ОРАЗА ҰСТАУ
О
раза ұстау – əр жылы рамазан айында жасы тоғызға толған қыз,
12-ге толған ұл балалардан жоғары үлкен-кіші, кəрі-жас, ер-əйел дер-
дің діни парызы. Яғни, ауыздарын бекітіп, Алланың ризалығы үшін
ғаріп-міскіндер мен жетім-жесірлерге қол ұшын беріп, жақ сы лық жа-
сайтын, пенделік былық-шылықтан арылып, көңіл кірлерін жуып, кү-
нə дан тазаратын ай.
Ораза ұстаған адам əр күні таңертең ерте тұрып, сəресін ішіп бо-
лып, оразаға ниет еткен соң, сол күні күн батқанша тағам же мей ді,
сусын ішпейді, түрлі ішімдік-шегімдіктен, өзара мейірім-ма хаб бат
білдірісуден, жыныстық жəне əртүрлі нəпсілік істерден мүлде ау лақ
болып, айналасына, тіпті, күллі ғаламға мейірімді-шапағатты болып,
бір ай бойы Жаратқан Аллаға ғибадат етіп, кешірім тілеп, жү рек те-
рі мен көңілдеріндегі кірді жуып, жандарын тазартуға күш салады.
Адал, қайырымды, мейірімді болуға дағдыланады. Біреу боқтап-янат-
та са да, тіпті ұрып, қорласа да, онымен жанжалдаспай, оған тө зім ді лік
көр се тіп, кешіре біледі.
Шариғат заңында ауру-сырқау, қаусаған кəрі, бала емізетін əйел
жəне жолаушы жүрген адамдардың ораза ұстамауына кеңшілік етіл-
ген. Алайда, ораза айты өткен соң, өз жағдайлары келген басқа бір
айда ораза ұстап, бір айлық ораза парыздарын өтеулері шарт. Бірақ,
ке йін де ораза ұстауға шамалары келмесе, 30 ғаріп-міскінді бір уақыт
тойдыру қажет немесе сонша адамды тойындырарлық ақшалай не
болмаса заттай кедей-кепшік, жоқ-жітіктерге бодау төлеу шарт. Олар
сонда ғана ораза парызын ада еткен болады, болмаса күнə саналады.
Ес-ақыл да ры дұрыс емес жынды адамдарға ғана ораза парыз емес.
511
511
Ораза ұстау адамдардың еркін шыңдап-шынықтырады. Күнделік
өмір қызығы, яғни, ойын-күлкі, дыр-думан, ішіп-жеу, нəпсілік құш тар-
лық пен əуейлік алдында Жаратқан Иеге деген адалдығы мен мыз ғы-
мас сенімін сынап, ғаріп-міскін, аш-жалаңаш жандардың хал-жа йын
шынайы түсінуге жетелеп, адамдардың бір-біріне деген мейірім-ша-
па ға тын арттырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға баули-
ды. Обырлық, ашкөздік, көрсеқызарлық, тұрлаусыздық, ал дам көс тік
сияқты нашар іс-пиғылдардан арылып, төзімді, қайсар, адал, тек ті-
тежемді, уəде-сертке берік, айтқанын айнытпай орындайтын əді лет ті
адам болуға дағдыландырады. Адамдар арасын-дағы қарым-қа ты нас-
ты нығайтып, тыныш, орнықты, тамаша қоғамдық орта жаратуға мүм-
кін дік жасайды.
ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ
О
раза айт – жер жүзіндегі ислам дініне сенетін барша ха лық тар-
дың ең үлкен мерекелерінің бірі. Бұл 30 күндік ораза бітіп, 31-інші
күні таңертең «ораза айт намазын» өтеп, ауыз ашқаннан кейін баста-
лады.
Мұнда, əр отбасы жеті шелпек пісіріп, намаздан келген соң, ата-ба-
ба аруақтарына арнап Құран оқиды. Одан соң, жасы кішілер алдымен
үлкендерге, балалар ата-аналарына барып сəлем беріп, «айт қа был
болсын» айтады.
Мереке құрметі үшін барлық отбасы дастарқандарын кең жа йып,
оған тəтті-дəмді тағамдарын толтырып салады. Үлкен-кіші, кəрі-жас,
ер-əйел, бала-шаға бір киер жақсы киімдерін киіп, шат-шадыман, кү-
ліп-ойнап туыс-туған, дос-жаран, көрші-қолаң, таныс-білістерін тү-
гел аралап айтшылап, «айт қабыл болсын» айтып, бір-бірлерінің хал-
жайларынан хабар алады. Сөйтіп, айт күнін достық пен та ту лық тың,
береке мен бірліктің, қуаныш пен күлкінің мерекесіне айналдырады.
512
512
АУЫЗ АШТЫРУ
Қ
азақ халқы ораза айын ерекше ардақтап, осы ораза айында
ораза ұстаған адамдарды ерекше құрметтейді. Сол себепті, ораза ұс та-
ған, ұс та ма ған адамдар ораза ұстаған кісілерді əр күні кешке үй ле рі не
ша қы рып ауыз аштырып, адамдарды ізгілікке, адалдыққа, ме йі рім ді-
лік ке, қонақшылыққа жетелеп отырады. Тіпті, ораза айының құр ме ті
үшін күндіз той жасап, ас-нəзір бермейді. Ораза айында той жасап,
ас-нəзір беруді – халықтың наным-сеніміне құрмет етпегендік, тіп ті,
надандық, бұзақылық деп қарайды.
«Ауыз аштыру» адамдардың достық сүйіспеншілігін арттырып,
құр мет сезімін жоғарылатады. Адамдарды ізгілікке, мейірімділікке,
қо нақ шы лық қа баулиды. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты ны-
ғай тып, достықты, татулықты, береке-бірлікті күшейтеді.
ЖАРАПАЗАН АЙТУ
Ж
арапазан – ораза айында, күнде кешкі тамақтан таң ат қан ша
айтылатын, елді ораза ұстап, ізгі ниетті болуға насихаттайтын тұр мыс
салт жыры. Мұнда, əр күні ауыл азаматтары мен əйгілі жарапазаншы-
лар екі-екіден немесе топ-топ болып, əр үйдің есігі алдына барып, үй
сыртында тұрып жарапазан жырын айтады. Ересек бала-ша ға лар да өз
алдарына топтасып жарапазан айтуға дағдыланады.
Жарапазан айтушыларға ешкім қабақ шытып ренжімейді жəне
оларды құры қол, құры ауыз жібермей, бет орамал сыйлап, тəтті-
дəм ді тағамдардан дəм татқызып қайтарады. Ерте заманда кейбір
өнер қа ді рін білетін дəулетті адамдар атақты жарапазаншыларға таң
ат қан ша жарапазан айтқызып, таң атқан соң оларға ат мінгізіп, ша-
пан жап қан.
Жарапазан адамдарды қуанышқа, шаттыққа бөлеп, өмірге деген
көз қа растарын тереңдетіп, адамдарды адамгершілікке, адалдыққа, із-
гі лік ке баулиды.
513
513
ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ
А
ссалаумағалейкүм, сəлем бердік,
Айында оразаның аман келдік.
Айтты деп жарапазан сөге көрме,
Пайғамбар жолын қуған адам едік.
Ей, Мұхаммед үмбеті айтқан
жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
Айтылар оразада жарапазан,
Мекке мен Мединадан шығар азан.
Мəңгілік зияпатқа бөленесің,
Ораза-намазыңды күтіп барсаң.
Ей, Мұхаммед үмбеті айтқан
жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
Үйің, үйің, үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Сандық көркі түйе екен,
Саба көркі бие екен.
Ақ ордадай көрінген,
Қандай байдың үйі екен?
Айтайын жарапазан есігіңе,
Ұл берсін қошқардайын бесігіңе.
Ұл берсе қошқардайын бесігіңе,
Таусылмас байлық берсін несібеңе.
Сақтасын отбасың мен мал-басыңды,
Дұшпанның сан алуан кесірінен.
Ей, Мұхаммед үмбеті айтқан
жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
Біреуі бес намаздың – таң намазы,
Қайнайды күндіз-түні бай қазаны.
Ораза, намазыңды күтіп барсаң,
514
514
Алдыңда жайылулы жайнамазың.
Біреуі бес намаздың – бесін дейді,
Кей адам кірін жуып шешінбейді.
Ораза, намазыңды күтпей барсаң,
Күнəңді Қақ Тағалаң кешірмейді.
Біреуі бес намаздың – екінті еді,
Ауызын шын мұсылман бекітеді.
Ораза, намазыңды күтпей барсаң,
Жаратқан періштеге жекіртеді.
Біреуі бес намаздың – ақшам дейді.
Шын діндар Жаратқанға жақсам дейді.
Ораза, намаздарын күтпей барған,
Қиямет күн болғанда қақсар дейді.
Біреуі бес намаздың – яшиық дейді,
Жараспас мұсылманға қастық дейді.
Ораза, намазын шын күтіп барған,
Есігін жұмақтың таптық дейді.
Мінгені пайғамбардың сары атан-ды,
Əр үйде мұндай тұрсақ таң атады.
Бұл үйдің ұлы қайда, қызы қайда?
Кемпір-шал ерінген соң көп жатады.
Ей, Мұхаммед үмбеті айтқан
жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
Үйің, үйің, үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Сандық көркі түйе екен,
Саба көркі бие екен.
Ақ ордадай көрінген,
Қандай байдың үйі екен?
515
515
ЖАРАПАЗАН БАТАСЫ
Б
өлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.
Бəйтеректей бүрлі бол,
Пайғамбардай нұрлы бол.
Ай жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын.
Айына келген мейманың,
Айнала атын байласын.
Күн жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын.
Күніне келген мейманың,
Күліп бір атын байласын.
Менің атым – Сырыбай,
Жарапазан жыры бай.
Таң мезгілі болғанда,
Төсегіңнің басынан,
Жастығыңның астынан.
Бөденедей пырылдап,
Бозторғайдай шырылдап,
Қызыр келіп дарығай!
Аллаһуакбар!
«Жарапазан жыры» мен «жарапазан батасы» адамдарды адал, ізгі
ниетті болуға, басқалардың көңілін ауыртпай, ел-жұрттың ықыла-
сын алуға жігерлендіреді. Адамдық салт-дəстүр мен наным-се нім ді
құр мет теу ге, ақкөңіл, ашық-жарқын, ізгі ниетті, жомарт болуға бау-
лиды. Адамдар арасында барыс-келіс, алыс-берісті жақсартып, дос-
тық ты кү шей тіп, береке-бірлікті нығайтуға жебейді. Əдеби жақта,
адамдарды суырыпсалма ақын болуға, өнерлі, өршіл азамат болуға
же те лейді.
516
516
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ
Қ
ұрбан айт – ислам дініне сенетін əлем халықтарының ораза
айттан 71 күннен кейін тойлайтын мерекелерінің бірі. Бұл мереке үш
күн ге жалғасады.
Айт болатын күні ер-əйел, кəрі-жас орындарынан ерте тұрып, жу-
ынып, дəрет алып, таза, жақсы киімдерін киеді де, мешітке, мешіт жоқ
жерлерде таза, кең бір араға жиналып, «құрбан айт намазын» оқи ды.
Намаздан келген соң, аруақтарға арнап Құран оқып, шай ішіп, онан
кейін құрбан шалады. Құрбандыққа түйе, сиыр, қой, ешкі се кіл ді мал-
дардан дендері сау, дене мүшелері бүтіндері шалынады. Ауру-сыр қау,
ақсақ-соқыр жəне жаралы малдар мен туғанына алты ай тол ма ған мал-
дар құрбандыққа жарамайды. Құрбан шалу əл-ауқаты нашар, мойнын-
да елдің қарызы бар адамға міндет емес.
Құрбан айт күні халық ауылдан-ауылға, үйден-үйге қыдырып жү-
ріп айтшылайды. Кездескендер бір-біріне қуана сəлем беріп: «айт қа-
был болсын!» деп айтады. Айт күні өткен өш, кеткен кек, өкпе-реніш
тү гел кешіріледі. Бұрын бір-біріне қырын қарап жүргендер мен бір-бі-
рі не бара алмай жүргендер айт құрметі үшін барысып, келісіп, аман-
сə лем жасасып, хал-жайларын сұрасады.
ҚҰРБАН ШАЛУ
Қ
ұрбан шалу – қазақ халқына ұлттық салт ретінде қа лып та сып
кеткен жосындардың бірі.
Құрбанды құрбан айт намазы оқылған соң шалады. Құрбан айт на-
мазы оқылмай тұрып сойылған мал құрбандық есептелмейді. Əдет-
те, құрбанды құрбан айт намазы оқылғаннан бастап, айттың үшін ші
күніне дейін ауру-сырқаудан аман, дене мүшелері бүтін қой, ешкі,
сиыр, түйе секілді малдар шалынады. Туғанына алты ай тол ма ған
қозы, лақ, бұзау, боталар құрбандыққа жарамайды. Құр бан дық тың
терісі қолы қысқа адамдар мен мешіттерге, еті жарлы-жақпай, аш-
арықтар мен айтшылап келген адамдарға беріледі. Құр бан дық тың
терісі мен етін сатып пайдалануға болмайды. Олай етсе, құр бан дық
517
517
қа был болмайды деп қаралады. Сондай-ақ, қолында жетерлік мал-дү-
ние сі жоқ адамдардың құрбан шалуы дəріптелмейді.
Құрбан шалу адамдарды көпшілдікке, адалдыққа, ізгілікке, ке ші-
рім ді лік ке баулиды. Өзара барыс-келісін жиілетіп, қоғамдық қа рым-
қатынасын кеңейтеді.
АЙТТЫҚ БЕРУ
« А
йттық» – айт күндері шат-шадыман қыдырып айтшылап жү-
ріп, барған үйдің балаларына беретін түрлі ойыншық, ақша, қант, кəм-
пит сияқты ұсақ-түйек заттар.
Айттық беру – мерекенің мерейін асырып, тату-тəттілікті, береке-
бірлікті нығайтудың, əсіресе, балаларды мəз-мейрам қуан ды ру дың
дəнекері. Айттық алған балалар қуанышқа бөленіп, мəң гі лік айт-
мереке, қуаныш бола берсе екен деп тілеп, тыныштық пен бей біт күн-
ді аңсап өсетін болады. Балаларды ізгілікке, адалдыққа, көп шіл дік ке
баулиды.
ТОЙ-ТОМАЛАҚТАР
Қ
азақ халқының бүкіл өмірі – той, ағаш бесіктен жер бе сік ке де-
йінгі бар ғұмыры той-думан, өлең-жыр, əн-күйдің əлдилеуінде өте ді.
Бала туыла салып жасалатын «шілдехана тойы», «бесік той», «тіл ашар
тойы», «сүндет той», «ашамай тойы», «сырға той», «ұрын той», «бо-
лыс той», «құдалық той», «есік-төр көрсету тойы», «қыз ұза ту тойы»,
«жыртыс той», «келін түсіру тойы», «отау той»… деп кете береді.
Алайда, əрбір тойдың өзіндік мəн-мағынасы, терең тəлім-тəр бие лік
рөлі мен көздеген арман-тілек, мақсат-мұраты бар, яғни, қуа ны шын
туған халқымен бөлісу, жеткен жетістігін көрсетіп, тапқан табысын
көпшілік ортасына салу, тіпті, төл алса да, қырман басса да, бел гі лі
бір жетістіктер мен тамаша табыстарға қол жеткізсе де, оны мін дет ті
түрде тойлап, ел-жұртты өзімен бірге шаттандырады.
518
518
Көген той
К
өген той – əр жылы көктемде қой түгел қоздап, қозыларды ал-
ғаш көгендеген күні өткізетін той. Көген тойда, үй иесі көген басы-
на мол дастарқан жайып, туыс-туған, дос-жаран, көрші-қолаңдарын
дəм ге шақырып, қой-ешкілерінің аман-есен төлдеп болған қуанышын
құт-тықтайды.
Көген тойға келгендер көген бұршақтары мен қазықтарға ақ жа-
ғып, бата-ырым жасап, той иесінің мал басының аман, денінің сау,
бала-шағаларының бақытты болуын тілейді. Сондай-ақ, қызықты əң-
гі ме лер айтып, өлең-жыр, əн-күйдің тиегін ағытып көңіл көтереді.
Мизам (сабан) той
М
изам той – қазақ диқандары мен бағбандары күзгі жиын-те-
рін ақырласқанда өткізетін мол өнім тойы, əрі еңбек мерекесі, яғни,
диқандар мен бағбандар бірлесіп өткізетін (жекелей де өткізіле бе ре ді)
халықтық сипаты басым, ауқымы кең, дүбірі күшті бұқаралық қи мыл.
Мизам тойына халық өте көп жиналады. Онда, түрлі спорт жəне
ойын-сауық қимылдары өтеді. Сондай-ақ, бағбандар жетім-жесір, аш-
арық, кедей адамдарға қайыр-садақа ретінде жеміс-жидек, ди қан дар
кеусен таратады. Халық көл-көсір шаттыққа бөленеді.
Бие байлау
Қ
азақ халқының бие байлауының өзі бір той.
Мұнда, үй иесі бие байлайтын күні ауыл ақсақалдары мен қа рым-
ды, қайратты жігіттерді аналар мен əжелерді шақырып, желі басына
жайылған кең-мол дастарқан басына əкеліп əңгіме шерткізіп, дастан
айтқызып қойып, жігіттерге асау құлындарды ұстатып бай лат қы за ды.
Бие байланып болған соң, ас-тағам ішіп, əн айтып, күй тартып, кө ңіл
көтереді.
Бие байлауға келген əйелдер қауымы шашу əкеледі жəне келген
əрбір адам «байлар көбейсін, тартар молайсын!» деген сияқты игі ті-
519
519
лек тер білдіреді. Қариялар биебауға май жағып, ақ тамызып, биелер
мен айғырлардың жалына, сауырына май жағып, «ақ мол болсын!»
деп тілек тілейді.
Үме өткізу
Ү
ме – шөп шабу кезінде қыз-бозбалаларды шақырып өткізетін ең-
бек пен ойын-сауық қимылы ұштастырылған шағын той.
Əдетте, үмеге қарулы жігіттерден тыс, əнші, күйші, ақын, қыз-ке-
лін шек тер де шақырылады. Онда, жігіттер жағы шөп шауып, қыз-ке-
лін шек тер шөмеле (үймек) салады да, кешке таман үмеге арнап со-
йыл ған малдың етін жеп, қымыз ішіп отырып өзара айтысып, əзіл де-
сіп, əн айтып, күй тартып сауық құрады.
Тоқым қағар
« Т
оқым қағар» – ауылдан бір кісі алыс сапарға жолаушылап
кетсе, оның үйіне көрші-қолаң, дос-жарандары жиналып барып, өт кі-
зе тін шағын бас қосу əрі көңіл ашу қимылы.
Салт бойынша «тоқым қағарға» жиналғандар, жақында ғана алыс
сапардан сəтті оралған бір адамның тоқымын əкеліп, жолаушы кеткен
жаққа қаратып үш рет сілкіп, «қызыр жолдас болсын, осы жо лау шы-
ның жолын берсін!» деген игі тілектерін білдіреді. Бұл – жо лау шы ның
тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігімен аман оралсын дегені.
«Тоқым қағарға» жиналғанда тоқым қағар ырымын жасаған соң,
əзіл-қалжың айтып, əн салып, күй тартып, көңіл көтереді.
Бастаңғы
« Б
астаңғы» – қазақ қыздарын тұрмыс тіршілігіне ертерек дағ-
ды лан ды рып, олардың дербес күн көру қабілетін жетілдіретін тамаша
салттардың бірі. Онда аналар қыздары бойжеткен соң, қызым дербес
қонақ қабылдап, қонақ күтуді үйренсін, құрбы-құрдастарымен ара-
ласып ашылсын деген оймен, мақсатты түрде жолаушылап немесе
520
520
көрші ауылдарға қыдырып кетіп, қызын үйде жалғыз қал ды ра ды. Сол
кезде көрші-қолаң, ағайын-туыстардың қыздары мен бозбалалары ке-
ліп, «билік өзіңде қалды» деп оған қолқа салып, тамақ жасатып жеп,
əн айтып, күй тартып, күліп-ойнап қайтады. Міне, бұл «бас таң ғы»
деп аталады.
Қазан шегелеу
Ж
ұмыстан қолдары босап, азырақ ас ішіп, əзіл-қалжың айт қы-
сы келген адамдар бір реткі салған салмағымызды көтереді-ау деген
бір үйге топтасып барып, «қазан шегелегелі келдік» дейді. Оларға үй
иелері əзілдей жауап қайтарып: «Жақсы келдіңдер ғой, қазір өзіміз де
қазан шегелегіш ұсталарды шақырғалы отыр едік» деп ашық қабақ та-
нытып, қазандарына барын салып, тік тұрып күтіп алады. Міне, бұл
«қазан шегелеу» деп аталады.
«Қазан шегелеу» адамдардың бір-біріне деген достық сү йіс пен ші-
лі гін арттырады. Қуанышқа бөлеп, мерейлерін тасытады. Қарым-қа-
ты на сын нығайтып, барыс-келіс, алыс-берістерін жиілетеді. Тамаша
орта қалыптастырып, береке-бірлікті, тыныш қоғамдық орта жа ра ту ға
жетелейді.
Мəшіреп жасау
Қ
азақ халқы көк жайлауға барып қонып, əбден орнығып ал ған
соң, ауыл ақсақалдарының бірі немесе қонақ күтуге шебер, ұйым дас-
ты ру қабілеті жоғары басқа бір азамат жақын маңда отырған ел-жұрт,
көр ші-қолаңдарын «пəлен күні мəшіреп жасаймын» деп ша қы рып,
келген қонақтарының аз-көптігіне қарай тай, тайынша, қой сойып,
қой дың төсінен басқасын қазанға салып түгел асып, келген адам дар ды
қо нақ қылып, ойын-сауық өткізіп береді. Міне, бұл «мəшіреп жа сау»
деп аталады.
Қалыптасқан дағды бойынша, мəшірепке келгендер саба-саба қы-
мыз артып келіп, қонақ иесі көгалға төсеген кілем-киіздерге алқа-
қотан отырып ет жеп, қымыз ішіп, əн салып, күй тартып, би билеп,
521
521
жырлап, екі-екіден айтысып, бір күн бойы күліп-ойнап отырып қай-
тады.
Бұл салт адамдарды меймандостыққа, қонақшылыққа, жо март-
тық қа баулып, береке-бірлікке шақырады. Күліп-ойнап көңіл көтеру
рухты серпілтіп, қан айналысын, жүйке қызметтерін жақсартып, уа-
йым-қайғыдан арылтып, адамдардың сау-саламат өмір сүрулеріне
мүм кін дік жасайды. Бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып,
қо ғам дық қарым-қатынастарын нығайтады, достарын көбейтіп, өріс-
те рін кеңейтеді.
Төс байлау
Б
ір күн бойы күліп-ойнап, көңіл көтерген жұрт «ендігі мə ші реп-
ті пəлен өткізіп берсін» деп қолқалаған соң, қонақ иесі көптің қа ла уы
бойынша, мəшірепке сойылған қойдың төсін сол адамның қан жы ға-
сы на байлап жібереді.
Міне, бұл «төс байлау» деп аталады.
Дағды бойынша, төс байлаған адам арада көп уақыт өткізбей, өзі-
не қолқа салған көпшілікке мəшіреп жасап береді жəне тағы да көп-
тің қалауы бойынша, өзінен кейін мəшіреп жасап беретін адамға төс
байлайды. Сөйтіп, ел жайлаудан қайтқанша əр ауылға қонақ болып,
жайлау қызығын күліп-ойнап өткізеді.
Қымыз мұрындық беру
Қ
алыптасқан салт бойынша бие байлап, биебауды майлаған
соң, үй иесі екі-үш күн қорланып, алғаш ашыған қымызды көп ші лік-
пен бірге ішу үшін көрші-қолаң, туыс-туғандарын шақырып, «көп ке
бұ йыр сын!» деп, салтанатпен қымыз ұсынып, көпті риза етеді. Ақ са-
қал дар бата-тілектерін білдіріп, алғыстарын жаудырады. Міне, бұл
«қы мыз мұрындық беру» деп аталады.
«Қымыз мұрындыққа» жиналған жұрт өлең айтып, əн салып, бір-
біріне қымыз ұсынып, көңіл көтереді.
522
522
Сірге жияр
Ә
р жылы күзде бие ағытқан күні бие байлаған үй иесі мал со йып
немесе үйде бар жылы-жұмсағын асып, ауыл ақсақалдары мен көр ші-
қолаңдарын шақырып, ең соңғы қымызын құйып беріп, қонақ қы ла ды.
Міне, бұл «сірге жияр», кей жерде «сірге мөлтілдетер» деп аталады.
«Сірге жиярға» келген қауым: «осы дəмді татқан барлығымыз
аман-есен болайық!» деп тілеу тілесіп, соңында əн салып, күй тартып
жəне өзара айтысып көңіл көтереді.
Дүкен майлау
Ұ
сталар мен зергерлер жаңа дүкен ашқанда немесе дүкенін жаңа
орынға көшіріп, алғаш жұмыс бастарда, ұсталардың пірі Дəуіт ата ға
сиынып мал сойып, ет асып, шағын бас қосу өткізіп, түрлі ырым дар
жасайды. Көрік пен отқа май құйып, майлап, ақ тамызады. Міне, бұл
«дүкен майлау» деп аталады.
Дүкен майлау салтына келген қауым «дүкен құтты болсын, Дə уіт
ата қолдасын!» деген игі тілектерін айтып, əзірленген ас-та ғам дар дан
жеп, əзіл-қалжың айтып, көңіл көтеріп қайтады.
Егер дүкен иелері дүкенін өздігінен майламаса, дос-жаран, көрші-
қолаңдары «дүкеніңді майла» деп қолқа салып, міндетті түрде майла-
тып, ойын-сауық құрады.
Үй майлау
« Ү
йі жоқтың – күйі жоқ, үйлі болмай күйлі болмайсың» деп қа-
ра ған қазақ халқы, басына үй тұрғызып, бауырына қазан асып, сол
жаңа үйлеріне алғаш кіргенде ел-жұрт, туыс-туғандарын ша қы рып,
«үйім нің босағасы майлы болсын, ішінен құт-береке, дыр-думан,
ойын-күлкі үзілмесін» деген мақсатпен мал сойып, шағын той өт кі зіп
береді. Міне, бұл «үй майлау» деп аталады.
Үй майлауға келген қонақтар: «Үй құтты болсын! Іші жайлы, бо-
са ға сы майлы болсын» деген игі тілектер білдіреді. Онан соң, ет жеп,
523
523
қымыз ішіп, əзіл-қалжың айтып, əн салып, күй тартып, көңіл кө-
тереді.
Қысырақ матау
« Қ
ысырақ матау» – əр жылы көктемде бір рет өткізілетін ша-
руа шы лық еңбек тойы, яғни, енелік қабілеті пісіп-жетілген (əр ай ғыр-
дың үйірінде жүрген) дөнежін (4 жасар) биелерді жиып, жаңа бір ай-
ғыр үйіріне қосу қимылы. Міне, бұл «қысырақ матау» делінеді.
Қысырақ матарда, жылқылы ауыл көрші-қолаң, туыс-туған дар дың
қарулы азаматтарын шақырып, əр айғырдың үйірінде жүрген дө не жін
биелерді қуалап жүріп ұстатып, бір жерге мататып, айғыр салады да,
қысырақты матап болған соң, «қысырақ төлді болады» деп, балалы-
шағалы бəйбішелердің біріне қысыраққа салатын (қосатын) ай ғыр дың
жалына, сауырына май жақтырып, ақ тамыздыртады. Онан соң, ма-
талып тұрған қысырақтарға тағы бір бəйбіше «тарыдай көп бол, жа-
нуар!» деп, тары немесе арпа-бидай шашады. Соңында жиналған жұрт
ет жеп, қымыз ішіп, əзіл-қалжың айтып, əн салып, күй тартып, кө ңіл
көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |