ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
18
шығын 2 млн. 300 мың адам және қызылдар-
дың қысымынан 1 900 мың адам шетке қарай
біржолата үдере көшкен.
1939 ж. ІІ Кеңес санағы жүргізілді. Бұл
жолы қазақтардың саны 3 млн. 99 мың, яғни
869 мыңға немесе 21,9% кеміген болып шықты.
Оның негізгі себебі 30 жылдардың басындағы
аштық болып табылады.
Қазір бұл жойқынның қанша адамның
басын жұтқаны туралы әр түрлі пікірлер
айтылады. Қазақстандық және шетелдік
маман ғалымдардың пікірлеріне жүгінсек,
Республика демографтарының көзқарастары
мынандай: М. Тәтімов өзінің еңбегінде
былай дейді - «1926 г. казахов в стране было
3968,3 в республике – 3628 тыс. По данным
Центрального
управления
народного
хозяйства КазССР за 1.01.1933 г. в селах
республики проживало около 4 млн. казахов,
в городах еще тысяч 100… В 1934 г. В стране
насчитывалось только 2900 тыс. казахов».
Ә.Ғалиевтың мақаласында «Полагаю на 1939
г. численность казахов должна была составить
(при отсутствии голода) свыше 4845 тыс., а не
3100 тыс.» .
Ал, шетелдік зерттеушілер потенциалды
шығын одан әлдеқайда көп болған деп
есептейді.
Американ
зерртеушісі
Й.М.
Мэтлейдің «Орта Азия»: Ресей қол астындағы
бір ғасыр: атты еңбегінде «аштық жылдарының
тура шығыны да 1 млн. 745 мың емес одан
әлдеқайда көп болып шығады».
1939-1959 ж.ж. аралығында Ұлы Отан
соғысы қырғыны мен тың жерлерді игеру
эпопеясы болды. Соғыс жүз мыңдаған
қылшылдаған
қазақ
жастарын
жұтты,
ауылда қалған, өмірінде халқы бұрын-соңды
көрмеген қиындықтарды басынан өткеріп,
тағдырдың бұл тәлкегінің қайдан түсіп, енді
қайда апаратынын түсінбей дел-сәл болып,
болдырған аға буынның қатарын сиретті.
1941 маусым -шілдесінде Қызыл Армияда
саны жағынан славян халықтарынан кейінгі
төртінші орында болған. Егер Қызыл армия
қатарындағы адам шығынының ең көбі сол
соғыстың алғашқы айларында болғанын,
Гитлер армияларының шабуылын 1941 ж.
қарсы алған біздің жаяу әскердің қатардағы
жауынгерлерінің ешқайсысы Жеңіс күніне
жетпей,
қыршын
кеткенін
ескерсек,
халқымыздың басынан кешкені тағы да
«жұртпен бірге көрген ұлы той» ғана емес, оның
өз тағдырына жазған кезекті қанқұйлы айрықша
жағдай екені туралы ой туады [2, 3 б].
1926-1959 ж.ж. арасында жүргізілген
конфискелеу, коллективтендіру, индустрия-
ландыру науқандарын айтпағанның өзінде
жер аударылғандар мен соғыс кезінде көшіп
келгендер, тың игерушілердің Қазақстан
жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын өрескел
бұрмалауға әкеліп соқтырды. Егер рес-
публикамыздағы ең көп екі ұлт — орыс пен
қазақтың ара салмағын салыстырар болсак,
орталықтың күштеу саясатынын, бет-бейнесі
айқындала түседі. Тек 1926-1959 ж.ж. ғана
қазақтардын саны 58,7%-тен 29,8 %-ке құл-
дыраса, орыстардың саны 20,5%-тен 42,7%-ке
бір-ақ көтерілген. Осы көрсеткіштің өзінен-ақ
біраз шындықты айқын байқауға болады емес
пе?
Қазақ қоныс теуіп отырған жердің
ауқымы одан әрі қысқара берді. 1939-1959
ж.ж. аралығында халқымыздың саны жарты
миллионға жуық өсіп, 3 миллион 581 мыңға
жеткенімен, республикадағы үлесі 28 пайызға
дейін төмендеп кетті. Өйткені осы жылдары
Қазақстанға сырттан еркімен көшіп келу
мен күштеп қоныс аударту жаңа бір жаппай
колонизация іспетті процесс болған еді.
Мәселен тек 1944 ж. наурыз айынан 1946
ж. қантар айына дейін республикаға соғыс
жағдайына
байланысты
эвакуацияланып
немесе өз бетімен қашып пысып келгендерді
есептемегенде 866.300 мың адам жер аударылды.
Бұл негізінен тұтастайымен Кеңес өкіметі
тарапынан айыпталып, репрессияға ұшараған
халықтар еді. Сөйтіп, айналасы біржарым жыл
уақыт ішінде республикаға шеттен жалпы саны
Қазақстанның жергілікті ұлт өкілдері санының
1/3-не тең болатын күштеп жер аударылғандар
контингенті алынып келінді. Құжаттарда
айтылғандай, мәнгі-бақиға... Қырғызстанда
ондайлар жергілікті ұлт өкілдері санының 1/7
(132 мың адам), ал Өзбекстанда 2/25 (181.800
адам) тең болды [4, 13 б].
Қазақстанның тың аймақтарын көтеру
барысында тағы да шеттен қаптаған адам
келіп, жергілікті халықты қуаң жерлерге қарай
тағы да ығысуға мәжбүр етті. Қазақстанды
өз отанында сандық жағынан да, сапалық
жағынан да маргиналдандыру, вертикальдық
өлшем тұрғысынан алғанда да, горизонталь-
ТЕОРИЯ И ИСТОРИЯ ПРАВА И ГОСУДАРСТВА
19
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
дік өлшем тұрғысынан алғанда да периферия-
ға барынша ысыру процесі қайтадан өрістеп,
шарықтап шегіне жетті.
Бірақ 60 ж.ж. басынан бастап жағдай
біркелкілене бастады. Осы кезеңнен бүгінгі
уақытқа дейінгі Қазақстанға шеттен жаппай
адам көшіру қайталанған жоқ. Қазақ
халқының тұрмыстық жағдайы біршама
жақсарды. Заман талабына өздерінің бар
мүмкіндігінше бейімделіп, ысылған қазақтар
үшін демографиялық өсуге қолайлы шарттар
орнықты. Жалпы алғанда, 1961-1985 ж.ж
аралығы әлеуметтік-тұрмыстық және ауқат-
тылық жағынан халқымыз үшін бұл ғасыр-
дағы ең қолайлы кезең болғаны сөзсіз. 60 ж.ж.
басында қазақтардың ХІХ – ғасыр аяғындағы
ресми саны қайтадан орнына келді. 1970 ж.
санақта республика халқының санындағы
жергілікті ұлт үлесі 32 пайызға дейін, 1979 ж.
санақта – 36 пайызға дейін өскені анықталды.
1961-1985 ж.ж. халқымыздың жер жүзіндегі
саны 4,6 миллионнан 8,5 миллионға дейін,
85 пайызға өсті. Ол дүние жүзі халықтарының
ішінде саны жағына 87 орынға көтерілді [2, 3 б].
Демографиялық зерттеулердің қорытынды
мәліметтері солтүстік батыстан басталатын
негізгі миграциялық ағымдарды төмендегі
нәтижелермен бағалайды:
«Бос
жатқан
жерлерге!
Қазақтарды
алғашқы қоныстадыру (200 мың адам).
Патшаның
отаршыл
әскерлерін
орналастыру (100 мың адам).
Орыстың шаруаларын қазақтың жерін
отарлап, толық игеруі мақсатымен күштеп жер
аудару (1 млн. 150 мың адам).
Орталық Ресейде діни қуғын көріп қашып
келген келімсектер-кержақтар мен баптистер
(150 мың адам).
Конфискелеу кезінде жер аударылған саяси
«сенімсіз» халықтар (1 млн. 500 мың адам).
Индустрияландыру жылдары жер ауда-
рылған саяси сенімсіздер (1 млн. 300 мың
адам).
Депортацияға ұшырап зорлықпен көші-
рілген «сенімсіз» халықтар (1 млн. 500 мың
адам).
Соғыс кезіндегі «амалсыздан» көшіріл-
гендер (350 мың адам).
Тың игеру үшін ұран сала, «аттанып»
келгендер (1 млн.500 мың адам).
Жалпы стихиялық лекпен өздігінен келіп
қоныстанғандар (900 мың адам).
«Әскери жабық құпия қалалар тұрғындары»
(150 мың адам).
Ведомство аралық өктемдіктің ұйғаруымен
көшіп келгендер (200 мың адам).
Вахталық
ағыммен
соңғы
үстеме
қоныстанушылар (50 мың адам).
Қорыта айтқанда 1690-1990 ж.ж. ара-
лығында Қазақстанды отарлау мақсатымен
орталықтың ұйымдастырған стихиялық миг-
рация ағымының жалпы көлемі - 7млн. 600
мың адамға жетті [1, 12 б].
Миграциялық ағымның осындай үлкен
отаршыл және әдейі бағытталған мақсатты
болғандығына қарамастан, жергілікті байыр-
ғы халықты ығыстырып, қазақ даласының
ең бір шұрайлы жерінен орын тепкенімен,
мигранттардың көбі байлығы мол даланың
катаң табиғатына төзе алмады. Біздің
есебімізше келімсектердің үштен бір белігі
көндіге алмай, кері көшуге мәжбүр болған.
Ресей
империясынан
қоныс
аударып,
біз зерттеп отырған кезең аралығында
Қазақстанды тұрақты мекеніне айналдырған
мигранттардың екі есеге өсіп-өнуі бүгінгі
таңдағы мекендейтін, шығу тегі европалық,
жергілікті емес ұлт өкілдерінің жалпы санына
шамамен сәйкес келеді (1991 ж. есеп бойын-
ша 8,9 млн. адам), Соңғы жылдары Қазақстан
халқының осы этнодемографиялық то-
бының саны өспей, тұрақтана бастағандығы
байқалады.
Қазақстанның байырғы халқы — қазақ-
тардың
демографиялық
өсуі,
кейбір
зерттеушілердің пайымдауындай әлеуметтік-
экономикалық артта қалғандығының сал-
дарынан емес, бірқатар тарихи-саяси жағ-
дайлардың қолайсыздығынан тікелей қатты
жапа шекті. Екі ғасырға созылған отарлық
қысымшылықтан кейін, қазақтар, жығылған-
ға жұдырық демекші, алғашқылардың бірі
болып
сталиндік
әкімшілдік-әміршілдік
жүйенің алғашқы құрбаны болды. Әсіре-
се өте ауыр тиген зұлматты, тым рақымсыз
«голощекиндік геноцидтен» көшпенді қазақтар
қатты күйзелді. 20-ғасырдың ортасына дейін,
екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша,
шамамен екі жарым ғасыр бойы қазақ хал-
қының өз жеріндегі жағдайы өте жайсыз, ал
демографиялық ахуалы аса қолайсыз болды.
Өлкемізде ғасырлар бойы қалыптасқан
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
20
тарихи этно-демографиялык жағдайы —
алғашқыда отарлық күштеп бағындырудың
әсерінен, кейінірек, лениндік ұлт саясатының
бұрмаланып, республикамызды әр түрлі
үлттардын
миграциялық
«полигонына»
айналдырған сталиндік зұлматтың қияметтей
болған
қиындығынан
катты
езгеріске
ұшырады. Республикамыздың осындай қиын
демографиялық жағдайын ел мүддесіне сай
пайдаланып, территориямызды бөлшектеп
бөліп, қолжаулыққа айналдыруға ұмтылып
отырған арам пиғылды сепаратистер де жоқ
емес.
«Москва» журналы 1990 ж. № 5 санында
американдык демограф Михаил Бернштамның
«Орыс халқына қанша жыл өмір сүру калды?»
деген мақаласын жариялады. Мақалада
бұрынғы Кеңес Одағының халықтарының
демографиялық
өсіп-өну
жолдары
мен
жағдайлары қарастырылған және болашаққа
болжам жасалды. Ғылыми тұрғыда терең
зерттелінбей,
қоғамның
тарихи
дамуы
заңдылығы ескерілместен, демографиялык.
деректері бұрмалана жазылған, бұл мақалада
нәсілшілдіктің,
жершілдіктің,
бұрынғы
қызыл империялық өктемдіктің сарыны
байқалады. Автор орыс халқын болашақта
сандық басымшылығы мен саяси үстемдігінен
айрылып қалмауға шақыра ұлы державалық,
шовинистік
пиғыл-әрекетті
уағыздайды,
славяндарды түркі тілдес халықтарға қарсы
қояды.
Демографиялық дамудың тұрақты заң-
дылықтары бойынша ешбір халықтың шексіз
өсе бермейтіні анық. Біреуі ерте, біреуі кеш
дегендей, әйтеуір белгілі бір кезеңде өз өсімін
тоқтатады. Бұл өмірдің диалектикалық даму
заңдылығы, олай болмаған жағдайда адамзат
баласы жер бетіне симай кеткен болар еді.
Қазірдің өзінде дамыған елдер мен халықтар
өз өсімін біртіндеп тежесе, ал кеш дамыған
халықтар өздерінің өсу қарқынын енді ғана
бастады.
Американдық демограф шығыс халық-
тарының, онын ішінде өзбектер мен тә-
жіктердің болашақта 4-5 есе өсе алатынын
айта келе, әрбір халықтың өз ерекшеліктерін
жете білмегендіктен, қазақ халқының саны
туралы жаңсақ болжамдар келтіреді. Оның
пайымдауынша елуінші жылдардағы тың
жерлерді игеруге байланысты баяулаған
қазақтардың өсімі 2050 ж.ж. қайтадан күрт
кемитін көрінеді. Бұл жерде Бернштам
қазақтардың демографиялық мінез-қүлқы
орыс халқымен толық үндес келеді деп
ойласа керек. Республикамыздағы саны
көп орыстардың балаларды шектеуге деген
демографиялық мінез-кұлқы қазақтарға қатты
әсер еткенімен, біздің ұлттың басым бөлігі әлі
ауылдарда тұрады. Сондықтан да ондай елік-
теушілік дертке бәрі дерлік шалдыға койған
жоқ. Қазақтар бала санын әрі қарай шектеп, екі
балалық әдетке біржола көшкен, өзінде алдын
ала есептеуіміз бойынша, өсіміміз кем дегенде
2,5 немесе 3 есе көбейе алады. Демек, келесі
21-ғасырдын, аяғында халқымыздың саны
кемінде 20-25 миллионға, ал әлем бойынша
25-30 миллионға жетпек.
Қорыта айтқанда, американдық демо-
граф М. Бернштамның бұрынғы КСРО ха-
лықтарының ұлттық құрамының алдағы ға-
сырда өзгеруі барысын өзінше болжауы және
славян тілдес халықтарға, оның ішінде орыс-
тарға өсу деңгейлерін күрт төмендейді деп
үрей туғызуы бекер де емес. Бұл әрбір халық
демографиялық дамуы барысында басынан
өткеретін күрделі тарихи кұбылыс [1, 13 б].
Деректерге сүйенсек, енді 100 жылдан соң
жер бетіндегі халық саны екі есеге артып,12-
13 миллиард адамға жетеді деген болжам
бар. Қазірдің өзінде 1,2 миллиард халқы
бар Қытай елі 2025 ж. 1,5 миллиардтан асып
жығылып, үнділер 1,4 миллиардқа өспек. Тіпті
Индия халқы 2040 ж. Қытайды артқа тастайды
деген болжам да айтылып жүр. Халық саны
молайса, тіршілік сұраныстары өсіп, оны
қанағаттандыру мәселелесі үлкен сұранысқа
айланатыны да анық. Жер Анамызға үлкен
апат әкеледі деген қауіп те жоқ емес. Қазіргі
уақытта 800 миллион жер тұрғындары аш
жалаңаш, оның 180 миллионы балалар, 1,2
миллиард адам жоқшылықта, қайыршылықта
өмір сүруде. Бұл дерек тек қана Африка,
Оңтүстік Америка құрылықтарына ғана тән
емес, Еуропа мемлекеттеріне, оның ішінде
Ресейге де қатысты [5, 4 б].
2000 ж. бірінші қарашасына дейінгі дерек
бойынша, Қазақстан халқы 14 миллион 847
мың 500 адам болса, оның 53,4%, яғни, 7
миллион 985 мыңын қазақ ұлтының өкілдері
құрады. 2001 ж. аяғына қарай халық саны 14
млн. 851,1 мың адамды құрады, 2002 ж. аяғына
ТЕОРИЯ И ИСТОРИЯ ПРАВА И ГОСУДАРСТВА
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
21
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
таман халық саны 14 млн. 866,8 мың адамды
құрады, 2003 ж. аяғына қарай халық саны 14
млн. 951,2 мың адамды құрады, 2004 ж. аяғына
таман халық саны 15 млн. 074,8 мың адамды
құрады, 2005 ж. ортасына қарай 15 млн. 130
мың адамды құрады, 2006 ж. ортасына қарай 15
млн. 210 мың адамды құрады, 2007 ж. басында
15млн. 395 мың адамды құрады [6, 12 б].
Демографиялық
болжамдар
бойынша
алдымыздағы және кейінгі онжылдықтарда
келімсек жұрттың жалпы саны азая түспекші.
Оның себебі тек табиғи өсімнің төмендеуінде
ғана емес, сонымен қатар миграциялық
лектің кайтуға деген өзіндік ынтасының
(әуелі селолық жерден кейінірек калалардан)
күшеюіне тікелей байланысты. Осындай қай-
таланбас бірбеткей демографиялык тенден-
циялардың бәрін есепке алғанымызбен,
жақын болашақта да Қазақстанның тұрақты
халқының едәуір бөлігін шығу тегі еуропалық
жағының халықтары құрайды және бұл
барлық республика халқының төрттен бірінен
аз болмайды [1, 23 б].
Әдебиеттер
1. Тәтімов М. Қазақ Әлемі: (Қазақтың
саны қанша? Қазақ қайдан қуылған,
қырылған және атылған?) Алматы:
Қазақстан – Атамұра, 1993. 9-23 бб.
2. Тәжуітов А. Халық санақтарының
құпиялары. Түркістан газеті, 10-16 наурыз
1999 ж. 2 б.
3. Тәтімов М. Диаспора мен репат-
рианттар және ирредиент пен маргинал-
дар. // Фемида, 1997. 73-74 бб.
4. Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз
– демографияда. Алматы: Жеті-Жарғы,
1999. 13 б.
5. Телібайтегі Ш. Қазақ өсе ме өше ме
немесе ғасыр басындағы демографиялық
ахуал не дейді? Ана-тілі. № 2 – 11 қаңтар.
2001. 4 б.
6. Жұмасултанов С. «Народонаселение
Казахстана». 2004. С. 12.
ТЕОРИЯ И ИСТОРИЯ ПРАВА И ГОСУДАРСТВА
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
22
С
овременное
состояние
казахс-
танского общества в значительной
степени
зависит
от
деятель-
ности сотрудников правоохранительных
органов, в частности прокуратуры.
Отметим, что правовая культура – явление
более широкое, чем правосознание.
Она включает в себя правосознание,
правовую деятельность с точки зрения
правомерности деяний и соответствия
этой
деятельности
общепринятым
правилам,
нравственным
нормам,
общечеловеческим ценностям.
Формирование правового государства
в Республике Казахстан требует от всех
лиц и общества в целом высокой правовой
культуры, выражающейся в достаточной
степени правовыми знаниями, уважения
к праву, и соответственно правомерного
поведения. Особенно правовая культура
необходима сотрудникам прокуратуры.
Правовая культура как объект научного
исследования в последнее время вызывает
особый интерес, поскольку является не
только теоретической проблематикой, но
и носит практический характер. Не секрет,
что сотрудники правоохранительных
органов нарушают требованиями норм
права,
совершают
правонарушения,
а порой и преступления. Обществу
сегодня необходимы глубокие научные
разработки, позволяющие существенно
поднять уровень правовой культуры как
общества в целом, так и отдельных групп,
личности.
Правовая
культура
является
неотъемлемой частью общей культуры,
феноменом, органически вплетающимся
в правовую систему социума. Правовая
культура является действенным средством
правовой социализации личности, т.е.
процесса усвоения человеком норм
права, включения его в специфические
формы правовых отношений и связей,
способствующих
формированию
у
него необходимых качеств и свойств
для адекватной адаптации к данной
правовой системе и выполнению в ней
определённых функций и ролей;
Правовая культура имеет важнейшее
значение для построения правового
государства. Она служит общению между
поколениями, народами, что, безусловно,
актуально для правовой реальности
многонационального Казахстана, а также
между создателями правовых ценностей и
их потребителями.
Правовая культура является фактором
К.Е. МАМАЕВ
соискатель кафедры теории и
истории государства и права
Казахского национального
университета им. аль-Фараби
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ
АСПЕКТЫ ФОРМИРОВАНИЯ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ
ПРАВОВОЙ КУЛЬТУРЫ
РАБОТНИКОВ ПРОКУРАТУРЫ
ТЕОРИЯ И ИСТОРИЯ ПРАВА И ГОСУДАРСТВА
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
23
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
формирования и развития правовой
активности личности, т.е. качеств и
свойств,
характеризующих
личность
на правовом уровне существования и
деятельности, является действенным
рычагом
стабилизации
социальных
отношений, охраны законных прав и
интересов личности.
О правовой культуре
сотрудников прокуратуры
Правовая
культура
сотрудников
прокуратуры не сводима лишь к
правовой грамотности или пониманию
юридической догмы. Основой право-
вой
культуры
являются
гуманные,
нравственные, в целом духовные, начала.
Без них социальная роль правосознания
и правовой культуры не может быть
значительной, что негативно будет
отражаться на состоянии законности и
правового порядка в обществе.
Полагаем, что правовая культура
сотрудников прокуратуры тесно связана
с
его
нравственными
качествами.
Отметим, что основой правовой культуры
является такие качества как доброта и
справедливость. И здесь первостепенную
роль играет осознание личностью своего
долга, его убеждения и самовоспитание.
Решающим фактором здесь является этап
зрелости.
На формирование правовой культуры
сотрудников
прокуратуры
большое
влияние оказывает менталитет. Следует
признать органичной частью правовой
культуры
общества
отечественный
правовой менталитет, который оказывает
немалое влияние на характер позитивного
права, особенности его реализации.
В
способности
понять
специфику
правового
менталитета
Казахстана
в большой мере заложены основы
успешной результативной деятельности
сотрудников прокуратуры.
В юридической литературе правовой
менталитет понимается как глубинный
уровень правосознания, выраженный в
структурированной единой и целостной
общности
правовых
представлений,
стереотипов, привычек, реакций и др.,
в характере и способе юридического
восприятия. Но правовой менталитет
не в силах самостоятельно теоретически
и идеологически осмыслить правовую
действительность.
Здесь
необходимо
наличие
абстрактного
(логического)
правосознания. Оно есть выраженная
на категориально-понятийном уровне
правовая мысль.
Для
казахстанской
ментальности
характерным является традиционализм,
коллективизм, стремление к поиску
правды, добра, равенства, милосердия,
справедливости. Все это находит свое
выражение в правовом менталитете.
В правовом менталитете юридического
сообщества
находит
выражение
противопоставление идеи закона и
подзаконного акта. В правовом плане это
выливается в невероятном доминиро-
вании
всевозможных
инструкций,
приказов, распоряжений над волей
закона. Запутанные и не всегда понятные
самим создателям циркуляры министерств
и иных ведомств стали напрямую
расходиться с предписаниями законов.
Безусловно, что с этим положением вещей
мириться никак нельзя. Идея господства
закона в отношении подзаконных актов
должна стать обыкновенной установкой
казахстанского правосознания, правовой
культуры.
Данный правовой постулат есть
проявление
юридической
культуры
власти и общества, зрелого правового
мировоззрения.
Важно
постараться
не только на теоретическом уровне
воспринять идею доминирования закона
над
всеми
нормативно-правовыми
актами,
но
и
на
эмпирическом
уровне начать ее осуществлять. Здесь
необходимо проявить правовую волю и
настойчивость, дабы не свернуть с пути
укрепления законности, в основе которой
находится фундаментальная правовая
идея господства закона.
Развитое правосознание сотрудников
прокуратуры должно оценивать права с
точки зрения не только идеи приоритета
прав человека и гражданина, но и
Достарыңызбен бөлісу: |