Практикалық конференциялардың материалдары және ақындардың арнау өлеңдері мен жыр-дастандары енгізілген



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата29.01.2017
өлшемі13,56 Mb.
#2961
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

ҰЛЫ БАБАНЫҢ БЕЙНЕСІ
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
2001 жылдың күзіне таман дауылпаз жырау Қожаберген Толыбай сын-
шыұлының туғанына екі жылдан соң 340 жыл толуы әңгіме арқауына айнала 
бастады. Облыстық әкімдік ұйытқы болып, бірқатар ауқымды шаралардың жо-
спары бекітілді. Академик Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан 
мемлекеттік университетінде ғылыми-теориялық конференция өткізу, ақындар 
мүшәйрасына конкурс жариялау шаралары қарастырылды. Осындай қомақты 
жоспарға батыр, жыраудың портретін салу енгізіліп, маңызын кемітпеу үшін 
оған да конкурс жарияланды. Бұл іріктеуге өзіміздің өңіріміздің ғана емес, көрші 
Көкшетаудың қылқалам шеберлерін де қатыстыру ұйғарылды.
Сол жылдары нағыз ұлтшыл азамат Қуат Есімханов облыс әкімінің орын-
басары болып қызмет істейтін. Міне, осы басшының тікелей ұйымдастыруы-
мен қат-қабат атқарылып жатқан көкжиегі кең істердің бірі Қожабергеннің 
портре тін салу болатын. Соған қоса, газет, теледидар журналистері тап-
сырма алып, батыр баба туралы мақалалар жазуға, бейнефильмдер түсіруге 
кірісіп кетті. 
Бүгінгі күннен он жыл бұрын өткен сол оқиғалар енді есіме түсіп отыр. 
Көптеген шаралардың басы-қасында болған, облыстық әкімдіктің әлеуметтік-
мәдени бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған, бүгінде зейнеткер Раиса 
Қасымованы әңгімеге тарттым.
– Иә, бұл орайда көп ізденіп, жырау өміріне қатысы бар деректерді мұқият 
жинастыруға атсалыстым, – деді Раиса Орынбасарқызы. – ХVІІ ғасырдың 

174
        Қожаберген жырау – 350
ортасынан ауа туып, жүз жыл ғұмыр кешкен адамның өмірдеректерін, атқарған 
істерін, жазған жыр-дастандарын, атақты «Елім-айын» қаз-қалпында қайта 
оралту оңай болмады. Бірақ іздендік, біраз деректерді таптық.
 Осы мақсатпен ол және облыс әкімінің баспасөз хатшысы Галина Халетова 
жандарына оператор алып, Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылына барады. 
Осында Қожаберген әулетінің келіні болып табылатын бір кейуанамен кездесіп, 
Галина Михайловна «Елім-ай» атты деректі суреттеме жасайды. Алайда, түр-
түсін бейнелейтін ешбір дәйек жоқтығы қинайды. Жаңағы қарт ана айтқан 
«Сегіз сері Қожабергенге ұқсайды екен деген әңгімелер құлағыма шалынушы 
еді» де ген сөздерден өзге ешбір ілгек болмайды. Сегіз серінің өзінің де суреті 
болмаған соң, Қожабергеннің портретін салуға бел шешіп шығатын суретшіні 
табу да қиын еді.
– Сол кездері марқұм Қосыл Омаров «Қазақ тілі» қоғамының облыстық 
ұйымын, мен қалалық бөлімшесін басқарған едік. Бір күні бізді өзге бір топ 
ақсақалдармен бірге Қуат Есімханов қабылдауға шақырды. Әңгіменің арқауы – 
жыраудың портретін салған суретшілердің туындыларын талқылап, сыннан 
өткізу. Онға тарта суретші жиналыпты. Екеуі – Көкшетаудан, қалғандары – 
өз қаламыздан. Қарт тілші, сурет өнеріне де қабілеті бар Ожан Қали, бүгінде 
С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында бас суретші 
болып істейтін Ғалия Қожахметова, қалалық классикалық гимназияның сурет 
пәнінің мұғалімі Мәдениет Шоқаев және өңірімізге танымал өзге де қылқалам 
шеберлері келіпті. 
Талқылауға қатысқан азаматтардың бәрі әрі батыр, әрі жырау, Әз Тәуке 
ханның тұсында қазақ жасақтарын басқарған ордабасының сырт кейпі жөнінде 
ой-пікірлерін ортаға салып, оның жүзі қайырымды, бірақ сонымен қат-қабат 
қайсар, рухты болуы керектігін айтқанымен, келбетіне келгенде мүдіре берді. 
Суретшілердің салған портреттері көңілден шықпады.
Солардың ішінен ең беделдісі әрі шебері Анатолий Бургаевты Қуат Есім-
ханұлы оңаша алып қалып, біраз сөйлесті. Біз сыртта тұрдық. Біраздан соң 
Бургаев екеуміз оның К. Сүтішев көшесіндегі шеберханасына келдік. Суретші 
жол бойы үн-түнсіз еді, келгеннен кейін қинала сөйлеп, тұйыққа тірелгенін 
жасырмай айтты. Оның менімен бүкпесіз әңгімелесуіне мұның алдында 
суретшінің республикалық көрмеге ұсынған ұлттық нақыштағы портреттеріне, 
кескіндемелеріне бір-бір шумақтан өлең жазып бергенім себеп болған шығар. Ол 
сөйтіп мені шығармашылық ынтымаққа тартқан еді.
– Сіз маған көмектессеңіз қайтеді, бұл қазақтың ұлттық нақышы ғой. Жаңа 

