КЕЛІННІҢ АЛДЫНАН ШЫҒУ
Ұ
затылған қыз керуені жігіт ауылына бірнеше шақырымдай қал-
ған да күйеу жігіт немесе күйеу жолдас ауылға «сүйіншіге» шабады.
Жігіт ауылға келін келе жатқан қуанышты хабарды алып жеткенде,
оны жиналған жұрт шашу шашып қарсы алып, сүйінші береді. Қуа-
ныш ты хабарды алысымен ауыл иелері ауылдағы қыз-қырқын, ке лін-
кепшіктерді түгел атқа қондырып, келіннің алдынан шығуға жі бе ре ді
де, құдай-аруақтарға арнап бір малдарын атап сояды.
Келіннің алдынан шыққан топ, келіннің əжелері мен ше ше ле рі не
жəне басқа да құда бала, құдашаларға амандасып, одан соң «бұ рын ғы-
соңғының жолы екен» деп келінді аттан түсіріп, басына желек жа уып,
мініп келген атын ауыстырып, басқа бір жорға міндіріп, ауылға салта-
натпен алып жүреді. Міне, бұл «келіннің алдынан шығу» делінеді. Бұл
жігіт ауылының болашақ келінге көрсеткен қошеметі мен қарсы алу
салты есептеледі.
Келіннің алдынан шығу – жас келінге көрсетілген қошемет пен кі-
сі лік құрмет. Ол келіннің қайын жұртына деген сүйіспеншілігін арт-
тырады. Көңіл күйін орнықтырып, рухани қысымын азайтады. Қа йын
жұр ты мен тезірек танысып, емін-еркін араласып кетуіне мүм кін дік
жасайды.
402
402
КЕЛІННІҢ АТЫНА МІНУ
Қ
азақ салтында жаңа түскен келіннің атына міну аса игі лік ті,
қуанышты іс есептеледі. Сондықтан да, «келін келеді» деген хабарды
естісімен ауылдағы жігіттің отбасы мен көңілі жақын, барыс-ке ліс,
алыс-берісі жиі адамдардың бəйбішелері жəне бозбалалары «ке лі ні-
ңіз дің атына мен мінейін» деп күнілгері келісіп қояды да, бір жор ға ға
мініп, келіннің алдынан шығатын топпен бірге барып, келінді аттан
тү сі ріп, басына желек жабатын кезде, мініп барған жорғасын ке лін ге
қал ды рып, өзі келіннің атына мініп, қуанышты хабарды тезірек жет кі-
зу үшін ауылға қарай құйғытады.
Əдетте, келіннің атына ауылдағы балалы-шағалы, төрт түлігі сай,
үлгі-тағылымды əйелдер мінеді. Бұл – осы келін ұрпақты, үлгі-өне ге-
лі, құтты болсын, оған атына мінген осы кісінің жолын берсін дегені.
Келіннің атына мінген адам ауылға тізгін ұшында келеді, əрі ке лін-
нің ат көрпесінің арасына (тақымына) салынған «тақымтартар» деген
кə де ні алады. Келіннің атына мінген адам ауылға келгенде, оған шашу
шашып қарсы алады.
Кейде келіннің атына көп ағайынды бозбалалар мінсе, кейде батыр,
шешен, үлгі-тағылымды кісілердің балаларын мінгізеді. Бұл – жаңа
түскен келіннің ұрпақтары көп болсын, батыр болсын, шешен болсын,
үлгі-өнегелі болсын дегені.
Келінді жолда аттан түсіріп, басына желек бүркеу жəне атын ауыс-
тыру – келінге жаңа елге деген тəуелділік жəне отбасына деген жа-
уап кер ші лік сезімін тудырады. Сондай-ақ бұдан кейінгі жүріс-тұ рыс,
алыс-беріс, барыс-келіс өзі келін болып түскен елдің еркі, қалауы бо-
йынша жүргізіледі дегенді аңғартады əрі қолы ашық, көпшіл болуға
баулиды.
КЕЛІН ТҮСІРУ
А
уылға құдағилар бастаған келін көші келгенде, оларды жі-
гіт ауылындағы кəрі-жас, ер-əйел түгел есік алдына шығып, əйелдер
шашу шашып, ерекше салтанатпен қарсы алады. Бірақ, келін де ауыл-
403
403
ға шешелерімен бірге келмей, отау тігілгенше жолда аялдап қалады.
Осындай абыр-сабыр, қуаныш үстінде кімде-кім көш бастар түйе не-
месе басқа көліктің бұйдасын, я болмаса шылбыр-тізгінін елден бұ-
рын ұстап ауылға жетелеп кірсе, ол «түйе мұрындық апа» немесе
«түйе мұрындық ата» аталып, бір жол (кəде) алады. Ауыл адамдары
жапа-тармағай құда-құдағилардың ат-көліктерін ұстап, құдағиларды
тү сі ріп, жүктерді жөндеп, отау тігуге кіріседі. Əдетте, отау əке үйінің
артына тігіледі. Отаудың шаңырағын балалы-шағалы, үлгі-өнегелі бір
үл кен кісіге көтертеді. Бұл – жас отау иелерінің болашақта осы тұң-
ғыш шаңырағын көтерген кісідей өсіп-өніп, көгеріп-көктеп, балалы-
шағалы, үлгі-өнегелі жақсы кісі болсын дегені.
Жаңа отау тігіліп, отауға келіннің жасау-жабдықтары тізіліп, көр-
пе-жастықтары жиылып болған соң, ауылдың сырт жағында тосып
тұр ған келінді ата-енесінің үйіне, екі абысыны екі қолтығынан сү йеп
кір гі зе ді. Ата-ене табалдырығын тұңғыш аттаған келін, ұлы ша ңы рақ
та бал ды ры ғын оң аяғымен аттап, оң тізесін бүгіп, сəл иіліп үш рет сə-
лем жасайды. Ата-енесі: «Көп жаса, қарағым!» деп баталарын бе ре ді.
Онан соң, келіннің маңдайына ақ жағады. Бұл – «ақжолтай бол, Құ-
да йым ақ жолын берсін» дегені. Одан соң, келінді отбасындағы жұм-
сақ тулақ немесе көрпеге отырғызады. Бұл – «жаңа түскен келіннің
мі не зі жұмсақ, тулақтай төзімді болсын» дегені. Одан кейін келінді
тұр ғы зып, отқа май құйғызады. Онда келін отқа май құйып: «Май ана,
ша па ға тың ды тигізе көр! Өзің жарылқағайсың!» – дейді. Сонда, ке лін-
ді қоршап тұрған əйелдер от жалынына алақандарын қақтап, «оттай
опалы бол!» деп, келіннің маңдайын сипайды. Бұл – «Келіннің қолы
құт ты, майлы болсын, ата-баба аруағы қолдасын! Сені өз баламыздай
аялап, əлпештеп отырамыз» дегені. Осы жоралғыларды орындап бол-
ған соң, келінді өз отауына апарады. Онда келінге шашу шашып, сол
жақ қа тартылған шымылдық ішіне отырғызады. Келіннің алдынан
шық қан жəне қуанышқа жиналған қыз-келіншектерге қыздың шешесі
алқа-білезік, сырға, жүзік, сөлкебай сияқты заттар сыйлайды.
Келінге алғаш ата-ене табалдырығын аттағанда сəлем жасату –
жаңа түскен келінді үлкенді құрметтеп, кішіні аялайтын, ар-ұятты,
əдеп-ибалы болуға жетелейді. Маңдайына ақ жағу қайын жұртына
404
404
деген сүйіспеншілігін арттырады. Тулақ пен көрпеге отырғызу көм-
піс тік ке, төзімділікке, тіл алғыштыққа баулиды. Жаңа ел-жұрт тың
əдеп-ғұрпына тез əдеттендіреді. Отқа май құйғызу еңбекшіл бо лу ға,
ота уы ның отын өшірмей, мəңгі маздатып жағуға құлшындырады. Ке-
лін нің маңдайынан алақанмен сипау келінге рухани күш-жігер бе ре ді.
Жаңа ел-жұртқа деген сүйіспеншілігі мен құрмет сезімін арттырады.
БЕТАШАР
Б
еташар – жаңа түскен келінге алғаш рет ата-енесі мен оның
туыс-туғандарын таныстырып, əдеп-иба жөнінде тəлім беріп, тəрбие
жүр гі зе тін, сондай-ақ, жас келінге тұңғыш рет ескерту жасап, жақ сы-
жаман істер жөнінде құлаққағыс ететін тəлім-тəрбиелік қуаты жо ға ры
ха лық тық жыр.
Қазақ халқы «келінді – бастан, баланы – жастан» деп, келін мен
бала тəрбиесіне ерекше мəн береді. Сондықтан да əр отбасы келіні
та бал ды ры ғын аттасымен оған ел-жұрт, үлкен-кішілерін түгел таны-
стырып, нелерді істеу, нелерді істемеу, қалай жүріп, қалай тұру, қан-
дай адам болу туралы мұқият тəлім-тəрбие жүргізіп, қатаң талаптар
қоя ды. Бұл тұңғыш рет беташар жырында айтылады.
Əдетте, жаңа түскен келіннің бетін алыстан шаршап келді деп, сол
күні демалдырып, ертесі ел-жұрт, туыс-туғандары түгел жи нал ған да
ашады немесе той үстінде ашады. Кей жерде келін келісімен ата-ене
табалдырығын аттатқан бойда бетін ашады. Алайда, жаңа түс кен ке-
лін қашан бетін ашқанша, басына желек бүркеніп, шы мыл дық ішін де
отырады. Бетін ашқан соң барып, орнынан тұрып шай құ йып, жаңа
ортаға араласып, ел-жұртпен таныса бастайды.
Келіннің бетін ашатын кезде, оны екі абысыны екі қолтығынан де-
меп ата-енесінің үйіне апарып, босағада төрге қаратып ұстап тұ ра ды.
Беташар айтатын жігіт беташар кəдесін домбырасына байлап алып,
домбырамен əнге қосып, келінге ата-енелері, қайнаға, қа йын бикелері
мен жақын туыс-туғандарын таныстырып, ата-ене, үл кен-кіші алдын-
да əдепті, ибалы, еңбекшіл болу, өтірік-өсек айтпау, жа ман дық ата-
улыдан бойын аулақ ұстау туралы жыр жолдарын нө сер ле тіп келіп,
405
405
«пəлен атаңа» немесе «пəлен енеңе бір сəлем!» деген сайын ке лін
иіліп сəлем жасап тұрады.
Міне, осылайша, ауыл-аймақ, үлкен-кішіге тегіс сəлем жасатып,
сон дай-ақ, ақыл-кеңес беріп, жақсылық-жамандықты түгел ескерте
ке ліп, келіннің бетін бүркеп тұрған желекті ашып, келінді көп ші лік ке
көр се те ді. Міне, бұл «беташар» деп аталады.
Келіннің бетін ашқан жігіт «беташар» кəдесін, келіннің екі қол ты-
ғы нан сүйеп тұрған екі келіншек «қолтық сүйер» кəдесін алады.
Беташардың жаңа түскен келін үшін тəлім-тəрбиелік мəні мен ғы-
лыми негізі өте жоғары. Ол жаңа түскен келінге борыштылық жəне
жауапкершілік сезімін тудырып, əдепті, ұятты, мұратты, еңбекшіл, іс-
кер болуға дағдыландырып, үлкенді құрметтеп, кішіні аялайтын, түр-
лі жаман қылықтардан бойын аулақ ұстайтын, кеңпейілді, кешірімді,
ме йі рім ді, жанашыр болуға баулиды.
Есею, ержету, жар сүю, перзент көру сияқты өмір заңдылығын шы-
найы ұғындырады. Кімнің алыс, кімнің туыс екендігін білгізіп, үл кен-
кішімен болған қарым-қатынас жолын айқындап береді.
КҮЙЕУ АЯҚ (ЫҢЫРШАҚ КӨРУ )
Қ
азақ салтында қызын ұзатып əкелген жолы енесі қайтарда оны
күйеу жігіт (күйеу баласы) міндетті түрде ауылына апарып салады.
Міне, бұл «ыңыршақ көру» деп аталады. Кей жерде «күйеу аяқ» дейді.
Күйеу жігіттің «ыңыршақ көру» жолына ата-енесі ерекше мəн бе-
ре ді, яғни, əл-ауқаттарына қарай, күйеубаласына ат міндіріп, шапан
кигізіп, тіпті, са уын дық, сойыстық мал айдатады. Бұл – ата-ененің
күйеу баласына деген ата-аналық мейірім-шапағаты. Жортқанда жолы
болсын, бас қан қа да мы құтты, отбасы бай-бақытты болсын деген ізгі
ті лек те рі нің ай ғағы.
Бұл салт – күйеу бала мен ата-ене арасындағы сүйіспеншілікті
одан ары тереңдетеді. Барыс-келіс, алыс-берістерін жиілетіп, жү рек-
те рі не шынайы ата-балалық сезім ұялатады. Түсіністік, сый лас тық,
сырластық сезімдерін тереңдетеді.
406
406
КЕЛІННІҢ ПАРЫЗ-ҚАРЫЗДАРЫ
Қ
азақ халқы келін түсіруді өмірдегі ең қуанышты, игілікті іс са-
найды. Тіпті, келіннің ата-енесі емес, ел-жұрт, ағайын-туыстар: «Ба-
сы мыз ға бас, асымызға ас қосылды, досымыз көбейді, өрісіміз ке ңей-
ді» деп, түгел мəре-сəре болып шаттанады.
Ата-ене, қайын жұртының үмітін ақтап, көңілдерінен шығу үшін,
жаңа түскен келін де əр күні жай жатып, ерте тұрып, беті-қо лын жуып
болған соң, ең алғашқы жұмысты ата-енесі жатқан үлкен үй дің түң-
лі гін ашып, отын жағып, шайын қойып, ата-енесінің дəрет суын əзір-
леу ден бастайды. Одан соң барып өз отауының отын жағып, шайын
қай на тып, жүгін жиып, сыпырып, отауын тап-тұйнақтай таза, ретті
ұстайды.
Орындарынан таңертең ерте тұрған ата-енелер келіндерінің ең ал-
ғаш істеген істеріне қарап, оның тəрбие көрген-көрмегендігін, бо ла-
шақ та қандай адам болатындығын байқайды. Егер келіндерінің ал-
ғаш қы істері көңілдеріне жақса, оған риза болып, «қадамың құтты
болсын! Тіл-көзім тасқа!» деп алқап, ақ баталарын береді.
Қазақ халқы басына желек жауып, келін болып түскен əрбір əйел
затының мойнына мынадай қарыз-парыздар түседі деп қарайды.
1. Əдеп-иба, мұрат арқылы ата-енесі мен бауыр-туыстарының
ті ле гі нен шығып, үміттерін ақтау. Сүйген жарының барлық қыз ме-
ті не əзір тұру.
2. Жеке басы мен ел-жұртының, əсіресе, өзін бағып өсірген ата-
анасының бетіне шіркеу келтірмеу.
3. Ата-енесін өзінің туған ата-анасындай көру, оларды құр мет-
теп, алдарынан қия өтпеу, күйеуіне адал жар, отбасының ұйт қы сы,
бала-шағаның үлгі-өнегесі болу.
4. Өзін келін болып түскен ауылдың бір мүшесімін деп санап, ыс-
ты ғы на күйіп, суығына тоңып, жапа мен рақатты тең көтеру.
5. Ағайын-туыс, үлкен-кішінің күліп-ойнап, тату-тəтті, береке-
бір лік те болуына дəнекер болу, сыпсың сөз, сумақы қылықтан аулақ
болу.
6. Артына төрт мүшесі сау, ес-ақылы дұрыс, тəрбиелі, көргенді
жақ сы ұрпақ қалдыру.
407
407
7. Дүниеқорлықтан, іштарлықтан, күншілдіктен, жал қау лық тан,
ластықтан, сəнқойлықтан, қыдырымпаздықтан, тə кап пар лық тан
ау лақ болу.
8. Ұқыпты, үнемшіл болу, сəн-салтанат пен орынсыз ысыраптан
сақ та ну. Елмен бəсеке таласпау, тоқшылыққа шүкір, жоқ шы лық қа
сабыр ету. Күйеуін жоқты тап деп əуре-сарсаңға салмау.
9. Үйге қонақ келсе, қабақ шытпай қарсы алу. Келген адамдар мен
қонақтарды жайдарлы қабақ, жақсы мінезімен риза ету. Адам бала-
сын ренжітпеу, жəбірлемеу, қорламау, алаламау.
10. Кердең мінез, кесір қылықтан аулақ болу. Адал еңбек, ащы те-
рі мен отбасы, бала-шағаларын бақыт-байлыққа кенелту.
Бұл тəрбие жас келінге өмірдің мəнін терең түсінуге, қоғам ал дын-
да ғы шынайы жауапкершілік, борыштық сезімін оятуға жебейді. Түр-
лі қарым-қатынас жəне өсіп-жетілу заңдылықтарын ұғындырады. Жас
ке лін дер ді əдепті, ибалы, мұратты, тəртіпті болудай тамаша адам гер-
ші лік қасиет қалыптастыруға баулиды. Үлкен-кіші жəне отбасына де-
ген жауапкершілік, борыштық сезімін арттырады. Адал, арлы, үнем-
шіл, еңбекшіл, іскер, ісшең болуға дағдыландырады. Береке-бір лік ті
қор ға ғыш, жамандық атаулыға жаны қас, қайырлы, мейірлі, ұқып ты,
үнем шіл болуға жетелейді.
КЕЛІНДІ ОТҚА ШАҚЫРУ
К
елін түсіп, «құтты болсын» айта келген адамдардың аяғы сая-
быр лай бастағанда, жігіт ауылындағы туыс-туған, көрші-қо лаң да ры
келінге өздерінің от жаққан жерін көрсетіп, үлкен-кіші бала-ша ға ла-
ры мен таныстырып, бұдан кейін барып-келіп, алып-беріп тұруына қо-
лай лы болу үшін, бірінен соң бірі қонаққа шақырады. Міне, бұл «ке-
лін ді отқа шақыру» деп аталады.
Отқа шақырған үйлерге келінді қайын сіңлілері ертіп барады, əрі
ке лін ге шақырған үйдің жолы, барыс-келіс, алыс-беріс жағдайына
қа рай енесі «мынаны ілуге сал» деп (кей жерде «отына сал дейді»)
орамалдан тартып, кілем, сусар, құндыз, түлкі ішікке дейін апарып
салдырады.
408
408
Жаңа түскен келінді отқа шақыру – жігіттің туыс-туғандарының
жас келінге көрсеткен сый-құрметі, сондай-ақ, туыстық жа қын дық-
та рын білдіруі, барыс-келіс, алыс-берісіміз үзілмесін деген ізгі ниет -
тері.
Отқа шақыру жаңа түскен келіннің жігіт туыстарына деген құр мет
сезімін арттырып, туыстық, жақындық сүйіспеншілігін те рең де те ді.
Сондай-ақ, жас келінді əдепті, ибалы, қонақшыл, бауырмал бо лу ға
бау ли ды. Жақын адамдар алдында борыштық жəне жа уап кер ші лік се-
зі мін оятып, адамдар арасындағы қарым-қатынасы мен қо ғам дық өрі-
сін кеңейтіп, досын көбейтіп, жас келіннің көңілін көтеріп, ру хын сер-
піл те ді. Жатырқау, жабығу сезімдерінен арылтып, сау-сə ле мет өмір
сү руі не мүмкіндік жасайды.
ІЛУ САЛУ
Қ
азақ салтында жаңа түскен келінді жігіттің жақын туыс-ту-
ған да ры түгел отқа шақырып, арнаулы мал сойып, ерекше күтеді.
Сонымен бірге, келіннің төркінінен келген (естелік болуға татиды-ау
деген) бір бағалы затын қалап, оны «ілуге сал» (отқа салу) деп ба-
зына айтатын дағды бар. Сондықтан да, көңілдері жақын, алыс-бе ріс,
барыс-келістері жиі, бір-біріне өткен өтісі бар туыстары мен үл кен
ша ңы рақ ты ұстап отырған туыстары келінді отқа шақыруға бар ған да:
«ке лін нің төркінінен келген пəлен затын қаладық, соны ілуге салсын»
(отқа салсын) деп, қалауын айтып кетеді. Енесі келінімен ақыл да сып,
шақырған адамның «ілуге сал» деп сұраған затын беруге ла йық деп
тапса, онда келін оны апарып береді. Ал, оны жөн көрмесе, бас қа бір
ла йық ты зат апарады. Міне, бұл «ілу салу» (отқа салу) деп аталады.
Салт бойынша, жаңа түскен келін өзін отқа шақырғандар «ілу сал»
деп бір затын мейлі қолқаласын, мейлі қолқаламасын, шақырған от-
басына өз жағдайына қарай «ілу салады», ешқашан құрқол бармайды.
Қа лай да, жасауынан бір зат алып бару шарт.
«Ілу салу» туыстар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, сү йіс-
пен ші лік те рін арттырады. Алыс-беріс, барыс-келістерін жиі ле ту дің
дə не ке рі болады. Жас келінді көпшіл, қолы ашық жомарт, кең пе йілді,
409
409
ке ші рім ді болуға дағдыландырады. Дүниеқорлықтан, өзім шіл дік тен
арылтып, кеңпейілді, кешірімді, ақ көңіл, ашық-жарқын, қонақшыл
бо лу ға баулиды.
ЕНЕНІҢ КЕЛІНІ АЛДЫНДАҒЫ
ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ
Т
əлімді де тəрбиелі, көзқарақты да көреген енелер «келінді
бастан» деп, жаңа түскен келінді тікелей өз тəрбиесіне алып, бастан
үлгі-тағылым үйретіп, шаруаның қыр-сырына қанықтырып, жақсы ке-
лін, көргенді ана болуына жетекші, демеуші болады. Сондай-ақ, мы-
надай қарыз-парыздар арқалайды:
1. Келінін өз қызындай көріп аялап, əлпештеп, ақыл-кеңесін бе ріп,
тұрмыстағы жұмыстарды тезірек меңгеріп кетуіне жəрдемдесу.
2. Артық-кем істеріне кешіріммен қарап, келініне əйелдік, ерлі-за-
йып ты лық дегеннің не екенін егжей-тегжейлі түсіндіру.
3. Ашық-жарқын, мейірімді ана, ене болу, сондай-ақ, алыс-беріс,
барыс-келіс, кішілік, кісілік жолын ұғындыру, алыс-жақын, ағайын-
туыс тар ды таныстыру.
4. Ар-абыройын таза сақтау, үлкендер отырған жерге баса-көк-
теп кірмеу, ата-ене мен үлкендердің сөзіне, ісіне орынсыз араласпау,
ата-ененің төсегіне жатпау, отырмау керектігін ұғындыру.
5. Басқалардың алдында жалаң аяқ, жалаң бас жүрмеу, ата-ене
мен үлкендердің атын атамау, үлкен кісілерге ат қоюды үйрету.
6. Бір тізерлеп отыруды үйрету. Бүйірін таянуға, желбегей жа-
мылып, кісіге қарап керіліп-есінеуге тыйым салып, əдепті, ибалы болу
жолына баулу.
7. Күтіну, бала емізу, бала тəрбиелеу, тазалық, денсаулық қа ғи да-
ла рын үйрету.
8. Қонақ күту, ас-тағам əзірлеу, жол-жора ұсыну жолдарын
ұғын дыру.
Бұл тəрбие ата-аналардың ұрпақтарына деген жауапкершілік се-
зі мін арттырса, жастардың, əсіресе, жаңа түскен келіндердің бо рыш-
тық сезімін жоғарылатады. Ене мен келіннің өзара қарым-қа ты на сын
410
410
нығайтып, сүйіспеншіліктерін арттырып, келінді шаруаның қыр-
сырын жылдам меңгеріп, əдепті, ибалы, мұратты, еңбекқор, ке ші рім ді
бо лу ға жетелейді.
АТ ТЕРГЕУ
Қ
азақ ғұрпында жасы кіші адамдардың өзінен үлкен кі сі лер-
дің атын атауы өте əбестік саналады. Əсіресе, жаңа түскен ке лін-
дер дің үлкен адамдар мен ата-ене, қайнаға, қайын бике, қайын сің лі,
қа йын іні жəне абысындарының атын атауын тəрбиесіздік, көр ген-
сіз дік, тексіздік деп есептейтіндіктен, олар ат тергеп, қайын жұр ты-
ның үлкен-кішілеріне түгел ат қойып алуы шарт. Жас келіндердің ат
тергеп, ат қоюы – олардың үлкендерге деген кісілік құрметін əй гі ле-
се, тағы бір жағынан, олардың тапқырлығын, зеректігін, зер де лі лі гін
байқататын үлкен сын болғандықтан, келіннің ат қоюына қарап, ауыл
адамдары оның ақыл-ой, білім деңгейі мен зейін-зердесін ба ғам дай-
ды. Сол себепті, жас келін өзі атын тергейтін адамдарының жасына,
бі лім деңгейіне, беделіне, ерекшеліктеріне, мінез-құлқына, түр-тұр па-
ты на қарай ат қояды. Мысалы, ата-енелері ауыл ақсақалы, ақыл шы сы
болса, онда «би ата», «молда ата», «үлкен апа», «емші апа», «іс мер
əже», «би əже» деп ат қояды. Ал, қайнаға, қайын бикелерінің мі нез-
құлқына, кескін-келбетіне, кəсібіне қарай, «мырза аға», «молда аға»,
«саятшы аға», «ұста аға», «үлкен жеңеше», «ақ жеңеше» деп ат қой са,
қайын іні, қайын сіңлілеріне: «мырза жігіт», «ерке төре», «тен те гім»,
«шырайлым», «еркем» деген сияқты жарасымды да жағымды аттар
қояды. Тəрбиелі, ибалы келіндер өз күйеуін де құрметтеп, атын ата-
май, «сіз» деп сөйлеп, біреу күйеуінің атын сұраса, баласының атын
айтып «пəленнің əкесі» деп отырады. Тіпті, өзі келін болып түскен
руы мен ауылының да атын атамай, «үлкен ауыл», «би атамның ауы-
лы», «үл кен үй» деген сияқты жанама аттармен атаған.
Ат тергеп, ат қоюға келгенде қазақ келіндерінің тапқырлығы мен
ше шен ді гі сонша, оларды қанша жаңылдырамын десең де жа ңыл-
май ды, қанша сүріндіремін десең де сүрінбейді. Мысалы, ағайынды
Қой лы бай, Бөрібай, Қайрақбай, Қамысбай, Өзенбай, Пышақбай деген
411
411
алты кісінің келіні суатқа су алғалы барғанда, өзеннің арғы жа ғын да-
ғы қамыс ішінде қойларына қасқыр шапқанын көріп қалып, Сұ лу бай
деген қойшы балаға айқайлап:
– Əй, Сұлубай! Сарқыраманың арғы жағындағы сылдырамада ұлы-
ма маңырамаға шауып жатыр. Шамасы, бірнеше маңыраманы жайра-
тып салды. Сен дереу жаныма мен білемені алып тез бар! – деп, алты
ата сы ның бірде-бірінің атына соқпай, қойшы балаға өз ойын қас қа-
ғым да толық жеткізеді.
Жас келіндердің үлкен кісілер мен құрметті адамдардың атын тер-
геп, оларға ат қоюы басқалардың келінге деген туыстық, жа қын дық,
жанашырлық сүйіспеншілігін арттырып, келіннің қоғамдық қа рым-
қатынасын жақсартып, өрісін кеңейтеді. Келінді əдепті, ибалы, арлы,
адал болуға баулып, адамгершілікке, ізгілікке, кеңпейілді, ке ші рім ді-
лік ке, үлгілі, өнегелі болуға дағдыландырады, əрі ақыл-ойын ке ңей-
тіп, зейін-зердесін арттырып, тапқырлыққа, сергектікке, се зім тал дық-
қа же те лей ді.
ƏЙЕЛДІҢ КҮЙЕУІ МЕН ОТБАСЫ АЛДЫНДАҒЫ
ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ
А
қ некесі қиылып, күйеуге тиген əрбір əйелдің мойнына мына-
дай парыз түседі:
1. Ерін сыйлап құрметтеу, отбасының ашына айналып, тоғына
тол ға ну, күйеуінің рұқсатынсыз орынсыз қыдырмау, басқалардың
үйі не қонбау.
2. Барына қанағат қылу, бір түйір дəн, бір салым тұз болса да
төкпей-шашпай пайдаланып, көрпеге қарай көсілу, үнемшіл, ұқыпты
болу.
3. Отбасына тыныштық, береке-бірлік орнатып, бастың аман-
ды ғын, деннің саулығын тілеу. Үйді таза ұстау.
4. Күйеуінің артық-кем істеріне кешіріммен қарау, қыңыр қы лық,
теріс іс əрекеті болса, жұмсақ мінез, жағымды күлкі, риясыз адам-
гер ші лі гі арқылы жөнге салып отыру, əрқашан беттен алып, төске
шаппау.
412
412
5. Бойына бала біткен күннен бастап неғұрлым тежемді болып,
іштегі перзентінің дені сау, ес-ақылы дұрыс, ата-анаға мейірлі бо-
луын тілеу.
6. Бойын, ойын жаман мінез, жат қылықтан таза ұстау. Пер зен-
тін адал еңбек, ащы терімен асырау. Арам, лас табыспен ауыздан-
дырмау.
7. Дене мүшелерін таза, пəк ұстау, үнемі жуынып, таранып, таза,
ретті жүру.
8. Ары, қолы, ниеті таза болу, адал кəсіппен шұғылдану, отбасына
арам олжа, лас дүние-мүлік кіргізбеу.
9. Бала-шағасын аш-жалаңаш қалдырмау, өзгелерге қорлатпау,
жə бір летпеу. Ана тіліне қандырып, адамгершіліктің ақ жолымен
тəр бие леу, түрлі өнер мен үлгі-тағылымнан мақұрым қалдырмау.
10. Күйеуінің ретті, таза жүруіне жауапты болу. Кірін жуып,
киі мін жамап, тамағын уақытында əзірлеп беріп, бұйырған жұ мы-
сы на əзір тұру.
Бұл тəрбие келіннің отбасына, күйеуіне, ұрпағына, ата-енесіне,
сондай-ақ, өзі келін болып түскен ауылына деген жауапкершілік жəне
бо рыш тық сезімін жоғарылатып, туыстық, жақындық, жана шыр лық
сү йіс пен ші лі гін тереңдетеді əрі көпшіл, ұқыпты, үнемшіл, жомарт,
ақыл ды болуға баулиды.
Қорытып келгенде, бұл тəрбиенің келіндерге, сондай-ақ, бүкіл
əйел дер қауымына берер тəлім-тəрбиелік рөлі мен ғылыми мəн-ма ғы-
на сы өте жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |