Бауыржан бабажанұЛЫ



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата27.01.2017
өлшемі2 Mb.
#2788
1   2   3   4   5   6   7
ІІ
Апа, атқа мінгелі өмір атты,
Қанша алдымнан сен болып таңым атты.
Міне, тағы өзіңді еске салды,
Кезбе бұлттар бетке алған Қоңыратты.
Пейіліңмен ағайын үлгі етер шын,
Әлі талай жанымды гүлдетерсің.
Жадың менен сондағы құмда қалған
Бал күнімді жетектеп жүр ме екенсің.
Абысынның ауылдық мәнге айналып
кетер сөзін тыңдарда таңдай қағып.
«Қаныңды ішіп» жүр ме екен, қарғыс атқыр
Қара сиыр өрістен келмей қалып.
Жатса-дағы көктем мен күз алмасып,
Күн күлетін кеудеңнен жүз арна ашып,
— Немереме бұйырғыр, — деп жүрсің бе,
Қарсы алдыңнан қозы-лақ, бұзау қашып.

164
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
— Туған жерге орнықпай, жамбас тіреп,
Бұлар қайда, бәтір-ау, бармақшы, — деп,
Күдер үзіп біттің бе әлде бізден,
«Отыз ұлдан осырақ шал жақсы», — деп.
Қысқа күнде мынаны, ананы айтып,
— Күнін көріп жүр, — деп — бұл бала қайтіп?
Уайымдамай, қуанғын жаңбыр жауса,
Ақша бұлттан жібердім сәлем айтып.

165
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ТҮС.  ӘМУ
ТҮС.  ӘМУ
ТҮС.  ӘМУ
ТҮС.  ӘМУ
ТҮС.  ӘМУ
Жұлдыз-түндердің ағылды көбі,
Уақытқа тимей пайдасы.
Түсіме ылғи Әму кіреді —
Балалығымның айнасы.
Жүрек жылатар сезімді менен
Ұрлап ап,  көкте Ай туар.
«Айнадан»  ылғи өзімді көрем,
Бақытты әрі бейкүнә.
Ауына түспес балықшылардың,
Жылым ап суды «кезерде».
Мен, сірә, алтын балық шығармын,
Салатын сайран өзенде.
Тосардай  алдан мол қамыс қызық,
Шөнжігін  мықтап жасырған,
Атам айтқандай, жолбарыс жүзіп,
Өтеді кейде қасымнан.
Толқындар әні қайталанады,
Соңынан тау-тау көш еріп...
Әмуім бәрін жайпап ағады,
Жойқын ғой жойқын десе жұрт...
Көп болды-ау, сірә,   жорымағалы...
Толқынға  мұңын жасырып.

166
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Түсімде Әму толып ағады,
Аралға қарай асығып.
Асқанда мол су жағадан құлап,
Атқақтап асау жүрегі.
Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ,
Кішкентай көлдер күледі.
Әмуім толқып, елжіреп көлдер,
Тиердей көкке төбесі.
Арал-Анаға енді жеткенде,
Оянып кетем, о, несі?
Бір алау дәйім ішіңде жанып,
Жаныңды ылғи қариды, ә?
...Нағыз арманға түсіңде дағы,
Қолың жетпейді-ау, дариға.

167
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
САҒЫНЫШ
САҒЫНЫШ
САҒЫНЫШ
САҒЫНЫШ
САҒЫНЫШ
Маңдайынан күн сүйіп,
Кекілінен жел тарап.
Көңлі көкке ұмсынып,
Қолын бұлғап шартарап.
Қызылбасты өлтірген,
Батырды әулие көретін.
Көзі көрмес кемпірге
Қисса оқып беретін.
“Батырдың жұрт мақтаған
Ісін жалғар дұрыс ер!”
Шыбық мініп... ақтабан,
“Қан майданға”кірісер.
Ертіп “ауыр қосынын
Жау қалдырмай шабатын”.
Шаршағанда досының,
Үйінде ұйықтап қалатын.
Сұрағанда бауыры,
Төгетін көп тақпақты.
Көршісінің қауыны
Көрінетін тәп-тәтті...
Ашатұғын “төл” сырын,
Қызса әкесі “тереңдеп”.

168
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
— Өй, әкеңнің... көршінің
Қызын алып берем! — деп.
Шешесі бек сүйіне,
“Қап жататын аса таң”.
Оралғанда үйіне,
Қозы баққан “қошақан”.
Күндер қайда кеулімжай?!

169
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ҚАЙРАҚ
ҚАЙРАҚ
ҚАЙРАҚ
ҚАЙРАҚ
ҚАЙРАҚ
Жан көрінді (кеше аттан құлағам)
Аяқ... шыдап көрші енді.
Ақырды әкем: «Тый жасыңды, жылама,
Көтер, кәне, еңсеңді!
Тізгінге ие бола алмайды шіріктер,
Қарық қылар өзге не?
Көздің жасын көрсетпейді жігіттер,
Өй, әкеңнің... ез неме».
Жаулығының ұшын тістеп кемсеңдеп,
Шешем жүзін жасырды.
«Көзім жасын көрсетпеймін өлсем де!» —
деп көтердім басымды.
Кім шыдайды айтқан сөзге астарлап,
Сілкіп тастап күдігімнің көрпесін.
Аяғымды мықтап таңып ақсаңдап,
Атқа міндім ертесін.
... Палуан — өмір жықты тағы шалқамнан,
Қазақтығым азап күн боп жолығып.
Қаным шығып ерім батқан арқамнан,
Құлазыдым дүниеден  торығып.

170
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Сірә, менің жолым болмас.
Алысқан
шаршатты көп белсенді.
... Әкем даусы естіледі алыстан:
«Көтер, кәне, еңсеңді!»
Қапелімде тоқ ұрғандай селк еттім,
Тосын қуат құйылғандай қаныма.
Күрес қана жалғыз бағы еркектің,
Атқа қону керек шығар тағы да!..

171
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ЖАЗ
ЖАЗ
ЖАЗ
ЖАЗ
ЖАЗ
Құлазыса көңілім... Жазға барам,
Еркелегім кеп тұрар аздап оған.
Құшақ жайып, қуана қарсы алады,
— Қайда жүрсің, кел, кел — деп мәз боп ағам.
Салқын көже ішкесін құмырадан,
Көкірегіңе құйылар шұғылалы ән.
Саясатта шаруасы жоқ демесең,
Шаруасына бұл кісі мығым адам.
Бой көрсетіп қалса да тасадан мұң,
Бергеніне шүкір деп жасағанның.
Тасқан дария келмейтін тобығынан,
Мінезінде мәрттік бар осы ағамның.
— Жүнжіп жүрсең, Тәңір де  қолдамайды
Ал, ал, жолың болмады... сол ма қайғы? —
деп жымиып, кетпенін қолына алса,
Маңдайынан жаңбыр-тер сорғалайды.
Бір шұғыла  төгіліп жанарынан
Барын салып ұсынар табағына.
Қолы ашық, дастарханы мол болғасын,
Үзілмейді бұл үйдің қонағы да.

172
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Ағам — осы. Әр ісі — өнегедей.
Жасыл құрақ тәп-тәтті немередей,
Аяғыңа оралып, былдырласа,
Одан басқа, шынымен, не керек, ей...

173
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
АЛҒАШҚЫ  МҰҒАЛІМ
АЛҒАШҚЫ  МҰҒАЛІМ
АЛҒАШҚЫ  МҰҒАЛІМ
АЛҒАШҚЫ  МҰҒАЛІМ
АЛҒАШҚЫ  МҰҒАЛІМ
Абат  Елубайұлына
Абат  Елубайұлына
Абат  Елубайұлына
Абат  Елубайұлына
Абат  Елубайұлына
Осы жайт еске түссе,
мен күлемін,
Балалық-ай,  не деген мөлдір едің?
...Қатарымның «ерлігін» тыңдай-тыңдай,
Бір бұзықтық жасағым келді менің.
Асау тай ем.
Тай қашан бас біледі?!
(Қас албасты тал түсте басты мені...).
Тым болмаса қасымда Ыбырай жоқ,
Қауын-қарбыз ұрлауда ол – «мәстір» еді.
Жалғыз шықтым.
(Мұнымды «ел» құптамай ма?),
Мына жайды да түйгем мықтап ойға:
«Жолдасбай ағам қазір жұмыста жүр,
Жұлдыз жеңгем...
Түсте енді ол...
Ұйықтамай ма?»
Бәрі ғажап.
Қатып тұр «план» енді,
(Осыны айтып күні ертең «қырам» елді....).

174
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
...Нән қарбызды енді үзе беріп едім,
Жұлдыз жеңгем үйінен шыға келді.
Айқай салып:  —  «Қарбызды таста» –— деді,
Кенеттен бір ой билеп басқа мені.
Қарбызымды тастамай зыта бердім,
Жете алмасын білемін,
(Ақсақ еді...).
Батырлығым желпиді түңлігімді,
«Ерлігімді» бар бала жыр қылулы.
...Кешке «сымсыз телефон» жеткізді кеп,
Абат ағай естіпті ұрлығымды.
Депті ағай:  — «Бара бер, жаза –— менен»,
Содан кейін, әй, кетті маза менен.
Ертеңіне мектепке зорға бардым,
(Кеше сабақ еді ғой -  ғажап  әлем...).
Соңғы парта...
Әзірге жарап тұр-ау...
Саусағымды қаламым қанатты ма-ау...
Тұқшыңдаймын, басымды көтере алмай,
Әй, неғылған бітпейтін сабақ мынау...
Осы қазір болардай заманақыр,
«Енді ұрлық жасасам ба?
Қара да тұр...»
...Балалардың түзетіп жазуларын,
Ағай маған жақындап келе жатыр...
Қабағын сәл түйіпті...
Салқын демек...
Алақандай жүрегім алқынды ерек...

175
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
 — «Ай, Бауыржан, мұның не?
Жарамайды,
«Қ»-ның былай аяғын тарту керек.
Дұрыс ұста, қаламды.
Тыңда, бала-ай,
Өшіргішті былай қой, жұлмаламай».
Содан кейін ақырын сыбыр етті:
«Сен енді қауын-қарбыз ұрлама олай...».
«Жарайды...».
Өз даусымды естімедім,
(Сол сәтте жоқ еді өзге еш тілегім).
Айқайламай, ел-жұртқа дабыра етпей,
Ағайым бір күнәмді кешті менің.
«...Бала, маған ұнайсың. Ірі істерің, —
дейсіз бе, — Оны істедің, мұны істедің».
...Менің жаман болуым мүмкін емес,
Өйткені, мұғалімім дұрыс менің!

176
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
СУРЕТ
СУРЕТ
СУРЕТ
СУРЕТ
СУРЕТ
Сыдыққа
Сыдыққа
Сыдыққа
Сыдыққа
Сыдыққа
Құлдыраңдап бауыры ақ қара тай,
Қоңыр қозы енесін тапты, алақай!
...Қозы бағып жүреді, сары бала,
Көк күпәйке үстінде,
Ақ малақай...
Қуантып жүр демесең, ата-ананы,
Шартарапқа кеткен жоқ атағы әлі.
Палуан болып, жұртты әлі желпінткен жоқ,
Емес тіпті  кластың «атаманы».
Жекпе-жекте танытып еркектігін
Жер қаратқан талайын телпектінің,
Күндер алыс...
Алматы түгіл, оның
Мектеп әлі көрген жоқ тентектігін.
Ата-әжесі кітапқа үңілер күн,
Қиссадағы айналып біріне ердің,
Асыр салып жүреді үш-төрт бала,
Үш-төрт бала алаңсыз
(Бірі — менмін...)

177
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Ағамызға «ақ найза» жасатып ап,
Көп белдерден жатамыз аса құлап.
Кейде күлкі болады демесеңіз,
Қос «ақ боздың» «тізгінін» босатып ап...
...Кейде сусып дүниең қолыңдағы,
Аттатпай қазылған ор жолыңдағы.
Торыққанда
Бейкүнә осы сурет,
Түсіңе кіре ме, дос, сенің-дағы?
Күнде тастап жүретін күресінге,
Ақындығым құрысын,
Күресің де...
Көк күпәйке үстінде.
Ақ малақай...
Сары баланы сағынам.
Білесің бе?...

178
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
ӘЙЕЛ
ӘЙЕЛ
ӘЙЕЛ
ӘЙЕЛ
ӘЙЕЛ
Ері тағы ішіпті...
е, кім ішпейді —
шаршаған шығар, сірә, дұрыс, мейлі.
Айырын қолына алып, шөп жинады,
...Бәрібір бұл істемей, кім істейді.
Ұл сабаққа бармапты...
— Әй, жетпегір,
Бұзықтықтан жүреді «бәйге» ап небір.
Сәлден кейін түседі сабасына
...Бұл да бір, бұрқ-сарқ еткен шәйнек те бір.
— Жүрісі анау, шаруасы мандымай түк,
Мына түрмен бітірер тамды қайтіп?—
«Енесінің баласын» «жамандайды».
Көрші келіншекпен «сәл» әңгіме айтып.
— Қайда кеткен әлгі қар?...
Кішкенесін
тастай сала жүгірді (түс кезі еді...).
Адуынды ене тұр, бірақ оның
Рә жек көрмейтінін де іш сезеді.
Қарсы келсе болмайды, ұғынады.
...Сосын ері тұрады, қырынады.
Тамақ ішіп әлденіп, кілең тентек
Әжесінің бауырына тығылады.

179
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Таңылса да бейнетке басыбайлы
Қарғамайды Құдайды, жасымайды.
Кекілінен сипайды кенжесінің:
«Осы тентек түбінде асырайды».
— Мені ұмытып кетті ме, қара, бұлар...
Иттер-ай, қай жақта жүр, жаңағылар? —
Күйеуі атып тұрып жөнеледі,
Демек, кеште тағы да қонағы бар.
Тағат таппай, ыңылдап әлденені
Қызы айна алдында сәнденеді...
Ұршығын жиып қойып, айран ішті,
Сәлден кейін өрістен мал келеді.
Күн батқанда қосылып әуенімен
Үйге ырыс енеді шелегімен.
Атам қазақ қалай тауып айтқан:
«Әйел қырық шырақты!»
Сенемін мен!

180
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
ШАЛДЫҢ  БАЛАСЫ
ШАЛДЫҢ  БАЛАСЫ
ШАЛДЫҢ  БАЛАСЫ
ШАЛДЫҢ  БАЛАСЫ
ШАЛДЫҢ  БАЛАСЫ
«Апасының аңғалдау, әңгүдігі»,
Шегебай — кемпір менен шалдың ұлы.
«Ақ Шегем сүт кенжем ғой, — дейді әжеміз, —
Әкесінен аусайшы бар қылығы».
Көрсе де көп қатынның қарғайтынын,
Біледі де әжемнің қорғайтынын.
Күн сайын «бас жарып, көз шығарады»
«Қылығы әкесінен аумайтын ұл».
Әжеміз ақ таяғын қолына алсын,
Қыңбайды біреу емес, оны барсын.
«Сонша не бүлдіріпті-ей, өңшең шірік,
Әуелі ақ Шегемдей болып алсын...»
Осылай таяғымен жасқады да,
Қалдырмай мейірімнен басқа мұра.
Бір күні шалын іздеп кете барды,
«Кенжесін» баласына тастады да.
Өмір сүру керек қой өлмегенге...
Көнді ағам, қайда барсын көнбегенде?!
«Әй, әкең қатты сараң!» — деді бірде
«Ағасы» сұрағанын бермегенде.

181
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Шәкеңнің кіргені кіл майдан болсын,
Түйгені мынадай бір байлам болсын:
«Қанша жақын болғанмен аға-жеңге,
Әкең менен шешеңдей қайдан болсын...» —
деді де мойын бұрмай өңгемізге,
Әскерге кетіп қалды (өл де бізге...).
«Ассалаумағалейкум, әз ағамыз,
Бір сәлем инабатты жеңгемізге...»
Содан соң қай бөлімге тап келгенін...
Әскердің жайын айтып мақтанды ерің.
«Жеңгесі» «сүйіншілеп» елге жайды
«Атасының ұлынан» хат келгенін.
Қолтықтан сері демеп, пері демеп,
Қызыл-жасыл күндерді көріп ерек.
Әскерден соң жүрді де азғантай күн,
— Ал енді үйленемін! — деді кенет.
Содан соң тойдың қамын жеді әкеміз,
Көрмеді бұл күндері нені әкеміз.
«Тұңғышың отау құрып...» — деп жатты жұрт,
«Иә, інім келіншек ап...» — деді әкеміз.
Аяғын байлап шалдың тентегінің,
Ақыры бітті осылай ертегінің.
(Тірлік-жеңгем тегістеп жібермей ме,
Талайлардың «қисықтау» еркелігін).
Басында қазығына көндіге алмай...
Мойынсұнды, амал бар енді қандай?!

182
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
...Сылтау айтып әйелін сендіре алмай,
Баласын кейде айтқанға көндіре алмай.
Мінгенде «шалдың ұлы» бір ашуға,
— Қой, — дейді жеңгем, — елді қырасың ба?
...Қанша «сараң» болса да әкесі бар,
Мен бақытты шығармын расында...
2008 жыл.

183
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
САЛИХА
САЛИХА
САЛИХА
САЛИХА
САЛИХА
баллада
Әйелі Таңжарбайдың Салиха еді,
Бірді екі қылуға бар икемі.
Келін боп түскенінде кім ойлаған,
«Батыр» дерін ауылдың тарихы оны...
...Ал әйел болдың.
(Берсін Жасаған ес),
Әуелі абысынмен жаса кеңес:
«Енеміз елге әйгілі тентек адам,
Атамның да қабағы... осал емес.
Тізгін — сенде...
Ылдиға салғызба атын,
Қайнымның да мінезі бар...
Қызба тым.
«Ішіп келіп...».
Жә, жарар сен емессің,
Байынан таяқ жеген жалғыз қатын...».
...Ененің өтіп жатты мектебінен,
«Бұл қатындар кеткен бе беттерімен...».

184
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Апамның ащы даусы шыққан кезде,
Келіндер  дедектейді шеттерінен.
«Осылай ұрсып алсам, шыңдаларсың,
Әйтпесе, сыбағаңнан құр қаларсың.
Ұл десе — ұл, қыз десе — қызды тапса,
Әйелдің қай жеріне мін тағарсың.
Азғантай миың болса, ойланарсың,
Дау-шарға түсіп әбден қайраларсың.
Алты қатын өзара тату болсаң,
Сендерден асып алты ұл қайда барсын?!»
Ене ақылын біртіндеп ұға берді,
Әйел болу — білгенге, бұ да... өнер-ді.
Алыс-жақын туысқа ұнап енді,
Білікті бәйбіше боп шыға келді.
Ынтымақ  нұрын шашып түңлігіне,
Қамқор болып жүретін бір-біріне.
Ағайын риза боп тарасатын,
Алты үйдің береке мен бірлігіне.
Кездескен кедергіні тынбай...  жойып,
Сүймен-уақыт барады жылдарды ойып...
Ата-ене қабағына кірбің түсті,
Кенже ұлдың балалары тұрмай қойып.
Әулеттің жұрт білген бір жайты бар-ды,
(Ағайын арасында айтылар-ды).
Бір келін бауырына салып тұрып,
Баласын қимай тағы... қайтып алды.

185
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Шешуі бір тағдырдың бұрыс келді,
Тамақ емес,  ата-ана... у ішкен-ді.
...Ері бұған қарады, бұл — еріне,
Екеуі қас-қабақпен ұғысты енді.
Дауылпаз-дүниенің күйіне ере,
Тербелді су үстінде жиі кеме...
Алла жазған уақыты жеткен кезде,
Атұстар келді, іңгәлап,  дүниеге.
Қарамай шілдехана-сауығыңа,
Әйгілеп бар ағайын-қауымына.
Үш-төрт күн нәрестені емізді де,
Келіннің салды әкеліп бауырына.
— Тұралатып тастады-ау, сірә, қайғың...
Көзіңнен қашсын, көкем, құралай-мұң.
Мына бала — сенікі! Адам түгіл,
Алла алдында, оллаһи, сұрамаймын!
...Демегесін ешкім де: «Жарамайды!»
Тентек ұл алты үйді еркін аралайды.
Бірақ та Салиханың дәті мықты,
Кейде тіпті бұрылып қарамайды.
Пыш-пыш өсек, әй, кейде мыстандай-ды...
...  Ері де оңашада тұспалдайды:
«Мынауың — темір шығар.
 Ана бала
Жайында тіс жармайды-ау, тіс жармайды...».
...Әйелі Таңжарбайдың Салиха еді,
Бірді екі қылуға бар икемі.

186
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Келін боп түскенінде кім ойлаған,
«Батыр» дерін ауылдың тарихы оны...
Өзінен қойып ылғи биік ерін,
Ұрпағы болған дәйім — сүйінері.
Атыңнан айналайын, Әйел-Өмір,
Сенсің ғой ұстап тұрған дүниені!

187
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
БІЗДІҢ  АУЫЛДЫҢ
БІЗДІҢ  АУЫЛДЫҢ
БІЗДІҢ  АУЫЛДЫҢ
БІЗДІҢ  АУЫЛДЫҢ
БІЗДІҢ  АУЫЛДЫҢ
ДРАМАСЫ
ДРАМАСЫ
ДРАМАСЫ
ДРАМАСЫ
ДРАМАСЫ
 Ар жағы айдау жолдың — «Бөгежейлі»
1
,
 «Кетпеніңді ал! Бұл қазақ не демейді...».
   Атызға арық тартып жатқан өзбек,
 Күңкілін көршісінің елемейді.
 «Ақ сәулеем...». Қазақ әнін сызылтады,
Тілі де бұл қасқаның ұзын тағы:
«Өле ме-ей, күн ыстықта...
Жатпай ма екен...».
 Сыртынан өзбекті әбден қыжыртады.
 Діл — бөлек. Сырт көзге анық байқалады,
 «Айт, шу — әй!». Қазақ малын қайтарады...
Өзбектің малы да тоқ. Есік алды
бау-бақша жұпар шашып, жайқалады.
Шарықтап той-топырда ән қызбай ма?
Қазекең сөзге қамшы салғызбайды, ә:
«Қонаққа қой орнына тауық сойып,
Ай, бұлар да,  ұялмай,  елміз дейді, ә?».
 Әр күнін өзбек текке өткізбейді,
 Ал қазақ сүйегі асыл текті іздейді...
1 «Бөгежейлі» — өзбек руының аты.

188
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Ана жыл шаша салған жоңышқасын,
Ұсақ мал күзге дейін жеткізбейді.
Содан соң...
Күзде тағы «қапы қалып»,
 «Түстен кейін» кіргесін ақылы анық,
Қыс бойы отырады көршісінің,
Картобы мен сәбізін сатып алып...

189
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
СЕНІМ
СЕНІМ
СЕНІМ
СЕНІМ
СЕНІМ
«Байыңның қиыспайды жолы маған...».
Азғантай күн  болса да көңілі алаң.
Шаруасына біржола бұрылды енді,
«Құдай бәрін көріп тұр!» — деді де анам.
Деректір — шешемізге  нағашы еді,
(Әкесі әжеміздің ағасы еді...)
Ұзамай істі болып, түсіп қалды,
Тек кетпей көп адамның нала-шері.
Абақты қай ерді де арытады,
...Туысқан туыстығын танытады:
«Ұзамай үй ішіңмен қауышарсың,
Құдай бәрін көріп тұр...» — деді тағы.
Ана жыл көзтүрткі боп көрінгенге,
Жер болып көп кещеден жеңілгенде.
Үндемей,  бір шаруаны қолыма алдым,
«Құдай бәрін көріп тұр!» — дедім мен де.
«Басқа амалым қалмады енді менің,
Барар жерім, сірә, анық, көр —  білерім...», —
деме, түбі қайырлы болары хақ,
Құдай бәрін көріп тұр!
Сенгін, ерім!

190
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
АҚ  ТАЗЫ
АҚ  ТАЗЫ
АҚ  ТАЗЫ
АҚ  ТАЗЫ
АҚ  ТАЗЫ
Дауылды бір күн еді, құм бораған.
Кісі ақылын ешқашан тыңдамаған,
Тазының ақ күшігін алып келді,
Қуатжанның үйінен ұрлап ағам.
Әкелердей алдағы қансонар бақ,
Әкетпек боп күшікті қаншама арбап.
Келгенімен,  бір жарты ішіп алып,
Қуатжан дос жөнелді арсалаңдап.
Бір жартымен бітіп-ақ қалды дауың,
Ағам қамдап күшіктің қарғыбауын...
— Тазы бабын білмейсің! — Кейіді әкем:
— Бекер болды, балам-ау, ай, мынауың.
Ақ күшік кереметтей сүйкімді еді,
Ал қылығы, қылығы сиқырлы еді.
Қолы тимей ағамның...
Өскеннен соң,
Тыңдамайтын боп алды итің мені...
Тыңдамайды-ау, ақ тазы тыңдамайды,
Кейде ұлып, ақ қарды тырналайды.
Мұңайып, күнде алысқа бір қарайды,
Ақ қоянның терісін жұлмалайды...

191
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Қансонарда қарсы алмас құла таңды,
Мына өмір ақ тазыға, сірә, тар-ды.
Көршінің тауықтарын бытырлатып,
Бір күні кәдімгідей ұры атанды.
Кең өмірде тарылған күрт аясы,
Оңбаған итті қалай жұрт аясын.
Ішіп келген көршіміз атып тастап,
Бітті солай ақ тазы «хикаясы».
...Иілуді  біреуге ар санаған,
Әйтеуір «мал табудан»  шаршамаған
Тірлікте, сол тазыдай бабы болмай,
Ілінді-ау, қарауылға қаншама адам...

192
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
ӨМІР
ӨМІР
ӨМІР
ӨМІР
ӨМІР
Аса ұната қоймайтын қоңсылар тым
Батырбай деген біздің көрші бар-тын.
Бір табан жақын еді дүниеге,
Келеке қылатұғын сонысын әркім.
Ерлігі жоқ ерекше тоқталатын,
Мінез де жоқ ішіп  ап мақтанатын.
Қолтығынан біреудің демемепті,
Залалы да ешкімге жоқ болатын.
Қос аты бар: бір күрең, бірі шұбар,
Малға толы қорасы, жұмысы бар.
Жұбайы жас, шешесі қолында еді,
Үйленбеген тағы да інісі бар.
Жұмысына жөнелсе күреңменен,
Төрт құбыласын жұрт оның түгел деген.
…Бір күні ел шу етті:
— Батырбайдың
Қатыны кетіп қапты біреуменен.
— Жас қой әлі.., біледі бұлар нені? –
Жастықтың бұзықтыққа құмар көбі –
деді шалдар –
баралық, ап келелік,
Баланың балалығы шығар, тегі.

193
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
— Сезім ғана билейді тірі адамды,
Сүймеп едім…, амалсыз шыдағам-ды…
Оған қояр кінәм жоқ! – депті жеңгей –
Бірақ көңлім қалайды мына адамды…
Басбұзар сол боп шығып өңірдегі,
Көмейден нендей сөз тек төгілмеді:
“Қар” деді,
“сайқал” деді,
“қаншық” деді,
Сақалын сипап бір шал “Өмір…” деді.
Толыспаған бойдағы күшке менің,
Ызам келіп, бармақты тістеледім.
— Әкесін танытармын сол Өмірдің
Сәл өскесін қолыма түссе! – дедім.
Қандай қайрат күтерсің басқа менен? –
Ер жеткесін бұл ойды тастаған ем…
…Бір досымның құлапты шаңырағы,
Қосағы кетіп қапты басқаменен…
Содан бері менде де көңіл шұбар
Достың хәлі хәл емес… өлімші хәл.
“Тек ұлыма қиын…” – деп күрсінеді.
Не дей алам мен оған..?
Өмір шығар…

194
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
ШҮКІР
ШҮКІР
ШҮКІР
ШҮКІР
ШҮКІР
Бай ұлына еріп жүрген аз күннің
«Нәтижесі», әкемді кеп жазғырдым:
— Ай, ай, әке, әпендіден аумайсың,
Басқа әлемнен келіп қалған жандайсың.
Қыр ұлындай қала барын кеш білген
Көп нәрсеге қолым жетпей өстім мен.
Мен жүргенде арыз айтып қоғамға,
Біраз достар кетіп қалды көп алға.
Мен де жетем, бірақ... (қанат талғасын)
Керегі не «ішің өліп» қалғасын.
Көп Әкелер берген бәрін бүтіндеп.
Ал, сен болсаң... «...бергеніңе шүкір» деп...
— Жә! — деді, әкем: — сөзге енді қонақ бер,
Айтар уәжді тыңдар болар санатты ер.
Есті пенде хаққа жанын сүйгізер,
Ақ Аллаға не деп тілім тигізем:
Ұл сұрадым, ұл берді,
Қыз сұрадым, қыз берді.
Ұлым қонды ұяға,
Қызым қонды қияға.
Қарынбайдай болмасам да малы бар,
Бір басыма жетер дәулет табылар.
Ол дәулетім — қанағатым, ең алғаш,
«Жоқ-жоқ» деген оны ешқашан таба алмас.
Өмір өтті: бал да жұттым, сор таттым,
Ең бастысы, жанымды ұғар жар таптым.
Опырылып түсті бір кез жан-жағым

195
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Қиналсам да «шүкір» деуден танбадым.
Ала жібін аттағам жоқ ешкімнің,
Кеудесінде оты барды дос білдім.
Көрдім алдын тексіздің де, тектінің
Күнім үшін құлдық ұрған жоқ күнім.
Бермесе егер иесі бар ғаламның
Бергені не болар дейсің адамның.
Дей алмаймын, жоқшылықпен бірге өстім,
Бірде аш боп, бірде тоқ боп күн кештім,
Сендер барсың, «аталап» жүр немерем.
Бізге, сірә, бұдан артық не керек?
Сен қаншама тілдесең де, жазғырып,
Маған қымбат мендік өмір мазмұны.
Байлық деген жеткізбейтін қашаған,
Керексе егер, оны өзің жасап ал.
Бірақ әсте етпеген жөн күпірлік
Қазақты ұлт қып сақтап қалған шүкірлік!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет