кезіндегі  сезімдік 
құбылыстар 
динамикасын 
көрсету 
ақынның 
негізгі 
мақсаты 
сияқты. 
Өлеңде 
драматизм 
жоқтың 
қасы, 
керісінше, психологизм элементтері діни 
философияның  болуы  мүмкін  шынайы 
негізін 
ашуға 
тырысады. 
Образдар 
қалыптастыру  барысында  һәм  күллі 
шығармашылығында 
романтикалық 
ағымның  жарқын  үлгісін  ұстана  білген 
ақын реалистік қағидалардан да алыс кет-
пейді. Керісінше, романтикалық ой-сезім 
мен  кейіпкердің  өзегінен  шым-шымдап 
суырылатын  тағдырдың,  қоғамның  ащы 
шындығы  жатады.  Шындықты  айтудың 
тамаша үлгісі романтикада екенін адамзат 
әдебиетіндегі    тарихи  тәжірибе  көрсетіп 
отыр.  Сондықтан  да  көркем  шындық 
-  шығармашылық  пен  қоғамдық  өмірді 
байланыстырып тұратын нәзік желі. 
Бауыржан  Бабажанұлы  тәуелсіздік 
жылдарындағы 
поэзия 
өкілдерінің 
ішіндегі  өзіндік  қолтаңбасы  қалыптасып 
қалған  ақын  ретінде  тануға  болатын  
шығармашылық  иелерінің  бірі. Ол өзінің 
шығармашылығында алдыңғы 80 жылдар 
әдебиетіндегі  буынның  әдеби    дәстүрін  
жаңашылдықпен    жалғастыра    білген  
ақын  ретінде тануға  болады.  Ақын  ағасы  
Темірхан  Медетбектің  пікіріне жүгінсек: 
«Бауыржан  Бабажанұлы  барынша 
қарапайым  жазады,  шешен  жазады,  бір 
сөзбен  айтқанда,  қазақы  ақын.  Табиғаты 
қазақы. ...оның ерекшелігі сонда - қандай 
бір күрделі ұғымды қазақ жанына жақын 
етіп  қорыта  білетіндігінде.  Ол  сөз  іздеп, 
оны  жамап-жасқап  жатпайды,  сөздің  өзі 
ФИЛОЛОГИЯ

“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
162
табиғи  түрде  құйылып  жатады».  Інісіне 
зор  үміт  артып,  жақсысын  айтып  нұрын 
тасыта  білген  аға  сөзіне  қосыла  отырып, 
жас 
ақынның 
шығармашылығына 
тоқталамыз.  
«Уәде»  атты  шағын  жыр  жинағы 
Бауыржан  ақынның  өзіндік  ойының  бар 
екенін  көрсетеді.    Осы  жыр  кітабының 
ішіндегі 
«Ескендірдің 
мүйізі» 
атты 
өлеңіне  тоқталып  көрелік.  Тарихта 
өзінің  жаугершілігімен,  жауыздығымен 
аты  қалған  Александр  Македонский 
туралы  және  ол  туралы  айтылатын  осы 
бір  аңыздың  ізімен  жазылған  қаншама 
туынды  бар.  Әлемдік  әдбиетке  соқпай-
ақ  өзіміздің  қазақ  әдебиетіндегі  Ғұлама 
Абайдан  басталатын  шығармалар  кө-шін 
қарап  шығуға  болады.  Аңыз  ізіне  бағыт-
талған  М.  Жұмабаевтың  және  Е.Рау-
шановтың  да  өлеңін  атап  өтуге  болады. 
Бауыржан  ақынның  Ескендір  аңызы 
хақындағы өлеңі былай басталады:
Мазасыз ой тап болды неге маған,
Тыныштығын күйттеген өлең аман...
Шекпен киіп жайланып үнсіз қалды,
- Ел мұңы менің мұңым!- деген ағам. 
Жалпы  тәуелсіздік  жылдарындағы 
поэзиялық 
шығармалар 
қоғамдық 
шындықты  айтуда  біршама  жетістіктерге 
жеткенін  көреміз.  80-жылдар  поэзия-
сындағы  қоғамдық  шындықты  айтудың 
масштабы  «әрі  кең,  әрі  биік»  болатын. 
Ақындар  ғаламдық  масштабтағы  адамзат 
мәселесіне  араласып  кететін.  Мысалға 
адамның  айға  ұшуы,  соғыс,  бейбітшілік, 
атомдық қару тағы да басқалар. Әрине бұл 
тақырыптар әлі де өзінің маңыздылығын 
жоғалтқан  емес.  Алайда  тәуелсіздіктен 
кейінгі  поэзиялық  шығармаларда  сол 
жалпы 
адамзаттық 
зұлымдықтардың 
негізгі тамырына үңілу бар. Яғни барлық 
жамандық та, жақсылық та адам жанында, 
санасында қортылып шығады, сондықтан 
да  әдебиеттегі  адам  мәселесі,  оны  тану 
мәселесі  ешқашан  толастамақ  емес. 
Жоғарыдағы  Бауыржанның  өлеңінде  де 
«қасындағы шекпен киіп жүрген» ағасын 
танудан басталады. Ақынның өзі таныған 
қоғамдық ортаның ащы шындығын айтуға 
келгендегі азаматтық тұлғасы қуантады: 
Жә, жарайды, тек сол ма үнсіз қалған,
Көкірегіңмен не пайда Күн сызғаннан.
Мен  де  үнсізбін.  Тек  шекпен  кигенім 
жоқ,
Әуел баста ондайға қырсыз болғам. 
Бұл 
ретте 
ақынның 
қоғамдық 
мәселелерге  деген  көзқарасы,  адамдар 
мен адамдар арасындағы қарым-қатынас, 
адам  мен  қоғам  арасындағы  қарым-
қатынас  тәрізді  мәселелер  орын  алған. 
Алайда  өлеңнің  көркемдік  элементте-
рінде  кемшін  тұстары  бар  екенінде 
жасырмаған ләзім. Ақын көп өлеңдерінде 
шұбалаңқылыққа  салынып  кететіні  бар. 
Өзі жақсы көріп оқитын және еліктейтін 
де  ақын  ағасы  Есенғали  жеті  шумақпен 
берген 
идеяны 
Бауыржанның 
жеті 
шумақпен  беруін  шарасыздықтан  туған 
амал дей алмаймыз. 
Әрине 
көптеген 
идеялардың 
қайталанып  келе  беретінін  бәрімізде 
білеміз.  Мәселе  сол  қайталанып  келе 
беретін  идеяларды  ақынның  оқырман 
қауымына 
қалай 
жеткізетіндігінде 
болып  отыр.  Ақынның  «Ескендірдің 
мүйізі бар екенін» айта алмауы қоғамдық 
кемшіліктерді  ашық  айта  алмауының, 
біле тұрса да амалсыз қалуының аналогы 
ретінде  беріледі.  Тіпті  біз  қоғамдық 
шындықты  айтудың  өзінің  негізінде  де 
адамның  қоғамдық  ортаға  тәуелділігі 
жататынын  байқаймыз.  «Ескендірдің 
мүйізі»  -  сол  қоғамымызда  орын  алған 
келеңсіздіктердің  бетін  ашып  көрсетуге 
арналған  тарихи  мысал.  Поэзиялық 
шығарма  арқылы  өзінің  жаңа  сипатына 
ие  болған  аңыздың  біз  атаған  азаттық 
идеясына да өзінің тигізер әсері, ашатын 
беттері бар екені айдан анық.  
Қазақ 
поэзиясының 
жоғарыда 
аты  аталған  ақындардан  басқа  үміт 
күттіретін  және  өздернің  бірді-екілі 
кітаптарын  жарыққа  шығарып,  қаламы 
өлең  жазуға  қалыптасып  қалған  ақындар 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет