Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет48/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

«Телім» жəне «тəбəрік» алу

Қ

азақ салтында, көп жасап, немере-шөбере көрген қадірлі, ина-



батты кісілер қайтыс болса, қабір басында түрлі кездемелерден жыр-

тыс  жыртып,  жерлеуге  барған  адамдарға  үлестіреді.  Міне,  бұл  «тə-



бə рік  беру»  делінеді.  (Бұл  салт  кей  жерде  «өңір  тарату»,  кей  жерде 

«бедян тарату» деп аталады).

Жоғарыдағылардан  тыс,  сыйлы,  қадірлі  қарт  адамдардың  қа бі  рі 

басына жауып барған киіз, кілем тектес заттарын «жасына ке ле міз, 

қасиеті  дариды»  деп,  жерлеуге  барған  адамдар  кесіп-кесіп,  парша-

лап бөліп, талап алады. Бұл «телім алу» деп аталады. Егер мұн дай 

жағ дай да, белгілі себеппен қабір басына бара алмай қалған адамдар 

мар құм ның  үйіндегі  киім-кешегінен  «телім»  жəне  «тəбəрік»  сұ рап 

алады.


547

547


Ине-жіп үлестіру

Қ

алыптасқан дəстүр бойынша, көп жасаған, немере-шөбере сүй -



ген əжелер қайтыс болса, жерлеуге қатысқан жұрт одан «телім» жəне 

«тəбəрік» алудан сырт, жаназасын шығармай тұрып, əйелдер қа уы мы-

на ине, жіп, түйреуіш, оймақ, т.б. заттар үлестіреді. Міне, бұл «ине-жіп 

үлестіру» деп аталады. Ине-жіп үлестіру, «тəбəрік» жəне «телім» алу-

дың өзіндік мəн-мағынасы мен ғылыми негізі бар. Мысалы, ине-жіп 

үлестіру марқұм болған кісінің тірлігінде көрші-қолаң, туыс-ту ған да-

ры нан  ине-жіп  қарыз  алып,  оның  кейбіреуін  ұмытып  қайтара  алмай 

қалған болуы мүмкін, марқұм о дүниеге қарыз арқалап кетпесін деген 

сақтық  шарасы  мен  игі  тілегін  білдіреді.  Ал,  «телім  алу»  жəне  «тə-

бə рік» үлестіру болса, ол адамдарды үміткерлікке, ізгілікке баулиды. 

Ұр пақ тар ды  осы  адам  сияқты  ұзақ  өмір  көрсек,  үлгі-өнегелі  болсақ 

дей тін ұлы арман-тілекке жетелейді.



Жаназа

Ө

лген  адамға  жерлеу  алдында  оқитын  намазды  «жаназа  нама-



зы» деп атайды. Оның мəні: қайтыс болған адамның мұсылман əу ле ті 

екендігіне  куə  болу  жəне  оның  жаны  жаннатта  болуына  ті лек тес тік 

білдіру.

Жаназа намазын оқудың да өзіндік тəртібі бар. Мұнда, жаназа на-

мазы  оқылар  алдында  жиналған  жұрттан  марқұм  болған  кісіде  ала-

шақ-берешек, қарыз-парызының бар-жоқтығын сұрайды. Егер қа ры зы 

болса,  оның  туыс-туғандары  «оны  мен  қайтарамын»  деп  мойынына 

алады.  Алашағы  болса,  алған  адамдар  туыс-туғандарына  «пə лен  уа-

қытта  қайтарамын»  деп  уəде  береді.  Одан  соң,  марқұмның  тір лік те 

істеген пенделік іс-қимылдары болса, жамағаттың кешіруін сұ рай ды. 

Көпшілік бір ауыздан: «кештік» деп ризашылықтарын білдірген соң, 

жаназа оқуға дайындалады.

Жаназа  намазының  өтелу  тəртібі  мынадай  болады:  арулап  жуып, 

кебінге  ораған  марқұмды  табыт  сөресіне  салып,  бас  жағын  құ бы ла-

ға қаратып, мешіттің алдына апарып қояды. Мешіт жоқ жерде ауыл 


548

548


ма ңын да ғы таза жерге қояды. Дəрет алып, жуынып-тазаланып келген 

қауым сап түзеп қатар-қатар тізіліп тұрады. Жаназа намазы бар еке нін 

білмей қалғандар болса, мəзіннің «əссəлəтү жаназа!» деген дауысын 

естіген соң, дереу жаназа намазына келеді.

Қалыптасқан салт бойынша, марқұм болған кісінің жаназасын, оқи 

білсе, оның ең жақын туысы шығару керек.

Яғни, əкесі өлсе – баласы, баласы өлсе – əкесі, ағасы өлсе – інісі, 

іні сі өлсе – ағасы немесе марқұмның өсиетінде айтқан адамы шы ға ра-

ды. Егер, жоғарыдағы адамдардың жаназа шығару мүмкіндігі болма-

са, онда ауылдың немесе мешіттің имамы шығарады.

Жаназа  намазы  тік  тұрып  оқылады.  Оған  сол  маңдағы  кə ме лет ке 

толған мұсылмандардың барлығы қатысуы шарт жəне олар мынадай 

екі шартты толық орындап баруы қажет:

1. Жыныстық қатынас өткізсе немесе түрлі себептермен бойы-



нан шауһат кеткен, сондай-ақ, бой тазалығы жоқ адамдар мін дет ті 

түрде суға түсіп тазаланып бару.

2. Міндетті түрде дəрет алып бару. Егер су жоқ немесе на маз ға 



үлгере  алмайтындай  болса, «тəйем»  соғып  қатынасу  керек.  Жана-

за намазына ғұсыл-дəретсіз қатысу – жаназа намазына қа тыс па ған 

болып есептеледі.

Жаназа оқу тəртібі

Е

ң алдымен, имам-молда немесе марқұмның жаназа шы ға ра тын 



туысы өлген адамның кеуде тұсына барып, бетін марқұмның мүр де-

сі не  қаратып  тұрады.  Оның  артында  жаназаға  жиналған  қауым  аз-

көптігіне қарай 3, 5, 7, 9, 11, 13 (тақ сан) болып сап түзеп тұрады да: 

«ниет еттім осы мəйіт намазын 4 тəгбірімен өтемекке! Санасы – Алла 

Та ға ла ға, дуреті – Мұхаммет Мұстафа салаллаһұу уəлəйһй уəс сə лəм-

ғə,  сауабы  –  осы  мəйітке!  (Өлген  адамның  атын  білсе,  «пəлен  ұлы 

пə лен ге  немесе  пəлен  қызы  пəленге»)  Жүзімді  қараттым  құбылаға, 

құ бы лам – қағбаға, еріп оқыдым осы имамға, нағыз Алла үшін, ал ла-

һұак бар!» деп, екі бармақпен екі құлақтың қауіметін (жұмсағын) қа-

ға ды да, қолды қусырып тыныш тұрады. Молда дұға оқуға кіріседі.



549

549


Тірі адамдарға жаназа шығару

Қ

азақ  халқы  қайтыс  болған  адамдарды  жуып  (арулап)  жаназа 



оқып,  онан  соң  барып  жерлейді.  Ешқашан  жаназасыз  жер ле мей ді. 

Алайда,  ерекше  жағдайларда,  яғни,  нəубəт,  зұлмат  кездерінде  жəне 

со ғыс қа  шығатын  сарбаздары  мен  жорыққа  аттанатын  батырларына 

ті рі дей жаназа оқып, киімдерінің ішінен ақ кеудеше кидіріп жібереді.

Тірі адамдарға шығарылған жаназа бір реткі жорықпен ғана шек-

телсе, онда, сол жорыққа қатынасқан адамдардың жаназасы – ол со-

ғыс тан аман-есен оралып, бір ұрттам су ішкенге дейін ғана күшіне ие 

болады.  Ал,  ұзақ  соғысқа  қатысатын  адамдарға  шығарылған  жаназа 

сол соғыс аяқтағанша күшіне ие болады. Соғыс аяқтаған соң қай тыс 

болса, жеке өзіне қайта жаназа оқып жерлейді.

Жоғарыдағылардан  тыс,  шала  туылғанмен,  жерге  жылап  түс кен 

немесе ай-күні толып туылғанмен, шетінеп кеткен сəбилерге де азан 

шақырып ат қойып, жаназа намазын оқып жерлейді.

Підия беру

« П


ідия» – қайтыс болған адамның тірлігінде өтей алмаған бо-

рышы,  қайтара  алмаған  қарызы  немесе  қылған  күнəсына  бе рі ле тін 

төлемақы. Қалыптасқан салт бойынша, «підия» жетім-жесір, жоқ-жі-

тік, ауру-сырқау, күн көрісі нашар адамдарға беріледі. «Пі дия ға» мар-

құм болған кісінің əл-ауқатына қарай ірі қара немесе қой-қозы, оған 

қоса міндетті түрде «сансыз дəн» деп 15–20 келі мөл ше рін де гі арпа-

бидай, тары секілді дақыл беріледі.

Ерте заманда көп жасап, көпті көрген білікті қариялар «өлер ша-

ғым  жақындады-ау,  Құдайдың  осынша  жас,  бала-шаға,  мал-дəулет 

бер ге ні не шүкір! Енді бала-шағаның алдында кетсем арманым жоқ» 

деп,  көзі  тірісінде  өзінің  «підиясына»  арнаған  малдарын  қой  болса 

қоралап, жылқы болса иіріп тастап, елдегі жетім-жесір, аш-арық, ға-

ріп-міскіндерге таратып берген. Ондай адамдарға өлген соң, «підия» 

бе ріл ме ген.



550

550


Əдетте, «підия» марқұмның жаназасы шықпай тұрып беріледі. Егер 

ауылда «підия» аларлық əл-ауқаты нашар адам болмаса, онда «пі дия-

ға»  атаған  малды  байлап  апарған  жібімен,  астықты  салып  апарған 

ыдысымен мешітке апарып береді. Салт бойынша, «підия» алған адам 

мар құм ға арнап ауық-ауық Құран оқып тұруы шарт.

«Підия  беру»  адамдарды  адамгершілікке,  мейірімділікке,  қа йы-

рым ды лық қа,  жомарттыққа  баулып,  дүниеқорлықтан,  сараңдықтан, 

ны сап сыз дық тан,  тойымсыздықтан  бойларын  аулақ  ұстап,  ақкөңіл, 

ашық-жарқын, жомарт болуға дағдыландырады. Сондай-ақ, адамдар-

ды кісі ақысын жемеуге, өзгелерге қылдай қиянат жасамауға тəр бие-

лей ді. Барлық адамды тең, бай-бақытты өмір сүруге, тыныш, ор нық ты 

қо ғам дық орта құруға құлшындырады.



Дəрет алу

« Д


əрет алу» – қазақ халқының күнделікті тазалық сақтау шарт-

та ры ның бірі. Алайда, оның өзіндік тəртібі жəне белгілі жөн-жо сы ғы 

бар, яғни, алдымен шəугімге (құманға) таза су құйып алып, ел кө зі-

нен  аулақ  оңаша  бір  жерге  барып  оңтүстік  немесе  солтүстікке  бет ті 

беріп жүрелеп отырады да, онан соң, «біссміллə» деп қолды үш рет 

жуып, онан кейін, сол қолмен алдыңғы жəне артқы жыныс мү ше ле рін 

кем дегенде үш реттен жоғары жуады да, орнынан тұрып, шал бар дың 

бауын байлаған соң, басқа таза жерге жөткеліп барып, бетті құ бы ла ға 

қаратып отырып, екі қолды кем дегенде үш рет жуып, онан кейін, оң 

қолмен ауызға үш рет су ұрттап, басты қайқайтып, суды көмекейге жі-

беріп қырылдатып шайқап, ауызды үш рет шаяды. Одан соң, мұрынға 

су жіберіп, сол қолмен сіңбіріп, бетті маңдайдан тартып иектің асты, 

екі құлақтың қауіметімен қосып үш рет жуып, са қал ды кісілер болса, 

сақал арасын сулы саусақпен тарап жуу керек. Одан кейін, екі білекті 

шынтаққа  дейін  үш  рет  жуып,  қолдың  суымен  маңдайдан  желке-

ге қарай мəсих (сулы қолмен сипау) тартылады. Одан кейін, екі сұқ 

саусақпен құлақтардың іші, бармақпен сырты тазаланып, мойынның 

екі  жағына  алақанның  сыртымен  мəсих  тартылады.  Одан  кейін  аяқ 

киімді шешіп, алдымен оң аяқты, онан соң сол аяқ  ты тобыққа дейін 


551

551


кем дегенде үш рет жуып, аяқты құрғатып, аяқ киім ді қайта киіп ала-

ды. Сонымен, дəрет алу толық аяқталған болады. Алайда, дəрет алып 

болған  соң,  мынадай  істердің  біріне  жолықса,  дə рет  бұзылады  да, 

дəретті бастан қайта алады.

1.  Жыныс  мүшелерінен  шауһат,  үлкен-кіші  дəрет  немесе  жел 

(осы рық) шықса.

2. Ауыз толарлықтай құсық шығарса.

3. Қалғып, көзі ілініп кетсе.

4.  Денесінен  ірің,  сарысу,  құстардың  саңғырығы,  қан,  үлкен-кіші 



дəрет шықса.

5. Темекі тартып, арақ-шарап ішсе.



Тəйем соғу

« Т


əйем  соғу»  сусыз  жерде  жер  жынысымен  дəрет  алу  жəне 

жуыну деген мағынаны білдіреді. Бұл, сусыз шөл далада немесе жа-

наза,  айт  жəне  жұма  намаздарын  жамағатпен  бірге  өтейтін  бол ған, 

бірақ, жуынып, дəрет алуға үлгермейтін өте асығыс жағдайларда ғана 

істетілетін дəрет алу мен ғұсыл жасаудың (шомылудың) же ңіл де тіл-

ген түрі, яғни, бұл дəрет пен ғұсылға су таба алмаған лажсыз жағ дай-

лар мен дəрет алып, ғұсыл жасаса көппен бірге өтейтін намаз уа қыт-

та ры өтіп кететін шұғыл жағдайларда ғана істетіледі. Шарт-жағ да йы 

толық бола тұрып, «тəйем» соғуға мүлде болмайды.

Əдетте, тəйемүм былай соғылады: Екі алақанды таза жер жыны-

сына,  яғни,  топырақ,  құм,  тіпті,  тамға,  шаң-топырақ  қонған  үс тел 

жəне киімнің тозаңы сияқтыларға ұрып (аптап), алақанды бір-бі рі не 

со ғып қағып тастаған соң, бетті алақанмен маңдайдан бастап бір рет 

сипап, одан кейін екі алақанды тағы да жер жынысына бір соғып, оң 

қол  дың шы на шақ, аты жоқ саусақ жəне ортаңғы саусақ қатарлы осы 

үш сау  с а  ғы  мен білекті жəне шынтақты айналдыра білектің үстімен, 

бас  бар мақ, сұқ қол арасын сипап тоқтайды. Міне, бұл «тəйем соғу» 

деп аталады.



552

552


Ғұсыл жасау (шомылу)

Қ

азақ салтында ақыл-есі дұрыс, өзін-өзі еркін меңгере алатын 



əрбір азамат аптасына бір рет міндетті түрде шомылып тұруы қа жет. 

Одан тыс, мынадай жағдайлардың біріне кездескендер міндетті түр де 

ғұ сыл жасау (шомылу) қажет:

1. Ұйықтап жатып бойлары бұзылса.

2. Əйелдер мен қыздар етеккірлері тоқтаған соң.

3. Босанған əйелдер, əбден сауыққан соң.

4. Түрлі себептермен бойларынан шауһат кетсе.

5. Жыныстық қатынастан соң «ғұсыл жасаудың» да өзіндік тəр-



ті бі мен жөн-жосығы бар. Мұнда, ең алдымен, «бісміллə» деп ниет 

етіп, екі қолды таза жуып, ауызды үш рет шайқап, мұрынға үш рет 

су жіберіп сіңбіріп, одан соң бастан бастап бүкіл денені таза жуып 

шы ға ды  да,  ең  соңында  екі  аяқты  үш  рет  шаяды.  Сонымен,  ғұ сыл 

(шомылу) толық орындалған болады.

Дəрет алу, тəйем соғу жəне ғұсыл жасау адамдарды тазалыққа мəн 

беріп, əртүрлі жұқпалы аурулардан сақтап, сау-сəлемет өмір сү ру ле-

рі не  мүмкіндік  жасайды.  Сапалы  ұрпақ  көруге,  адамдардың  ден сау-

лы ғын жақсартуға тамаша шарт-жағдай жаратып береді. Жаратылыс 

заңдылықтарына, сондай-ақ, марқұм болған адамдарға деген құр мет 

сезімдерін арттырып, адамдарды пəк-таза, адал, арлы, ізгі ниет ті бо-

луға дағдыландырады.



Қабір қазу

Қ

азақ халқының қабір қазу, жерлеу салттары басқа мұ сыл ман 



халықтарымен негізінен ұқсас болады.

Десе де, оларға ұқсаңқырамайтын, өзіндік ұлттық түс алатын азды-

көпті  ерекшеліктері  де  бар.  Тіпті,  жер  аумағы  Еуропа  мен  Азияға 

ұласып жатқан қазақтың өз ішінде де қабір қазу, жерлеу жақтарында 

бір та лай өзгешеліктері бар. Алайда, қай ру, қай тайпа, қай ауыл бол-

сын, бар лы ғы да қабір қазуға өз атамекендеріндегі, қыстауларындағы 

құ бы ла ға беті ашық дөңестеу жерлер мен топырақ қабаты қалың жер-


553

553


лер ді таң да ған, əрі марқұмды қоюға ақым қазған, яғни, солтүстіктен 

оң  түс тік ке қарай ұзындығы 2 метр, ені 1,5 метр, тереңдігі 2 метр құдық 

қа зып  түскен  соң,  құдықтың  батыс  жақ  бүйірінен  адам  сыярлықтай 

ойып, онан соң, солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 2–2,5 метр, 

биік ті гі 1,5 метр мөлшерінде əдемілеп үңгіп ақым (лахыд) жасап, оған 

мар құм  болған  кісіні  қояды  да,  ойып  түскен  ауызды  (лахыд  аузын) 

кір піш, тас секілді заттармен мықтап бекітіп, онан кейін, сыртқы үл-

кен құ дық ты өз топырағымен толтырып, төмпешік қылып үйіп қояды. 

Бұл «құ дық ты ақым» делінеді.

Ал, кейбір аймақтарда қабірдің құдығын тік қазып түсіріп, батыс 

жақ бүйірінен ақым (лахд) қазбай, адам жататындай етіп үңгіп жарма 

жасайды да, құдықтың бетін бөрене, сырғауыл, тақтай, т.б. заттармен 

жауып, қабірден шыққан топырақты үстіне үйіп тастайды. Бұл «жар-

ма ақым» немесе «жарма көр» деп аталады.



Жерлеу салты

А

дам қайтыс болған соң, өлімді жөнелтуге жауапты кісілер қай-



тыс болған кісіні қай жерге, қашан жерлеу жөнінде марқұмның туыс-

та ры ның  талап-тілегі  бойынша  қабірді  көрсеткен  жерлерінен,  ауыл 

азаматтарын жіберіп, күн бұрын қаздырып қояды.

Əдетте, сүйекті қабір басына жаяу көтеріп апарады.

Алайда, жерлейтін жер алыс болса, ат-көлікпен апарады. Сү йек ті 

қа бір басына апарған соң, марқұмның жақын туыстарының бірі қа -

зыл ған қабірдің ішіне түсіп тексеріп көріп, мақұлдық білдірсе, онда 

сүйекті дереу жерлейді. Ал қазылған қабір көңіліне толмаса, кө ңі лі-

не  толмаған  жерлерін  жөндетіп  барып  жерлейді.  Мұнда,  алдымен, 

қа бір  ішіне  4  адам  түсіп,  сырттағы  адамдар  сүйекті  көтеріп,  қа бір 

ішін де гі лер ге  мүрдені  қабір  құдығына  еппен  түсіріп  береді.  Одан 

қа бір ішіндегі адамдардан екеуі аяқ киімдерін шешіп ақымға тү сіп, 

марқұмның  басын  солтүстікке,  бетін  құбылаға  қаратып  (басын  кө-

тер ген де, беті құбылаға қарайтындай етіп) жатқызады. Одан соң, қа-

бір ді  ал ғаш  қазған  кездегі  бір  күрек  топырақты  жəне  қабір  басына 

бар ған адамдар дұға оқып дем салып берген, бірнеше түйір то  пы  рақ -



554

554


та  рын марқұмның бас жағына төгеді жəне кірпішке дұға жаздырып 

қояды. Одан соң, марқұмның жағын, қолын, аяғын бай ла ған жіп тер-

ді шешіп, марқұмның бетін жартылай ашып қояды да, ақым нан шы-

ғып, ақымның аузын тас, кірпіш, ағаш сияқты заттармен мұ қият бе-

кі тіп, сүйек қоюшылар қабірдің сыртына шығады (кей жерде ақым-

ның аузы бекітілмей, кей жерде бекітілген соң, молда қабір құ ды ғы-

на тү сіп, марқұмның сұрақшы періштелерге қайыратын жауаптарын 

айтып беріп, топырақ салмай тұрып Құран оқуды бастаса, кей жерде 

мар құм ға түгел топырақ салынып, топырақ сұрыпталып болған соң 

барып Құран оқиды).

Қайтыс болған адам көп жасаған, немере-шөбере көрген адам бол-

са, марқұмды жерлеп болған соң, қабір басында жыртыс жыртылып, 

тəбəрік, телім үлестіріледі. Қабір қазған адамдарға ақша бе рі ле ді. Қа-

бір басынан ел қайта бергенде марқұмның туыс-туған, бала-ша ға ла-

ры  дауыс  шығарып  жылайды.  Сүйек  жерлеушілер  ауылға  келгенде 

əйелдер жоқтау айтады. Туыс-туғандары «бауырымдап» жылап ке ле-

ді, марқұмды жерлеп келген кісілер беті-қолдарын жуып Құран оқып, 

марқұмға  арнап  пісірілген  тағамдардан  дəм  татқан  соң,  үйді-үйі не 

қайтады. Тек марқұмның тіке туыстары ғана қалады. Мар құм ды жер-

леуге (бейіт басына) күйеу балалар бармайды. Олар қабірге кеткендер 

марқұмды жерлеп келгенше мал сойып, ет асып, артқы жұ мыс тар ды 

істейді.


Қазақ  салтында  қайтыс  болған  кісінің  жаназасы  шығып  болған 

соң,  оның  бетін  ашуға,  жерлеп  болған  соң,  қабірін  ашуға  қатаң  ты-

йым салады. Өлген адамның беті мен қабірді ашу сұмдықтың белгісі 

есеп те ле ді. Қабірді тек, алыс жерде қайтыс болып, сүйекті бел гі лен ген 

жерге уағында жеткізе алмай, сүйек «аманатқа қойылған» болса не-

месе түрлі қысым, жаугершілік, нəубет, зұлмат, т.б. себептерден салт 

бойынша жерленбей, жай көме салынған болса, жүкті əйел іш те гі ба-

ласымен жерленсе, дене мүшелері толық жерленбеген болса, қа бір ге 

түр лі қауіп-қатер төнсе, мұсылмандық ғұрыптар негізінде қа бір ді қай-

та ашып жерлейді.



555

555


Сүйек сақтау

А

дамгершілігі асқақ, уəде-сертке берік қазақ халқы қайтыс бол-



ған  адамның  тірлігіндегі  өтініші  мен  өсиеті  бойынша,  оның  сү йе гін 

ай лық, тіпті жылдық жерден болса да, өзі айтқан атамекеніне неме-

се  əулиелер  мазарына  апарып  жерлейді.  Ондайда,  сонша  алыс  жер-

ден марқұмның мүрдесін айтқан жеріне аман-есен сасытпай-ші ріт пей 

апарып  жерлеу  үшін,  мүрдені  «былғары  табытқа  салу»,  «бал  қою», 

«аршамен қаптау» жəне түбегейлі жерлемей, «аманат қою» тə сіл де рі 

ар қы лы сақтаған. Бұл «сүйек сақтау» деп аталады.

Аманат қою

« А


манат  қою»  –  уақытша  жерлеу,  уақытша  сақтау  деген  сөз, 

онда түрлі кедергілер мен жолдың алыстығы салдарынан, сү йек ті өз 

жеріне апарып жерлеу мүмкіндігі болмағанда, марқұм қай жерде көз 

жұмса, сол жерге «аманат қойған». Міне, бұл «аманат қою» деп атал-

ған.

Аманат қойылған адамның сүйегін кейін шарт-жағдай пісіп-же тіл-



ген кезде туыс-туған, дос-жарандары басына барып Құран оқып, қа-

бі рін ашады да, өз жеріне апарып, жаназа шығарып, қайта жер лей ді. 

Жоқ тау айтып, нəзір-құзыр беріп Құран аудартады.

Топырақ салу

Қ

азақ салтында қайтыс болған адамның жаназасына қа ты сып, 



марқұмға  өз  қолдарымен  бір  күрек  топырақ  салудың  өзі  өте  үл кен 

игілікті,  сауапты  іс  саналады.  Тіпті,  қартайған  кісілер  «бала-ша-

ға ның  алдында  кетіп,  ұрпақтарымнан  бір  күрек  топырақ  бұйырса 

арманым  жоқ»  деп  тілесе,  ал  ата-аналары  мен  жанашыр  жа қын да-

ры ның жерлеуіне қатысып, бір күрек топырақ сала алмағандар «ең 

бол ма ған да бір күрек топырақ сала алмай қалғаным-ай!» деп қатты 

өкінген.


556

556


Адам жерлегенде, топырақ салған саймандарды адамдар бір-бі рі-

нің қолына бермей, жерге тастай салады. Оны екінші біреу алып то-

пы рақ салып болған соң, ол да жерге тастай салады. Топырақ салу со-

лай жалғаса береді. Қазақ халқының топырақ салған сайманды қол ға 

бермеуі – олардың қаралы қайғы осымен бітсін деген игі ті ле гі мен 

марқұмға деген сүйіспеншілігі, яғни, өлім осымен тынсын, еш қа шан 

жалғасын таппасын дегені.

Қазақ халқының «қабір қазу», «жерлеу», «аманат қою» жəне «то-

пы рақ  салу»  салттары  адамдарға  өмірдің  мəні  мен  жаратылыс  заң-

ды лық та ры нан  іс  жүзінде  шынайы  сабақ  жəне  терең  тəрбие  бе ре ді. 

Тірлікте əрбір адам өлместей боп алқып-шалқып жүргенімен, қан ша-

ма мал-дүние, байлық жиғанымен, тіпті, хан-патша болса да, о дү ние-

ге 15–20 метр ақ кездемеден артық еш нəрсе алып кете ал май тын ды-

ғын, қанша мықты болғанымен, қара жер қойнына қашанда кі ре тін-

ді гін  ұғындырып,  адамдарды  тірлігінде  ізгі  ниетті,  адал,  қа йы рым-

ды, мейірімді болып, ел үшін пайдалы істерді көп істеп, қолы ашық 

жомарт  болуға  баулиды.  Адамдарға  бай  болсын,  кедей  болсын,  хан 

болсын,  қара  болсын,  өмірге  алғаш  келгенде  қандай  тең  болса,  жер 

қой ны на  кіргенде  де  сондай  тең,  15–20  метр  ақ  кездемемен  ора ла-

тын ды ғы сынды ақиқатты ұғындырып, орынсыз бəсеке жəне дəреже, 

атақ-даңқ қуудай жаман пиғылдан аулақ болуға тəрбиелейді. Ха лық-

тың өлген адамдардың атақ-даңқы, шен-шекпеніне емес, елге сі ңір ген 

адал еңбегі мен рухани байлығына қарап баға берудей тамаша қа сиет 

қалыптастыруына мүмкіндік жасайды.



Иман айту

Қ

азақ дəстүрінде, хал үстінде жатқан адам тілі байланбай тұр-



ған да əлсін-əлсін тілін кəлимаға келтіріп, Жаратқан Иесінен тір лік те 

өткізген  пенделік  қиянаттары  мен  күнəларын  кешіруді  жалбарынып 

сұранады. Міне, бұл «иман айту» делінеді. Егер, хал үстінде жат қан 

адамның  тілі  кəлимаға  келмей  байланып  қалса,  онда  қасында  қа рап 

отырған адамдар иман айтып, суға дем салып, қасықпен аузына ауық-

ауық тамызып отырады.



557

557


Əдетте, жер сілкінгенде, апатты жағдайға тап болғанда, қатты шо-

шы ған да,  найзағай  шартылдағанда,  ауыр  пəле-қазаға  ұшы ра ған да 

иман айтып, Жаратқаннан жəрдем тіленеді.

«Иман айту» адамдардың наным-сенімін бекемдейді, əртүрлі пен-

де лік былық-шылықтардан тектейді. Сондай-ақ, жаман іс-пи ғыл дар-

дан ар-ұжданын таза сақтауға, арлы-ұятты, адал, ибалы, мұ рат ты бо-

лу ға баулиды. Жан баласына жамандық жасамайтын ізгі ниетті, жана-

шыр, мейірімді, қайырымды болуға дағдыландырады.



ТІРІ АДАМДАРДЫҢ 

ӨЛГЕН АДАМДАР АЛДЫНДАҒЫ 

ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ

Т

ірі  адамдардың  өлген  адамдар  алдындағы  қарыз-па рыз дар ға 



мыналар жатады:

1. Бір адам қайтыс болған заман, марқұмның туыс-ту ған да ры на 



кешіктірмей хабар жіберіп, өлімді көрші-қолаң, ел-жұртқа тү гел ха-

барлау.

2. Марқұмның туыс-туған, бала-шағаларына барып көңіл айтып, 



жұбатып, қайғы-қасіретін жеңілдету.

3.  Марқұмның  қабірын  қазып,  жуып-шайып  арулап,  жаназасын 



оқып жəне жаназасына қатысып, жерлесіп, өз қолдарымен топырақ 

салысу.

4. Марқұмға бағыштап Құран оқу, Құран аудару.

5. Марқұмға көрші болса, марқұмның соңғы жұмыстарына кө мек-

те сіп,  алыс-жақыннан  келген  туыстарына  қол  ұшын  беріп,  қаралы 

жан дар дың ас-суларын əзірлесу.

6. Марқұмның нəзір-құзырын өткізуге жəрдемдесу, т.б. 

Бұл істерден бас тартқандар өз қарыз-парызын адалдықпен ат қар-

ма ған адам болып есептеледі.

Қазақ  салтында  өлім  ерекше  құрметтеледі.  Өлім  хабарын  естіген 

барша  адам  марқұмның  туыс-туғандарына  көңіл  айтып  жұбатып, 

мар құм ның жаназасына қатысып, өз қолдарымен жерлесіп, нəзір-құ-

зы рын өткізісуге жан сала көмектеседі. Өлім ісінде ағайын-туыс ара-



558

558


сын да ғы өкпе-реніш, бақай есеп түгел қайырылып тасталып, өлім нің 

артын жақсы жөнелтуге күш салады.

Бұл  салт  адамдарды  адамгершілікке,  адалдыққа,  ізгілікке,  ба уыр-

мал дық қа баулып, азаматтардың жауапкерлік жəне борыштылық се-

зім де рін  күшейтеді.  Əрқандай  жерде  өлім  ісіне  белсене  атсалысып, 

қай ғы-қасірет  шеккендерге  қол  ұшын  беріп  отыруға  дағ ды лан ды ра-

ды. Қайтыс болған адамдарды мүмкіндігінше тез жерлеп, түр лі ауру-

сыр қау лар дың таралып кетуінің алдын алып, адамдардың сау-сə ле мет 

өмір сүрулеріне шарт-жағдай жасайды. Адамдар арасындағы дос тық 

сү йіс пен ші лікті  нығайтып,  қоғамдық  қарым-қатынастарын  ке ңей те-

ді. Досты көбейтіп, дұшпанды кемейтеді. Азаматтарға өмір жəне қо-

ғам дық қарым-қатынастар заңдылығын ұғындырып, бір адам қай  тыс 

болса, барша жұрт ырықтылық пен жауапкершілік арқалап, оны дер 

ке зін де арулап, жуып, жерлеудей кісілік салт қалыптастыруға тəр  бие-

лейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет