Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Е. Евтушенко. Избранные произведения, т.2. – Москва, 1975.
2. Ә. Кекілбаев. Үш пайғамбар. – Алматы, 1992.
3. «Коммунистическая революция». – 1924, №4.
4. Кердері Әубәкір. Өлең, толғаулар, айтыс, жырлар. – Алматы, 1993.
5. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 1991.
ҚОС ЖЫРАУ ХАҚЫНДА
(Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
жанындағы «Асыл мұра» орталығының қызметкері
Социал ЖҰМАБАЕВТЫҢ сөзі)
Сөзіміздің арқауы қазақтың «Зар заман» деп аталған ауыр кезеңінде
қатар өмір сүрген қос жырау Қожаберген мен Бұқар жыраулар өмірлерінің
сабақтастығы, ұстаз-шәкірт ретіндегі достығы, ой-пікір ұстанымдығының
жақындығы, туысқандық қатынасы туралы болмақ.
Өздеріңізге белгілі қазақтың бір тума ақын-жырауы Бұқар Қалқаманұлының
өмірдеректері кейінгі кезге дейін бұрмаланып келді. Мысалы «Бес ғасыр жыр-
лайды» (Алматы: Жазушы, 1989) кітабында «Бұқар 1668 жылы туып, бір
ғасырдан астам жасап, 1781 жылы қайтыс болған. Бұқардың, тіпті, сауып ішер
малы, мініп-түсер аты да болмайды» деп қате жазылды.
234
Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жырау Бұқардың туған жылын 1723 жылы жазған «Елім-ай»
дастанында былай жырлайды:
Бұқаржан биылғы жыл отыз жаста,
Атағы ақындықпен шықты Алашқа.
Өзі де көп қайғырып жүрген шығар,
Түскен соң ауыр бейнет қайтсін басқа!
Қазақстан Республикасының соңғы шыққан энциклопедиясында Бұқар жы-
раудың туған, қайтыс болған жылдары Қожаберген жырау мен Көтеш ақын-
ның деректерімен 1693 жылы туып, 1787 жылы қайтыс болды деп түзетілді.
Біздің қолымызда екі жыраудың рухани және туысқандық қарым-
қатына сына дерек болатын «Елім-ай» дастанынан басқа Бұқар жыраудың
шығармалары ның жинағына кірмеген, ғылыми айналымға түспеген «Ғаділ ер»,
«Ұстазыма» атты толғаулары бар. Екі жырау туралы сөзіміз осы толғаулар
негізінде өрбімек.
Өйткені, Бұқар бабамыз бұл екі шығармасында Қожаберген жыраудың бүкіл
болмысын, оның шежіресін, өмірбаянын, ұлылығын, батырлығын, жыраулығын,
даналығын санамалап айтып шығады.
Бұқар жыраудың өзін сөйлетсек, «Ұстазыма» атты толғауында Қожаберген
жыраумен қарым-қатынасы туралы былай дейді.
Бата алған Бұқармын
Қожаберген асылдан,
Қожакеңнен үлгі алған
Әкем аты Қалқаман.
Нұсқа үйрендім өзім де
Ермедік деп айта алман.
Өзімнен бұрын әкем де
Қожекеңе көп ерген.
Соғыстың әдіс-тәсілін
Сол ұстаздан үйренген.
Жыраудың «Елім-ай» дастанын шығарғаны туралы:
Шаңқобызын Қожекең
Жосаменен сырлаған,
«Елім-айдай» қиссасын
Қан майданда жырлаған.
235
Қожаберген жырау – 350
«Елім-ай» деп ат қойып
Ән мен күйін шығарған.
Жұрттың мұңын ұғасың
Тыңдағанда солардан.
Жыраудың шығармашылығы туралы:
«Ер Көкше» мен «Ер Қосай»
Ұстазымның жыры еді.
Қозғағаны сардардың
Халайықтың мұңы еді.
«Құламерген», «Ер Есім» –
Қожаекемнің дастаны.
Көшіріп жаттап әншілер
Басына жырды жастанды.
Жыраудың «Баба тілі» дастанын шығарғаны туралы:
«Баба тілі» деп ат қойған
Тарихын елдің жырлаған,
Сол «Баба тілі» қиссасы
Халайыққа ұнаған.
Батырлығы туралы:
Күрзісімен жауды басқа ұрған,
Сыбан Рабтанды састырған,
Жаралы дұшпан басшысын
Ат тұяғына ылғи бастырған.
Халдан Бошохты да ұтыпты
Жас сардар болған шағында.
Айбарынан жау қашқан
Есінен қалмақ адасқан.
Ұрандап жауға тигенде
Жарқылдап қолда алдаспан.
236
Қожаберген жырау – 350
Жыраудың ордабасы болғанын да айтып кетеді
Ел қорғаудың жолында
Бар ғұмырын өткізді.
Бас қолбасшы Қожаекем
Қазақты қорғап жеткізді.
Ел арасын бүтіндеп,
Қазы болды тұсында.
Ордабасы шағында
Қамалды бұзды құлшына.
Жыраудың «Жеті жарғыны» жазғаны туралы:
Тәукенің жазып мизамын,
«Жеті Жарғы» деп атаған.
Қатаң бапты енгізіп,
Бұзықтарды матаған.
Жыраудың даналығы, ұлылығы туралы:
Қожаберген баһадүр
Адамзаттың пілі еді.
Ақындардың ағасы
Болғаны да шын еді.
Қазақ, ноғай, татар мен
Қарақалпақ бәрі де
Ақыл сұрап көп барған
Қожаберген кәріңе.
Разы болып оралған
Қожаберген данадан.
Төрелік берген ұстазым,
Асып кеткен қарадан.
Қожаберген жырау өмірдеректерінен оның 1710 жылы Әз Тәуке мен оның
уәзірлеріне, үш жүздің билері мен бектеріне, батырларына өзінің ұзақ жылдарға
созылған жауға қарсы күресте шаршағандығын айтып, өзін ордабасы қызметінен
босату туралы тілек қойып, өзінің орнына шәкірттерінің бірі арғын Бөгенбай
237
Қожаберген жырау – 350
Ақшаұлы (1683-1775 жж.) деген жас батырды сайлатқанын білеміз. Бұл тура-
сында Бұқар жырау «Ғаділ ер» атты толғауында былай деп жазды:
Қожаберген ғаділ ер
Қадірін білген қалың ел.
Бөгенбайдай батырға
Билігін берген ардагер.
Баласы да, інісі
Ұстазымның бар еді.
Оларға бермей орнын,
Арғынға берген нар еді.
Бөгенбайдан кем емес,
Дәстем салдың бектігі.
Асып түсер тура айтсам,
Жаратылыс тілегі.
Інім деп бұрмай Дәстемге
Басшы бол деп әскерге
Бөгенбайды сайлатқан
Лайық ер деп көсемге.
Інілерім, ұлдарым
Өкпелеп жүрер деместен,
Бөгең ерді ұсынды
Ойлатуға келместен.
Қожаберген жыраудың да Бұқарды аса құрметтегенін «Елім-ай»
дастанындағы мына бір шумақтан байқауға болады.
Шәкіртім қайда екен Бұқар жыршы,
Ол Бұқар – әрі ақын, әрі сыншы.
Естісе жау тигенін аттан салар,
Жырына оның, халқым, құлақ түрші.
Қазақ халқының тағдырына қабырғалары қайысқан алаш ұранды қос
жыраудың ой-пікірлері, ұстанымдары да бір жерден шығады. Екеуі де халық
атынан өжеттікпен хан-сұлтандарды қатты сынаған, айыптаған.
238
Қожаберген жырау – 350
«Баба тілі» дастанында Қожаберген жырау:
Қожаберген айтты деп
Хан-сұлтандар, шамданба!
Сынады деп тіл үшін
Жазалауға қамданба!
Қолданатын шараңды
Төңкерермін басыңа.
Соқтықсаң маған, сұлтандар,
Мінбессің тұлпар астыңа.
Асқақтама, бектерім,
Сұлтанға еріп асыға
Ілтипатқа алмасаң,
Бұлт төнер әлі-ақ басыңа! –
деп хан-сұлтандарға күш көрсетсе, азуы алты қарыс Абылайға Бұқар жырау:
Ашуланба, Абылай!
Ашулансаң, Абылай,
Көтерермін, көнермін.
Көтеріп қазға салармын.
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма.
Орыспенен соғысып
Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба! –
дейді.
Екеуінен басқа да жыраулар хандарға қарсы мұндай батыл сөз айта алмаған.
Қожаберген Толыбайұлы – өз шығармаларында ата-тегінің шежіресін, өзі-
нің өмірге келген уақытынан бастап өмірдеректерін жазып кеткен жырау. Сон-
дықтан да жыраудың өмірбаяны дау туғызбайды. Жырау өзінің нағашы жұрты
туралы «Елім-ай» жырының бірінші бөлігінде былай деп жазды:
Орта жүз арғындағы асыл тектен,
Анамның шыққан заты сүйіндіктен.
239
Қожаберген жырау – 350
Жиырма ұлдың көкжал туған ең кішісі ем,
Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен.
Нағашым Айдабол би, Күлік мырза,
Ісіне туған халқы болған риза.
Аруағы сол екі ердің желеу болып,
Көрерміз туған елді дәм бұйырса.
Ақбура, Тұлпар менен Қабыланбек
Бір туған нағашы атам інілері еді.
Аруағы үшеуінің қолдау болар,
Олар да шапағатты нағашым еді.
Жыраудың бұдан үш ғасырға жуық уақыт бұрын жазған арғынның сүйіндік
атасының бұл шежіресі қазіргі ғылыми айналысқа түсіп жүрген арғын шежіресі-
мен бірдей: орта жүздің арғын атасынан Мейрам туады. Мейрамның 12
баласының бірі – Сүйіндік. Қожаберген жыраудың анасы Ақбілек Айдаболқызы
Сүйіндік атасынан тарайды. Сүйіндіктен 6 бала: Қаржас, Орманшы, Құлболды,
Жанболды, Мәжік, Тортуыл. Құлболдыдан 5 бала: Айдабол, Күлік, Ақбура,
Тұлпар, Қобылан. Айдабол – Қожаберген жыраудың өзі жазып кеткендей
туған нағашысы. Бұқардың әкесі Қалқаман Айдабол бимен немерелес. Осы-
лайша, туысқандық қатынасы жағынан Бұқар Қожаберген жыраудың туған
нағашысы екен.
Қос жырауды көзі көрген Қазыбек би Тауасарұлы былай дейді.
«Қожаберген жырау мен көргенде қартайған, екі тізесінен ақсап басатын шал
кісі екен. Осысына қарамай, жырау сонша әдемі киінеді. Басында сусар бөрік,
үстінде күзен ішік. Белінде діңмент. Оның қолында домбырасы да жоқ. Бірақ
өлеңді сапырып, мен көргенде домбырасыз тақпақтап айтты… Қожаберген То-
лыбай баласы Тәуке заманында ғаскербасы болған, жау түсіріп, ту алған батыр
еді. Ол – батырлығымен бірдей сол заманның өзі көзбен көрген оқиғасын мол
жырлаған адам. Жасы мен құралпы Бұқар оған құлдық ұратын. Бәлкім, егер
Қожаберген жырау болмаса, бізге ол заманның көп шындығы жетпес те еді»
(Түп-тұқияннан өзіме дейін. – Алматы: Жалын, 1993. – 215-б.).
Осы конференцияны өткізіп отырған Білім және ғылым министрлігіне
қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, М. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институттарына жыраудың тарихи мекені Гүлтөбе жеріндегі
туыстары, елі атынан рахметімізді айтамыз. Қожаберген бабамыздың рухы
сіздерді қорғап, қолдап жүрсін!
2013 ж.
240
Қожаберген жырау – 350
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ
ТАРИХИ ДЕРЕК
(Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының
профессоры, тарих ғылымдарының докторы
Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫНЫҢ сөзі)
Қазақ тарихына терең бойлауға, тарихи процестерді жан-жақты ашуға,
неғұрлым шынайы көрсетуге әсер ететін фактор – тарихи деректердің жет-
кіліктілігі. ХХ ғасырда өмір сүрген француздың атақты тарихшысы Люсьен
Фебер: «История, несоменно создаеться на основе письменных документов.
Когда они есть. Но, она может и должна создаватса и без письменных доку-
ментов, когда их несуществует», – деп ауызша деректерді пайдалану қажеттігін
айтыпты [1]. Қазақ халқының тарихы осы күнге дейін шетел мұрағаттарының,
авторларының, жиһанкездерінің, шенеуніктерінің қалдырған мәліметтері бой-
ынша жазылып келді. Өкінішке қарай, қазақи дәстүрде жазылған жазбаша де-
ректерге, ата-бабадан ауызша беріліп келе жатқан шежіреге сенімсіздікпен
қара дық. Сондықтан да, тарихымыз қысқа, бір жақты болып жазылды.
Негізгі баяндамаға көшпес бұрын қазақ шежіресі негізінде жазылған тари-
хи шығармаларға шолу жасауды жөн көрдік. Қазақтың тарихтану дәстүрінің
негізінде шежіре жатқандығы белгілі. Сонау ХV ғасырдан бастап жазылған та-
рихи әдебиеттерде шежірені кеңінен пайдаланған.
1499 жылы туып, 1551 жылы дүниеден өткен Мұхаммед Хайдар Дулати ке-
лер ұрпаққа «Тарих-и Рашиди» атты шығарма қалдырды [2]. Көрнекті мем-
лекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым М.Х. Дулатидің «Тарих-и
Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегі алғаш рет қазақ оқырмандарына қолжазба
нұсқасынан тәржімаланып, 2003 жылы ұсынылды.
1530-1605 жылдары өмір сүрген Қадыр-Әлибек Жалайыри «Жамиғ-ат-
Тауарих»[3] атты кітап жазды. Бұл негізінен жоғарда айтылған Рашид-ад
Диннің кітабын негізге ала отырып, қазақ шежірелерін пайдаланып жазылған
еңбек. Мұнда ол сол заманның саяси-шаруашылық, этникалық процестеріне
тоқталады. Осы күнгі қазақтың құрамына кірген көптеген рулар туралы мәлімет
аламыз.
241
Қожаберген жырау – 350
Деректің бұл түрінің ерекшеліктерін, оның табиғатын түсіну үшін, «шежіре»
терминінің қай уақытта, қалай пайда болғанын ескеруіміз керек. Алғаш рет
бұл сөзді біз М. Қашқаридың сөздігінен кездестіреміз. Ол: «Мен бұл кітапты
хикмәт сөздер, сежілер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, режез және нәсір секілді
әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліппесі ретімен түзеп шықтым» [4], – деп
жазады.
Шежіре бүкіл түрік халықтарында кездеседі. Мәселен, түрікмендер де
«шежіле», башқұртта «шежіре», татарда «шаджара», қырғызда «санджыра»,
қалмақта «шастир», моңғолда «цээлинджээр дасх» деп аталады екен. Бір
қызығы, тува тілінде бұл ұғымды «чечен» деген сөзбен түсіндіреді екен. Бұл
қазақтың шешен деген сөзімен түбірлес. В. Санчиров деген ғалым қалмақтың
«шастир» деген сөзін қытайдың «чжуань» – әңгіме, тарих, жылнама, ғұмыр-
нама ұғымын беретін сөзден шықты деп есептейді [5]. Якут тілінде «сасанна»
термині «әңгіме айту, әңгімелесу, сөйлесу» дегенді білдіреді екен [6].
Қазақ пен қойы қоралас, малы аралас қалмақтарда «цэцэн» деген сөз бар.
Қазақтың шешен деген сөзіне өте ұқсас. Араб тілінде бұл термин «тамыр» де-
генді аңғартады екен. Осы күні қазақ арасында осы араб тіліндегі нұсқасы ата
таратуды білдіретін шежіре ұғымы пайдаланылып жүр. Қалай болғанда да,
қазақтың шежіресі – сол әулеттің тарихы. Халқымыз жеке бір әулеттерден
тұрады десек, бұл термин халқымыздың тарихы деген ұғымды білдіреді.
Өткен ғасырдың 90 жылдары екі бірдей мұңғұл тілінен аударылған шежіре
ғылыми айналымға енді. Оны қазақ тіліне аударған сол елдің еңбегі сіңген мәде-
ниет қайраткері, жазушы Мағауия Сұлтанияұлы және Абай Мауқараұлы. Оның
алғашқысы «Алтын шежіре» [7]. Бұл шығарма түрік-моңғол тайпаларының
ХVIІ ғасырда дүниеге келген көне жазба мұрасы. Мұнда қазақ хандығын
құраған керей, жалайыр, қоңырат, меркіт, найман, т.б. түркі тайпаларының
бұдан 800 жыл бұрынғы өмір тіршілігі Шыңғыс хан қағанатының тарихымен
сабақтас баяндалады. Көне әдеби мұраның мазмұнында сол заманның уақыт ты-
нысы, нақты деректер мейлінше кең қамтылған.
Екіншісі «Моңғолдың құпия шежіресі» [8]. Бұл шежіре де адамзат
мәдениетінің құнды мұраларының бірі. Мұнда ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы керей,
найман, татар, қоңырат, меркіт, т.б. түрік тектес тайпалардың тарихы, ірі мемле-
кет қайраткері Шыңғыс ханның жүргізген саясаты, сол кездегі ірі-ірі оқиғалар
баяндалады. Кіндік, Орта және Батыс Азия көшпелілерінің тарихнамасын
түгелдей қамтыған аталмыш шежіре халқымыздың тарихымен де тамырласып,
сабақтасып жатыр. Кітапта қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне
тарихы, өмірі мен тыныс-тіршілігі жайында құнды мәліметтер мен деректер көп.
16-254
242
Қожаберген жырау – 350
Халқымыздың тарихын танып білудегі маңызы зор бұл еңбек қазақ топыра-
ғында алғаш рет жарияланды.
Қазақтың шежіресі атадан балаға ауызша ғана жеткізілді деген қате пікір
бар. Шежіре көбіне жазылған. Бізге жеткен деректерге қарағанда, алғашқы
шежіреші – Өтеміс Қажы екен. Оның «Шыңғыснама» [9] еңбегі сұлтандар-
дың шежіресіне арналған. Өтеміс Қажы – белгілі ортағасырлық тарихшы.
Шыққан тегі, істеген қызметі, жазған еңбегі қазақ тарихында алтын әріптермен
жазыларлық. Оның жазған «Шыңғыснама» кітабы Алтын Орда мемлекетінің
тарихынан мол мәлімет береді. Кітаптың негізгі дерегі – Шыңғысхан
ұрпақтарының шежіресі. Яғни, ол – даланың ауызша тарих дәстүрін қағазға
түсірген алғашқы ғалымдардың бірі. Автор өзі жазып отырған Алтын Орда
хандарынан кейін өмір сүрсе де, өте ыждаһаттылықпен, шындыққа тым жақын
фактілерді бізге жеткізіп кетті.
Бір қызығы, Өтеміс Қажы тек қана шежіре деректерімен шектеліп қоймай-
ды. Ол қызмет бабымен Алтын Орда мемлекетінің түкпір-түкпірінде болып,
көптеген адамдармен кездесіп, пікір таластырып, жиған-терген материалдарын
өз кітабына енгізген. Сондықтан да «Шыңғыснама» – өте құнды, сол заманнан
мол мағлұмат беретін бірден-бір бағалы еңбек.
Қазақ шежіресі тарихшылар назарын осыдан үш ғасыр бұрын аудар-
ды. Елімізді, жерімізді отарлауға ниеттенген көрші орыс елі XVIII ғасырдың
басында-ақ жаңа құрылған Ғылым академиясына негізгі тапсырма ретінде қазақ
елінің тарихы мен этнографиясын зерттеуді жүктеді.
Қазақ шежірелерін ел ішінде көп жүрген, қазақ тілін, әдет-ғұрпын жақсы
білетін Г. Потанин, Ә. Диваев сияқты ғалымдар да зерттеді. Осылардың ішінде
өте мардымды еңбек атқарған Әбубәкір Диваев ақсақалды айтуға болады. Ұлты
башқұрт Әбубәкір ақсақал қазақ тілінің, әдебиетінің, әдет-ғұрпының білгірі
еді. Ол бізге екі жүзге жақын ғылыми мақалаларын мұраға қалдырды. Өткен
ғасырдың соңында оның ғылыми еңбектері «Тарту» [10] деген атпен кітап бо-
лып жарыққа шықты.
Қазақ шежіресін кеңінен пайдаланып жазылған еңбек – Құрбанғали Халид-
тің «Шығыстың бес тарихы» [11]. Автор Орталық Азия, Шығыс Түркістан
халықтарымен қатар қазақ даласын мекендейтін ру-тайпаларға да тоқталады.
Өзен-көл, жер, ру-тайпа аттарының этимологиясы жөнінде көптеген мәліметтер
бар.
Қазақ шежіресін алғашқы қағазға түсіргендердің бірі – Мәшһүр Жүсіп
Көпеев (1857-1931) [12]. Ол өзінің кітабын 1911 жылы Орынборда шығарды.
Совет заманында бұл шығарма бірнеше рет жарық көрді. Мәшһүр шежіресінің
243
Қожаберген жырау – 350
ерекшелігі ол әрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың өз тұсында болған
оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады. Сондықтан
ол жазған шежіре оқуға өте қызықты.
Шежірені өлеңмен жазған жерлесіміз Нұржан Наушабаев (1885-1919).
Оның «Манзумат қазақия»[13] аталатын 1903 жылы қазанда жарық көрген
кітабына қазақ шежіресінің біраз материалдары пайдаланылған. Нұржанға
еліктеп шежірені өлеңмен жазатындар көбейген.
Қазақ тарихнамасында шежіре деректерін деректемелік талдаудан өткізу
қажеттілігін алғаш айтқан Шәкәрім Құдайбердіұлы [14]. Көп оқыған, көп
білген, шығыстың да батыстың да тарихи әдебиеттерімен таныс Шәкәрім қажы
тарихи зерттеулерде батыс ғалымының әдіс-тәсілдерін пайдалану қажеттілігін
түсін ді. Әсіресе, ол шежіре деректеріне үлкен күмәнмен қарап, оларды деректер-
дің басқа да түрлерімен салыстыра отырып пайдаланады. Сондықтан да оның
шежіре жөніндегі еңбегі шығыс және батыс тарих жазу дәстүрлерінің арасында
жазылған.
Хронологиялық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, ол қазақ тарихын
жүйелі түрде баяндауға тырысты. Шәкәрімнің керей-уақ жөніндегі пайымдалу-
лары талас тудырып, осы күнгі қалаптасқан пікірлермен сәйкес келмейді.
Совет үкіметі заманында шежірені өзінің ғылыми еңбегіне негіз қылған
Мұхаметжан Тынышпаев қазақтар жөніндегі алғашқы еңбектің авторы бол-
ды. Онда ол өзіне белгілі қазақ руларын талқыға салды [15]. Өткен ғасырдың
20 жылдары Ташкент қаласында жарық көрген оның кітабы көпшіліктің сүйіп
оқитын шығармасына айналды.
Қазақтың белгілі жазушысы Сәбит Мұқановтың көзінің тірісінде баспаға
ұсынған, бірақ өзі қайтыс болғаннан кейін жарыққа шыққан еңбегінде қазақ
шежіресіне арналған бөлім бар [16]. Онда Сәбең атамыз қазақ шежіресіне си-
паттама бере келе, қожа және қазақ шежіресіне талдау жасайды. Ол шежіре тек
ауызша, жазбаша ғана болып келмей оның өлеңмен айтылғанын да атап көр-
сетті. Бұл кітаптан жазушының туған жері Солтүстік Қазақстанда сол заманда
өмір сүрген шежіреші қарттар жөнінде де мағлұмат бар. Бір қызығы, солардың
ішінде ССРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың әкесі Бекмұхамбет те бар.
Тағдыры тәлкекке түскен, атақты Ермұхан Бекмаханов өз еңбектерінде
шежіре материалдарын арнаулы тарихи дерек ретінде молынан пайдаланды.
Одан кейінгі Х. арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров, Н. әлімбай, Б. Жакин
және тағы да басқа тарихшылар шежіре деректеріне зор баға берді [17].
Осылардың қорытындысы ретінде 2007 жылы қарағандылық тарихшы
Мақсат Алпысбес Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында
244
Қожаберген жырау – 350
«Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде» атты докторлық диссертациясын
қорғап шықты [18]. Онда ғалым қазақ шежіресіне жан-жақты баға беріп,
олардың маңызды тарихи дерек екендігін дәлелдеді. Өзінің ғылыми зерттеу
жұмысының нәтижелерін бірнеше ғылыми мақалаларында жариялады.
Автор бұл еңбегінде сондағы қазақтардың өткені мен келешегі төңірегінде
күңірене баяндаған.
Өткен ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы қазақ шежіресіне «өткен-
нен дерек беретін сөздің бір түрі» деп баға берген екен [19]. Жалпы айтқанда
қазақтың тарихтану дәстүрінің негізінде шежіре жатқандығы белгілі.
Бүгінгі баяндама тақырыбы – атақты бабамыз Қожаберген жыраудың
«Елім-ай», «Ататек» шығармаларын тарихи дерек ретінде қарастыру.
Бабамыздың өмірі, оның шығармашылығы соңғы жылға дейін бізге белгісіз бо-
лып келді. Оның себебі, Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы
шық қан адам. «Елім-ай» жырын мұқият оқып шыққан адам жоңғар шап-
қыншылығына демеу беріп, Жоңғарияға әрқашанда қол ұшын беріп отырған Ре-
сей екенін аңғарады.
Кез келген тарихи оқиға алдымен тарихшылардан бұрын жазушы-жор налшы
бауырларымыздың қалам тартатындығы белгілі. Қожаберген бабамызға да
алғашқы рет көңіл аударып, өз шығармасына арқау еткен белгілі драматург-жа-
зушы Нәбиден Әбуталиев. Оның 1995 жылы «Жеті Жарғы» баспасынан жарық
көрген «Ордабасы Қожаберген» деген кітабы қалың оқырманды қызықтырғаны
мәлім [20].
Алғашқы рет Қожаберген шығармаларын жинақтап, баспаға дайындап
жарыққа шығарған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқы-
тушысы Мәдина Дастанова [21].
1999 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен ғы-
лыми-теориялық конференциясында жасаған баяндамасында академик Манаш
Қабашұлы Қозыбаев «Дауылпаз Қожаберген – дүлдүл тарихшы» деп оның та-
рихи шығармаларына жоғары баға беріп еді [22].
Қожаберген шежіресі негізінде қазақтың белгілі тарихшысы Марат Сәбитұлы
Мұқанов 1998 жылы өз монографиясын жариялады [23]. Мұнда ол тарихтану
дәстүріндегі шежіренің рөліне тоқталады. Кітаптың бірінші бөлімі толығымен
қазақтың шежіресінің құнды тарихи дерек екендігін дәлелдеуге арналады. Келесі
бөлімінде қазақ халқының рулық қоғамындағы таксономикалық деңгейлері сөз
болады. Монографияның соңғы бөлімі керейдің тарихы мен шежіресіне арналған.
Бүкіл ғұмырын шежіре жинауға арнаған Сегіз серінің тікелей ұрпағы,
фольклоршы-ғалым Қаратай Биғожин көзі тірісінде бірде-бір кітабын жарыққа
245
Қожаберген жырау – 350
шығара алмады. Денсаулығының дімкәстігіне қарамастан ол қазақ елін, көрші-
лес Ресейдің қандастарымыз мекендейтін өңірлерін жаяу-жалпылап түгелге
жуық аралап шықты. Оның назарынан бірде-бір шежіреші қарт тыс қалған
емес. Қолына түскен тарихымызға байланысты материалдарды «Мәдениет»,
«Қазақ әдебиеті», «Ауыл», «Орталық Қазақстан», «Солтүстік Қазақстан»,
«Сарыарқа», «Жаңа Сарыарқа», «Қазақ батырлары» және де басқа газет-
журналдарға жариялап тұрды. Қожаберген жырау шежіресін жалғастырып, га-
зет-журнал беттеріне жариялаған да осы кісі [24].
«Сарыарқа», «Жаңа Сарыарқа» жорналын шежіретану орталығына айнал-
дырған қазақтың көрнекті жазушысы Нұрғожа Ораз өзінің кітабына қазақ
тарихына арналған әр жылдары әр басылымдарда жарияланған мақалала рын
кіргізген. Оның «Шежіре хақында», «Керей шежіресі», «Бөгенбай Мама
Батырұлы хақында», «Тарышы керей», «Көшебе керей» мақалаларының
маңызы өте жоғары [25].
2011 жылы Қостанай аумақтық тарихи-зерттеулер институты Қожабер ген
мұрасы негізінде керейдің Ашамайлы атасының шежіресін басып шығарды.
Кітапта қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан керей
тайпасына қатысты мәліметтер берілген. Олардың көне заманда пайда бо-
лып, ортағасырда мемлекет құрып, ХІІ ғасырда сонау Моңғолия жерінен
Қазақстанның Солтүстігі мен Сібір өлкесіне қоныстану тарихы, ХҮІ ғасырдың
аяғында қазақ хандығының құрамына кіруі баяндалады. Сонымен қатар, Аша-
майлы керейден тарайдан рулардың схемасы және осы елден шыққан атақты
тұлғалардың өмірбаяны берілген.
Осы күнге дейін аталған шежіре көптеген авторлдардың шығармаларында
пайдаланылғанымен оған деректемелік талдау жасалған емес [26].
ХІХ ғасырдаң орта шенінде ғылыми деректанудың негізін қалаған
И. Н. Болтин және Август Шлецер деректерді сынаудың екі деңгейін анықтап
берген болатын. Одан кейінгі В. О. Ключевский, француз ғалымдары Э. Берн-
гейм, Ш. В. Ланглуа, Ш. Сеньобос тарихи құжаттарды ішкі және сыртқы сын-
нан өткізіп барып, ғылыми айналымға кіргізу қажеттілігін дәлелдеді [27].
Ал енді, Қожаберген жыраудың мұрасын іздеу, табу және жариялау мә-
селесіне тоқталалық. Бұл шаруа деректану жұмысының алғашқы кезеңіне жа-
тады. Белгілі тарихшы Марат Мұқановтың зерттеуінде керей шежіресінің ал-
ғашқы қағазға түсірген Дәулен Таузарұлы екен [28]. Оны ұлы атақты Толы-
бай сыншы толықтырып, өзінің ұрпағы Қожаберген жыраудың қолына тигізді.
Өз кезегінде Қожаберген, осы шежіре негізінде «Ататек» деген дастан жазды.
Қолдан қолға өтіп, керей шежіресі Сегіз сері Баһрамұлына жетті. Сегіз серіден
246
Қожаберген жырау – 350
кейін бұл шежірені жинап, жалғастырған Тәшмұхаммед Тәбейұлы Барлыбаев
[29].
Қожаберген шежіресін жазып алған Тәшмұхаммед Барлыбаев Қазанда білім
алған, заңгер мамандығын алған. Имам Шәміл басқарған Солтүстік Кавказдағы
ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан. Елге қайтқан соң мемлекеттік қызметтерде
болған. Сондықтан оның жазып алған шежіресіне шек келтіруге болмайды деп
ойлаймыз [30].
Сегіз сері шежіресінің бір данасын оның үшінші баласы Мұсайын ақын
өзіне қалдырып, екінші данасын құдасы Мырзай Тұяқұлы деген жас әншіге
берген екен. Мырзай ақсақал Сегіз сері шежіресі бар хадимше (арабтың ескі
әрпімен) жазылған қолжазбаларды Сегіз серінің шөбересі Нұрғожа Нұр-
мұхаммедұлына 1948 жылы жазда табыс етіпті. Алайда, 1963 жылы 7 қыр-
күйекте сол Нұрғожаның үйі өртеніп кетті. Соның салдарынан Сегіз сері
мұраларын фольклортанушы Қаратай Биғожин ел аралап жүріп, ауыз
әдебиеті білгірлерінен жазып алды. Оларды бір-бірімен салыстарды. Құсайын
Өтегенұлы, Мырзай Тұяқұлы, Айтбай Ізтөлеұлы, Нұрмұхаммед Мұсайынұлы,
Әбіл Жақаұлы, Дүйсек Нұрпейісұлы, Қожахмет Жолкеұлы ақсақалдардың
арқасында Қожаберген шежіресі біздерге дейін жетіп отыр [31].
1965 жылы тамыз айының басында Қаратай Биғожин Қызылжар қаласында
Мәлік Рамазанұлынан Сегіз сері жинап құрастырған, қазақ шежіресінің және
соның ішіндегі керей шежіресінің бас жағын жазып алыпты.
Ауыз әдебиеті білгірлерінің бірі Мәлік Рамазанұлынан Сегіз сері мұрала-
рын біраз адамдар жазып алған көрінеді. Солардың бірі – әдебиетші-ғалым
Төлеш Әушахымұлы Сүлейменов екен. Көшебе шежіресін Төлеш Әушахымұлы
Сегіз серінің шөбересі Нұрғожадан да жазып алғандығы белгілі. Оған
1963 жылы жаздың басында Нұрғожа ақсақал Сегіз сері мұраларының біразын
табыс етіпті [32].
Қолға түскен тарихи құжаттарды алдымен формальды талдаудан өткізу
қажеттілігі туындайды. Қожаберген жыраудың шығармаларының қалай та-
былғандығын, олардың біздің заманымызға қалай жеткендігін, газет-журнал
беттеріне қалай жариялағандығын біз жоғарыда айтып өттік. Бұл шығармалардың
көпшілігі 1963 жылға дейін қағазға түсірілген нұсқалары болуы ықтимал. Де-
генмен, оларды текстологиялық талдаудан өткізіп, түпнұсқасы мен көшірмеле-
рін салыстырудың сәті түспегендігі белгілі. Ал енді бұл құжаттарды атрибуция-
лау мәселесі талас туғызбайтын шығар. Әлбетте, тарихи құжаттардың әрбір
көшірілген нұсқасы өз заманындағы қазақ тілінің нормативтеріне сәйкестендірілуі
табиғи құбылыс. Қазіргі кейбір тарихшылардың Қожаберген жыраудың «Елім-
ай» шығармасының авторлығына күмән келтіруі де сондықтан шығар [33].
247
Қожаберген жырау – 350
Қазақтың ауызша деректерінің өз өзгешеліктері бар. Антика заманының
анналдары, ортағасырлық хроникалар, орыстың жылнамаларында кездесетін
кемшіліктер уақытында зерттеліп, талданып ғылыми айналымға кіргендігі
белгілі. Ал қазақ тарихының деректері терең зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Ахмет Байтұрсынұлы «шежіреде көбіне ата, туыс қуып, тарихи оқиғалар
баяндалмайды, болған тарихи фактілер «өтірік-шынды әңгімелерге айна-
лып кетеді» деп жазады [34]. Әлбетте, оның шежіре жөніндегі пайымдаула-
рына қосыла отырып, қазақта жазбаша шежірелердің болғандығын да айтуы-
мыз керек. А. Байтұрсынұлы өзіне алған Шәкәрім қажының «Қазақ әм хандар
шежіресі» бізге жазба түрінде жеткен жоқ па? Шежіре – қазақтың көнеден
келе жатқан тарих жасау дәстүрі. Шежіредегі жеті атаға дейінгі фактілер
шындық тан алшақ емес. Оның арғы жағындағылар көмескі болуы тиіс.
Тарихты жасайтын – адамдар, ал шежіре – адам тарихы. Сондықтан ше-
жіреге тарихи дерек ретінде қарауымыз кажет. Әрине, шежіре деректерін
басқа да тарихи құжаттарда келтірілген фактілерімен немесе ауыз әдебиеті
нұсқаларында кездесетін оқиғалармен байланыстыра зерттеу – тарихшының
мәртебелі міндеті. Қазақ сияқты мұрағаты мен мұражайы болмаған халық үшін
шежіренің рөлі мол.
Соңғы жылдары елімізде Қазақтың бірыңғай шежіресін жасау қозғалысы
басталды. Әсіресе, интернет арқылы осындай жұмысты жүргізу қажеттілігі
туындап отыр. Осы ретте 2005 жылы Алматыда жарық көрген Халидуллин
Олег Ханышұлының «Қазақтың біртұтас шежіресі» атты кітабы қызығушылық
туғызады [35].
Әлі есімде, өткен ғасырдың 60 жылдары қазақтың белгілі тарихшысы Беке-
жан Сүлейменов Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорындағы қазақ
шежіре лерін 40 томдық кітап етіп шығаруды армандап еді. Сол кезде осындай
шаруаны академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан жасап жатыр деп те естіп едік.
Алматыдағы «Алаш» орталығының қазақ шежірелерін бастырып жатқандығы
құптарлық шаруа. Дегенмен, мұндай жұмысты арнайы ғылыми мекеме құрып,
академиялық дәрежеге көтерген абзал.
Қызылжар қаласында облыстық өлкетану мұражайының жанындағы «Асыл
мұра» орталығы шежірелерді жинап, оны өңдеп және жариялау жұмыстары мен
айналысуда. Соңғы жылдары бұл орталық ондаған кітапты жарыққа шығарды.
Шежіре материалдарын өз зерттеулерінде пайдаланып жүрген ғалымдар саны
да аз емес. Соның бірі – қостанайлық тарихшы, тарих ғылымының докторы,
профессор Еркін Әбіл. Оның жақында керейлер тарихына арнап жазған моно-
графиясы ғалымдар қауымын елең еткізді [36].
248
Қожаберген жырау – 350
Сөз соңында 2000 жылы желтоқсан айында Қызылжарда өткен кон-
ференцияға қайта оралғым келеді. Бас баяндамашы академик Манаш Қабашұлы
былай деп еді: «Қожаберген баба атында жыл сайын сыйлық, студенттерге
арнайы стипендиялар белгіленсе, спорт жарыстары өткізілсе, қандай ғанибет!
Қожабергеннің мұрасын кезінде Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясына
кіргізгені белгілі. Оның «Елім-ай» әні жеке күй табақ болып шығуы, оның есімі
тәуелсіз заманада оқулықтарға енуі дау тудырмайтын басы ашық мәселелер. Ал,
ұлы дауылпаз жыраудың есімі тарихқа хатталуы, ғылыми өмірбаяны жазылуы
мен мұндалап-ақ тұр» [37].
Содан бері он жылдан өтті. Не өзгерді? Осы күнге дейін Қожаберген жө-
нінде бір кішкентай кітапшадан басқа ештеңе жоқ.
«Қожаберген жырау туған жер Солтүстік Қазақстан елдің шетінде, желдің
өтінде, ұлы империяның бетінде тұр. Қожаберген баба – қазақ мемлекеттігінің
жаршысы, жоқшысы. Сондықтан Тәуке хан заманасынан бері қазақ хандары-
ның, билерінің, сұлтандарының, әскери басшыларының, батырларының ордасы
болған Гүлтөбе-Маманай елі Қожаберген ауданы аталып, еңселі ескерткіш орна-
ту ең алдымен әділеттік үшін керек, одан қалды тәуелсіздік заманасында шекара
жігін айырып, бір қолына қылышын, бір қолында қаламы бар бабаның Солтүстік
көрші елге көз тігіп, айбын болып тұруы символика үшін де керек-ақ», – деп еді
[38].
Осы жылдары Жамбыл ауданының орталығы Преснов ауылында Қожаберген
бабамыздың бюсті қойылды, сол жердегі қазақ мектебіне оның аты берілді.
Жамбыл ақынның атында Алматы облысында аудан, тіпті оңтүстіктің бір үлкен
облысы бар. Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданын Қожаберген
атымен ауыстырса, Жәкең тірі болса бабасынан қызғанбас еді деп ойлаймыз.
Еліміздегі аға газет «Егеменді Қазақстанның» 2013 жылдың 13 ақпанында
жарияланған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, та-
рих ғылымының докторы, профессор Абай Тасболатовтың ұсыныстарын
қолдай отыра, жақын арада Солтүстік Қазақстан университеті жанында
«Қожабергентану» орталығын құру қажеттігін ұсынамын. Бұл орталық жа-
зушылар мен ғалымдардың, әдебиетшілер мен тілшілердің басын қосып, елдің
шетінде, жаудың өтінде жатқан қандастарымыздың үлес салмағы аз өңірдің та-
рихын одан әрі тереңірек зерттеуге мүмкіндік берер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |