Практикалық конференциялардың материалдары және ақындардың арнау өлеңдері мен жыр-дастандары енгізілген



Pdf көрінісі
бет22/22
Дата29.01.2017
өлшемі13,56 Mb.
#2961
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

МЕНІҢ БАБАМ, АСЫЛ ДАНАМ 
Уа, тәңір, шүкіршілік бұл ісіңе,
Жан бердің өлді деген бір кісіңе.
Ол менің Қожаберген бабам еді,
«Елім!» деп еңіреп өткен тірісінде.
«Асылдың асылы еді Қожаберген»,
Осылай бағалаған оны көрген.
Әйгілі билер оның тұстасы еді,
Мерейі бар қазақтың бола білген.

360
        Қожаберген жырау – 350
Жырлады «Елім-ай» деп Қожаберген,
Мол еді шәкірттері соңына ерген.
Біреуі ізбасардың Бұқар жырау
Атақты Абылайға ақыл берген.
Жаратқан берді бізге Абылайды,
Жыраудың өсиетін ел мақұлдайды.
Бас қосып әмсе алаштың батырлары
Жоңғарды бас көтертпей жазалайды.
Бабамыз адам болған пайымы мол,
Амалын таба білген айырып ол.
Деген ғой «Ел бірлігін сақтай білу – 
Мызғымас күш-қуаттың лайығы сол!»
«Елім-ай» – халқымыздың шежіресі,
Ұмытылмас халық кешкен өмір осы.
Жеткізген бүгінгіге қазақ елін
Тағзымға лайық қой бұл ер үлесі.
Еліміз құрметтеуде оны бүгін,
Ақтарып бар мерейін көңілінің.
Үлгі етіп жас ұрпаққа «Елім-айын»,
Әр сәтін тағылымдап өмірінің.
Батыр ғой өшпейтіндей жолы, ізі бар,
Болыпты ел жауына көңілі ызғар.
Үстінде зәулім тастың тұлғасы тұр,
Қолында бес қаруы, қобызы бар.
Елімнің өз аузына жетті қолы,
Жарқырап алда жатыр даңғыл жолы.
Ынтымақ ұйытарын әбден сезіп,
Ұрпағы көз жіберіп көрді соны.
Қырандай бүгін қазақ өрге ұшты,
Сәулесі бүгін елдің қандай күшті.

361
Қожаберген жырау – 350
Ықылым замандарда жаннан безген
Бабалар ұлты үшін отқа түсті.
Олардың жанпидасын ел ескеріп,
Өткен күн тірілгендей елес беріп.
Ел болып, бабалардан ғибрат алған
Ұйымшыл, тәлімді жұрт емес пе едік?!
Тас мүсін тұрған биік тұғырында,
Бейне бір ел құрметін ұғынуда.
Өшпесін аты мәңгі сезетіндей
Халқының болашағы, ғұмырында.
Елбасы бастап алға, ел кемелі,
Қазаққа бүгін әлем төр береді.
Желбіреп тәуелсіздік туы бүгін,
Осындай ризықты көрген елі.
Жыраудың осы еді ғой аңсағаны,
Елінің ерікті өмір жасағаны.
Қарыштап қазақ елі өрлегенін
Таныған бүкіл дүние тамсанады.
Есімін есіне алып елі бүгін,
Мерейін төгіп жатыр көңілінің.
Әлеумет құрметтеді бабамызды,
Атағын ардақ тұтып ер ұлының.
Бабамның енді айтары мынау ғана:
«Қазағым, бір-біріңе болғай пана!
Сақталса ел бірлігі мәңгілікке,
Болғаны ұрпағымның сонда дана!»
Шерияздан БӘШЕЕВ

362
        Қожаберген жырау – 350
НАМЫСТЫҢ ТУЫ ЖҮЗ ЖЫЛ 
ЖЫҒЫЛМАПТЫ
Қауымның исі қазақ ер бабасы, 
Қайысқан қол бастаған ордабасы, 
Қалың ел, қан майданның мәрт жырауы, 
Қайғылы замананың арда алашы.
Ол бабам имам болды он жетіде, 
Он сегіз күш дарытты келбетіне, 
Он тоғыз – батырлығы байқалған тұс, 
Ойқастап жасыл тумен тербетіле...
Жастық-ай... Жиырмада өзгереді: 
Жүректен өлең болып сөз келеді. 
Жырлайды судай толқып, тудай шалқып, 
Жүзеге асырылып көздегені.
Арабша, парсышаны қатар жатқан 
Аяттай мүдірместен мақамдатқан, 
Ақын да, имам да емес, елші болды, 
Азия кіндігінде ат аунатқан...
Бастамас батырлықтың қайда жолы, 
Бүкіл қол ордабасы сайлады оны. 
Батасын берген кезде Әнет баба 
Балқыған жеткендей бір айға қолы...
Ер болып қорғай білді Сарыарқаны,
(Ел тыныш болса, бойға тарар қаны). 
Ежелден хас батырдың қанды кешкен 
Ерекше қанталап бас жарар таңы.
Рауандап атқан таңға шашырап қан, 
Рабайсыз болып жоңғар басы Рабтан, 
Ренаттың зеңбірегі зіркіл қағып, 
Рең кетті жерімізден ашық жатқан.

363
Қожаберген жырау – 350
Гүж ете түсті сонда сардар аға
«Гәп мынау: жау сіңбесін бар далаға!»
Гулеген шұбарымен шайқасқа енді, 
Гүрзісі аңыз болып әр балаға.
Еңкулеп алпыс жылдай түспеді аттан. 
«Елім-ай» сыртқа шықты іште жатқан. 
Елімнің тарихына тіл бітірген 
Ерімнің есімі, ісі әсте мақтан!
Нешеме өнер біткен жырау баба 
Насихат шашты, ұрпағы тұр аудара... 
Намыстың туы жүз жыл жығылмапты, 
Наркескен ерді ұмытпас мынау дала!
Болат ҚОЖАХМЕТОВ
ДАҢҚТЫ ЖЫРАУ ҚОЖАБЕРГЕН 
ТОЛЫБАЙҰЛЫНЫҢ РУХЫНА
Аузынан Аспан көрінген,
Тілінен нөсер төгілген,
Таңдайдан сөзін түлетсе,
Көбесі жердің сөгілген,
Құранменен ойы жуынған,
Баһадүр болып туылған,
Хас ақын болып туылған,
Дұғалы ділді хас бабам,
Семсер сертті – шұғылалым,
Айбарлы елді бастаған,
Айбалтасын жастаған,
Тілегінде жыр тұнған,
Жүрегінде Хақ нұры,
Жұмақтайын құлпырған,
Жаралған ұлы арманнан,

364
        Қожаберген жырау – 350
Жаратқан Алла жар болған,
Көкірегінде күн жанып,
Көк тұйғындай толғанған,
Тектіден туған тарланым,
Рухым, арым, ардағым,
Құс жетпес хұсни шынарым,
Қасиет қонған қыраным,
Қас дұспанға сес болған,
Азалы ерге дәт болған,
Арманы асқақ, 
Ақсемсер – Қожаберген жырауым!
Арыстан болып ақырып,
Ата жаулармен алысқан.
Абыздай құпия оқылып,
Асып бір туған данышпан.
Жырменен жазып жараңды,
Қорғадың байтақ далаңды.
Мінезі ауыр табыттай,
Дауысы дүр боранды.
Қылышпен асау қаламды.
Қатар ұстаған кербезім,
Ұшықта ұлттық санамды.
Уа, «Ата тек» атты дастаның,
Тарихым болып хатталған,
«Елім-ай» атты дастаның,
Жүректе мәңгі жатталған.
Хиуа менен Қоқанға,
Бұхара менен парсыға,
Түркімен сынды жат елге,
Елші де болған өрелім,
Кемеңгер ұлы кемелім,
Алдаспан тілді жасыным,
Аспан текті асылым.
Сен,
Жиырма беске толғанда,
Миықтан күліп жалғанға,

365
Қожаберген жырау – 350
Семсердей сертпен қайралған,
Олжасыз қайтпай майданнан,
Әз Тәуке ханның алдында,
Ордабасы болып сайланған,
Көреген, дана өрелім,
«Жеті Жарғы» заңын да
Ақ былғарға айшықтап,
Жазған да Ерім сен едің!
Уа, Қожаберген жырауым,
Қожаберген жырауым,
Алмағайып сонау заманда,
Ерлерің қалай қорлансын.
Азуы алты қарыс арлансың,
Алты Алашқа бас болып,
Қолбасшы да болғансың.
Даналығымен үйірген,
Сөзіңе Абылай сүйінген,
Ұстаз тұтып Бұқар да,
Иманымен иілген!
Уа, Қожаберген баһадүр,
Атаңа нәлет, ойраттың,
Басына қайғы орнаттың.
Артыңнан келсе жайраттың,
Алдыңа келсе сорлаттың.
Тәуелсіз Қазақ қамы үшін,
Жан үшін емес, Ар үшін.
Ақ сүңгі жігер қырланып,
Қайраған сертпен намысын,
Қайран да қайран баһадүр!
Уа, әр жырың – менің елдігім,
Аңыз қып айтар ел бүгін,
Ақындық десің бір төбе,
Бір бөлек және ерлігің!
Уа, батыр туған ер бабам,
Ақын туған өр бабам.

366
        Қожаберген жырау – 350
Ұлттың ұлы намысын,
Ожданыменен қорғаған.
Бөгенбайдай батырға,
Өз жолын беріп арнаған,
Тектіден туған тарланым!
Даланың заңын сақтаған,
Қайран да қайран ақ бабам!
Көзімен қарап жүректің,
Аталы сөзге тоқтаған.
Бүгінгілерді ойласам,
Тақ үшін елді алдаған,
Өздерін өзі қорлаған,
Қан маңдайым өртеніп,
Ызаланып арланам,
Қайда кетіп барады-ау,
Мансапқа құл боп сорлаған!
Заман да заман заман-ай,
Өтер де кетер қарамай.
Ерліктің мәнін біле ме,
Өрліктің құнын біле ме
Бүгінгі қоғам қомағай?
Сөзінен шайтан шошыған, 
Көзінен дұшпан жасыған,
Сабыры – пайғамбардың таңғы дұғасындай.
Серті – Құран сүйген сахабадай,
Қайғысы – түннен де қараңғы,
Шаттығы – күннен де шұғылалы.
Сөйлесе, өзендей сарқырап,
мұхиттай толқыған.
Қабағында қара күз қалтырап,
Қабырғалы қалың елін ойлаған.
Мейірленсе маңайы –
мамыражай ән аңқып гүл туатын жасыннан!
Қаһарланса шорт кетіп –
жалған дүние жалынып аяғына бас ұрған,
«Елім-ай» деп өткен есіл ер,
Өзіңдей алып туар ма?!

367
Қожаберген жырау – 350
РУХ МОНОЛОГІ
Ғасырлар демінде ентігіп арманым,
Үзілген күдерді үмітпен жалғадым.
Қылыштың жүзінде боялып іңірлер,
Найзаның ұшында оянған жан-жағым!
Аспаннан естіліп дауысы Арымның,
Сағынсам Тәңірінің жанарын сағындым!
Жалынсам тек қана Тәңіріге жалындым!
Табынсам тек қана Тәңіріге табындым!
Ал бүгін басына Бақыт кеп орнаған,
Сендерге, ұрпағым, Жанымды арнағам!
Сендерге ұрпағым барымды арнағам!
Жылатып түнімді, жұбатып күнімді,
Мен, айхай, мынау қаныммен қорғаған,
Қасиет аңқыған Жерімді ойлағам,
Қамыққан қара орман Елімді ойлағам,
Ажалды өңіне сесімен жүгірген –
Қаныңда бұлқынған Тегімді ойлағам!
Иә, кеше, сөзіңе әр ісің сай болмай,
Жігерің атылды, маңдайың ойланбай,
Құл-құтан құтырды құтыңды қашырып,
Намысың тот басты қайратпен қайралмай.
Бақытын сүрініп, сорыңа айналып,
Қан жылап қабағың, шеріңе байланып,
Тарыдай шашылып тоз-тоз боп кеткенсің,
Тағдырдың ызғарлы желіне айдалып!
Дәрменсіз өксікке өзегің тұншығып,
Кеудеңде көк сұр кек сусылдап, қайралып,
Қу көңіл моладай азынап, аңырап, 
Қу жалған құбылған құлазып, қаңырап,
Күн асты – қобыздай күңіреніп отырдың,
Түн төсі – домбырадай күмбірлеп, 
еміреніп, еңіреп отырдың,

368
        Қожаберген жырау – 350
Зар ағып жағыңнан, у тұнып таңдайға,
Ашындың,
Туладың, 
Басылдың...
Қайтадан ашындың,
Ақылың көк мүйіз адырнадай тартылып,
Дұшпанға күркіреп барыстай атылдың!
Жасыңа суғарған Кегіңе сенгенмін!
Кегінде құдірет бұлқынған Еріңе сенгенмін!
Әуелі, Әділет Иесі – Тәңірге сенгенмін!
Бір күні жұлқынып Азаттық алатын,
Тегіме сенгенмін!
Жер жүзі жамырап ісіңе қарасты,
Жер жүзі сабырлы сөзіңмен санасты. 
Көк аспан көгінде Көк Туың желбіреп,
Алтай мен Атырау арасы – бірлігің жарасты!
Ей, шіркін, дүние!
Достарым сүйініп қарасын!
Дұшпаным күйініп қарасын!
Еркіндік тербетсін Қазақтың даласын!
Тәуелсіз еліңе тәуелді ұлың бар!
Тәуелсіз еліңе тәуелді қызың бар!
Көзіңнің қарасы, діліңнің  жұлыны –
Азаттық – аманат, аманат сендерге, Алашым!
Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ

369
Қожаберген жырау – 350
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ ......................................................................................................................... 3
БІРІНШІ БӨЛІМ. ҚОЖАБЕРГЕН ҰЛТ – ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ 
Тарихтан табылған тұлға. Е. Сұлтанов .............................................................................. 7
Дауылпаз баба – Қожаберген. М. Қозыбаев ................................................................... 10
Қожаберген – ұлт ерлігінің символы. С. Зиманов ........................................................... 23
«Елім-ай» деп өткен ер баба. Т. Кәкішев ......................................................................... 25
Қожаберген жырау. Ш. Смағұлов .................................................................................... 33 
«Елім-ай» дастаны – елдік мүдденің қайнар бұлағы. А. Айталы .................................... 38
Даңқты баба Қожаберген. А. Тасболатов ....................................................................... 44
«Әз Тәукеге қызмет қып, жаздым «Жеті Жарғыны». Б. Тұрғараев ................................ 52
Біз білмейтін Қожаберген. Т. Омарбеков  ........................................................................ 62
Ақ тілеулі абыз. С. Негимов .............................................................................................. 69
Сауыт киіп, ту ұстап, тұлпар мінген. Д. Әріпұлы  ............................................................. 75
Өз заманының айнасы. Қ. Омаров  ................................................................................... 86
Ғибраты мол ғаламат бабамыз. Ө. Озғанбаев ................................................................. 96
«Елім-ай» жырындағы  отарлау саясатының  тарихи  шындығы. Т. Көпбаев ................ 104
Манаш Қозыбаев зерттеуіндегі Қожаберген жырау.  Ж. Сүлейменов ........................... 113
Қожаберген  жырау және тарих тағылымы. А. Ысымұлы ............................................... 124
Қожаберген және оның дәуірі. Ғ. Қадірәліұлы ............................................................... 147
Қожаберген батыр-жырау шежіресі. С. Жұмабаев ....................................................... 160
Ұлы бабаның бейнесі. З. Әкімжанов ............................................................................. 173
ЕКІНШІ БӨЛІМ. ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ – ҰЛЫ ДАЛА ДАУЫСЫ
Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын дайындау және 
өткiзу туралы ................................................................................................................... 179
Ұлы Дала дауылпазы. Қ. Ескендір .................................................................................. 181
«Елім-ай» деп өткен есіл ер. Ж. Самрат ....................................................................... 185
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар 
Құл-Мұхаммедтің құттықтауы ........................................................................................ 1 9 1 
24-254

370
        Қожаберген жырау – 350
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 
Бақытжан Жұмағұловтың құттықтауы ............................................................................ 192
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы 
Нұрлан Оразалиннің құттықтауы .................................................................................... 193
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің құттықтауы ...................... 194
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың құттықтауы ....................................... 195
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті 
Мұрат Жұрыновтың құттықтауы .................................................................................... 196
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, филология ғылымдарының докторы, 
профессор Дихан Қамзабекұлының  «Ел тұтастығы үшін күрескен қаһарман тұлға – 
Қожаберген жырау» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ашарда 
сөйлеген кіріспе сөзі ........................................................................................................ 198
Қожаберген жырау туралы бірер сөз (Мемлекет тарихы институтының директоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның сөзі) ................. 201
Қожаберген жырау танымының саяси әлемі (Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының 
докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абайтану орталығының 
жетекшісі Мекемтас Мырзахметовтың баяндамасы) ........................................... 206
Ұлт намысын қорғаған (Мемлекет және қоғам қайраткері, 
ақын Кәкімбек Салықовтың сөзі) ............................................................................... 219
Қожаберген жырау – ұлттық бірліктің жоқтаушысы (Ақтөбе мемлекеттік 
педагогикалық институтының  профессоры, философия ғылымдарының докторы  
Амангелді Айталының сөзі)   ....................................................................................... 223
Қос жырау хақында(Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану 
мұражайы  жанындағы  «Асыл мұра» орталығының қызметкері  Социал 
Жұмабаевтың сөзі)  ..................................................................................................... 233
Қожаберген жыраудың шығармалары тарихи дерек (Қостанай мемлекеттік 
педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы  
Аманжол Күзембайұлының сөзі) .................................................................................. 240
Қожаберген баба – халық қамқоршысы, ел қорғаушысы 
(Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдарының  
докторы, профессор Ким Серікбайұлының сөзі) ........................................................ 251
Халқына қамал болған ер Қабанбай (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  Шығыстану 
кафедрасының  профессоры, тарих ғылымдарының докторы 
Тұрсынхан  Қайыркеннің сөзі) ...................................................................................... 255
Қожаберген жырауды ұлықтау – ұрпақтың парызы («Жеті Жарғы» және 
Қожаберген жырау» қайырымдылық қорының төрағасы, заң ғылымдарының
докторы, профессор Бекет Тұрғараевтың сөзі) ........................................................ 262
Қожаберген жыраудың баһадүрлік өмірбаяны: зар-заман туындатқан 
кәсіп-нәсіп пәлсапасы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ХАА академигі,
философия ғылымдарының докторы Дәуренбек Әубәкірдің сөзі)............................ 267
Қожаберген жырау өлең-толғауларының  тарихи-танымдық негіздері 
(Филология ғылымдарының докторы, профессор Зұфар  Сейітжановтың сөзі) .. 273

371
Қожаберген жырау – 350
ҮШІНШІ БӨЛІМ. ЖЫР АРНАДЫҚ ӨЗІҢЕ, ЖЫРАУ БАБА!
К. Салықов
Дауылпаз бабам табылды ................................................................................................ 287
«Жеті Жарғы» ашыпсың жарқын мәнін  ........................................................................ 288
Қожаберген жырауға ода ................................................................................................ 289
Е. Шаймерденұлы
Абыз ................................................................................................................................ 291
А. Бөкен
Қожаберген ..................................................................................................................... 292
Ә. Қайырбеков
Қожаберген  жырау. «Елім-ай!» ..................................................................................... 301
Ш. Сариев
«Елім-айлап» өткен ер .................................................................................................... 302
«Елім-айым» сенің арқаң... ............................................................................................. 306
К. Ахат
Дауылпаз жырау – Қожаберген ..................................................................................... 307
А. Исаділ
Қожаберген жыраудың  соңғы сөзі .................................................................................. 315
«Елім-ай» деп өткен ер ................................................................................................... 319
Т. Көпбаев
Елім-ай ............................................................................................................................ 323
Қожаберген жыраудың  Асқап батырға айтқаны ............................................................ 325
Ұ. Нұрғалымұлы
Бас сардар ....................................................................................................................... 326
Шерлі тарих дастаны ....................................................................................................... 328
Бостандық көші ............................................................................................................... 330
Ұ. Дәлей
Ғасырлар қоламтасынан жеткен рух ............................................................................... 332
Т. Таңжарық
Қожаберген ..................................................................................................................... 333
Аманат ............................................................................................................................. 335
С. Қамшыгер
Жау шапқанда ................................................................................................................. 336
Баба рухымен сырласу .................................................................................................... 338
Ы. Дәбей
Ұлы жыр .......................................................................................................................... 339
Ата жолы  ........................................................................................................................ 341
А. Зағыпар
Елім-айдан жеткен мұң ................................................................................................... 343
Жорықтың ізі бар ............................................................................................................ 345
Ғ. Әріп
Ел туралы толғау ............................................................................................................. 347

372
        Қожаберген жырау – 350
Е. Жүніс
Қожаберген ..................................................................................................................... 356
Ұлы далам түс көреді... .................................................................................................... 356
Ш. Бәшеев
Менің бабам, асыл данам  ............................................................................................... 359
Б. Қожахметов
Намыстың туы жүз жыл жығылмапты ............................................................................ 362
Б. Қарағызұлы
Даңқты жырау Қожаберген Толыбайұлының рухына ..................................................... 363 
Рух монологі .................................................................................................................... 367

Құрастырғандар:
Абай Тасболатов
 Жарасбай Сүлейменов
 
ДАУЫЛПАЗ БАБА 
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ

Редакторы Заңғар Кәрімхан
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редактор Жеңіс Қазанқапов
Корректоры  Назгүл Бимағанбетова
Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек

Басуға 16.09.14 қол қойылды.
Пішімі 70х100 
1
/
16



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет