Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Әдеби KZ 

 

—  Ақмола  құлады  деп  қан  жылар  жайым  жоқ,  —  деді.  —  Бекініс  керек 



болса,  ана  Қарапұшық  кетті  ғой  қалған  солдаттарымен  Омбыға,  Талызин  өзі 

қайта  салар,  менің  өз  шаруам  да  жетеді.  —  Сөйтті  де  Есіркегенге  бұрылды.  — 

Сен орысша оқи білесің бе? 

 

— Білем. 



 

— Менің қатшым кеше Ақмолада оққа ұшты. Патша адамдары Омбыға кетті. 

Кісі тауып алғанымша сен осында бол. 

 

Зейнеп жорта сөз тастады. 



 

— Оқуынан қалып қоймай ма? Одан да үлкен баланы шақыртсайшы. 

 

Зейнептің «үлкен бала» деп отырғаны Жәнәділ еді. 



 

— Кіші балаңды құртып едің, енді үлкен балаңа ауыз салайын дедің бе? Жә, 

сөзді  бөлмей,  артыңды  қысып  жайыңа  отыр.  Қатыныңның  ақылымен  қоңсы 

қонсаң, көршің жау шығады. Жәнәділ де алысқа кетпес, оған да шаруа табылар. 

— Қоңырқұлжа қайтадан Есіркегенге бұрылды, — қаласың ба? 

 

— Қалайын... 



 

—  Онда  мына  қағазды  оқып,  не  дейді  екен  аударып  берші.  Омбыдан 

алдыңғы күні келіп еді, әлгі қанішер Кенесарының әуресіменен ашуға да қолым 

тимеді... Өзім оқуға түндегі ұрыстан кейін көзім ауырып отыр... 

 

Бар  жылқысын  Кенесары  айдап  әкеткеннен  кейін  Қоңырқұлжа  жәрдем 



сұрап Омбы облысының бастығы Талызинге хат жазған. 

 

Бұл  сол  хатқа  жауап  екен.  Бұл  күндері  өзінің  Кенесары  көтерілісін  басу  



жайында  үлкен  жоспар  үстінде  отырғанын  айта  келіп,  ол  хатының  аяғында: 

«Қазір тартып алған малыңды қайтартып беретін еш күш жоқ, болған шығынды 

қарамағыңдағы қазақтардан өндіріп алуға рұқсат етемін», — депті. 

 

Талызинның  мұнысы  қара  қазаққа  қосымша  салық  салып,  Кенесарыға 



кеткен малыңды солардан өндіріп ал деген сөз еді. Есіркеген хат сөзін аударып 

208 

Әдеби KZ 

берді.  Қоңырқұлжа  тұнжырай  қалды.  «Бір  Кенесарыға  күші  жетпесе,  Омбыда 

кілең  сары  ала  түймелі  жанаралдар  не  бітіріп  отыр?  Салық  сал  дейді.  Айтуға 

оңай.  Биыл  Көкшетау,  Қарқаралы  дуандары  жиырма  екінші  жылғы  ереже 

бойынша жүз қарадан бір қара жасақ жинай бастап еді, мал ашуы — жан ашуы 

дейтін  қазақ  Кенесарыға  қарай  ағыла  түскен  жоқ  па?  Жау  қолында  кеткен  он 

жеті мың жылқыны қайтарып алу оңай ма? Оның үстіне ел биыл қыстан жүдеп 

шықты.  Жұрт  маған  малын  оп-оңай  бере  қоя  ма?  Рас,  Қараөткел  қазағын 

қырқыншы  жылға  дейін  патша  салығынан  өзім  құтқардым.  Жақсылыққа  — 

жақсылық  дегендей  мүмкін  өздері  түсінер,  жауға  кеткен  малымның  орнын 

толтырар.  Ал  түсінбейді  екен...  Өз  обалы  өзіне,  қолынан  бермесе  жолынан 

алармын.  Бірақ  дәл  қазір  бүйтуіме  бола  ма?  Неге  болмайды?  Қоңырқұлжа 

жылқысын Кенесары алғанда, қара қазақтың жылқысын Қоңырқұлжа алмайтын 

не  жыны  бар.  Аламын.  Алғанда  шырылдатып  отырып  тартып  аламын.  Бермей 

көрсін. Кенесарыға әлім жетпегенмен, қарамағымдағы бастары бірікпей талан-

тараж болып жүрген қара қазаққа әлім жетер!». 

 

Қайда  барса  да  сорлайтын  халық.  Айналып  келгенде  Кенесарының 



Қоңырқұлжадан  шапқан  жылқысының  ауыртпалығы  тағы  да  қара  халыққа 

түспек. 


 

«Малымды  тартып  алды  десе  қазақ  обалын  Кенесарыдан  көрсін!  Оны 

қолпаштап,  дем  беріп  отырған  өздері  ғой,  тартсын  жазасын.  Бұл  шаруаны  бір 

ыңғайлағаннан  кейін  Омбыға  өзім  баруым  керек.  Жанарал-губернатор 

Горчаковпен  ауызба-ауыз  сөйлесуім  қажет.  «Баянауылдың  қазақтары 

Кенесарыға  қосылмақ,  мені  қабылдаңыз,  деп  өтінгенде,  аға  сұлтан  мен  түгіл 

қара  қазақ  Тұрсынбайдың  Боштайын  да  қабылдап,  керемет  құрмет  көрсетіп, 

Баянауылға  арнаулы  кәрлі  қылыш-жасақ  шығарған  жоқ  па  еді?  Менің  Боштай 

құрлы  бағам  бар  шығар.    Горчаковтың  өзімен  сөйлеспесем,  мына  Талызин 


209 

Әдеби KZ 

дегені, асықпай ұшатын мамырлап қалған бірқазан секілді, арты ауыр бір сорлы 

көрінеді»... 

 

Осындай шешімге келген Қоңырқұлжа шайдан кейін Есіркегенді оңаша алып 



Ақмола  өкірігінің  он  сегіз  болысынан  Кенесарыға  ермей,  аға  сұлтанның 

қарамағында  қалған  тоғыз  болысқа  он  жеті  мың  жылқыны  салық  етіп  бөлді. 

Жетеуіне екі мың жылқыдан қойды да, Кенесарыға қарай иек көтеріп қобалжи 

бастаған  Атбасар  мен  Қорғалжын  болысына  мың  жарым  бастан  белгіледі.  Ол 

бұл салығын «Төтенше салық» деп атады. Және болыстарға берген бұйрығында 

бұл  малдар  құлынды  бие,  үйірге  салуға  жарайтын  айғырдан  бастап,  тек 

құнажын  дөненге  дейін  ғана  алынсын.  Және  асыл  тұқымнан  болсын. 

Қыршаңқы, маңқа жылқы алынбасын деп анықтай тапсырды. 

 

Поштабайларын  шақырып  алып,  мөрін  басып  қолын  қойған  осы 



бұйрықтарды тез болыстарға жеткізуді міндеттеді де өзі кенет Омбыға жүрмек 

болып  дайындала бастады. 

 

 

 



Қоңырқұлжа Омбыға жүргенше он шақты күн өтіп кетті. Осы екі ортада үлкен 

баласы Жәнәділ келіп, Қайниса мен Аққағаз бәйбішелердің де ауылдарын бері 

қарай,  осы  Есілдің  төменгі  жағына  көшіруге  бұйрық  алды.  Қоңырқұлжа: 

«Омбыға  жүремін.  Маған  жолығып  кетсін»,  —  деп  Қарқаралының  аға  сұлтаны 

Тәукенің  Жамантайына,  Көкшетаудың  аға  сұлтаны  Қара  Тоқаның  Зілқарасына, 

Аманқарағайдың  аға  сұлтаны  Уәлидің  Шыңғысына  ат  шаптырды.  Ондағы  ойы 

кілең  мықты  қол  қойып,  Омбы  генерал-губернаторынан  қазақ  даласына 

зеңбіректі  мол  әскер  шығар  деп  өтіну  еді.  Ал  егер  Омбы  шын  қол  ұшын 

бермейтін  болса,  амалын  тауып,  уақытша  Кенесарымен  келісімге  келмек.  Түбі 

жауласып  өтетінін  Қоңырқұлжа  жақсы  біледі,  бірақ  басқа  жол  қалмаса  қалай 



210 

Әдеби KZ 

жол  табады?  Кенесары  шыдатар  емес.  Бостан-бос  қырылғанша,  беттің  арын 

белге  түйіп,  бас  иген  боп,  оны  алдай  тұрып  жан  сақтаған  жөн.  «Жаздым, 

жаңылдым»  десе,  Кенесары  тимейді.  Қоңырқұлжа  мұны  да  жақсы  түсінеді. 

Өйткені Кенесарының бар тілегі қазақтың басын қосып ақ патшаға қарсы шығу 

деп  түсінеді.  Ақмола  аға  сұлтаны.  Бұл  тілектің  ар  жағында  бақ  құмар  Қасым 

баласында  қандай  ой  жатқанын  дөрекі  Қоңырқұлжа  қайдан  сезсін.  Ол  тек 

мақсатына  қарсы  шықпасаң,  Кенесары  қандай  күнәң  болса  да  кешеді  деп 

болжайды.  «Ер  шекіспей  бекіспейді  деген,  шекістім  —  сен  жеңдің  деймін,  — 

дейді  ішінен  Қоңырқұлжа,  —  міне  қолым».  Ал  реті  келген  күні  Құдаймендінің 

қанішер  ұлы  шімірікпестен  Кенесарыны  сол  қолымен  өзі  бауыздамақ. 

«Аллатағала,  —  дейді  ол  тағы  да  ішінен  жалбарынып,  —  сол  күнге  жетер 

болсам, сол сәтте жанымды алсаң арманым жоқ!». 

 

Қоңырқұлжа  жол  дайындығын  тез  бітірсе  де,  аға  сұлтандарды  күтіп  көп 



кідірді.  Ақырында  олардан  да  хабар  келді.  «Ел  арасы  бүліншілік,  қазір  орыс 

солдаттары  қорғап  тұрған  приказдардан  тыс  шығу  қауіпті.  Келмеді  деп 

өкпелемесін.  Бізден  жалғыз  тілек:  «Омбы  тез  әскер  шығарып  Кенесарыны 

құртсын.  Ал  Кенесарыны  құртуға  ең  ыңғайлы  кез  қыс.  Қыста  ол  жаздағыдай 

алысқа  бара  алмайды.  Және  бар  сарбаздарын  таратып,  тек  ең  жақын 

батырларымен,  қарамағындағы  үш  жүз  үй  төлеңгітімен  ғана  қалады»  депті. 

Ауыздарына  түкіріп  қойғандай  бәрі  бірдей  осы  сөзді  айтып  жіберіпті.  Патша 

солдаттарының  артына  тығылып,  приказдарынан  шыға  алмай  отырған  аға 

сұлтандардың сөздерін естігенде Қоңырқұлжа Кенесарының қаншалық күш ала 

бастағанын анық сезінді. Енді шын қорқайын деді.  Сөйтсе де өзінің қайсарлық 

мінезіне салып: 

 

—  Кілең қоян  жүректер,  —  деді  жанында  қағаз  жазып  отырған  Есіркегенге, 



—  суыр  секілді  інімізге  кіріп  алып,  көзге  түспей  тығылып  жатсақ,  жанымыз 

211 

Әдеби KZ 

қалады деп ойлайды ғой. Мен білетін Кенесары болса, қасқыр соққан аңшыдай 

әрқайсысын жекелеп соқпаса қара да тұр! 

 

Кенесары  батырларының  ерлігі  соңғы  кезде  жұрт  арасында  аңыз  болып 



тарала бастаған. Жас жігіт атаулысының батырлықты, ерлікті даңқ тұтатын әдеті 

емес  пе,  Есіркеген  де  мұндай  әңгіме-жырларды  ұйып  тыңдайтын.  Оның  үстіне 

үлкен  атасы  Масан  ақсақалдың  да  бір  бүйірі  Кенесарыға  тартып  тұратынын 

сезетін. Шүу дегенде Кенесарыға қарсы шыққан аға сұлтан Жамантай осы кісінің 

ақылы арқасында соңғы кезде ереуілшілерге қарсы келмей, бұғып қалуға көше 

бастаған.  Масан  ақсақал  туған  немересі  жас  Есіркегенге  де  осындай  тәлім-

тәрбие  беретін.  «Не  болсаң  да  жұртыңмен  бол,  егер  жұртың  Кенесарыға  еріп 

кетсе,  айдалада  қаңғып  қалған  жалғыз  қаздай  не  қызық  көресің?  Одан  да  су 

ішсең де, суан ішсең де өз үйіріңнен айрылма!» — дейтін. Осындай рухта тәлім-

тәрбие  алып  жүрген  бала  жігітке  Қоңырқұлжаның  аға  сұлтандары  «Кенесары  

аш  қасқырдай  біртіндеп  соғады»,  —  дегені  өте  ұнап  қалды.  Бірақ  сыр  берген 

жоқ, жәй әшейін күлімсіреді де қойды. 

 

Қоңырқұлжа  да  дәл  осы  сөзді  айтып  отырған  кезінде  екі  жылдан  бері  ғана  



орысша оқи бастаған Есіркегеннің өсе-өне келе қазақ деген елінің ұлттық туын 

көтеретін  ең  алғашқы  оқығандарының  бірі  болатынын  білген  жоқ.  «Бұл  неге 

күлімсірейді?» деп оның бетіне ожырая қарады да, аға сұлтан бір шабарманын 

шақырып  алып,  өзімен  бірге  Омбыға  жүретін  он  жігіттің  жолға  дайындалуын 

бұйырды. 

 

— Күн түске аумай жүріп кетеміз, — деді ол. 



 

Бұл  таңертеңгі  кез  еді.  Күн  ашық,  Сарыарқаның  күзгі  салқын  желі  тұра 

бастаған.  Кейде  аспанды  қалың  сұрғылт  бұлт  та  шырмайды.  Бірақ  күзгі  қалың 

жаңбыр мезгілі әлі келе қоймаған уақыт. 

 

Шабарман шығып кетті де қайта оралды. 



212 

Әдеби KZ 

 

— Аға сұлтан, сізге жолығам деп бір бейтаныс жігіт келіп тұр. 



 

— Қайдан екен? 

 

— Онысын айтпайды. Тек аға сұлтанның өзімен ғана сөйлесем дейді. 



 

— Кіргіз. Тек қару-жарағы болса алып қал... 

 

Баласы  Шыңғыс  өлгеннен  бері  Қоңырқұлжа  бейсауат  адамнан  қатты 



сескенетін. «Кім біледі, — деп ойлайтын ол, — Кенесары бір жындысын жіберіп, 

ол қарныңа қара пышағын сұғып алса не істейсің? Маған өшіккен адам аз ба?» 

Сондықтан  да  Қоңырқұлжа  беймәлім  біреу-міреу  жолықпақшы  болса 

нөкерлеріне ең алдымен оның қару-жарағын алуды тапсыратын. 

 

Үйге  шегір  көз,  бетінде  қан  жоқ,  сөл  жоқ,  қатқан  сары  жігіт  кірді.  Түрі  кісі 



өлтірген адамдай сұсты екен. Есіркегеннің бойы әлденеге дірілдеп кетті. 

 

— Ассалаумағалайкүм, аға сұлтан. 



 

— Уағаликум ассалам. Сөйле, жігітім. 

 

Қоңырқұлжа  мен  Есіркегеннің  көзі  бірдей  жігіттің  белбеуіне  түсті.  Киімі 



нашар  болғанымен,  белбеуі  әсем  екен.  Оның  үстіне  оң  жақта  тұратын  құты, 

оқшантайы сол жағына шығып кетіпті. 

 

—  Өзі  қайда?  —  деді  Қоңырқұлжа  кенет  алдында  тұрған  —  Ожар  жіберген 



адам екенін түсініп. 

 

— Өзі Байтабынның жасағында. Келе алмады. Кенесары... — деп келе жатты 



да  ол  «мынаның  көзінше  сөйлеуге  бола  ма»  дегендей  Есіркегенге  қарады  да, 

тына қалды. 

 

 — Айта бер. Бұл бала өзіміздің адам. 



 

Кенесары  екі  топ  жасағын  аттандырды.  Бірін  Ағыбай,  екіншісін  Байтабын 

бастап  келеді.  Ағыбай  тобы  қазір  Қаражар  шатқалында.  Ертең  Қарқаралыға 

өтпек! Аға сұлтан Жамантайдың ойдағы жылқысын айдап әкетпек! Кене оған ақ 

патша жағына шықты деп өте ашулы. 


213 

Әдеби KZ 

 

— Ал Байтабын қолы қайда? Оның беті қай тұс? 



 

— Мен Ағыбай жасағындамын. Батыр алдымызды барлап кел деп жіберді... 

Ал  Байтабын  жасағы  кейінірек.  Шамасы  бүгін  түнделетіп  жүріп,  таң  ата  осы 

араға  жетпек.  Беті  сіздің  ауыл.  Кенекең  оны  Қоңырқұлжаның  қалған  малын 

айдап кел деп жіберді. 

 

Қоңырқұлжа күп-күрең боп кетті. 



 

— Өздері қанша адам? 

 

— әрқайсысында жиырма бес сойылдан. 



 

— Бар болғаны сол ма? — Қоңырқұлжа қаһарлана қалды.  — Басынған екен 

әбден!  Көкелерін  танытамын  мен  әлі?  Ағыбай  жасағы  Қаражар  шатқалында 

дедің бе? 

 

 — Иә, бүгін түнде сол арада ат тынықтырып алмақ. Ертең Қарқаралы аспақ... 



 

—  Жарайды,  —  деді  Қоңырқұлжа,  сөйтті  де  сыртта  тұрған  шабарманына 

дауыстап, — Асылкерейді шақыр, — деді. Ол қайтадан сары жігітке бұрылды. — 

Байтабын менің жылқымның қайда екенін біле ме? 

 

Есіркеген  әңгіменің  түп  нұсқасын  бірден  түсінді.  «Ана  кісісі  кім  екен? 



Байтабын  тобында  Қоңырқұлжаның  көз-құлағы  болған  ғой».  Әйтсе  де,  «ана 

кісілерің кім?» деп сұрауға бата алмады. Үн-түнсіз тыңдай берді. 

 

—  Сонда,  менің  жылқымды  қай  тұста  деп  жорамалдайды  Байтабын?  — 



Қоңырқұлжа  өзінің  түбектегі  тығулы  жылқысын  ешкім  білмейді  деп  ойлаған 

болуы керек. 

 

— Есілдің Ертіске қарай бұрылатын жерінде деседі... 



 

— Алда әкеңнің аузын ұрайындар-ай, бәрін біліп отыр екен ғой! 

 

—  Ана  кісі  өзі  жасақтан  бөліне  алмайтын  болған  соң,  маған  сізге  айт  деген 



тағы бір құпия сыры бар... 

 

— Оның тағы не сұмдық? 



214 

Әдеби KZ 

 

— Осы ауыл маңайында сізді торып әбдіуақит деген Кенесарының бір кісісі 



жүр. Оған сіздің басыңызды алу тапсырылған. 

 

Қоңырқұлжа енді тіпті шошып кетті. 



 

— Қай әбдіуақит? 

 

— Бұрынғы өзіңіздің төлеңгітіңіз. Күміс деген қызын... — Сәмен ыржия күл-



ді, — бозбалашылық етіп... нетіп жіберген көрінесіз... 

 

Ел  құлағы  елу,  Күміске  істеген  Қоңырқұлжаның  жауыздығын  Есіркеген  де 



естіген.  Туған  қарындасын  қорлағандай,  іштей  өте  қынжылған.  Өйткені  ол 

былтыр  оқуға  бара  жатып,  мал  басында  отырған  әбдіуақиттың  үйінен  сусын 

ішкен.  Сонда  Күмісті  де  көрген.  Жас  қызбен  бір-екі  ауыз  сөзге  де  келіп,  тіл 

қатысқан.  Оның  көркіне  риза  болып  кеткен.  Сол  Күміске  Қоңырқұлжаның 

істеген қорлығын естігенде, Есіркеген аға сұлтан дәл сол сәтте қолына түссе ішке 

тепкілейтіндей боп ашуланған. Сол Қоңырқұлжасы мынау. Оны ішке тепкілемек 

түгіл,  өзі  оған  хатшы  болып  жұртқа  істемек  қиянатына  көмектесіп  отыр. 

Есіркеген Қоңырқұлжаны балағаттап жібере жаздап өзін-өзі әзер басты. 

 

Қоңырқұлжа  бірдеме  айтпақшы  болып  келе  жатыр  еді,  үйге  аға  сұлтанның  



жасағының бастығы, ұзын бойлы, қара мұртты Асылкерей кіріп келді. 

 

Аға  сұлтан  Сәменнің  сөзін  оған  тегіс  айтып  берді  де,  ойын  тұжыра  бұйрық 



берді. 

 

—  Ағыбайды  Қарқаралыға  өткізбей,  жатқан  жерінде  күн  бата  басу  керек. 



Біздің істеген жақсылығымызды мына жігіт Жамантайға айта барар. Бұ да қазір 

жүріп кетеді. — Ол Есіркегенді нұсқады. — Елінің шетіне жау жеткенін хабарлар. 

Сосын  сен  бар  сарбаздарыңмен  Байтабынды  түбектің  аузында  күт.  Біреуін 

жібермей  қырып  сал.  Оны  жайғастырған  соң  осы  ауылдың  маңын  тегіс  сілкіп 

шық.  Мені  өлтірмек  боп  торып  жүрген  әбдіуақит  құлды  қайтып  келгенімше 

ұстап алып, кісендеп қой. Жазасын келген соң өзім берем. 



215 

Әдеби KZ 

 

— Ел шетіне жау келіп жатқанда... — Асылкерей күмілжи сөйледі, — мүмкін 



сіз жүрмессіз... 

 

— Жау ел шетіне бүгін келіп тұр ма? — Қоңырқұлжа жасақ бастығының сөзін 



жақтырмай  қалды.  —  Жиырма  адамға  күштерің  жетпесе,  несіне  ат  мініп,  қару 

асынып жүрсіңдер? — Ол «әбдіуақит аңдып жүр» деген сөзден сескеніп қалған-

ды. «Мен келгенше ол итті жігіттерім ұстап алар, оған дейін бой тасалай тұрған 

жөн  болар»,  —  деген  ойға  келген.  Сол  себепті  аға  сұлтан  Омбыға  тез  жүріп 

кетіп,  қалың  орыс  арасына  жетуді  дұрыс  көрді.  —  Біз  Омбыға  тез  баруымыз 

керек, — деді ол жасақ бастығына. — Онда бізді бұдан да зор іс күтіп тұр. 

 

Барлық  жауапкершілікті  Асылкерейге  жүктеп,  Қоңырқұлжа  аттанып  кетті. 



Жол  бойындағы  әлі  Кенесары  құрығы  түсе  қоймаған  бай  ауылдардан  ат 

ауыстырып мініп, суыт жүріп үшінші күні таң ата Омбыға жетті. 

 

Қоңырқұлжа бұл қалада бірнеше рет болған. Бұрын мұнда нелер ақжарқын  



күндері  өткен.  Патша  ағзамның  ең  жоғарғы  сатыда  тұрған  мәртебелі 

адамдарының  талайымен  кездескен.  Аға  сұлтанның  есінде  осындай 

кездесулердің екеуі мәңгі ұмытылмастай сақталған еді. Бірі 1829, яғни қазақша 

Сиыр  жылы,  осы  Омбы  қаласындағы  тілмаштар  мектебінің  қырық  жылдық 

мерекесіне арналған салтанатты кеш. Онда Сібір қазақтары жайындағы ережені 

шығарған патшаның оң көзі Сперанскийдің өзі бар. Кең залда ойнаған оркестр, 

би, ойын-күлкі... Қоңырқұлжаға ең алғашқы рет орыс офицері — штабс-капитан 

аты берілгені осы жолы еді. Содан бері тоғыз жыл өтіпті. Қазір ол подполковник. 

Екінші есте қалған күн — алдыңғы жылғы күз. Бұл күні бір шеті мен бір шеті тай 

шаптырым  төрт  қабат  ақ  үйде  Омбының  кадет  копусы  ашылды.  Бұл  тойға  да 

қазақтың аға сұлтан, асқан байлары шақырылды. Тойды князь Горчаковтың өзі 

басқарған.  Өзге  аға  сұлтандардан  гөрі  князь  Қоңырқұлжаға  ерекше  көңіл 

бөлген.  Тіпті  би  біткен  кезде,  зәулім  биік  залда  ерсілі-қарсылы  әңгіме  құрып 


216 

Әдеби KZ 

жүрген аққу-қаздарша сылаңдаған орыс дворяндарының әйелдері мен сыптай 

боп  сәндене  киінген  орыс  офицерлерінің  алдында  Горчаков  оны  қолтықтап 

өткен. Өзге аға сұлтандар қызғанғаннан іштері жарыла жаздаған. Сол жолы ғой 

Горчаков оған: 

 

—  әрі  кетсе  бір  жиырма  бес  жылда  қазақтың  ұл-қыздары  да  мыналардай 



болады, — деген жан-жағындағы әйелдер мен офицерлерін көрсетіп. 

 

Сары  далада  көшіп  жүрген  қазақтар  жиырма  бес  жыл  ішінде  мыналардай 



болады деген князь сөзіне Қоңырқұлжа таң қалған. Ол ойын жасырмай: 

 

— Егер қазақ бұлардай болғысы келмесе не істейсіз? — деп сұраған. 



 

— Онда, — деп Горчаков ойланбастан жауап берген. — Аюға ақыл үйреткен 

таяқ  деген  мақалды  естігенің  бар  ма?  Жерінен,  билігінен  айрылған  қазақ 

айтқанға көнбей қайда барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, 

соқа  жегіп,  жер  жыртуды  үйретеміз.  Қол-аяғын  матап  шіркеуге  кіргізіп,  Иисус 

Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз. 

 

Горчаковтың  осы  бір  адуынды  тік  жауабы  Қоңырқұлжаға  ұнаған.  «Өз 



басымды хан етсе, мейлі, қара қазақты пісіріп жесін. Одан менің нем кетеді? Ал 

сонда...»  Аға  сұлтан  ойлана  қалды.  «Сол  күштеуден  не  шықты?  Арқа  қазақ 

атаулысының  жартысына  таяуы  осы  күштеуге  көнбей  қарсы  көтеріліп  отырған 

жоқ  па?  Жақсы.  Кенесарыны  жоямыз,  бірақ  қазақ  Горчаковтардың  айтқанына 

көніп, айдауына оп-оңай жүре қояр ма екен?». 

 

Қоңырқұлжаның  есіне  тағы  да  бір  уақиға  түсіп  кетті.  Ол  кезде  Қоңырқұлжа 



жас. Тобыл қаласында 1789 жылы тілмаштар дайындайтын мектеп ашылған. Он 

бесінде соған кеп түскен. Оның алдына әкесі Құдайменді шоқынған бір татарды 

жалдап  Қоңырқұлжаға  әзер-мәзер  орысша  хат  танытқан.  Сол  шоқынған  татар 

мұғалімі қызық  адам  болатын. Құдайменді  байдың  баласынан  кім  шығатынын 

қайдан білсін, күйген томардай қара-қошқыл, дөрекі Қоңырқұлжаның басынан 


217 

Әдеби KZ 

сипап:  «Оқы,  оқы,  қазақ  малайы.  Рус  языкысыз  жить  булми.  Қазір  пушкасы 

килсә, соңынан Пушкині килә, бізге күн рус культурасымен шыға», — дейтін. 

 

әрине, Қоңырқұлжа ол кезде пушканың зеңбірек екенін ұқса да, Пушкиннің 



кім  екенін  түсінбеген.  Бес  жыл  өткеннен  кейін  ғана  барып  Пушкинді  де  білді. 

Бірақ  бұл  кезде  ол  қазақ  даласында  өз  үкімін  жүргізу  үшін  оған  Пушкин  емес,   

пушка  керек  екенін  ұқты.  Сондықтан  да  ол  Горчаковтың  «Аюға  ақыл  үйреткен 

таяқ, қазақ елін де күшпен көндіреміз»,  — деген сөзіне намыстанбаған. Өзінің 

тілегі  мен  Горчаковтың  тілегі  бір  екеніне  көзі  жеткендіктен  қазақ  даласына 

пушканың көбірек келуін мақұл көрген. 

 

«Міне қазір өзі де осы тілектің айдауымен келе жатқан жоқ па?» Аға сұлтан 



ауыр  күрсінді.  «Иә,  иә,  Қараөткел  бекінісіне  сол  пушкалардың  көбірек  жетуін 

тілек  етпек.  Ал  сол  тілегін  губернатор  орындар  ма  екен?  Орындауға  тиісті. 

Өйткені екеуміздің де арманымыз бір, жолымыз бір». 

 

Расында да бұл кезең осы екі сұмырай тілектің аса бір ұштасқан кезеңі еді. 



 

Қоңырқұлжаның есіне кенет әкесі айтқан бір ескі аңыз түсіп кетті. «Дүниеде 

не  қызық?»  деп  сұрапты  Шыңғысхан  бір  күні  өзінің  нөкер,  нояндарынан.  Бір 

батыры:  «Дүниеде  бүркіт  салып,  түлкі  ілген  қызық».  Екіншісі,  «ғашық  болған 

сұлуыңды  құшқан  қызық».  Ал  үшіншісі,  «алтын  тақта  отырып  жұртқа  әміріңді 

жүргізген  қызық»,  —  депті.  Сонда  Шыңғысхан:  «Жоқ,  білмедіңдер.  Қастасқан 

жауыңды  алдыңа  салып  айдап,  қатын,  қызын  бауырыңа  басып  құшып,  мал-

мүлкін талан-тараж етіп тартып алғаннан дүниеде қызық ештеңе жоқ», —деген 

екен. Осы аңыз есіне түсіп кеткен аға сұлтан атын тебініп қалып кенет күбірлеп 

жіберді:  «Ата  жауым  Кенесарыны  табанымның  астына  салып,  Күнімжан 

бәйбішесін бауырыма бір бассам, бүгін өліп кетсем де арманым жоқ». 

 

Екі жағы бірдей ұйыса ағаш өскен даңғыл жолмен Қоңырқұлжа қала шетіне 



жеткенде  қайда  түсерін  ойлап  сәл  кідірді.  Қарсы  алдында  минарет,  Омбы 

218 

Әдеби KZ 

мұсылмандарының мешіті, оның ар жағында Ғабдырахманұлы Мұхамед Шариф 

ахонның қызыл кірпіштен салған кең сарай үйі. Жолдың кіре беріс сол жағында 

ғажайып  салтанатты,  төрт  күмбезді,  бастарында  алтын  жалатқан  кіресі  бар 

зәулім  шіркеу,  одан  солырақ,  алаңның  ар  жағында  қасына  азырақ  тал  еккен 

генерал-губернатордың екі қабат ақ үйі — салтанат сарайы. Көк темір төбесінде 

татар  қыздарының  басына  киетін  тақиясы  тәрізді,  жіңішке  терезелері  төрт 

жаққа бірдей шыққан, төрт бұрышты, губернатордың жұмыс істейтін бөлмесі... 

Төменде  бірнеше  жұпыны  келген,  ағаштан  салған  жатақ  үйлері.  Одан  әрі 

шіркеумен  жалғаса  тастан,  күйдірген  кірпіштен  қалаған  сәнді-салтанатты  екі 

қабат, үш қабат үйлі үлкен қала жатыр... 

 

Қоңырқұлжа  ахондікіне  түсуді  ұйғарды.  Мұхамед  Шариф  үйінде  екен. 



Құшағын жая қарсы алды. Сол  күні-ақ Қоңырқұлжа ахоннан Омбы облысының 

бастығы  Талызинның  ауырып  жатқанын  естіп,  генерал-губернатормен  жеке 

сөйлеседі екенмін деп қуанып қалды. 

 

Қоңырқұлжаны  ертеңіне  генерал-губернатордың  өзі  шақыртып  алдырды. 



Ақмола бекінісін Кенесарыдан қорғай алмағанын айып көрген аға сұлтан кенет  

жүрексініп,  губернатордың  салтанат  сарайына  Мұхамед  Шарифты  ерте  барды. 

Бірақ Горчаков тек Қоңырқұлжаны қабылдады. Генералдың атұлтанты 

1

  — ұзын 



бойлы корнет «кіріңіз» дегеннен кейін, қабылдау бөлмесінің қара былғарымен 

қапталған есігін аға сұлтан қобалжи ашты. Бөлме өзіне бұрыннан таныс. Қырық 

құлаш  кең,  биік  зал.  Сары  сафьян  былғарымен  тысталған,  арқа  ағаштары 

оюланған  жұмсақ  орындықтар.  Ең  түбінде,  жасыл  шұғамен  жапқан,  өрнекті, 

зілдей  стол.  Қабырғасында  Бірінші  Николай  патшаның  полковниктік  дәрежеде 

түрегеліп  түскен суреті. Әшекейленген төбеден төмен салбыраған жалтыраған 

жез  баулы  шам  қоятын  аспалар...  Стол  үстінде  алтын  жұмыртқа  тәрізді  сия 

                                                 

1

 А т ұ л т а н т — адъютант деген сөздің қазақша түрі. 



219 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет