Абай Құнанбайұлының «Жаз» өлеңіне талдау
әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
2 курс магистранты
Ұ.Т.Нұрқас,
Алматы қ., Қазақстан
e-mail: utenesbekkyzy@mail.ru
Мақалада Абай Құнанбайұлының «Жаз» өлеңінің түрік, орыс және ағылшын тіліне
аудару тәсілдері қарастырылып, аударманың артықшылығы мен кемшіліктері жан-жақты
сараланып көрсетіледі. Сонымен қатар жұмыста автордың ниеті мен аудармашылардың
көзқарастары қарастырылады.
Тірек сөздер: аударма, түпнұсқа, ақын, поэзия, көркем көркем аударма
В данной статье рассматриваются способы перевода стихотворения «Лето» Абая
Кунанбаева на турецкий, русский и английский языки и подробно анализируются
преимущества и недостатки перевода. Кроме того, в работе рассматриваются намерение
автора и подходы переводчиков.
Ключевые слова: перевод, оригинал, поэт, поэзия, художественный перевод.
This article deals with the ways of translation of works by Abay’s poem "Summer" into Turkish,
Russian and English and analyzed in detail the advantages and disadvantages of the translation. In
addition, the article deals with the author's intention and approaches of translators.
Key words: translation, original, poet, poetry, literary translation.
Абай Құнанбайұлының «Жаз» өлеңіне талдау
Табиғат құбылыстары Абай поэзиясында күнделік өмірмен, адамдардың күн-көрісі, іс-
әрекетімен және ақынның, өз көңіл-күйімен тығыз байланысты келетінін ақынның бірталай
өлеңдерінен, соның ішінде жылдың төрт мезгілін суреттеуге арналған өлеңдерінен айқын
аңғарамыз. Мұны Абайдың дүниежүзілік поэзиясының таңдаулы үлгілерімен тең түсетін,
біз арнайы талдап, қарастырмақшы болып отырған өлеңнің бірі – «Жаз» өлеңінен толық
көре аламыз.
Бұл шығарманың көркемдік сапасын өте жоғары бағалаған Ілияс Жансүгіров ол туралы
айта келіп, былай деп жазды: «Абайдың жыры ырғақ, музыка дыбыс құрылысы жағынан
төгіліп кетеді. Абайдың бұл өлеңіндегі бір ақындық өзгешелігі – ол өлең ұйқастығы
етістіктердің сайдың тасындай ірі, қимылды, қозғалысты көрсетуге жандылығы».[1, 195]
Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан
шеберлікпен суреттеледі. «Жаз», «Жаздыгүн шілде болғанда» өлеңінде де жаңа қонысқа,
жайлауға көшіп келген ауылдың тұрмыс-тіршілігінің тұтас бір көрінісі бар. Бірақ мұнда
тынымсыз әрекет, қимыл-қозғалысты сипаттау шеберлігі таң қалдырады. Әр аударманы
түпнұсқамен салыстыру барысында олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін
саралауға тырыстық.
Ең бірінші қазақ тіліне туысқан тіл – түрік тіліндегі аудармасымен салыстырып көрдік:
Түпнұсқа
Түрік тіліндегі аудармасы
Түрік тілінен кері аударма
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Yaz günü, temmuz
geldiğınde
Sık bitkiler, lale çiçek
Жаз күні, шілде келгенде
Қалың шөптер, қызғалдақ
гүл
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Büyüyüp olğunlaştığında,
Gürleyerek akan ırmağa
Göçüp oba konduğunda;
Өсіп жетілгенде (толық
пісу)
Гүрілдеп аққан өзенге
Көшіп көшпенділер
қонғанда;
Қазақ тілі мен түрік тілі туысқан тілдер тобына жататын болғандықтан грамматикалық
құрылымында көп ерекшелік байқалмайтын сияқты. Түрік тілі мен қазақ тілінің түбі бір.
Демек, ұқсастықтардың көп болуы — заңды құбылыс. Тек бұл аудармада екі сөзге балама
(эквивалент) ретінде басқа сөздер қолданылған. Олар: 1) бәйшешек сөзіне «lale çiçek»,
яғни, қызғалдақ деген балама сөзбен аударған. Бұл сөз мағынасы жағынан өлең жолдарына
ешбір нұсқан келтірмеген деп санаймын; 2) ауыл сөзін «oba –көшпенділер» деген балама
сөзімен алмастырып аударған. Түрік тілі қазақ тілін жақсы білетіндер үшін, әсіресе,
әдебиетке жақын адамдар үшін еш қиын емес деп ойлаймын.
Абай атамыздың «Жаз» өлеңін А. Лизари, А.Жовтис, К.Досжан орыс тіліне
тәржімалаған. Түпнұсқаны орыс тіліндегі аудармаларымен салыстырып қарағанда көптеген
айырмашылықтардың бар екеніне көзіміз жетеді. Ол айырмашылықтар құрамы жағынан да
мағынасы жағынан да байқалады.
А.Лизари аудармасы:
Түпнұсқа
Анар Лизари аудармасы
Орыс тілінен кері аударма
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
День июля летний пришёл.
Где подснежник рос одиноко
Снова стебли травы большой
Всё покрыли.
В пыли дорога.
На кибитке аул, гремя
Переехал к реке повыше.
Жазғы шілденің күні келді.
Бәйшешек жалғыз өскен
жерде
Үлкен шөптің сабақтары тағы
да
Бәрін жапты.
Күймелі арбада ауыл,
гүрсілдете
Өзеннің жоғарғы жағына
көшті
А.Лизари аудармасының сәтті шықпағаны бірден көзге түседі. Ең бірінші айта кететін
мәселе, 5 қатар өлең жолдарынан 7 қатар жасап, өлең қатарын бұзған. Бірақ, «Жаздыгүн
шілде болғанда - День июля летний пришёл» деген өлең жолының мағынасы жағынан
тікелей жеткізген. Ал «Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда» деген өлең
жолының мағынасын мүлдем бұзып жібергені тайға таңба басқандай анық көрінеді. Өлең
жолдарында «шілде» және «бәйшешек» сөздері басты назарға алынады. Оның себебі, шілде
айында бәйшешектің болмауы адамға үлкен ой салады. Бұл жерде не ай атауының, немесе
өсімдік атауының басқаша берілгені көрінеді. А.Лизари «подснежник» сөзін «бәйшешек»
деп аударған. Бірақ, бәйшешек– көкек-мамыр айларында, қар еріген уақытта гүлдеп, жер
бетіне шығатын өсімдік. Яғни, бәйшешек – көктемнің символы. Ал бұл өлең жолдары менің
көз алдыма тау бөктерін бойлай, жайқалып өсіп тұрған шалғын шөптер мен гүлдерді еске
түсіреді. Яғни, бәйшешек деп Абай атамыз басқа гүлді суреттегенін көруімізге болады. Ал
аудармада шөптердің арасындағы жалғыз бәйшешектің көрінбей қалуы сипатталып,
түпнұсқаның мағынасын жеткізе алмаған.
Ал мына өлең жолдарында аудармада қосу және орын алмастыру тәсілдері қолданылған:
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
На кибитке аул, гремя
Переехал к реке повыше»
Орындары алмасқан сөздер: өзенге-к реке, ауыл-аул. Ал на кибитке деген сөзді қосып, қосу
тәсілін қолданған. «Кибитка» сөзінің аудармасы: 1) (повозка) күймелі арба; 2) (жилище) киіз
үй деген мағыналарды білдіреді. Менің ойымша «гремя» деген сөзді аудармашы «күркіреп»
деген сөзге балама ретінде бергісі келген сияқты. Бірақ, гремя-гүрсілдете деп аударылады.
Күймелі арбада ауыл гүрсілдете өзеннің жоғары жағына көшкен деп жеткізіп, түпнұсқаның
мағынасын бере алмаған. Яғни бұл сөзде қосылған.
А.Жовтис аудармасы:
Түпнұсқа
А.Жовтис аудармасы
Орыс тілінен кері аударма
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын,
бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Летом, когда тенисты
деревья,
И буйно цветут цветы на
лугах,
И на широких речных
берегах
Шумно раскидываются
кочевья,
Жазда, ағаштар көлеңке
түсірген кезде,
Және шалғында гүлдер
қаптап гүлдегенде,
Және кең өзеннің жағасына
Көшпенділер ду-ду
жайылғанда,
А.Жовтис аудармасына көз жүгіртер болсақ, қысқарту, түсіріп тастау және қосу тәсілдерін
қолданған. Өлеңнің басында «Летом, когда тенисты деревья» деп жаздың шілде айын
суреттеп бере алмаған. Шілде сөзін түсіріп тастаған. Жаздың шілде айы әдетте ең ыстық
айы болып есептеледі. Ал бұл жерде тек ағаштардың көлеңке түсіріп тұрғаны сипатталады.
Және көретініміз, аудармашы түпнұсқадағы екінші және үшінші қатарды аударғанда
қысқарту тәсілін қолданып, бір қатар жасаған. Бірақ, мағынасы түпнұсқаға өте жақын.
Аудармадағы төртінші және бесінші қатарларда «широких, шумно» деген сөздер қосылған.
«Широких» деген сөзді қоспай-ақ қойғанның өзінде де мағынасы сақталған болар еді. Ал
«кочевья» сөзін «ауыл» сөзімен алмастырған. Ол замандағы халық көктемде көктеуге, жазда
жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға көшіп жүретін болғандықтан, аудармашы өз ойын
солай жекізгісі келген болар бәлкім.
К.Досжан аудармасы:
Түпнұсқа
К.Досжан аудармасы
Орыс тілінен кері аударма
1)Жаздыгүн шілде
болғанда,
2)Көкорай шалғын,
бәйшешек,
3)Ұзарып өсіп толғанда,
4)Күркіреп жатқан өзенге,
5)Көшіп ауыл қонғанда;
1)В июле знойном середине
лета.
2)Когда трава (осока)
покрывает всю землю,
степь.
3)Вместе с ручьями и
родниками, где-то видны
маки,
4)Стебли удлиненные с
созревающими
метелочками семян;
5)Тогда к бурлящей реке
перекочует аул
(переезжает);
1)Шілдеде жаздың албырт
ыстық ортасында
2)Шөптер(қияқ) бүкіл
жерді, даланы жапқан
кезде.
3)Бұлақтар мен
бастаулармен бірге, кейбір
жерден көкнәрлар көрінеді.
4)Сабақтары ұзарып пісіп-
жетілген шашақгүл
тұқымымен;
5)Сол кезде сарқыраған
өзенге ауыл көшеді (көшіп
бару);
К.Досжан өлең қатарын сақтай отырып аударған. Бірақ, түпнұсқадағы екінші және үшінші
қатардан үш қатар жасап, ал түпнұсқадағы төртінші және бесінші қатарды қысқартып, тек
бір ғана қатарға сыйғыза аударған. Өлеңнің бірінші жолын аударғанда мағынасын жақсы
жеткізе білген. Ал екінші қатар мен үшінші қатардың орнын ауыстырып, «бәйшешек» сөзін
«мак» деп аударған, және оларды кейбір жерден көрінеді деп сипаттап берген. «Ручьями и
родниками» деген жерде және өлеңнің төртінші қатарында аудармашы қосу тәсілін
қолданғанын көреміз. Жалпы айтқанда, «көкорай шалғын бәйшешек, ұзарып өсіп толғанда»
деген өлең жолдарын аудару, аудармашыға біраз қиындық тудырған деген нәтиже шығарсақ
болады. Қысқартулар мен қосуларға көбірек бой алдырған.
«Abai book of words» деген кітаптан Абайдың ағылшын тіліне қазақ тілінен тікелей
аударылған «Summer» өлеңін де салыстырып көру мүмкіндігіне ие болдық.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай
шалғын,
бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
In the summer heat
When the grass in the
meadows and flowers
have grown tall and are full of
sap,
to the shores of the stormy
river
the nomad encampments of
the aul were pitched
Жаздың аптап ыстығында
Шөптер шалғындық пен
гүлдер арасында болғанда
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп
жатқан
өзен
жағасына
Көшпенділер
ауылға
қонғанда
Бұл аударманың басты ерекшелігі қазақ тілінен тікелей аударылып, мағынасын
жоғалтпағаны. Аудармада қосу, транслитерация, орын алмастыру тәсілдері байқалады.
Яғни, «nomad» сөзі қосылып, «aul» сөзі транслитерацияға ұшыраған. Ал бәйшешек «flower»
деген жалпы атауға ие болған.
Қорыта келгенде, аудармалардың артықшылықтары мен кем тұстары болғанын
байқаймыз. Грамматикалық, лексикалық және т.б. тұрғыдан тілдер әр түрлі болғандықтан,
түпнұсқа көп өзгеріске ұшырағанын байқадық. Демек, көркем аудармада маңызды,
мағыналы элементтер мен ерекшеліктер нақты жеткізілуі мүмкін емес екеніне көзіміз жетті.
Кез келген аудармада міндетті түрде мына жағдайлардың орын алатынын білдік:
-Материалдың белгілі бір бөлігі қалыпқа келмей, алынып тасталынады.
-Материалдың белгілі бір бөлігі дәл сол күйінде емес, басқаша етіп, эквиваленттер арқылы
ауыстырылады.
-Түпнұсқада жоқ материал енгізіледі.
Сондықтан да, көптеген атақты зерттеушілердің ойынша, ең жақсы аударма болып,
аударманың түпнұсқамен салыстырғанда өзгеріске ұшырайтын ерекшеліктері бар аударма
саналады. [2]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі, 1995.-310 бет. (қайта басылым,
2008)
2.
http://group-global.org/kk/publication/6001-korkem-audarma-mseleleri
3.
https://www.stihi.ru/2011/03/19/8196
4.
http://xn--80aac7a.kz/leto/
5.
http://www.abay.nabrk.kz/index.php?page=content&id=98
6.
Abay’in eserlerinden segmeler.Kamer Matbaacılili.Ankara, 1995
7.
Ә. Тарақов, А.Жақсылықов, Л.Мұсалы, Е. Адаева. Аударма теориясы. «Қазақ
университеті»,2013.
8.
Abai book of words, библиотека журнала «Аманат». Семей, 2015
Достарыңызбен бөлісу: |