175
Қожаберген жырау – 350
Қуат Есімханұлы Қожаберген жыраудың біздің өңіріміз ғана емес, барша 
Қазақстанның ұлы тұлғасы, Тәуелсіздіктің ту ұстаушысы екенін зердеме құйып 
берді. Ол бұл портрет тарихи туынды болып қалатындай салынуы керек деп 
ескертті, – деді Анатолий Николаевич.
1970 жылы отыз бір жасында ССРО Суретшілер одағының мүшесі болған, 
алпыстан астам көрмесі ұйымдастырылған оның шеберлігіне шәк келтіруге бол-
майды. Бірақ өте абыржып жүргенін анық аңғардым. Бірде ол телефон шалып, 
келуімді өтінген соң бардым.
– Уақыт таяп қалды. Мен ең алдымен өзіңе көрсетейін деп едім. Бірнеше 
суреттің нобайы салынды. Бірақ көңілімнен шықпайды. Бір кемдігі бар сияқты 
болады да тұрады. Мен кеше бір кітап оқып едім. Сонда бір суретшінің араға 
ондаған жылдар түсіп кеткен адамның суретін кейінгі ұрпақтарына қарап 
оты 
рып салғанын оқыдым. Адамның тегі ұрпақтарында сақталады екен. 
Маған Раиса Орынбасарқызы Қожабергеннің Ұлы Отан соғысына қатысқан 
ұрпақтарының бірінің суретін ұсынып еді. Жүзінен қайсарлылығы аңғарылады. 
Бірақ қартайған шағындағы суреті болған соң оншалықты кәдеге асыра алма-
дым, – деді.
– Сіз жыраудың тегін, руластарын айтып тұрсыз ғой.
– Иә!
– Олай болса, менде Қожабергенмен аталас көшебе керейдің ағайынды екі 
жігітінің суреттері бар. Соларды әкеліп берейін. Мүмкін пайдаланарсыз, – дедім.
Ол қуанып кетті. Ертеңіне мен әлгі ағайынды екі жігіттің өзімде сақтаулы 
суреттерін беріп кеттім.
Арада біраз уақыт өткенде Анатолий Николаевич қазіргі Достық үйіндегі 
облыстық «Қазақ тілі» қоғамы орналасқан кабинетке келіп, салған портретін 
Қосыл Әбдірахманұлы екеумізге көрсетті. Қожаберген жыраудың бүгінгі 
портреті – сол сурет.
Қосекең екеуі Қуат Есімхановқа кетті. Одан соң облыс әкімі Қажымұрат 
Нағыманов портретті құптап, оған Анатолий Бургаевтың авторлығын бекіту 
керектігін тапсырыпты.
– Содан көп ұзамай Қуат Есімханұлы портреттің көшірмесін талқылап, 
бекіту үшін Ұлттық ғылым академиясына және Суретшілер одағына жіберді. 
Біраздан кейін академиядан шақырту келді. Бекітуге оның өзі барып, маған 
авторлық құқық берілді, – деді Анатолий Бургаев.
2002 жылы университетте өткен конференцияда және жыраудың 340 
жылдық мерейтойы тойланған күндері Жамбыл ауданында Анатолий Бурга-

176
        Қожаберген жырау – 350
ев салған портрет асқақтап тұрды. Бүгінде Қожаберген портретінің Анатолий 
Бургаев салған негізгі нұсқасы облыстық бейнелеу өнері мұражайының қорында 
сақтаулы.
Сөз соңында айтарым, әйгілі суретшіміз салған портретті Қазақстан 
Республикасының Суретшілер одағы және Ұлттық ғылым академиясы авторлық 
құқық беріп, құптағандықтан кейін оны соған сай бағалау керек. Өкінішке қарай, 
кейбір оқу орындарында, мекемелерде Қожабергенді өздерінше кейіптеген, 
көркемдік деңгейі сын көтермейтін суреттер де кездесіп жүр. 
«Солтүстік Қазақстан» газеті,
19 маусым 2013 ж.

12-254
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Қожаберген жырау – 
Ұлы Дала дауысы

179
Қожаберген жырау – 350
«Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысы» (Алматы)  және 
 «Ел тұтастығы үшін күрескен қаһарман тұлға – Қожаберген жырау» 
(Астана) республикалық ғылыми-практикалық конференцияларының 
материалдары
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ ТОЛЫБАЙ
ҰЛЫНЫҢ 
ТУҒАНЫНА 350 ЖЫЛ ТОЛУЫН ДАЙЫНДАУ 
ЖӘНЕ ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №1678 
қаулысы
«Мерейтойлар мен атаулы күндердi мерекелеу туралы» Қазақстан Респу-
бликасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi №1465 қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 
жыл толуын дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
2. «2012-2014 жылдары республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтой-
лар мен атаулы күндердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 3-ө өкiмiне мынадай өзгерiстер мен 
толықтыру енгiзiлсiн:
– көрсетiлген өкiммен бекiтiлген 2012-2014 жылдары республикалық 
деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы күндердiң тiзбесiнде:
– реттiк нөмiрi 9-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: 
– «МАМ, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi»;
– реттiк нөмiрi 10-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, БҒМ, барлық облыстардың, Астана, Алматы қалаларының 
әкiмдерi»;
– реттiк нөмiрi 11-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, Қарағанды облысының әкiмi»;
– реттiк нөмiрi 12-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

180
        Қожаберген жырау – 350
– «МАМ, Павлодар облысының әкiмi, Қазақстан Жазушылар одағы 
(келiсiм бойынша)»;
– реттiк нөмiрi 13-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, Алматы, Қарағанды облыстарының, Астана, Алматы 
қалаларының әкiмдерi»;
– мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-1-жолмен толықтырылсын:
13-1
Қожаберген 
жырау 
Толыбайұлының 
350 жылдығы
Қазақстан 
Республикасы 
Үкiметiнiң қаулысы
МАМ, БҒМ, Солтүстiк 
Қазақстан облысының 
әкiмi
2013 
жыл
– реттiк нөмiрi 14-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, СДШIА, Ақмола, Жамбыл, Солтүстiк Қазақстан облыстарының 
әкiмдерi»;
– реттiк нөмiрi 15-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, БҒМ, Алматы қаласының әкiмi»;
– реттiк нөмiрi 16-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, БҒМ, Павлодар облысының әкiмi, Қазақстан Жазушылар одағы 
(келiсiм бойынша)»;
– реттiк нөмiрi 17-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, Қарағанды, Павлодар облыстарының, Астана, Алматы қала-
ларының әкiмдерi»;
– р еттiк нөмiрi 18-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, Алматы қаласының әкiмi»;
– реттiк нөмiрi 19-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
– «МАМ, Қарағанды облысының әкiмi, Қазақстан Жазушылар одағы 
(келiсiм бойынша)».
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы: мынадай редакцияда жа-
зылсын:
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
БҒМ – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
СДШIА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi 
агенттiгi»
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi               
 
 
      С. АХМЕТОВ

181
Қожаберген жырау – 350
ҰЛЫ ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ
(«Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысы» атты республикалық
ғылыми-тәжірибелік конференциядан)
Алматы қаласында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, 
М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институттары мен «Жеті Жарғы» және 
Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 
ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ 
халқының әйгілі қаһарманы – жырау, күйші, батыр һәм қолбасшы Қожаберген 
Толыбайұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Қожаберген жырау – 
ұлы дала дауысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Осы орайда, Үкімет қаулысымен ұлттық мәдениет пен ғылымның аса 
көр 
некті өкілдерінің бірі ретінде 2012-2014 жылдардағы республикалық 
деңгейде аталып өтілетін мерейтойлар мен тарихи даталар тізіміне есімі енгізілген 
Қожаберген Толыбайұлы кім деген сауалды тағы бір саралап көрсек деймін.
 Қазақ хандығының құрылуы мен оның дербес мемлекет ретінде алысқа 
айбар, жақынға сұс болып қалыптасуына өлшеусіз зор үлес қосқан данагөй 
билеушілер мен баһадүр оғыландар, абыз би-шешендер мен көреген көсемдердің 
қатарында Қожаберген Толыбайұлы да бар. Ол қазақ елінің алғашқы заңдық 
құжаттарының бірі «Жеті Жарғыны» жүйелеген Әз Тәукенің үзеңгілес жол-
дасы, көк сүңгіні көлденең ұстап елге пана болған Бөгенбай батырдың ұстазы, 
Алаштың ақылманы, қазақтың қара қылды қақ жарған әділ билеушісі Хан 
Абылайдың замандасы және кеңесшісі болған тарихи тұлға.
Бір бойына сан түрлі қасиет тұнған Қожаберген Толыбайұлы – ақын, батыр, 
жырау, қолбасшы және мемлекет қайраткері. Соңында өшпес өнеге, мол мұра 
қалдырып, елдікті жырлаған ол Еділ өңірі түріктерінің, Батыс және Шығыс 
Сібір жұртының, әрісі Еуразия, берісі Орта Азия халықтарының мәдени және 
рухани бірлігі жолында аталы істің басында жүрген дала перзенті, адамзатты 
бейбіт те берекелі өмірге шақырушы һәм ізгілікті үндеуші халық үні.
Қожаберген Толыбайұлының шығармашылығы кезінде аз зерттеліп, терең 
зерделенбегені жасырын емес. Егер ел болып есімізді жимасақ, текті бабалар 
жан дүниесімен аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізбесек, бәлкім, бұл бабамыз да 
санадан өшіп, көңілден көшер ме еді?! Тәуба! Ұлан-ғайыр жерді аманаттап, ұлы 

182
        Қожаберген жырау – 350
істерді атқарып кеткен батыр, би, шешен, қайраткер бабаларымыздың өнегесі 
мен өрелі ісі, қилы заманда қиянат көрген әрбір тыныс-тіршілігі тиянақты 
зерттеліп келеді.
Қазақтың абыз ақыны, ойшыл ғалымы Мәшһүр Жүсіп Көпеев кезінде 
өзінің «Данышпан» деп аталатын дастанында Қожаберген Толыбайұлының 
атын алғаш рет Алаш баласына таныс қылып, ұлы жырау туралы құнды деректі 
үзілген жіпті жалғағандай етіп кейінгі ойлы ұрпаққа табыстап кетті. Одан 
кейін халық ағартушысы, қазақтың тағы бір дана ұлы Ыбырай Алтынсарин 
Қожаберген Толыбайұлының кейбір өлең толғаулары мен әйгілі «Елім-ай» 
дастанының үзіндісін жинақтап, 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ 
христоматиясына» енгізді. Ұлт үшін ұлы соқпаққа түскен Қожаберген жырау 
туралы әр заманда өзіндік үн қосқан қазақтың дуалы ауыз дауылпаздары жайлы 
деректер де табыла бастады. Мәселен, өз дәуірінің дүлдүлі болып, өз заманы-
на үн қосқан Дәстем сал Қарабасұлы (1677-1752), Жанкісі жырау Көшенұлы 
(1734-1817), Баһрам Шақшақұлы (1779-1826) секілді тарихи тұлғалардың 
Қожаберген жырау туралы орнықты ой айтып, оның шығармашылығын тілге 
тиек еткендігі белгілі болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 
басында Шәңгерей Бөкеев (1847-1920), Сұлтанмахмұт Торайғыров (1889-
1921) сияқты көзі ашық, көкірегі ояу ұлдардың ұлы жырау туралы зерттеу 
ісімен шұғылданғанын анықтадық. Одан беріде Ермұхан Бекмұханов, Әлкей 
Марғұлан, Ақай Нүсіпбеков, Бауыржан Момышұлы өз кезегінде Қожаберген 
жырау туралы өздері қанық мәліметтерді жазып қалдырған.
Бүгінгі күннің белді де беделді ғалымдары да Қожаберген Толыбайұлы тура-
лы талмай зерттеп, тарихтың қойнауында қалып бара жатқан тың деректермен 
қожабергентану ғылымын толықтырып келеді. Жыраудың жан-дүниесі мен ол 
өмір сүрген заманның сипатын айқындап, бүгінге дейін қолға түскен деректерді 
шып-шырғасын шашау шығармай өз баяндамасына енгізген көрнекті ғалым Ма-
наш Қозыбаев десек, әсте қателеспейміз. Ол кісінің 2000 жылы ҚР Ұлттық 
ғылым академиясының ұйымдастыруымен Қызылжар топырағында өткен 
«Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлының Отан тарихы мен қазақ поэзия-
сында алатын орны» атты ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баянда-
масы қыртысы қалың көп деректен сыр шертеді. Манаш Қабашұлы өзінің құнды 
деректерге толы баяндамасында «Қазақ мәдениетінің ірі қайраткерлері Ы. Ал-
тынсарин, Сегіз сері, М.Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ш. Бөкеев, С. Сейфул-
лин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, І. Омаров, М. Жолдыбаевтарды 
қызықтырған Қожаберген Толыбайұлының мұрасын игеру – заман талабы» деп 
орынды нұсқайды.

183
Қожаберген жырау – 350
 Қожаберген бабамыздан қалған рухани мұраның шексіз екендігінде дау жоқ. 
Қазақ халқының қабырғасы қайысқан заманда мұңын тарқатқан «Елім-ай» 
әні бір төбе, «Күлдірмамай», «Қойлыбай көреген», «Қарасары Балта керей», 
«Соқыр абыз», «Баба тіл» дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», «Дүние», 
«Жігіттік» сияқты толғаулары мен «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Шоңғал, 
шоңғал, шоңғал тас», «Сылаң Сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау», «Қазақ 
пен ноғайдың қоштасуы» секілді өлеңдері, «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», 
«Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлері, осының бәрі қатпар-қатпар 
тарихтың қойнауынан құнды деректі суырып алуға сұранып тұрған қазына. 
Оның сыртында жеті бөлімнен, 3683 шумақ, 14 732 жолдан тұратын «Елім-
ай» дастаны бірнеше ұрпақтың ғалымдары түгесе алмай кеткен құнды жәдігер, 
беті ашылған қазыналы қойма. Осының бәрі – кешеден бүгінге жалғасып келе 
жатқан тарих, тереңдеген сайын қазақтың тектілігін паш ететін зерттеу.
Енді сөзіміздің басында айтып кеткен Ғылым ордасында өткен Қожаберген 
бабамызға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция туралы, оған қатысқан 
ғалымдар мен қозғалған тақырып, ескерілген ұсыныстар жөнінде айта кетейік.
Аталмыш конференцияда қозғалған әңгімеге қазақ халқының біртуар ұлы, 
белгілі тарихи тұлға және жаугершілік кезеңінің өкілі, өзінің ақындық шы-
ғармашылығымен көшпелі қоғамның әлеуметтік идеологиясын құруға ықпал ет-
кен Қожаберген Толыбайұлының өмірі мен қызметі арқау болды. Ғылыми жи-
ында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік 
Қирабаев, тарих ғылымдарының докторы, генерал Абай Тасболатов «Дауыл-
паз баба – Қожаберген», тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді 
Әбжанов «Қожаберген жырау және тарихи таным», әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор 
Ғалымқайыр Мұтанов «Ұлттық рух ұрангері Қожаберген жырау», философия 
ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы «Елім-ай» дастаны – 
ұлттық идеяның мәңгілік арқауы», профессор Өмірзақ Айтбай «Баба тілі ту-
ралы толғаныс», Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, тарих 
ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембай, заң ғылымдарының 
докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сұлтан Сартаев «Қожаберген жырау 
және оның құқықтық көзқарасы», әскери ғылымдардың докторы, есімі елімізге 
жақсы таныс Қарулы Күштер ардагері Ким Серікбаев, ҚР еңбек сіңірген 
қайраткері, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев «Қожаберген жыра-
уды ұлықтау – ұрпақтың парызы» атты баяндамалар жасап, тарихи тұлғаның 
келбетін аша түсетін деректерді ортаға салды.
 Конференцияда сөз алған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, заң 
ғылымдарының кандидаты Сабыр Қасымов ел тәуелсіздігімен бірге түрік тілдес 

184
        Қожаберген жырау – 350
халықтардың бірлігіне, құндылықтарының сақталып, баюына қызмет еткен 
Қожаберген дәуірі басталды деген ойды дәйектеді.
 Бұдан өзге тарих ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Еженханұлы 
«Цин патшалық қытай-мәнжу жазбаларындағы Қожаберген», филология 
ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы «Қожаберген Толыбайұлының 
жаңадан табылған мұралары жөнінде», филология ғылымдарының кандидаты, до-
цент Ақжігіт Әлібекұлы «Қожаберген Толыбайұлы: тарихи шындық, көркемдік 
шешім, ғылыми сараптама», Пекиндегі Орталық ұлттар университетінің 
оқытушысы Нұрбақан Қалелханұлы «Ғұндардың «Янжи жыры» және 
Қожаберген жырау», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Джабархил 
Хошал «Кожаберген жырау и Хошалхан Хатак: тема идентичности в поэзии 
Востока, 17-18 вв.» атты ағылшын тіліндегі зерттеулерін көпшілік назарына 
ұсынды. Тақырыпты талқылауға елуге тарта ғалымдар мен қоғам қайраткерлері 
қатысқан жиынның кейбір баяндамалары мен ғылыми зерттеулерін ғана атап 
отырмыз. Ниетіміз – ел ішінде елеусіз қалған есті сөз, құнды дерек болса осы 
тақырыптар қозғау салып, бағыт сілтер дегеніміз.
 Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жоңғар шапқыншылығына 
қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, ХVІІІ ғасырдағы жекелеген та-
рихи тұлғалардың қызметі, халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық қаһарман 
батырлардың бейнесі мен сол кезеңде өткен саяси үдерістерді қамтитын сауал-
дар кеңінен талқыланды. Конференцияда қамтылған зерттеу тақырыптардың 
әртүрлі қырларын зерделей отырып қатысушылар Қазақстанның жаңа заман 
тарихындағы батыр, қолбасшы, жырау Қожаберген Толыбайұлының рөлі мен 
орнын одан әрі бағамдау, жыраудың ақындық шығармашылығы мен қызметін 
толық әрі кеңінен суреттейтін тарихи деректерді іздеу және анықтау, ел тари-
хында әртүрлі себептермен тиісті дәрежеде көрініс таппай жатқан халықтық 
жыраулардың қызметі мен шығармашылығын, өмірі мен замандастары туралы 
кешенді зерттеу ісін ұйымдастыру, қазақ даласындағы қоғамдық дамуға үлкен 
ықпал еткен көрнекті тарихи тұлғаларды мәңгі есте сақтау, олардың идеяла-
рын өзекті ету, рухани және материалдық мұраларын зерттеу, отандық және 
шетелдік қоғамдастықтардың назарын аударту, зерттеушілерге қолжетімді 
құжаттық және бейнелеу деректердің кеңеюіне ықпал етіп, тарихи тақырыпқа 
сәйкес ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстарды жариялау, Қожаберген 
Толыбайұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Петропавлдағы әскери 
училищені оның атымен атау, батыр бабаға Астана қаласында ескерткіш орна-
ту, артына қалдырған мол мұрасын жинақтап, кітаптар шығару секілді мәні зор 
мәселелерді қамтитын қарар қабылдады.

185
Қожаберген жырау – 350
 Бір тайпа елдің бағына бітетін қасиеттерді бір басына қондырған Қожаберген 
Толыбайұлы туралы зерттеу ісі әлі де жалғаса берері хақ. Ол туралы толымды 
зерттеу мақалалар отандық баспасөз беттерінде өз оқырмандарына жол таба-
тын болады. Қолдағы деректер мен жүргізіліп отырған ізденістерге қарап біз 
Қожабергентанудың ғылым санатында бір саты жоғарылағанын, аса маңызды 
қадам жасап, халыққа етене жақындағанына куә болдық. Сөз соңында мысқалдап 
жинаған маңызды мәліметтерді ғылымның сөресінде қалдырмай, жас ұрпақты 
тәрбиелеу құралы ретінде қолданысқа енгізу міндетінің тұрғанын да ескерген 
жөн деп есептейміз.
Қанат ЕСКЕНДІР
«Егемен Қазақстан» газеті,
 5 наурыз 2013 ж.
«ЕЛІМ-АЙ» ДЕП ӨТКЕН ЕСІЛ ЕР
(«Ел тұтастығы үшін күрескен қаһарман тұлға – Қожаберген жырау» 
республикалық ғылыми-практикалық конференциясынан)
Үкіметтің қаулысына сәйкес Қожаберген Толыбайұлының 350 жылдығы 
кеңінен аталып өтуде. Батыр бабамыздың  мерейтойына арналған ғылыми-
тәжірибелік конференция Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни-
верситетінің бас ғимаратында өтті. 
Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен билік пен қоғамдық ұйым 
өкілдері қатысты. Қазақ рухының көтеріліп, жоғының түгелдене түсуіне ілкім 
бір әсер ететін үлкен жиынға Алматыдан академиктер Сұлтан Сартаев, Серік 
Қирабаев, Әлия Бейсенова, белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметов, Се-
мейден жазушы Медеу Сәрсеке мен ғалым Болатбек Нәсенов, Ақтөбеден 
профессор Амангелді Айталы, Қостанайдан тарихшы Аманжол Күзембайұлы 
секілді ұлт жанашырлары жетіп, алқалы жиын маңызын арттыра түсті.
Үкіметтің қаулысымен биыл Қожаберген бабамыздың 350 жылдық мерей-
тойын атап өту белгіленген болатын. Аталмыш жиын сол қаулының шеңберінде 
өтіп отырған мәдени шара болып отыр. Аталмыш университеттен академик Сейіт 

186
        Қожаберген жырау – 350
Қасқабасов бастаған барлық әдебиетші, тарихшы ғалымдар жиынға қатысып 
отырды. Конференцияны ашқан білім ордасының проректоры, белгілі ғалым 
Дихан Қамзабекұлы шараға 239 ғылым докторы мен кандидаты, Мемлекеттік 
сыйлықтың лауреаттары, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес пен 
Жоғары соттың мүшелері қатысып отырғанын жеткізе отырып, Қожаберген 
Толыбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ой толғады.
Қожаберген жыраудың өмірі мен тағдырын білуге деген қызығушылық тың 
осынша үлкен болу себебі неде? Бүгінгі таңда оны білудің қаншалықты маңызы 
бар деген сұрақтар туады. Оған конференцияда сөйлеген ғалымдар толығымен 
жауап бергендей болды. Қазақтың қойнауы құтты, даласы сүтті, дүние жүзінде 
тоғызыншы орын алатын алып аумағы бүгінгі ұрпаққа көктен түскен жоқ. Ол 
осы Қожаберген жырау сияқты бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ 
білектің күшімен әр қыры мен өріне, төскейі мен беткейіне, көлі мен шөліне 
қанын төгіп қорғап, ұрпаққа мұраға қалдырған жері. Сондықтан да оның әрбір 
түп көдесі мен бұтасына дейін қазақ үшін қымбатты, қасиетті. Сайын далада 
қазақ секілді көшпелі өмір сүрген халықтар аз болған жоқ. Жаугершілігімен, 
басқыншылығымен аты шығып, тіпті «көшпенділердің империясы» деген атаққа 
жеткендері де болды. Солардың кейбірі тіпті тарих сахнасынан өшіп, жер бетінен 
жойылып та кетті. ХVІІІ ғасырда қысқа күнде қырық шауып, бейбіт жатқан 
қазақты қыра беруді ғана білген жоңғарлардың бүгін жер атауларынан басқа ізі 
де жоқ. Ал қазақ жол бастаған көсемдері, қол бастаған батырлары, сөз бастаған 
шешендерінің арқасында ұйысып аман қалды. Алып территориясын да шашы-
ратпай, ұрпағына бүтін жеткізді. Тарих ғылымдарының докторы, генерал Абай 
Тасболатов әскери академияда оқып жүрген кезін еске алып, онда әріптесі, армян 
генералының өзіне қатты қызығып, «қарашы, картада біздің жерге «Армения» 
деген атауды да сыйғыза алмайсың, ал сіздер құлашты кең тастап, «Қазақстан» 
деп еркін жаза аласыздар. Қандай бақыттысыздар» дегенін айтты. «Сонда мен 
осынша алып жерді бізге мұраға қалдырған бабаларымызға қатты ырза болып, 
олардың рухына бас июші едім. Есімдерін білмекке құштар едім, бірақ бізге 
ешкім оларды айтқан жоқ, тек Суворов, Кутузов дегендерді ғана оқыта берді. 
Тек тәуелсіздіктің арқасында ғана біз олармен танысуға мүмкіндік алдық», – 
деді генерал. 
Елі мен жерін сыртқы жаудан қорғап, қол бастаған, ұлан-ғайыр аумақта 
жатқан қандастарын жауға қарсы бірігуге шақырып, сөз бастаған ерен ерлердің 
бірі Қожаберген Толыбайұлы болған соң да оны білмекке, тереңірек танымаққа 
деген қызығушылық бүгінгі күнгі басы азат, жаны таза өскелең ұрпақта ора-
сан болып отыр. Бұл азат елдегі патриоттық сезімнің жалындай шалқуының бір 
көрінісі болса керек.

187
Қожаберген жырау – 350
Біз ұзақ жылдар бойы өзге елдің мүддесін көздейтін идеологиялық құр-
сауда болып келдік. Қаншама рухани қазыналарымызды талақ етіп, олардан 
безінуге мәжбүр болдық. Елім деп еңіреген ерлеріміздің түсін түстеу түгілі 
атын атаудан да қорықтық. Академик Серік Қирабаев өзінің сөзінде қаншама 
әндеріміз бен күйлеріміздің авторын атаудан қашып, «халық әндері» деп 
келгенімізді айтты. Көп уақытқа дейін «Батырлар жырларынан» «тоқсан үйлі 
тобырын» асыраған Қамбар батырды ғана алып, қалғанының бәрінен байдың ба-
лалары деп бас тартқанымызды күйіне жеткізді. «Сөйтіп, біз өзіміздің қаншама 
рухани қазынамыздан бас тартып, көз жазып қалдық. Ал бүгінгі күні олар ашы-
лып жатса, жаңадан көрініп жатса, жатырқап, ондай адам жоқ еді ғой, қайдан 
шыққан деп үрке қарайтын халге жеттік», – деді ол.
Қай күнгідегідей конференцияда түрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, 
соның ішінде Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, 
Ұлттық ғылым академиясының, Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің, Жа-
зушылар одағының, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің де 
құттықтаулары оқылды.
«Қожаберген жырау – қайраткер, қолбасшы» деген тақырыптағы негізгі 
баяндаманы тарих ғылымдарының докторы, Мемлекет тарихы институтының 
директоры Бүркітбай Аяған жасады. Ол Қожаберген жырауға байланысты 
ғылыми-зерттеулердің жалғаса беруі қажеттігіне тоқталды. «Ұлттың намыс 
қорғаны» деген тақырыпта сөйлеген қоғам және мемлекет қайраткері, ақын 
Кәкімбек Салықов Қожаберген жырау шығармаларының үлгісіне тоқталды.
Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы, тарих 
ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаев Қожаберген өмірінен бүгінгі ұр-
пақтың ғибрат алар тұстарын көбірек айтты.
«Елім-ай» дастаны ұлттық идеяның арқауы болатыны туралы сөз қозғаған 
профессор Амангелді Айталы бүгінгі күннің проблемасынан биіктеп, ұлттың 
болашағы туралы әңгімелер қозғады. Қай күнде елдік ірі істер туралы толғайтын 
философ бұл жолы да өзінің ұстанған жолынан айнымай, ұлт болашағының 
өзекті проблемаларын Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармашылығына 
сабақтастыра өрбітті.
Заң ғылымдарының докторы Томас Айтмұхамбетов Қожаберген жыраудың 
қатысуымен жазылған «Жеті Жарғының» тарихы мен маңызы жайлы әңгіме 
өрбітті. Ал профессор Мекемтас Мырзахметов «Елім-ай» дастанының сая-
си мәнін ашуға тырысты. Қырық тоғыз түркі халықтарының қырық жетісін 
жау лап алып, көбін жұтылдырып жіберген орыс империясы мен Совет Одағы 
идеологиясының зардабын айта отырып, Қожаберген жырау жырларындағы 
басқыншылықты әшкерелейтін тұстарды тереңірек таратты.

188
        Қожаберген жырау – 350
Конференцияда Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз, 
қарымды қаламгер Шәміс Құмарұлы да сөйлеп, Қожаберген жыраудың зерт-
теліп, қазір халықтың рухани қазынасына айналып жатқанына ризашылығын 
білдірді.
Конференцияны қорытындылаған халықаралық «Жеті Жарғы» және Қо-
жаберген жырау» қорының төрағасы Бекет Тұрғараев жыраудың өмірін зерт-
теу, еңбектерін шығарып, халыққа таныту бағытында істеліп жатқан жұмыстар 
туралы баяндады. Бүгінгі күнге дейін түрлі тақырыппен Қожабергеннің өз 
шығармалары және ол туралы 11 мың дана кітап жарық көрген екен. Алғаш рет 
ол 2000 жылы ұлықталып, Петропавл қаласында көше, мектеп аты берілгенін 
айтты. Сондай-ақ, жерленген жеріне үлкен кесене тұрғызылып, зиярат етушілер 
саны жыл сайын артып келе жатқаны да жеткізілді. Конференция соңынан қарар 
қабылданып, онда жыраудың өмірі мен шығармашылығына байланысты қандай 
шаралар жасалуы керектігі жөнінде тиісті орындардан сұралды.
Бұдан әрі Қожаберген жырау мерейтойына қатысты шаралар Солтүстік 
Қазақстан жерінде жалғасты.
Республикамызға белгілі тұлғаларды, ақын-жазушыларды тоғыстырған 
мерейтойлық шара С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма теа-
трында «Қожаберген жыраудың әдеби мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты 
дөңгелек үстелмен ашылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәртебелі қонақтарға 
жылы қошемет білдіре келіп, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің құттықтауын 
оқып берді.
Көрнекті ақын Кәкімбек Салықов «Қожаберген – намыстың адамы. Жас 
кезінен Әз Тәуке ханның сенімді серігі, айнымас досы, қолдаушысы, қол бас-
шысы болған ұлы тұлға. Сондықтан да оны қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі 
ретінде танитын мезгіл жетті», – деді. Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов ел 
тәуелсіздігінің арқасында ғана өз бабаларымызды тануға қол жеткізгені мізге, 
олардың ішінде Қожаберген жырау ерекше орын алатындығына, 25 жасында 
үш жүздің қолбасшысы болғандығына, 67 жасында «Аңырақай» шайқасына 
қатысқандығына, баба өмірін кейінгі толқынға таныта түсу қажеттілігіне ерек-
ше екпін түсірді. Тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған «Елім-ай» 
дастанының қазақ пен жоңғар қалмақтары айқасын тарихи тұрғыдан сипаттай-
тын туынды екеніне тоқталып, шығармаға мәтінтану жағынан тарихи сараптама 
жасау қажеттігін сөз етті. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті-
нің профессоры Болатбек Нәсеновтің айтуына қарағанда, ұлы жырауды кеш 
білуіміз идеологиямыздың әлі де өз дәрежесінде жүргізілмей келе жатқанын 

189
Қожаберген жырау – 350
аңғартады. Бүгіндері жұртшылыққа насихаттап жатқанымыз – Қызылжар 
өңірінің атпал азаматтарының, өлкетанушыларының арқасы. Филология ғы-
лымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  
профессоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметов 
«Қожаберген жырауды «Бір ел – бір кітап» жинағына енгізіп, тарихымыздың 
іргетасын нығайта түсуіміз керек» деген мағыналы ұсыныс тастады. Жазу-
шы-журналист, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Дүйсенбі Әріп 2000 
жылы Петропавлда белгілі академик Манаш Қозыбаев, сол кездегі облыстық 
соттың төрағасы Бекет Тұрғараев бас болып өткізген конференциядан, 
2007 жылы шыққан жырау шығармалары жинағынан кейін ғана тани бастаға-
 нын жеткізе келіп, Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылын Қожаберген 
жырау есімімен атау жөнінде ұсыныс білдірді. Оны мемлекет және қоғам 
қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Қасымов, баба 
ұрпағы Бектас Тырқаев қолдады.
– Қожабергендей тарихи тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. 
Жақында бір топ зиялы азаматтардың атынан үкіметке Петропавл қаласындағы 
әскери институтқа даңқты сардардың атын беру жөнінде ұсыныс жасалды. Бұл 
ретте тәуелсіз ел ретінде дамуымыздың айшықты нышанына айналған Астана-
да жыраудың еңселі ескерткіші тұрса, айбынымызды асқақтатып, мерейімізді 
өсіре түсер еді. Сондай-ақ ел басына күн туған, зар заман атанған «Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуірін көз алдымызға елестететін «Елім-
ай» дастаны ұлттың мәңгілік жыры екенін ескерсек, соған лайық белгі қою да 
алдағы күндердің еншісі, – деді әңгімелескенімізде Тоқсан бидің зиратына ке-
сене, Мағжанның әке-шешесінің басына мәрмәр тастан белгі тас қоюға тікелей 
мұрындық болған белгілі меценат Бекет Тұрғараев.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, 
ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай мерекелік 
шаралар шеңберінде ұйымдастырылған жыр додасына еліміздің әр қиырынан 50-
ге тарта ақын Қожаберген жырауға, «Елім-ай» дастанына және еркін тақырыпқа 
арналған үш шығармамен жабық конкурсқа қатысқанын, солардың арасынан 
қазылар алқасының сараптауынан өтіп, оза шауып, топ жарған он дүлдүл ақын өз 
жырларын өнерсүйер қауымға ұсынатынын жеткізді. Сегіз сері атындағы арнайы 
сыйлық пен диплом астаналық ақын Серік Тұрғынбекке, С. Мұқанов атындағы 
сыйлық алматылық Ерлан Жүніске, М. Жұмабаев атындағы сыйлық астаналық 
Ұларбек Дәлейұлына, Шал ақын атындағы сыйлық Алмат Исаділге, Ғ. 
Мүсірепов атындағы сыйлық қызылжарлық Жарқын Жұпарға табыс етілді. 
Үшінші орынды Ырысбек Дәбей, екінші орынды Әділғазы Қайырбеков, бірінші 

190
        Қожаберген жырау – 350
орынды Темірғали Көпбаев жеңіп алса, бас жүлде оншақты жыр жинағының 
авторы, қарағандылық Абзал Бөкенге бұйырды.
Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұханбетовтің құттықтау хатын тіл-
дерді дамыту басқармасының басшысы Ғосман Төлеғұлұлы оқып беріп, Көкше 
өңірі бейнелеген картинаны тарту етті.
Бұл күнгі шара Бескөл ипподромында Қожаберген жыраудың 350 жыл-
дығына арналған сахналық көрініспен және ұлттық ат спорты ойындарымен 
қорытындыланды.
Ертеңіне мәртебелі меймандар ұлы бабаның туған жері Жамбыл ауданына 
сапар шекті. Аудан орталығындағы баба есімі берілген үлкен алаңға жиналған 
көпшілік қонақтарды қазақтың салт-дәстүрімен қарсы алып, құрмет көрсетті. 
Қожаберген Толыбайұлының шығармалары үш ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа 
ауызша тарап келсе, енді халық жадында мәңгі сақталары анық. Үш томдығының 
жарық көруі, соның бір дәлелі. Бүгінге дейін дауылпаз жырау ретінде ғана біліп 
келсек, енді даңқты қолбасшылығын, ержүрек батырлығын жастар да танып-
білетін болады. Алты алаштың айбыны, ұлтының қорғаны бола білген ірі тари-
хи тұлғаға қатысты шаралар мұнымен тоқталмақ емес деді салтанатты жиында 
сөз алғандар. Жыраудың кесенесіне тәу етіліп, аруаққа дұға бағышталды. Ау-
дан орталығының қақ төрінде орналасқан мүсін гүл шоқтарымен көмкерілді. 
Жергілікті мүсінші Бақытжан Рамазановтың қолынан шыққан тастан қашалған 
бейне ерекше көз тартады. Пресновка мектебінде жұмыс істейтін мұражай үлкен 
қызығушылық тудырды. «Салтанат» мейрамханасында жырауға ас берілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет