Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50

ƏКЕКЕ, ШЕШЕКЕ

Б

ұл ойынды көбінде енді ғана қара табан болып, оң-солын тани 



бастаған балалар екі топқа бөлініп алып, бір-бірінің етегінен ұстап ай-

налып жүрген сайын:



– Əкеке, шешеке,

Əкеке, шешеке, – 

деп қайта-қайта айтып, екі топ бір-біріне қарама-қарсы тоқтаған кезде, 

бірінші топтағы балалар:


457

457


– Əкем етті еңбек,

Бақыт-байлық бермек, – 

деп тақпақтаса, екінші топтағы балалар оған:



– Шешемде – ақыл мол кені, 

Үлгілі адам бол деді, – 

деп жауап қайырады. Онан соң, екі топ:



– Əкеке, шешеке,

Əкеке, шешеке,– 

деп əндетіп бір айналып келіп, қайта қарама-қарсы тұра қалып, бі рін-

ші топ:

– Əкем берді базарлық,

Мен істедім тазалық, – 

деп тақпақтағанда, оған екінші топ:



– Шешемде – ақыл мол кені,

Əдепті бала бол деді, – 

деп  жауап  қайтарады.  Ойын  осы  қағида  бойынша,  бір  жағы  жауап 

таба алмай жеңілгенше жалғасады. Жауап таба алмаған топ жеңілген 

есептеліп, топтық əн айтып немесе би билеп, ойын көрсетеді.

Бұл ойынның ғылыми жəне тəлім-тəрбиелік мəні өте жоғары. Бұл 

ойын  балалардың  поэзиялық  қабілеттерін  арттырып,  өлең  құ ра ғыш-

тық қа, сөз тапқыштыққа баулып, ана тілдеріне жаттықтырады. Бала-

лар  бір-біріне  еліктеп,  бір-бірінен  үйреніп,  өнер-білімді  қа дір лей тін 

жақ сы азамат болып жетіледі əрі еңбек сүйгіштікке баулиды. Ең бек 

пен өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырады. 



458

458


АҚ САНДЫҚ, КӨК САНДЫҚ

Б

ұл ойын – балалар бас құрап топтаса қалғанда ойналатын қа зақ 



балаларының байырғы көңіл ашу əрі спорт ойыны. Мұнда, балалар екі 

топқа бөлініп, əр топ дүркін-дүркін өз топтарынан ортаға бір-бірден 

бала шығарып ойнатады.

Ортаға шыққан екі бала арқаларын бір-біріне тигізіп тұрып, бі лек-

те рі не-білектерін іліп, мықты қысып тұрып, бір-бірін кезекпен кө те рі-

се ді əрі бірінші көтеру кезегін алған бала:



– Ақ сандық,

Көк сандық,

Қазынасы көп сандық.

Ақ сандықта асыл бар,

Көк сандықта айыл бар.

Сен болғанда ақ сандық,

Мен болғанда көк сандық.

Екеуінде біздерге

Керек-керек көп жабдық! –

деп, ол арқасындағы баланы əлі жетсе бірнеше көтеріп, бірнеше тү-

сі ре ді. Көтеріп-түсірген саны қанша көп болып, тақпақты жа ңыл май 

жақсы айтса, сонша жақсы. Себебі, оның қарсыласын қанша кө те ріп, 

əнді қалай айтқанын əр екі топ қалт жібермей санап тұрады да, ойын 

соңында қорытынды шығарады.

Бірінші баланың кезегі біткен соң, оны көтеру кезегі екінші ба ла-

ға келеді. Екінші бала да қарсыласын басып түсу үшін бар қай ра тын 

бойына жиып, оны көтеріп:

– Ақ сандық,

Көк сандық,

Қазынасы көп сандық.

Ақ сандықта асыл бар,

Көк сандықта айыл бар.


459

459


Сен болғанда ақ сандық,

Мен болғанда көк сандық,

Екеуінде біздерге

Керек-керек көп жабдық! –

деп қаруын қайтарады.

Соңында, олардың бір-бірін көтеру саны мен əн айтуына тө ре лік 

айтылып, жеңілген жағы көпшілікке бір өнер көрсетіп береді.

Бұл ойынның «ақ сандық – көк сандық» аталуында үлкен мəн бар. 

Ондағы «ақ сандық» – аналарға қажетті; «көк сандық» – əке лер ге қа-

жет ті құрал-жабдықтарды салатын орын. Демек, зерделі де зерек қа-

зақ балаларының өздерінің балғын қиял, бала тілдерімен сол ата-ана-

ларына қажетті ауыр жүкті көтеруге қашанда əзір екендіктерін біл ді-

руі, еңбекшіл, ержүрек, қайсар азамат болуға бел буулары.

Бұл ойынның ғылыми мəн-мағынасы да өте жоғары. Балалардың 

де не сін шыңдап, шынықтырып, сау денелі азамат болып же ті лу ле рі-

не мүм кін дік жасайды. Ата-анаға опалы, адал-арлы, еңбекқор, қай сар 

болуға  дағдыландырып,  олардың  бəсекелік  қуатын  арттырып,  үміт-

кер лік сенімдерін бекемдейді. Тілдерін жетілдіріп, сөз тап қыш тық қа, 

ше шен дік ке,  өлең  құрауға  шабыттандырып,  еңбек  пен  өнер-бі лім ді 

ардақтайтын көзі ашық, көкірегі ояу мəдениетті азамат болып шы ғу-

ға баулиды əрі ұйымшылдық қабілеттерін арттырып, өзара үлгі-өне ге, 

өнер-білім үйренуге жігерлендіреді.

БЕЛБЕУСОҚ

« Б


елбеусоқ»  ойынына  қатысатын  балалар  дөңгелене  тізіліп 

отырады. Бұл ойын кей жерде «тақия тастау», кей жерде «қол жау лық 

тастау» деп те аталады. Ойын тəртібінде дөңгеленіп тізіліп отыр ған-

дар дың  артына  бұрылып  қарауына,  арт  жағын  қолымен  сипалауы-

на  болмайды.  Бұл  тəртіпке  қайшылық  жасағандар  айыпты  саналып, 

ойын нан шығарылады.

Ойын  былай  басталады.  Барлық  бала  дөңгелене  тізіліп  отырып 

бол ған  соң,  көптің  ұйғаруымен  бір  бала  қолына  жұмарлана  бүк тел-



460

460


ген  шүберек  белбеуді  (немесе  тақия,  қолжаулықты)  алып,  отыр ған-

дар ды айналып жүріп, қолындағы белбеуді олардың артына тас та ған 

бейне  байқатып  жүреді  де,  бір  кезде  осы  сезбейді-ау  деген  немесе 

өзі сезгірлігін сынап көрейін деген біреудің артына білдірмей тастап 

кетеді де, жалғасты жалған көрініс беріп отырғандарды айнала бе ре ді. 

Егер артына белбеу тасталғанын отырған бала дер кезінде сезсе, онда 

ол орнынан атып тұрып, белбеу тастаған баланы қуып жетіп, өз орны-

на жеткенше шүберек белбеумен сабап барады. Ал аңырып отырып, 

белбеу тастаған бала өз артына қайта айналып келгенге дейін сезбесе, 

онда белбеу тастаған бала оны отырған орнында келістіріп со ға ды əрі 

оған аңқаулығы үшін ортаға шығарып бір өнер көрсеткізеді. Ол көп-

ке  өнер  көрсетіп  болған  соң,  жеңген  баланы  өз  орнына  отыр ғы зып, 

қолына белбеуді алып, ойынды ары қарай жалғастырады. Ал, сергек 

болып, белбеу тастаған баланы қуып жетіп сабай алса, онда жеңген 

болып, ойынды оған қайта бастатады.

Бұл  ойын  балаларды  сергектікке,  сезімталдыққа,  қырағылыққа 

бау лып,  жауапкершілік  сезімдері  мен  бəсекелестіктерін  арттырады. 

Де не ле рін шыңдап, шынықтырады. Сау денелі азамат болып же ті лу-

ле рі не мүмкіндік жасап, ұрпақтарды ұйымшыл, тəртіпті, көп шіл бо-

лу ға баулиды.



СОҚЫРТЕКЕ

« С


оқыртеке» де – өте қызықты ойындардың бірі. Бұл ойынды 

ойнағанда, балалар іштерінен біреуін «мынау соқыртеке болады» деп 

ортаға  алып  шығып,  көзін  қалың  кездемемен  ешнəрсені  көр мес тей 

қып таңып тастайды да, оны ортаға алып, анауы бір, мынауы бір түр те 

қашып ойнайды.

Егер, соқыртеке болған бала өзін түртпектеп ойнап жүр ген дер дің 

біреуін ұстап алса, онда өзі табанда соқыртеке болудан құ ты лып, сол 

өзі  ұстап  алған  баланы  соқыртеке  етіп,  көзін  таңып  береді.  Сөй тіп, 

соқыртекеге  ұсталған  бала  көптің  түртпегіне  түседі.  Ал,  со қыр те ке 

болған бала маңайындағылардың бірде-бірін ұстай алмаса, онда ол бі-

ресе тамды, біресе ағашты сүзіп, бір жағынан се рік те рі нің түрт пе гі не 

түсіп, күлкіге қалып, бірталай əуреге түседі.



461

461


Бұл ойын балалардың жігерін шыңдайды. Балаларды қиын дық тан 

қорықпай, қиын сəттерден жол таба алатын тапқыр, табанды, қай сар 

болуға баулиды. Сезгірлік пен сергектілікке дағдылан ды ра ды. Сырт-

қы  қысымға  қарсылық,  бəсекелік  қуатын  арттырып,  ақыл-айласын 

молайтып, өмірге деген ынтасын жоғарылатып, үміткерлік се нім де рін 

күшейтеді.



ЖАСЫРЫНБАҚ

Б

ұл ойынды ойнау үшін, балалар белгілі бір орыннан көмбе сай-



лап алады да, іштерінен бір баланы «іздеуші», бір баланы «ба қы лау-

шы» етіп көмбеге қалдырып, қалған балалар жан-жаққа тарыдай ша-

шылып, жасырынуға кетеді.

Ал «бақылаушы», «іздеушінің» көзін таңып немесе оны жан-жа ғы-

на қаратпай күзетіп отырып, балалар əбден жасырынып болған соң, 

оның көзін шешіп қоя береді. Бұл ретте ол ең болмағанда өз орнына 

кө зін байлап отырғызып қоятын бір баланы тауып алуы қажет. Олай 

бол ма ған да, жасырынған балалар мерзімді уақыт толған соң, «ба қы-

лау шы ның» бұйрығымен тығылған орындарынан атып-атып шы ғып, 

оны екінші рет тағы да «іздеушіге» қалдырып кетеді. Сөйтіп, ол се рік-

те рін іздеп, тағы да бірталай əуре-сарсаңға түседі.

Ойын ақырласқанға дейін бірде-бір рет табылмаған (қолға түс пе-

ген) бала жүлдегер болады.

«Жасырынбақ»  (бұғынбақ  деп  те  аталады)  –  балаларды  қы ра ғы-

лық қа, сақтыққа, сергектілікке баулитын ойындардың бірі. Бұл ойын 

ба ла лар дың түрлі қауіп-қатерге жолыққанда жасырыну, қорғану жəне 

бір-бірін құтқару қабілеттерін арттырып, қиын сəттерден құ ты лу дың 

айла-тəсілдеріне машықтандырады əрі ұрпақтарды сергек, ши рақ, қы-

ра ғы, сезімтал болуға дағдыландырады.

АҒАШ АЯҚ

« А


ғаш аяқ» ойнаушы бала, алдымен, екі түзу сырық немесе екі 

ба қан алып, өзінің бой тұрқы мен шеберлігіне қарай (сырықтың ор-



462

462


тасынан төмен) 20, 30, 40, 50, 60 сантиметр мөлшеріндегі ара лық тың 

біріне екі аяқпен басып тұратындай бір көлденең ағаш қағады немесе 

өзі қалаған жеріндегі бақанның бұтақтарын пайдаланады. Яғни, «ағаш 

аяқ» ойнайтын бала өзі қағып қойған сырықтағы көлденең ағаш қа екі 

аяғын қойып, сырықтың екі басын қолтығына қыса сүйеніп ұс тай ды 

да, ары-бері жүріп, серіктеріне ойын көрсетеді, судан, бөгеуден өте ді, 

тіпті, өзара соқтығысып, бір-бірін сынайды. Соңында, «ағаш аяқ тан» 

жығылмай, ерен өнер көрсеткен бала жүлдегер болады.

Бұл ойын балаларды қайсарлыққа, батылдыққа, табандылыққа бау-

лып, олардың бəсекелік қуаттарын арттырады. Балалардың көңіл күй-

ле рін көтеріп, қуаныш пен шаттыққа бөлеп, көпшіл, ұйымшыл, тəр-

тіп ті болуға дағдыландырады. 



ҚУЫРШАҚ

« Қ


уыршақ» ойыны – қазақ қыздарының зейін-зердесін артты-

ратын, өмірге, тұрмысқа шынайы бейімделуінің тəжірибесі іспетті та-

маша ойындарының бірі. Бұл ойынды көбінде 7–12 жас ара лы ғын да ғы 

балғын қыздар ойнайды.

Бұл ойынды ойнауда, алдымен, əртүрлі заттардан отау тұр ғы за ды, 

онан  соң,  əртүрлі  кездеме  қиықтарынан  көрпе-жастық,  ағаш  жаң қа-

сы, тас, т.б. заттардан қазан-ошақ, ыдыс-аяқ жасап, жапырақ, гүл се-

кі л ді нəрселерден тамақ əзірлеп, бір-бірін үйлеріне қонаққа ша қы рып 

күтеді. Сиыр сауып, киіз басу əрекеттерін жасайды. Кесте тігіп, шіл-

тер тоқу ойындарын ойнайды.

Бұл ойынның ғылыми негізі мен тəлім-тəрбиелік мəні өте жо ға ры. 

Ол  балғын  қыздарды  қаршадайларынан  еңбекшілдікке,  қо нақ шыл-

дық қа,  болашақ  отбасын  қалай  ұстап,  ас-тағамды  əзірлеп,  қонақтар 

қа был дап, қалай аттандыру жөнінде алдын ала сауаттандырып, олар 

бо ла шақ қа  деген  үміт-сенімін  арттыра  түседі.  Сондай-ақ,  ең бек шіл, 

үнем шіл, іскер, ісшең, бай-бақытты отбасы құруларына мүмкіндік жа-

сайды.


463

463


ТЕҢГЕ ЖАСЫРУ

« Т


еңге  жасыру»  ойыны  –  балалар  өзара  бас  қосқанда,  үйде 

отырып  ойнайтын  ойын.  Кей  жерде  бұл  ойын  «тебен  жасыру»  де-

лін се,  кей  жерде  «сақина  жасыру»  делінеді.  Алайда,  аттары  қа лай 

аталғанмен, ойын тəртібі ұқсас болады.

Бұл ойынды бастар алдында ойыншылар бір ойын басқарушы сай-

лайды. Онан соң, ойын басқарушы болып сайланған бала бір домбы-

рашы  (музыкант),  бір  теңге  жасырушы,  бір  теңге  іздеуші  бел гі леп, 

отырғандарға  ойын  тəртібін  түсіндіреді  де,  теңге  іздеушіні  да ла ға 

шы ға рып жіберіп, теңге жасырушы теңгені өз бойына жасырып бол-

ған соң, немесе өзге біреудің бойына жасыртқан соң, далаға шы ға рып 

жі бер ген теңге іздеушіні қайта үйге шақырып алып, теңгені мер зім-

ді  уақытта  табуға  бұйырады.  Сонымен,  теңге  іздеуші  отыр ған дар ды 

жа ға лай,  қойын-қоныштарын  ақтарып  іздей  бастайды.  Себебі,  ойын 

шартында: теңгені мейлі кім жасырса да, өз бойынан басқа жерге жа-

сыруына болмайды.

Теңге іздеуші үйге кіріп, теңге іздеуге кіріскен заман домбырашы 

күй тарта бастайды. Тіпті, ол теңге іздеуші нысанаға жақындаған са-

йын домбырасын құйқылжыта тартса, ал, нысанадан шалғай кетсе, ба-

яулатып отырады.

Егер  теңге  іздеуші  мерзімді  уақытта  теңгені  тауып  шыға  алмаса, 

онда, өзі əн айтып, күй тартып немесе би билеп, айыбын жуады жəне 

жал ғас ты  теңге  іздеуші  болады.  Ал,  теңгені  тауып  алса,  сол  теңгені 

жа сыр ған бала өнер көрсетеді əрі ол теңге іздеуші болады. Ойын осы 

тəр тіп пен жалғаса береді.

Бұл  ойын  балаларды  қырағылыққа,  сезгірлікке,  сергектікке  бау-

лып, зейін-зерделерін ашады. Сондай-ақ, бəсекелік қабілеттерін арт-

тырып, тапқырлыққа, алғырлыққа жетелейді.

АҚСҮЙЕК

А

қсүйек  –  қыздар  мен  бозбалалардың  айлы  түнде  ойнайтын 



ойын да ры ның бірі. Ойынға ұсақ малдың аппақ болып қураған жа уы-

рын, жілік сияқты сүйегі немесе (екі тұтамдай) қабығы аппақ болып 



464

464


ар шыл ған ағаш əзірленеді де, ойынға жиналған жастар екі топ қа бө-

лі ніп, бір көмбе сайлап алып, қарсы жақтарын жеңіп, ұпай алу ға əзір-

ле не ді.

Бұл  ойын  былай  басталады:  алдымен,  бір  адам  ойын  басқарушы 

болып ортаға шығып, топ мүшелерін тəртіпке шақырады да, ақсүйекті 

қолына алып тұрып:



Жылға-жылға сайдан табыл,

Көзі өткір қыранға табыл.

Жел өтпейтін құланға табыл,

Ақыл-айлалы ұланға табыл! – 

деп, ақсүйекті алысқа бар пəрменімен лақтырып жібереді. Екі топ мү-

ше ле рі ақсүйек түскен жаққа лап қояды да, оны елден бұрын та уып 

алып, өз көмбелеріне əкеліп тастауға асығады. Қайсы топтың адамы 

оны бұрын тауып, ешкімге ұстатпай көмбеге əкеліп тастаса, сол топ 

жеңіп, ұпай алады да, жеңілген топ өнер көрсетеді.

Екінші  кезекте  ақсүйекті  жеңілген  топ  адамы  лақтырады.  Ойын 

тəр ті бін де:  ақсүйекті  тауып  алған  адамды  қарсы  топтың  адамдары 

сезіп қалса, оны қуып жетіп ұстап алып, ақсүйекті таратып алуларына 

болады. Сондықтан ақсүйекті тауып алған адам бас қа лар ға сездірмей 

немесе  ұстатпай,  көмбеге  өзгелерден  бұрын  апарып  тас тау ға  күш 

салады.  Ойын  осылайша  өз  тəртібімен  жалғасып,  же ңіл ген дер  өнер 

көрсете береді.

Ақсүйек ойыны – жастарды сергектік пен сезімталдыққа, кө ре ген-

дік ке, ептілікке баулиды. Денені шыңдап, шынықтырып, түрлі ау ру-

лар ға қарсылық қуаттарын арттырып, сау денелі, күш-қайратты азамат 

болып жетілуге мүмкіндік жасайды. Өзара ұйысу, сəйкесу қа бі лет те-

рін жоғарылатып, ақ көңіл, ашық-жарқын, көпшіл болуға баулиды.



ƏЙКЕРЕК

Ә

йкерек – өлең мен жыр, береке-бірлік пен батылдық ұш тас ты-



рыл ған байырғы балалар ойындарының бірі. Бұл ойынды ойнаушылар 

465

465


екі топқа бөлініп əрі əр топ өз іштерінен бір-бір топ бас ты ғын сайлап, 

аралықтарына 15–20 метрдей жер тастап, бір-бірлеріне қа ра ма-қар сы 

қол ұстасып тұрады. Сол кезде бір қолына ақ, бір қолына қара тас не-

месе екі түрлі түйме жасырған бір адам ортаға шығып, екі топ тың топ 

бастықтарынан:

–  Бір  қолымда  ақ,  бір  қолымда  қара  тас  бар,  ақ  тасты  тауып  ал-

ған топ ойын бастайды. Қəне, қайсы қолымдағыны қайсысың ала сың-

дар? – деп сұрайды. Ақ тасты тапқан жақ ойын бастайды. Алдымен 

ойын бастаған топ: 

– Əйкерек-ау, əйкерек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Күш-қайраты тым ерек,

Шепті бұзар ер керек, –

деп əндетеді. Оған екінші топтағылар:



– Əйкерек-ау, əйкерек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Күш-қайраты тым ерек,

Мұнда бізден кім керек?! –

деп жауап қайырады. Сонда алғаш ойын бастаған топтағылар:



– Əйкерек-ау, əйкерек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Күш-қайраты тым ерек,

Сізден бізге пəлен керек! –

деп, қарсы топтағы өздері қалаған біреудің атын атайды.

Аты аталған адам өз тобынан шығып, қарсы топқа қарап тұрып:

– Əйкерек-ау, əйкерек,

Айдың жүзі дөңгелек.


466

466


Өз тобымнан тез шықтым,

Шеп бұзуға мен шықтым! –

деп, екпіндете жүгіріп барып, қарсы жақтың қол ұстасып тұр ған осал-

дау бір тұсынан жарып өтпек болады. Егер ол сол екпінімен топты жа-

рып өтіп кетсе, сол топтағы өзі таңдаған бір адамды өз тобына əке ліп 

қосады. Ал, жарып өте алмаса, өзі сол топта қалып қояды. Осы дан соң, 

ойынды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын жалғаса береді.

Бұл ойын жастар мен өрендерді сергектікке, сезімталдыққа, ба тыл-

дық қа,  табандылыққа  баулиды.  Өзара  селбесу,  сəйкесу  қабілеттерін 

жо ға ры ла тып, көпшіл, халықшыл болуға дағдыландырады. Де не ле рін 

шың дап, рухтарын көтеріп, сау денелі болып, ақаусыз өсіп-же ті лу ле-

рі не зор мүмкіндік тудырады. Достық сүйіспеншіліктерін арттырады.

АСЫҚ ОЙЫНДАРЫ

Е

рте  замандардан  бері,  қазақ  балалары  өмірде  кездесетін  түр лі 



заттардан өздеріне лайық ойыншықтар жасап, ойын түрлерін молай-

тып отырған. Əсіресе, қой, ешкі, таутеке, тауешкі, арқар, құл жа сияқ-

ты жануарлардың асығы мен тайынша-торпақтың томпайларын пай-

даланып көңіл көтеріп, зейін-зердені ашатын сан алуан ойын түрлерін 

шығарған.

Хан ойыны

« Х


ан» ойыны – асық арқылы ойналатын ойын. Ол екі түрге бө-

лі не ді. Оның бірі – «терме», енді бірі «аламан хан» деп аталады. Сол 

се беп ті, бұл ойынды ойнар алдында ойыншылар: «хан терме» ойнай-

мыз ба, əлде, «аламан хан» ойнаймыз ба деп келісіп алады.

«Хан»  ойынын  ойыншылар  негізінен  бір  жолда  екі  адамнан  ке-

зек те сіп  ойнайды.  Екі-екіден,  үш-үштен  ойнауға  да  болады.  Мұнда, 

əр ойнаушы бір реткі ойынға жеті асықтан жоғары асық қосып, одан 

сырт, үл кен, əдемі боялған асықтан біреуін хан сайлап, оны екі жақ-

тың  асы ғы мен  қосып  араластырып,  кілем,  киіз  үстіне  шашып  жі бе-


467

467


ре ді де, шашылып жатқан асықтың жағдайына қарай отырып, үйі ліп 

немесе  бір-бірін  басып  түскен,  қағып  алуға  қолайсыз  асықтың  бі рін 

алып, оны жо ға ры лақтырып жіберіп, сол аралықта жерге ша шыл ған 

асық тың бірін іліп алып, өзі лақтырған асықты жерге түсірмей қай та 

қа ғып  алып,  осы  қағида  бойынша  асықты  бір-бірлеп  тере  бастайды. 

Ең со ңын да жалғыз қалған ханды қолына түсірсе, яғни, ханды да қа-

ғып алса, ол жеңімпаз болады да, жеңген жағының басынан кер то қай 

алады немесе суға салған жүзікті аузымен ілдіріп жəне əн айт қы зып, 

күй тарт қызады.

Ал егер, ойыншы жердегі асықты теру барысында өзі қосқан асық 

санына жеткізіп үлгірмеген аралықта теретін асығы теру барысында 

басқа асықты қозғап кетсе немесе қолы жердегі басқа бір асық қа тиіп 

кетсе жəне лақтырған асығы жерге түсіп кетсе, онда асық хан та  лау ға 

тү сіп,  екінші  ойыншы  жердегі  асықты  бір-ақ  сыпырып  алып,  ойын-

шы ның қолындағы асығымен қосып араластырып-араластырып, жер-

ге қайта шашып ойнайды.

Егер  ойыншылар  теріп  алған  асық  санын  өздері  қосқан  асық  са-

нына жеткізіп алған соң, жоғарыдағыдай ойын шартына қиғаш келсе, 

онда оның қолындағы асығы ханталауға түспей, өз қолында қала бе-

ре ді де, ойынды серігі жалғастырады əрі ол да ойын ережесіне қи ғаш 

келгенге дейін асық теріп əрі терген асығына ие болып қала бе ре ді. 

Ойын кезегін серігі алады. Осылайша ойын жерге шашылған асық та-

усылып, ең соңында ханды алғанға дейін жалғасады. Соңында, терген 

асық сандары мен ханның кімнің қолында екендігіне қарай, же  ңіл  ген 

жағынан кертоқай алынады немесе оған басқадай ойын көр сет кі зеді.

Аламан хан

Б

ұл ойында ойыншылар бір жолда екі адамнан алма-кезек (бірі 



қалса, екінші) ойнайды. Екі-екі, үш-үш, төрт-төрттен ойнауға да бо-

лады.


Ойын  тəртібі  мынадай  болады,  яғни,  ойынға  қатынасушы  əр бір 

адам əр реткі ойынға жетіден жоғары асық қосып, одан сырт, үл кен 

əрі  əдемі  бір  асықты  хан  сайлап,  оны  ойнаушылардың  асығына  қо-


468

468


сып араластырып, кілем, киіз сияқты таза жерге шашып жібереді де, 

ша шыл ған асықтың жағдайына қарай отырып, бас бармақ немесе сұқ 

сау сақ пен ханға дəл тиеді-ау деген бір асықпен атып ханды алады да, 

ханды атқан асықпен оның маңайындағы тағы бір асықты атып алады 

əрі хан атқан асықпен үшінші рет тағы бір асықты атып, бұл рет ат қан 

асығы  мен  атылған  асығының  қалаған  біреуін  алады  да,  ендігі  жер-

де шашылған асықтардың кез келген жерінен бір-біріне оңай тие тін 

асықтарды бір-біріне атып, қалаған бірін асық таусылғанша алып оты-

рады. Егер ойнау барысында ойнаушының қолы немесе атқан асы ғы 

басқа асықтарға өзі ойынға қосқан жеті асығының санына жетпеген 

аралықта тиіп кетсе, қолындағы атып алған асықтарымен қоса бар лық 

асық  ханталауға  түсіп,  ойын  кезегін  екінші  адам  өткізіп  алады.  Ал, 

алғашқы  ойнаушы  атып  алған  асық  санын  (ханды  қосып  есеп тей ді) 

жетіге толтырып алғаннан кейінгі жерде қолы мен атқан асы ғы бас-

қа асықтарға тисе, онда қолындағы асығы ханталауға түспей, өзін де 

қала береді де, ханталауға жерде қалған асықтар түсіп, ойынды екін-

ші бір адам жалғастырады əрі ойында осы реттен бастап ойнаушы əр 

кезекте қанша асық атып алса, соншасына ие болып отырады да, со-

ңында ұтқан асық саны мен ханның кімнің қолында екендігіне қа рай 

қорытынды жасалып, ұтылғандардан кертоқай алынады немесе олар-

ға ойын көрсеткізеді.

Үш табан

« Ү


ш табан» ойынын бір жолда бірнеше бала ойнай береді. Онда, 

ойыншылар қолдарына бір-бір сақа алып, əр реткі ойынға бірден, тіп-

ті, бірнешеден асық тігіп қояды да, мөлшерлі жерге барып, бір көл-

де нең сызық сызып, сол арада сақаларын сайыстырып, са қа ла ры ның 

алшы  тұру  ретіне  қарай  əрқайсысы  ойын  кезегін  алып,  сыз ған  сы-

зық ты баса тізілген асықтарды атады да, атқан асығын үш табаннан 

асырса,  ала  береді.  Ал,  үш  табаннан  асыра  алмаса,  ойын  кезегі  өзі-

нен ке йін гі серіктеріне беріледі. Ойын тəртібінде: асық атушының ат-

қан асығы үш табаннан асқан-аспағандығын, асық атушы емес, қай та 

оның серіктері анықтайды.



469

469


Бұл ойында балалар бір-біріне пай салмайды жəне бір-бірінен кер-

тұқыл алмайды. Керісінше, əрбір ойыншы үш табаннан асырып атып 

алған асығы қанша болса, соншасына ие болып қала береді, яғни ұтып 

алған асықтарының заңды иесіне айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет