Қожаберген жырау



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата29.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#2962
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 
 
 
 
 
 
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ 
(шығармалар жинағы) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ISBN 
 
«Жетi 
жарғы» 
жҽне 
Қожаберген 
жырау» 
қоғамдық 
қайырымдылық  қоры  жанындағы  Қожаберген  жыраудың  ҿмірі 
мен шығармашылығы жҽне оның заманын зерттеу орталығы 
 
Қҧрастырушы-редакторы: Бекет Тҧрғараев 
Баспаға дайындаған: Социал Жҧмабаев 
 
Қожаберген жырау 
(шығармалар жинағы) 
 
Петропавл қаласы 
Бет саны 
 
Қожаберген  Толыбай  сыншыұлы  (1663-1763)  кең  байтақ 
жерiмiздi, бытырай қонған елiмiздi қызғыштай қорғаған атақты 
батырларымыздың  бiрi,  1688-1710  жылдары  қазақ,  ноғай, 
қарақалпақ  халықтарының  бiрiккен  жасағына  қолбасшылық 
жасаған  ордабасы,  iрi  тарихи  тұлға.  Атақты  «Жетi  жарғы» 
заңнамасын  жазуға  қатысқан  Қожаберген  қазақ  халқының 
ерлiгiн, елдiгiн, жырлаған ақын, жырау. 
Бiр өкiнiштiсi, Қожаберген бабамыздың баға жетпес әдеби 
мұралары толық сақталмады. Сақталғандары осы уақытқа дейiн 
халыққа  жетпей,  зиялы  қауым  және  ғалымдардың  назарынан 
тыс қалып келдi. 
Батыр бабамыздың оқырмандарға ұсынылып отырған осы 
жинағы оны тереңiрек танып-бiлуге жол ашады деген үмiт бар. 
 
 
ISBN 
 
 
 
 
 

 

Жырыма құлағың сал азаматым, 
Ұнаса менің айтқан насихатым. 
Кеудеңде шыбын жаның болса егер, 
Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын. 
 
Қажаберген жырау 
 
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ 
 
Қазақ  халқының  ХУІІ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен 
ХУІІІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  ҿмір  сҥрген  ақын-
жырлауларының,  ҽнші,  кҥйші  –  сазгерлерінің  жҽне  халық 
батырларының  бірі  –  Қожаберген  жырау  Толыбай  сыншыҧлы 
(1663-1763 жж.) екендігі баршаға аян. Толыбайсыншыҧлы ақын 
тек  жай  ғана  батыр  емес,  кезінде  қазақ  халқының  ҽскерін 
басқарған  қолбасшы,  ҽйгілі  ғҧлама,  шежірешісі.  Оған  оның  ҿз 
шығармасы  «Елім-ай»  жыр-дастанының  бірінші  бҿліміндегі 
мына шумақтар да айғақ бола алады: 
 
Ҿнерге жас шағымнан қҧштар болғам, 
Самарқанд, Бҧхарадан білім алғам. 
Атанып ҥздік шҽкірт қатарында, 
Ең ҥлкен медересесін тамамдағам. 
 
Ерлікпен мағылҧм болдым алыс-жатқа, 
Ҽн шырқап, қобыз тарттық кҿңіл шатта. 
Бітіріп медересені шыққаннан соң, 
Имам боп он жетімде міндім атқа. 
 
Он сегізде ҽйгілі балуан болып, 
Он тоғызда іліндім батыр атқа. 
Жиырмада имам болмай, ақын болып, 
Симайтын іс жасадым шариғатқа. 
 
Тіліне араб, парсы болдым жетік, 
Оны да қолданбадым ҿнер етіп. 

 

Шамамша қол бастаған сардар болып, 
Мен жҥрдім мҧсылманға қызмет етіп. 
 
Сонымен  қатар,  Қожабергеннің  ғҧлама  ордабасы,  ҽскер 
басы-батыр  екендігіне  оның  шҽкірті  Бҧқар  жыраудың 
«Ҧстазым» атты дастанындағы мына шҧмақтардың ҿзі-ақ дҽлел 
бола алады: 
 
Қожаберген ҧстазым, 
Бҧхара барып оқыған. 
Тҿрт-бес тілді ҥйреніп, 
Кҿкейге берік тоқыған. 
 
Жалаулы найза, қобызды, 
Домбырасын қолға алған. 
Қамалға шабар алдында, 
Шығарып ҿлең толғаған. 
 
Жырын сҥйген баршасы, 
Болмаса кейбір оңбаған. 
Алла, аруақ жебеу боп, 
Жорықта жолын оңдаған. 
 
Қиын-қыстау кезеңде, 
Намысын қозғап ҿлеңмен. 
Батыр-ақын ҧстазым, 
Қолың қолға дем берген. 
 
Қожаберген  1663  жылы  наурыз  айының  басында  қазіргі 
Солтҥстік  Қазақстан  облысының  (бҧрынғыша  Қызылжар 
аймағының)  Жамбыл  ауданындағы  Благовещенка  селосы 
орналасқан жерде бҧрын болған Толыбайсыншы қарағайы деген 
орманның  қойнауында  дҥниеге  келіп,  сол  туған  жерінде  1763 
жылы  қазан  айында  жҥз  бір  жасқа  қарағанда  ауырып  қайтыс 
болыпты,  оның  сҥйегін  сол  тҿңіректегі  «Бҥркіт  қонған»  деген 
орманның  маңындағы  ҽкесінің  есімімен  аталатын  Толыбай 

 

сыншы  бейітіне  елі  жерлепті.  Ақынның  ҽкесі  Толыбайсыншы 
Дҽуленҧлы (1603-1680 жж.) заманында Қазақ, Ноғай (Қараағаш, 
Маңғыт  рулары),  Қарақалпақ,  Сібір  татары  (Ескер,  Барабы, 
Қҧралаш  рулары,  Шалабай  естектерінің  (Челябинск  башқҧрт-
тарының)  біріккен  ҽскерінің  ордабасысы  болыпты.  Барабы, 
Ескер,  Қҧралаш  руларының,  Шалабай  башқҧрттарының 
жасағының  қазақ  ҽскерінің  қҧрамында  болуына  оларға  қазақ 
хандығының  ықпалы  басым  болуы  себепкер  болған  екен. 
Қожабергеннің  ҿз  ҽкесі  –  Толыбайсыншы  да,  атасы  –  Дҽулен 
батыр  да,  бабасы  –  Таузар  сардар  да  ҿз  замандарында  Ҥш 
жҥздің ҽскербасылары жҽне Орта жҥз қазақтарының ардақты ел 
билеушілері болыпты. Оларды ҿздерімен тҧстас ақын-жыраулар 
ҿлеңдеріне  қосып,  ерліктерін  жырларына  арқау  етіпті  (шежіре 
деректері бойынша). 
Жыраудың анасы  –  Ақбілек Баянауыл ҿңірін мекендейтін 
Орта жҥз Сҥйіндік Арғын Айдабол бидің қызы екен. Ол кісі де 
ҿнері  асқан  сынықшы,  тоқымашы,  тігінші  болыпты.  Ол 
жайында  Қожаберген  ҿзінің  «Елім-ай»  жырының  бірінші 
бҿлімінде былай дейді: 
 
Орта ҥз Арғындағы асыл тектен, 
Анамның шыққан заты Сҥйіндіктен. 
Жиырма ҧлдың кҿкжал туған ең кіші ем, 
Тҧңғыш қыз Айдаболдың Ақбілектен. 
 
Толыбай  сыншының  ҿз  анасы  Жамал  кезінде  Самарқанд 
шаһарын  жҽне  оған  қоса  Самарқанд  уҽлаятын  билеп-тҿстеген, 
сол  шаһарда  ҥлкен  ғимараттар  салуға  ҥлес  қосқан,  медересе 
ашқан. Кіші жҥз ішінде Ҽлім ҧлының Тҿрт қара руынан шыққан 
ҽйгілі Жалаңтҿс Баһадҧр Сейтқҧлҧлының (1576-1656 жж.) туған 
апасы  екен.  Сол  себепті  Толыбайсыншы  қолбасшы  ҿзінің 
Майлы  би,  Ҿтежан,  Ҿтегелді,  Ҿтеген,  Ҿтепберген,  Ҿтеулі, 
Ҿтеміс,  Қарабас,  Ҽмір,  Ҿмір,  Темір,  Батыр,  Бабыр,  Бадыр, 
Ҿтебай,  Ҿтеғҧл,  Еділ,  Жайық,  Қожаберген  есімді  ҧлдарын 
нағашылары:  Ақша  би,  Жалаңтҿс  баһадҧрдың  Самарқанд, 
Ҥргеніш,  Бҧхара  шаһарларындағы  жоғары  дҽрежелі  діни  білім 

 

беретін  медереселерде  ҧстаздық  қызмет  атқаратын  ҿнерлі, 
білімпаз ҧлдарына ертіп апарып, солардың ҥйлеріне қойып, сол 
білім  ордаларында  оқытады.  Дҽулен  ҧлы  сыншының  жиырма 
тҿрт  баласының  он  тоғызы  аталмыш  қалалардағы  медереседе 
оқып,  хадимше  сауаттарын  жетілдіріп,  діни  білімдерін 
толықтырып,  кҿне  тҥрік,  араб,  парсы,  ҿзбек  тілдерін  жақсы 
ҥйреніп, сол оқу орындарын ҿте жақсы тамамдап шығыпты. 
Қожабергеннің  ҽкесі  Толыбайсыншы  ел  қорғаны  –  батыр 
болумен  қатар,  ҧста-зергер,  балташы,  ҿрімші,  етікші,  дихан, 
аңшы,  қҧсбегі,  мерген,  балуан,  емші,  атбегі,  сҿзге  шешен, 
ақындық  қабілеті  бар  ҽрі  кҿреген  кісі  болыпты.  Ел  ішінде 
Толыбайсыншыҧлы  айтты  деген  нақыл  қанатты  сҿздерде 
кездеседі. 
Адамдыда,  аттардыда,  басқа  жануарларды,  гауһар, 
меруерт,  маржан  тастарды,  қару-жарақты,  қҧсты,  итті  сынап 
білгені  ҥшін  Толыбайға  сыншы  деген  атақты  Қазақ,  Башқҧрт, 
Қарақпалпақ,  Қырғыз,  Татар,  Ноғай  халықтары  берген  екен. 
Оның  Қарабас  есімді  баласы  сыншылық  ҿнерінің  арқасында 
тҧтқын болған кездерінде ҥш рет қҧтылып, аман қалған екен. Ол 
турасында  ел  аузында  сақталған  аңыздар  бар.  Сол  аңыздардың 
бірі  ҽріде  кҿп  жыл  бойы  алтыншы  класқа  арналған  Ҽдебиеттік 
оқу кітабының бетінен орын алған еді. 
Қожаберген  ҿзіне  дейнгі  қазақтың  ақын-жырауларының 
ҿлең жырларын, медереселерде оқып жҥргенде шығыстың жеті 
жҧлдызы  атанған  Жҽми,  Низами,  Науаи,  Фузули,  Фирдауси, 
Сағди,  Рудаки  шығармаларын  оқып-жаттап,  солардан  нҽр 
алыпты.  Сонымен  бірге  ол  ертеде  ҿткен  Рашид  ад-Дин,  Мырза 
Хайдар  Дулати,  Қадырғали  Жалаири  жҽне  ҿзінен  аз  бҧрын 
ҿткен  Ҽбілғазы  баһадҧр  хан  сияқты  білімпаздардың  жазып 
қалдырған  шежірелерімен  таныс  болыпты.  Сондай-ақ,  ол 
тастағы  ескі  жазуларды  да  оқи  алады  екен  ҽрі  оған  кҿп  мҽн 
беріпті.  Бҧл  айтылғандарына  оның  «Ата  тек»,  «Баба  тіл» 
дастандары толық дҽлел бола алады. 
Ҿзінің  «Ата  тек»  дастанында  Толыбайсыншыҧлы  жырау 
қазақ халқын оғыз тҥріктерінен шығарады: 
 

 

Тҥріктен тараған ел тоғыз дейді, 
Тартатың кҥй аспабы-қобыз дейді. 
Башқҧрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ – 
Тҿртеуін шежірешілер Ҿгіз дейді. 
 
Сондай-ақ,  Қожаберген  ақын  сол  «Ата  тек»  дастанында 
қазаққа жататын тайпаларды Алаштан шығарады: 
 
Аннас тархан бабамыз, 
Ер Алаштың бҧтағы. 
Біздің қазақ бабамыз, 
Сол Аннастың ҧрпағы. 
 
Алаштан ҽрі Ҿгіз бар, 
Ҿгізден ҽрі Тҧран бар. 
Кім десеңдер тегіміз, 
Арғы атамыз осылар. 
…………………………….. 
Ҿгіз тҥрік ішінде, 
Аннастан қазақ жаралған. 
Біздің Ҥш жҥз елінің, 
Алаштан бҽрі таралған. 
 
Толыбайсыншыҧлының  шежіреші-жырау  екендігін  ХХ 
ғасыр  басында  ҿмір  сҥрген  классик-ақын  Сҧлтанмахмҧт 
Торайғыров  ҿзінің  «Қҧрбыма»  деген  ҿлеңінде  былайша 
жырлайды: 
 
Толыбайсыншы баласы Қожаберген, 
Тарихынан Оғыз тҥрік хабар берген. 
Ҥмбетей, Бҧхар жырау, Тҽтіқара, 
Ҥшеуі Қожа-екеңнен ҥлгі кҿрген. 
…………………………………….. 
Керейде Қожаберген, Сегіз ҿткен, 
Ҥш жҥздің шежіресін жыр қып шерткен. 

 

(С.Торайғыров  ақынның  бҧрын  жариаланбаған  ҿлеңдері 
«Орталық қазақстан» газеті 7 тамыз 1988 ж.). 
Қожаберген  жыраудың  шежіреші  болғандығы  тҧралы 
жҽне  оның  «Елім-ай»  ҽнін,  «Елім-ай»  кҥйін,  «Елім-ай»  жырын 
шығарғандығы жайында қазақ халқының ХІХ-ғасырдың  екінші 
жартысы  мен  ХХ-ғасыр  басында  ҿмір  сҥрген  белгілі  философ-
ақыны  Мҽшһҥр  Жҥсіп  Кҿпейҧлы  (1858-1931  жж.)  ҿзінің 
«Даналарға» атты ҿлеңінде былай деп жырға қосады: 
 
Ҿнерге қҧлаш ҧрып бала жастан, 
Тарихын бҧл ҥш жҥздің етіп дастан. 
Баласы Толыбайсыншы Қожаберген, 
Бой ҧрған ерлік іске ҽуел бастан. 
 
Ҧрпағы оның батыр Сегіз ҿтті, 
Нияздай асыл ерді қасына ертті. 
Қолына қобыз алып ҿр шабытпен, 
Мҧра ғып шежіре-жыр тастап кетті. 
 
Қолбасы ақын-жырау һҽм елші-би, 
Шығарған «Елім-айдай» тамаша кҥй. 
«Елім-ай» ҽні менен жырын тағы, 
Шығарған Қожаберген бабаңды сҥй. 
 
Қожабергенге  ақындық  аруақ  оның  жеті  жасында 
қоныпты.  Жырау  ақындықта  ҿзінің  ҽкесімен  бірге  туған  ақын 
Аулабайдан  ҿз  ағалары:  Майлы  шешен  мен  Қарабас  тарханнан 
ҥлгі-ҿнеге  алыпты.  Батырлыққа  Қожабергенді  ағалары  Ҿтежан 
мен Ҿтегелі баулыпты. 
Діни медереселерді ҿте жақсы тҽмҽм етсе де, Қожаберген 
жырау  мен  оның  ағалары  дінбасысы  бола  алмайды.  Себебі, 
Қазақ,  Ноғай,  Қарақалпақ,  Шалабай  Естектері,  Сібір  Татары 
халықтарына  ХУІІ-ғасырдың  бірінші  ширегінен  бастап  Ноғай 
даласын  мекен  еткен  Қалмақтар  Еділ  ҿзенінің  батысынан 
шабуыл  жасаса,  шығыстан  Жоңғар.  Қалмақ  басқыншылары 
ҧздіксіз шабуылдап, екі жақтан қыспаққа тҥскен мҧсылмандар-

 
10 
дың ҽділетті, яғни азаттық жолындағы соғыстары ҧзақ жылдарға 
созылуы  салдарынан  Толыбайсыншы  қолбасшының  балалары-
ның  имам,  ишан,  софы,  молда  болуларына  еш  мҥмтігі 
болмайды.  Себебі  Толыбайсыншының  ержҥрек  жиырма  тҿрт 
ҧлы  (жиырмасы  Ақбілектен,  тҿртеуі  ҽмеңгерлікпен  қосылған 
жары-  Халимаштан  туған  екен)  жоғарыда  аталған  мҧсылман 
жҧрттарының  сыртқы  басқыншы  жаулардың  екі  жақты 
шабуылдарына  қарсы  бағытталған  ҧлт  –  азаттық  ҽрі  қорғану 
соғыстарына  белсенді  тҥрде  қатысып,  олардың  кҿбісі  ҽскер 
басқарыпты.  Ел-жҧртын  шапқыншылардан  қорғау  жолында 
ҽділетті  соғыста  Толыбайсыншы  тарханның  ҧлдары  мен 
немелері  асқан  ерліктің  ҥлгісін  кҿрсетіп,  олардың  бірталайы 
кҿппен бірге майданда қаза тапқандығы шежіреден, сол кездегі 
ерлік жырлардан елге мҽлім. 
Қожаберген  жырау1683-1688  жылдары  Ҽз  Тҽуке  ханның 
елшілік  қызметінде  бес  жыл  басшылық  етіпті.  Сонан  кейін 
немерелес  туысы  Бҿгенбай  Маянбайҧлы  Ордабасы  ауыр 
жараланған соң, соның орнына Ҽз Тҽукенің ҧсынысы бойынша 
қҧрылтайда  Толыбай  сыншыҧлы  батыр-ақынды  (боз  биенің 
сҥтіне  шомылдырып,  ҥстіне  ақ  киім  кигізіп,  ақ  кигізге 
отырғызып кҿтеріп) халық 1688 жылы ордабасы сайлайды. Сол 
кҥннен бастап, Қожаберген жырау ҿзінің немере ағасы Бҿгенбай 
баһадҧрдың  қызметін  ақсатпай,  ҽрі  қарай  жалғастырып,  Ҥш 
жҥздің  жасағына  Бас  қолбасшы  болыпты.  Ол  қазақ  ҽскеріне 
қоса  Ноғайдың  Маңғыт,  Қараағаш  руларының,  Сібір  татарына 
жататын  Ескер,  Барабы,  Қҧралаш  тайпаларының,  Шалабай 
Естектерінің 
(Челябинск 
башқҧрттарының), 
Қарақалпақ 
халқының жасақтарына да ордабасы болған екен. 
Толыбайсыншыҧлы  ақын  ҽнді  домбыраға  қосып,  кҥйді 
сыбызғыға  қосып,  жырды  ҽнмен  айтып,  қобызға  қосып 
орындаған екен (шежіре деректері мен ерлік жырлар бойынша). 
Толыбайсыншыҧлы  сардар  1688-1710  жылдар  бойында 
Қазақ,  Ноғай  (Қараағаш,  Маңғыт  тайпаларының),  Қарақалпақ 
халықтарының  біріккен  қолына  ҽскербасы  болып,  екі  жақты 
қалмақ  шапқыншылығына  қарсы  ҧзақ  жылдарға  созылған 
соғыстарда  талай  рет  ҥлкен-ҥлкен  жеңістерге  жетіп,  ордабасы, 

 
11 
тархан  атағын  алған  ҥлкен  баһадҧр,  ҽскери  қайраткер.  Оның 
жиырма  ҥш  жыл  ҽскер  басқарғанына  ҿзінің  «Ҥш  би»  атты 
ҿлеңіндегі мына шумақ та дҽлел бола алады: 
 
Басқарып Ҥш жҥз қолын жиырма ҥш жыл, 
Орнымды Бҿгенбайға бердім биыл. 
Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды, 
Кезінде ҧзақ соғыс кҥндер қиын. 
 
Жырау  1710  жылы  жаздың  аяғында  ҿз  шҽкірттерінің  бірі 
жас  батыр  Қанжығалы  Арғын  Бҿгенбай  Ақшаҧлына  ерекше 
ықыласы тҥсіп, ҿзінің орта жасқа таяп қалғанын, ҧзақ жылдарға 
созылған  ауыр  соғыстарға  ҥздіксіз  қатысып,  қалжырап-
шаршағанын  мойындап,  Ҽз  Тҽуке  ханға  ҿзін  ордабасы 
қызметінен  босату  туралы  ҿтінішін  айтады.  Ҽз  Тҽуке  ҽуелі 
келісім  бермесе  де,  ҿз  орнына  қоятын  кісі  барын  айтқан  соң, 
хандықтың  астанасы  –  Тҥркістан  шаһарына  Ҥш  жҥздің 
шораларын,  бектерін,  билерін,  батырларын  арнайы  тҥрде  хат 
жазып,  кісілер  жіберіп  шақыртып  алып,  ордабасы  сайлау  ҥшін 
Қҧрылтай  ҿткізеді.  Онда  уҽзірлер,  шоралар,  билер,  бектер, 
батырлар  Толыбайсыншыҧлының  ордабасылықтан  кетуін 
қаламайды.  Ақыры  олар  Ҽз  Тҽукеге  зорға  дегенде,  келісім 
береді.  Сонда  Қожаберген  баһадҧр  ақ  батасын  беріп,  ҧсыныс 
жасап,  ҿз  орнына  Бҿгенбай  батыр  Ақшаҧлын  Қазақ,  Ноғай, 
Қарақалпақ  жҧрттарының  біріккен  ҽскерін  басқаратын  Бас 
қолбасшы 
етіп 
сайлатады. 
Ол 
жайында 
ҿз 
ҧстазы 
Толыбайсыншыҧлы  батыр-ақынға  арнап  шығарған  «Ғадыл  ер» 
деген ҿлеңінде ҽйгілі Бҧқар жырау былай дейді: 
 
Қожаберген ғадыл ер, 
Қадырын білген қалың ел. 
Бҿгенбайдай батырға, 
Билігін берген ардагер. 
 
Қожа-екеме Бҿгенбай 
Шҽкірт болған жан еді. 

 
12 
Сайлатқан он ҧстазым, 
Қарадан шыққан хан еді. 
 
1710  жылдың  жазының  аяғында  ҿз  еркімен  ордабасылық 
қызметтен босаған Қожаберген батырды кезінде ҿзін тҽрбиелеп-
ҿсірген  ағасы  Қарабас  тархан  жасы  ҧлғайғанын  айтып,  ҿз 
орнына  Орта  жҥз  Керей-Уақ  елдеріне  шора  сайлатады.  Сҿйтіп, 
Толыбайсыншыҧлы  жырау  ҿз  ағасының  орнына  шора  болып, 
1710-1723  жылдар  аралығында  ҿз  жҧрты  –  Керей-Уаққа  басшы 
болыпты.  Ол  1723  жылы  кҿктемде  Сыр  бойында  мекен  еткен  
Кіші  жҥздегі  қайын  жҧртына  қонаққа  аттанарда,  ел-жҧртының 
игі  жақсыларын  жиып,  мҽжіліс  ҿткізіп,  ҿзі  ақ  батасын  беріп, 
ҧсыныс  жасап,  ҿз  орнына  ағасы  Қарабас  тарханның  ҥлкен 
баласы Асқап сардарды Керей-Уақ елдеріне шора сайлатады. 
Толыбайсыншыҧлы  жырау  1723  жылғы  «Ақтабан 
шҧбырынды,  Алқакҿл  сҧлама»  атанған  ірі  апатты  ҿз  басынан 
ҿткеріп,  кҿзімен  кҿрген,  қырғынның  жуан  ортасында  болған 
қарт баһадҧр. Сол аса қатерлі сапарда ол Науан, Ҽсет есімді екі 
батыр  баласынан,  ҿзіне  ҽрі  ҿкіл  бала,  ҽрі  атқосшы  саналған 
Айбек,  Ермек  атты  екі  батыр  азаматтан  айырылып,  бҽібішесі 
екеуі ҽрең дегенде кҿппен бірге жау қоршауын бҧзып ҿтіп, аман 
қҧтылады. 
«Елім-ай»  ҽнін,  «Елім-ай»  кҥйін,  «Елім-ай»  жырының 
бірінші  бҿлімін  Қожаберген  ақын  сол  қоршауда  тҧрған  кезінде 
шығарыпты.  «Елім-ай»  атты  ҿлең  де,  жыр  да,  ҽн  де  ҽр  кезеңде 
дҥниеге  келген.  Соның  ішінде  1723  жылғы  «Елім-ай»  ҽнін, 
дастанын  шығарған  Толыбайсыншыҧлы  жырау.  Мысалы: 
«Елім-ай»  атты  ҿлең  Міржақып  Дулатовта  да  бар.  Ал,  «Елім- 
ай» деген дастанды халық ақыны, ҽдебиетші-ғалым белгілі ҽнші 
Тҧрсынхан  Ҽбдірахманова  да  жазған.  Ҽдебиетте  бір-бірімен 
аттас  ҽндер,  кҥйлер,  жырлар  жиі  кездеседі.  Бірақ  оларды  бір-
бірімен шатастыруға ҽсте болмайды. 
Ақындықта  Қожаберген  жырауға  Дҽстем  сал,  Бҧқар, 
Ақтамберді,  Ҥмбетей,  Тҽтіқара,  Жанкісі  (Кҿшебе  керей) 
жыраулар  шҽкірт  болып,одан  ҥлгі-ҿнеге  алса,  батырлықта 
Бақсары,  Бҿгенбай,  Жҽнібек  (Кіші  Арғын)  ҥшеуінен  бастап, 

 
13 
Бҿкенбай  Мергенҧлына  (1717-1758ж.ж.)  дейінгі  батыр  атаулы 
сол  Толыбай  сыншыҧлы  ордабасыға  шҽкірт  болып,одан  тҽлім-
тҽрбие алыпты. 
Қожабергеннің  бар  айыбы  сол,  оның  ҿмірі  мен  қоғамдық 
қызметінің, шығармаларының дер кезінде жиналмай-зерттелмей 
қалғандығы,  іздеушісі  болмағандығы.  Қожаберген  шығарма-
ларының  кейбіреуі  қазақ  халқының  ХІХ  ғасырда  ҿмір  сҥрген 
педагог  жазушысы,  ағартушы-демократы  Ыбырай  Алтынсарин 
қҧрастырып,  1879  жылы  Орынбор  баспасында  жарық  кҿрген 
«Қазақ  хрестоматиясынан»  (жинақ)  жҽне  оның  1896  жылы 
Қазанда жарық кҿрген «Мҽктубат» деген кітабынан орын алған, 
ол  жинақтарда  ақынның  бірнеше  ҿлеңдерінен  ҥзінділер 
берілген.  Соңғы  жиырма  бес  жылда  Толыбайсыншыҧлы 
ақынның  ҿмірі  мен  шығармашылығы  бір  шама  зерттеліп,  ол 
1983 жылы «Ғылым» баспасынан жарық кҿрген. «Ерте дҽуірдегі 
қазақ  ҽдебиеті»  атты  жинаққа  енді  жҽне  онда  Қожаберген 
жыраудың 
«Елім-ай» 
ҽні 
мен 
кҥйін, 
жыр-дастанын 
шығарғандығы айтылып,сол зерттеуде талданып жазылды. 
Қожаберген ақынның ҿмірі мен қоғамдық қызметі туралы 
деректер жҽне оның «Елім-ай» ҽнін, «Елім-ай» кҥйін, «Елім-ай» 
тарихи  жырын  шығарғандығы  туралы  республикалық  газет-
журналдарда,  облыстық,  аудандық  газеттерде  бірталай  зерттеу 
мақалалары 
жарияланды. 
Атап 
айтқанда, 
филология 
ғылымынын  кандидаты  М.Жармҧхаммедов  «Қазақ  ҽдебиеті» 
газетінде  1981  жылы  15  мамырда  ««Елім-ай»  жыр-дастаны» 
атты, ғылыми қызметкер Г.Тҧрсынова «Мҽдениет жҽне тҧрмыс» 
журналының 1981 жылғы 6-санында «Қаратаудың басынан кҿш 
келеді»  деген,  белгілі  драматург-жазушы  Н.Ҽбутҽлиев 
«Жҧлдыз»  журналының  1984  жылғы  3-санында  Қожаберген 
жырау  атты,  осы  жолдардың  авторларының  бірі  «Мҽдениет 
жҽне  тҧрмыс»  журналының  1988  жылғы  6-санында  «Елім-ай» 
деген,  1988  жылы  27  қыркҥйекте  жазушы  Н.Ҽбуталиев  пен 
ҽдебиетші-ғалым М.Жармҧхамедов «Алматы ақшамы» газетінде 
««Елім-айдың»  аторы  кім?»  атты,  шежіреші  М.Болатов 
«Жезқазған туы»  газетінің 1982 жылғы 22 қантардағы санында 
««Елім-ай»  жыр-дастанының  авторы  Қожаберген  жырау 

 
14 
хақында» деген, белгілі ҽдебиетші-ғалым Т.Сҥлейменов «Еңбек 
таңы»  журналының  1989  жылғы  2-санында  «Қазақ  есімі 
хақында» атты, шежіреші, қарт мҧғалім Е.Қалданов «Қызыл ту» 
газетінің  1990  жылғы  23-24  қазандағы  сандарында  «Елім-ай» 
атты деректі де кҿлемді мақалаларын жариялатқан еді. Бҧлардан 
басқа  да  Қожаберген  жырау  туралы  бірнеше  автордың  1982-
2001  жылдар  аралығында  газет-журналдарда  отызға  тарта 
зерттеу  мақалалары  жарық  кҿрді  жҽне  сол  Толыбайсыншыҧлы 
ақынның  есімін  атап  оның  шығармаларынан  ҥзінділер 
келтірілген бірнеше автордың жиырма шақты мақалалары 1988-
2001  жж.  Аралығында  республикалық  газет-журналдарда, 
облыстық,  аудандық  газеттерде  жарияланды.  Олардан  басқа 
Ш.Смағҧлов,  Қ.Омаров,  Қ.Биғожин,  Қ.Мҧқанов,  Ғ.Қадрҽлі, 
С.Жҧмабаев  сияқты  жергілікті  зерттеушілердің  ғылыми 
мақалалары  жҽне  жергілікті  жазушы  Ожан  Қалиевтің 
Қожабергенге  арнаған  дастаны  жарық  кҿрді.  Сондай-ақ, 
Қожаберген  жырау  филология  ғылымдарының  кандидаты 
Т.Сҥлейменовтің 1991 жылы «Ҿнер» баспасынан жарық кҿрген 
«Сегіз  сері»  атты  монографиялық  еңбегінен  орын  алды  онда 
автор Қожаберген жырау – Сегіз серінің арғы бабаларының бірі 
екендігін  ҽрі  оның  ірі  тарихи  тҧлға,  ҥлкен  ақын  екендігін 
айтыпты. 
Сонымен  қатар,  жазушы  Н.Ҽбуталиев  ҿзінің  1991  жылы 
«Жалын»  баспасынан  шыққан  «Сегіз  сері»  атты  зерттеу 
еңбегінің  бҥтіндей  бір  бҿлігін  Қожаберген  жырауға  арнағанын 
айтуға  міндеттіміз.  Осы  аталған  автор  Толыбайсыншыҧлы 
(1663-1763  жж.)  ақынға  арнап,  «Ордабасы  Қожаберген»  атты 
монографиялық  еңбек  жазып,  ол  1995  ж.  «Жеті  жарғы» 
баспасынан жарық кҿрді. Сол Н.Ҽбуталиевтің 1998 жылы баспа 
бетін  кҿрген  «Шоқ  жҧлдыз»  деген  зерттеу  еңбегінен  де 
Қожаберген  жырау  орын  алды.  Осы  сҿз  зергерінің  1986  жылы 
«Жазушы»  баспасынан  жарық  кҿрген  «Ҿттің  дҥние»  повесінде 
Қожаберген жырау тҧлғасының сомдала тҥскені байқалды. 
Қожаберген жырау да, оның жолын қуушы мҧрагерлерінің 
бірі – Сегіз сері Баһрамҧлы да 1989 жылы жарық кҿрген Қазақ 
кеңес энциклопедиясының қысқаша тҿрт томдығының тҿртінші 

 
15 
томынан  орын  алды.  Онда  да  «Елім-ай»  ҽнін,  «Елім-ай»  кҥйін, 
«Елім-ай»  жырын  1723  жылғы  қазақ  халқына  келген  ірі  апат 
кезінде  шығарғандығы  айтылған.  Сонымен  қатар,  «Елім-ай» 
жыр-дастанының  бірінші  бҿлімі  толығынан  жҽне  екінші 
бҿлімінің  бас  жағы  «Дала  дидары»,  «Ауыл»  газеттерінің 
беттерінде 1991-1992-1993 жж. жарық кҿруі де ақтаңдақ орнын 
ретімен жаба тҥскендей. 
Солтҥстік  Қазақстан  облысының  (Қызылжар  аймағының) 
топырағында  бҧрынғы  –  соңды  дҥниеге  келген  ақын-
жыраулардың  (Кеңес  дҽуіріне  дейінгі)  ҿмірлері  мен  қоғамдық 
қызметтер  туралы  деректер  мен  шағармаларының  дер  кезінде 
жиналмай – зерттелмей қалуына, біріншіден, облысымызға 1936 
жылға  дейінде,  одан  кейін  де  ҽдеби-тарихи  экспедицияның 
сапарларға  шықпауы  себеп  болды.  1936  жылы  жазда 
жазушылар:  Ілияс  Жансҥгіров,  Бейімбет  Майлин,  Ғабит 
Мҥсірепов  –  ҥшеуі  бастаған  бір  топ  ҽдебиетшілер  мен 
тарихшылар  экспедиция  жасаған.  Олар  облысымыздан 
Қожаберген жыраудан бастап, Біржан Берденҧлы ақынға дейнгі 
ақын-жыраулардың  ҿмірлері  мен  қоғамдық  қызметтері  туралы 
деректер  мен  олардың  шығармаларын  жинапты.  Алайда 
аталмыш  экспедициялық  топтың  жинаған  мҧралары  1937 
жылғы  зобалаңда  қҧрып  кетіпті.  Екіншіден,  облысымыздан  не 
ҽдебиет зерттеушісі, не тарих зерттеушісі, не ҽн-кҥй зерттеушісі 
шықпауы да ақын-жырау, шешен бабаларымыздың еңбектерінің 
зерттелмей қалуына тағы себепкер болды. 
Қожаберген  жырау  шығармалары,  ҽсіресе,  «Елім-ай» 
тарихи  жырының  бірінші  бҿлімі  жҽне  екінші,  ҥшінші 
бҿлімдерінің ҥзінділері, «Баба тіл» дастаны жҽне басқа ҿлеңдері 
туған  республикамыздың  ҽр  облысында  тҧратын  жекелеген 
азаматтардың  абдырасының  тҥбінде  сақталып,  біздің  кезеңге 
жеткен.  Ел  ішінде  «Ата  тек»,  «Қойлыбай  ҽулие»,  «Қызылжар» 
дастандарының ҥзінділері, «Ҥш би», «Ҥш Тҽуке», «Ҥш қҧрдас», 
«Кҥлдірмамай»,  «Едіге  биге»,  «Жеті  жарғы»  жҽне  басқа 
ҿлеңдері ҧшырасып қалып жҥрді. 
Толыбайсыншыҧлы  ақын  «Бағылан  баба»,  «Фархад 
баһадҧр»,  «Ғадыл  Танаш»,  «Едіге  баба»,  «Балға-Балта 

 
16 
батырлар»,  «Ер  Аббас»,  «Ер  Кҿшебе»,  «Ата  тек»,  «Баба  тіл», 
«Алтай  батыр»,  «Елім-ай»  жҽне  басқа  кҿптеген  дастан, 
«Қойлыбай  ҽулие»,  «Білерсің»,  «Кҥлдірмамай»,  «Жеті  жарғы», 
«Ҥш  би»,  «Қайран,  жастық»,  «Едіге  биге»,  «Жастық», 
«Ақсауыт», жҽне басқа бірталай ҿлеңдер, «Бҥркіт қонған», «Кҿк 
Есіл»,  «Айша»,  «Қызылжар»,  «Қайран,  Арқа»,  «Елім-ай», 
«Қалмақ  қырылған»,  «Ел  айырылған»  жҽне  біраз  кҥйлер 
шығарса  да,  оның  толып  жатқан  шығармаларының  басым 
кҿпшілігі  біздің  кезеңге  келіп  жетпеді.  Қожабергеннің  ҽндері 
мен  кҥйлерінің  соңғы  орындаушысы  Іргебай  Қоржынкҿлҧлы 
(1891-1966  жж.)  осыдан  отыз  жеті  жыл  бҧрын  Ресейге  қарасты 
Қорған 
облысының 
Макушин 
ауданындағы 
Кҥміскҿл 
(Қожаберген  жыраудың  Кҥміс  кҿлі  атанған  кҿл  ғой)  деген 
селода ауырып қайтыс болды. 
Бҧл  кҥнде  «Елім-ай»  ҽнін  Алматы  қаласының  тҧрғыны, 
сҽулет  ҿнері  ғылымының  кандидаты  Тҿлеубек  Сейітқалиҧлы 
Қарамендетегі Орындап жҥр. 
Сонымен  қатар,  1723  жылғы  аса  ірі  апаттың  халық 
ҧғымында қалған атауы «Ақтабан шҧбырынды, Алакҿл сҧлама» 
деген  сҿз  тіркестері  де  Қожабергеннің  «Елім-ай»  жыр-
дастанының  бірінші  бҿлімінің  аяқ  жығында  келетін  мына 
шҧмақта ҽдемі зерленген: 
 
Атсыз қап жҧрт жҥрісі шабан болды, 
Халқыма аштық, соғыс жаман болды. 
Басталып ел сҧлауы Алакҿлден, 
Ақтабан шҧбырынды заман болды. 
 
Алакҿлді  кейін  біреулер  жаңылысып  Алқакҿл  деп  кері 
ҧғынған сияқты. Ҿйткені, Алқакҿл деген атақты ҥлкен кҿл қазақ 
даласында арғы-бергіде болған емес. 
Баба  жырау  бҽйбішесі  Айшаны  ертіп,  сол  1723  жылдың 
қараша  айында  (бас  кезінде)  ҿз  еліне  келе  жатып,  орталық 
Сарыарқадағы 
Қорғалжын 
кҿлі 
аймағында 
ағайын-
туғандарымен,  ҧлдарымен,  қызымен  аман  табысады.  Ҿйткені, 
Қожабергеннің  елі  Керей-Уақ  та,  оған  кҿшіп  келіп  паналаған 

 
17 
Барабы,  Барын,  Ескер  атты  Сібір  татарының  рулары  да, 
Шалабай Башқҧрттары да 1723 жылы ала жаздай жоңғар қалмақ 
басқыншыларымен соғысып, ақыры жеңілген соң, кҿше қашып, 
сол  жылы  жаздың  аяғында  Қорғалжын  аймағына  келіп 
қоныстаныпты. Оны Толыбайсыншыҧлы батыр-ақын «Елім-ай» 
жырының екінші бҿлімінің басында айқын суреттеп кеткен. 
Қожабергеннің  бҽйбішесінің  есімі  –  Айша,  ол  Кіші  жҥз 
ішінде Он екі ата Байҧлыға жататын Есентемір елінің басшысы 
Қабылан  бидің  қызы  екен.  Толыбай  сыншыҧлы  жыраудың 
Айшадан туған Ҽди, Ҽли, Ҽсет, Есет, Ҽбет, Науан, Мҽди, Нҽби, 
Ақыл,  Бағдат,  Мамай,  Ноғай,  Сағади,  Тоқтамыс,  Бектеміс, 
Бекет,  Балқан  есімді  он  жеті  ҧлы,  Зейнеп  есімді  жалғыз  қызы 
болыпты.  Ақынның  аттары  аталған  он  жеті  баласының  жетеуі 
жҽне  ер  жеткен  он  бір  немересі  ҧзақ  жылға  созылған  ҧлт-
азаттық соғыста жау қолынан мерт болған екен. 
Қожаберген  жырау  ҿмір  сҥрген  заманда  Керей-Уақ 
бытырамаған, қалың ауылды, адам саны кҿп ел болыпты. 1723-
1759  жылдары  аралығында  болған  қанды  айқастарда  кҿп 
жауынгерлерінен  айырылса  да,  Орта  жҥз  Керей-Уақ  1795 
жылдың наурыз айына дейін ара жігі ажырамаған, ауыз бірлікті 
жҧрт болыпты. 
Орталық  Сарыарқадағы  Қорғалжын  аймағында  (қазіргі 
Ақмола  облысының  Қорғалжын,  Вишневский  аудандары  мен 
Қарағанды  облысына  қарасты  Теңіз  ауданы  жерлері)  Орта 
жҥздің  Керей-Уақ  елі  сол  Орта  жҥзге  жататын  басқа 
жҧрттармен, Башқҧрт, Ноғай, Сібір татары халықтарының біраз 
руларымен, Кіші жҥздің кейбір тайпаларымен бірге тҧрмыстың 
қиыншылықтарын  бірдей  кҿріп,  ҿздеріне  нандық,  атқа  жемдік 
егіп  салып,  аң,  қҧс,  балық  аулап,  1723-1745  жылдар  арасында 
сол ҿлкеде тіршілік еткен. Қҧрамында Шалабай Естектері, Сібір 
Татары елдері сарбаздары, Орта жҥздің Атығай, Қарауыл деген 
екі  жасаң  руының  жігіттері  бар  Керей-Уақ  жасағы  қарт  сардар 
Қожаберген  жырау  мен  оның  інісі  Асқап  ордабасының 
басшылығымен 
Шортанды 
мен 
Тҥмен 
арасындағы, 
Аманқарағай  мен  Ҥшбҧлақ  (қазіргі  Омбі  облысы  мен 
Новосибирский  облысының  шектесектің  жеріндегі  қоныс,  ХІХ 

 
18 
ғасырда  осы  ата  мекенінің  атымен  аталған  Ҥшбҧлақ  дуаны 
қҧрылған)  аралығындағы  орманды,  кҿлді,  ҿзенді,  қыратты 
қоныстарды  жауға  ҥсті-ҥстіне  бас  кҿтерместей,  кҥйрете 
соққылар  бере  отырып,  басқыншылардан  1745  жылдың 
жазының  бас  кезінде  толық  тазартады.  Сҿйтіп,  Керей-Уақ 
жҧрты  ҿздерінің  ата  мекендеріне  қайтадан  кҿшіп  барын 
орналасады.  Оларға  бҧрын  Ҧлытау  ҿңірін  мекендеген,  1724 
жылы  жазда  қоныстарынан  айырылған  Атығай-Қарауыл 
руларыда  ілесе  кҿшеді.  1723  жылы  жазда  жоңғар  қалмақ 
басқыншыларымен  соғыста  қырылып,  артында  ҧрпақ  қалмаған 
Керейдің бес руының босап қалған жеріне Асқап ордабасының 
рҧқсатымен  Атығай-Қарауыл  жҽне  Шалабай  Естектерінің  бір 
топ елі кҿшіп барып қоныстаныпты. 
Қожаберген  мен  оның  інісі  Асқап  шора  қоныстарын 
жаудан  тазартқан  соң,  Керей-Уақтың  билері  мен  бектеріне, 
батырларына  бҧрынғыша  тҿрт  ауылға  ортақ  бір  медересе,  бір 
мешіт  ашу  туралы  бҧйрық  береді.  Содан  сол жарлық  бойынша 
ҽрбір тҿрт ауыл бір медересе, бір шағын мешіт ашу ҥшін ҥйлер 
салуға  кіріседі,  молдалар  дайындау  ҥшін  жас  ҿспірімдер  мен 
жас  жігіттерді  арнаулы  кісілерге  ертіп,  Бҧхар  хандығы 
қалаларына 
аттандырыпты. 
«Елім-ай» 
жыр-дастанын 
Толыбайсыншыҧлы  жырау  қолжазба  арқылы  елден-елге 
таратуды  ҿз  мирасхорларына  ҿсиет  етіпті.  Баба  ҿсиетін 
орындауда  жыраудың  ҿз  балалары  мен  немерелері,  шҿберелері 
жҽне  ақынның  туған  ағасы  Қарабас  тарханның  ҧрпақтары 
ерекше  еңбек  етіп,  Толыбайсыншыҧлы  ғҧламаның  осы 
қолжазбаның  12-13  –  беттерінде  аталған  хисса-дастандарын, 
ҿлеңдерін  елден-елге  қолжазбалар  арқылы,  ҽншілер  арқылы 
таратыпты. 
Қожаберген  жыраудың  «Елім-ай»  эпопеялық  жыры  қазақ 
халқының сыртқы жауларға қарсы бағытталған жарты ғасырлық 
ҽрі  ҽділетті,  ҽрі  азаттық  соғысын  суреттеуге  арналған  маңызы 
кесек  тарихи  шығарма.  Жырдың  бірінші  бҿлімі  де,  жыр  мен 
аттас келетін Толыбайсыншыҧлы ҿнерпаздың «Елім-ай» ҽні мен 
«Елім-ай»  кҥйі  де  1723  жылғы  кҥзде  болған  орасан  қырғынды 
ел  басына  келген  ауыртпалықты  кҿпке  сол  кҥйінде  жеткізуге 

 
19 
бағышталған.  Сонымен  қатар  «Елім-айдың»  бірінші  бҿлімін 
жартылай  ҿмібаяндық  дастан  десек,  ешбір  қателеспейміз. 
Ҿйткені,  осы  жырда  Қожаберген  сазгер  ҿз  ҿмірінен  бірталай 
мағылҧмат берген. 
Толыбайсыншыҧлы  жыраудың  «Елім-ай»  дастаны  –  бір 
нҧсқалы жыр. Оның кейбір сҿздері ауыздан-ауызға кҿше жҥріп, 
ҿзгеріске  ҧшырағанына  қарамай,  ҽркімдердің  қолында  жҥрген 
ҥзінділерін  сол  дастанның  ҿзге  нҧсқалары  деп  теріс  тҥсінуден 
аулақ болайық. Егер сол ҥзінділерді бҿлек нҧсқа деп керісінше 
ҧғынып  жҥрген  адамдар  ҽркімдердің  қолында  жҥрген 
ҥзінділерді  жинап  ҽкеп,  «Елім-ай»  жырының  бірінші  бҿлімінің 
толық нҧсқасымен салыстырса, олардың «Елім-ай» дастанының 
бірінші  бҿлімінің  ел  ішінде  шашырап  жҥрген  ҥзінділері  екенін 
анық аңғарар еді. 
«Елім-ай»  жырын  оқуға  жҧртшылық  неге  антық?  Себебі: 
Қожаберген  шығарған  «Елім-ай»  дастанының  тарихи  жағынан 
қҧндылығы  ҿте  зор!  Қожаберген  бабаның  ҿмір  жолы  да,  оның 
тарихи  шығармасы  «Елім-ай»  да  жастарды,  жас  ҿспірімдерді, 
жас 
балдырған 
шҽкіртерді-отаншылдыққа, 
адалдыққа, 
бауырмалдыққа, 
турашылдыққа, 
ҽділдікке, 
татулыққа, 
ҧйымшылдыққа, 
кҿпшілдікке, 
жауынгерлікке, 
достыққа 
тҽрбиелеуге ҥндейді. 
Сонымен  қатар,  Толыбайсыншыҧлы  сардар  «Елім-ай» 
жырында 1723 жылғы ҥлкен апат тек ҿзінің туған халқы Қазаққа 
ғана  емес,  туысқан  да  кҿрші  Ноғай,  Қарақалпақ,  Қырғыз, 
Шалабай Башқҧрттары, Сібір Татары халықтарына да кенеттен 
келген  зор  індет  екенін  ашық  та  дҽлелді  тҥрде  баяндап  ҿтеді. 
Ҽрине, бҧл жағдайды екінің бірі біле бермеуі де мҥмкін. 
Ақын  «Елім-ай»  хиссасының  бірінші  бҿлімінде  тек  қана 
соғыстарды  баяндап  қоймай,  туған  халқымыздың  жер-
суларының бҧрынғы кездегі атауларын, тҧрмыс-салтын, кҽсібін, 
елдің  ішкі-сыртқы  саяси  жағдайларын,  кҿршілес  мемлекеттер-
мен  қандай  қарым-қатынаста  болғанын,  тҥрік  тектес  елдерді, 
Сібір  татарына  жататын  руларды,  қалмақтың  шыққан  тегін, 
оның  тҥрік  халқына  жатпайтынын,  қалмаққа  жататын 

 
20 
тайпаларды дҧрыс, айқын тҥрде кҿрсетіп берген. Мҧның кейінгі 
ҧрпақтар ҥшін маңызы аса зор екеніне ешбір дау жоқ. 
Қожаберген  ақынның  «Елім-ай»  дастанын  дҧрыс  та 
жоғары  бағалаған  кҿрнекті  білгір  адамдардың  бірі  – 
халқымызды  ҽскери  қайраткері,  білімпаз  да  аса  дарынды, 
қадырлы  жазушысы,  атақты  батыры,  есімі  ҽлемге  ҽйгілі 
Бауыржан  Момышҧлы  атаң:  Керей  Қожаберген  жыраудай 
бҧрынғы-соңды  ҿмір  сҥрген  қазақ  ақындарының  бірде-біреуі 
қазақ жҧрты жерінің кҿлемін, шекарасын айқындап берген емес. 
Ол  кісінің  «Елім-ай»  жыры  -  ҽскери  дастан!  Жас  бала  кезімде 
оны  ҽншілердің  аузынан  талай  рет  естіп  едім.  Шіркін,  сол 
ҽскери дастан қайда бар екен? – деген болатын бірде. Ал, қазақ 
халқының  аса  кҿрнекті  ғылым  қайраткерлерінің  бірі,  тарих 
ғылымының  докторы,  профессор  Ермҧхан  Бекмаханов:  атаң 
«Кҿшебе  керей  Қожаберген  ақын  Толыбайсыншыҧлының 
«Елім-ай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Ҽрі сол «Елім-ай» 
ерлік  хиссасының  бірінші  бҿлімі  –  1723  жылғы  «Ақтабан 
шҧбырынды,  Алқакҿл  сҧлама»  атанған  ірі  апаттың  суретін  ел 
кҿзіне елестеткен бірден-бір тарихи қҧжат!» – деп тҧжырып еді. 
Осы  мазмҧндас  бағаны  академик-жазушы  Ғабит  Мҥсірепов, 
академик  Ҽлкей  Марғҧлан,  академик  Ақай  Нҥсіпбеков,  тарих 
ғылымының докторлары: Бек Сҥлейменов пен Тҿлтай Балақаев 
ағаларың да кезінде шегелеп айтқан еді. 
Қожаберген  жыраудың  біздің  кезеңге  жеткен  екі 
дастанының  бірі  –  «Елім-ай»  болса,  екіншісі  –  «Баба  тіл».  Бҧл 
дастанды  қазақ  ауыз  ҽдебиетіндегі  бізге  жазбаша  тҥрде  жеткен 
тҧңғыш  кҿне  шығармалардың  бірі  емес,  бірегейі  деу  керек. 
Дастан  мазмҧнын  екіге  бҿлуге  болады.  Бірінші  бҿлімде  жырау 
қазақ  шежіресі  туралы,  қазақ  халқының  қалыптасуы,  қҧрамы 
жайында  ҿз  пайымдауларын  жазса,  екінші  бҿлімде  баба  тілі  – 
қазақ тілі туралы, қазақ тілінің тарихы, жазба тіліне жҽне кҿне 
тіл,  бай  тіл  екендігіне,  ғылыми  талдау  жасайды.  «Баба  тілді 
қастерлеу  –  Азамат  ерге  лайық»,  -  деп,  туған  тілді  қадірлеуге, 
қҧрметтеуге,  жетік  білуге  шақырады.  «Елім-ай»  дастанынан 
жҽне  лирикалық  ҿлеңдерінен  Қожабергеннің  қол  бастаған 
батыр,  сардар,  ел  бастаған  кҿсем,  сҿз  бастаған  шешен,  топ 

 
21 
жарған  ақын-жырау  екенін  білсек,  «Баба  тіл»  дастанынан  оны 
басқа  қырынан  шежіреші,  тіл  блімінің  маманы,  ғалым  екенін 
аңғарамыз. 
«Баба  тіл»  дастанының  мазмҧны  Ҽбілғазы  баһадҧр  хан 
(1603-1663  жж.)  мен  оның  «Тҥрік  шежіресі»  деген  атақты  да 
кҿлемді  еңбегін  сынаудан  басталады.  Бҧл  еңбекті  кезінде 
хандардың хронологиялық тізбесі ғана», - деп, «Қазақ шежіресі 
деген еңбегінде Шоқан Уҽлиханов та, «Тҥрік, қырғыз, қазақ һҽм 
хандар  шежіреші»  деген  еңбегінде  Шҽкерім  Қҧдайбердіҧлы  да 
сынаған  болатын.  Ал,  олардан  бҧрын  Толыбайсыншыҧлы 
жырау былайша сынайды: 
 
Біле тҧра ол сҧлтан, 
Еске алмапты Ҥш жҥзді. 
Соның ҥшін, жарандар, 
Айтпақ болдым бҧл сҿзді. 
 
Айналайын, Ҥш жҥзім, 
Ҽбілғазыға налыма. 
Шежіресі бар елімнің, 
Қоймаспыз жатқа жалына. 
 
Қожаберген  жырау  «Қазақ»  жҽне  Ҥш  жҥз  жеген  ҧғымдар 
бір жҧрттың екі атауы болып, бірдей шыққан сҿздер деген пікір 
айтады: 
 
Қазақ деген атауға, 
Ілескен Ҥш жҥз есімі. 
Бір жҧрттың екі аты боп, 
Тағдыры ерте шешілді. 
 
Шыңғыс ханнан кҿп бҧрын, 
Қазақ пен Ҥш жҥз бар атау. 
Сҿзіме нан, жҽмиғат, 
Болмасын кҿңіл еш жадау. 
 

 
22 
Сҿйтіп, батыр-жырау «Қазақ» пен « Ҥш жҥз» атауларының 
Шыңғыс  ханға  дейін  пайда  болғанын  ҥзілді-кесілді  айтады. 
Сонымен қатар, «Баба тіл» дастаны ауыздан-ауызға кҿше жҥріп, 
оның  сҿздері  ҿзгеріске  ҧшырағанын  байқадық.  Мысалы:  оны 
Керей,  Жҽнібек  дегеннің  орнына  Ҽз  Жҽнібек  деген  сҿздің 
қолданылуынан  аңғарамыз.  Шыңғыс  хан  жорығының  алдында 
ғана  халық  боп  қалыптаса  бастаған  қазаққа  Хорезм 
мемлекетінің  қҧрамында  хандық  болуы  мҥмкіндігі  туса  да, 
Шыңғыс  ханның  шабуылына  тап  боп  халық  болу  дҽрежесінен 
айырылып, Хандық та бола алмай, тоқырау кезеңі басталып, екі 
жарым  ғасырдан  кейін  қайта  қалыптасып,  Керей,  Жҽнібек 
хандардың  тҧсында  қайта  хандық  болып,  қазақша  жазба  қайта 
қалыптасқан екен. 
Кҿлемі  325  шумақ  «Баба  тіл»  дастанының  бізге 
жартысынан  кҿбі  жетті.  Алайда  Жейхҧндария,  Сейхҧндария, 
Еділ-Жайық  ҿзендерінің  бойларын,  Кердері,  Атырау  теңіздері 
жағалаларын,  Орал  тауы  мен  оның  батыс,  шығысын,  Батыс 
жҽне  Шығыс  Сібір  аймақтарын,  Алтай  тауын,  Тҽншан  тауын 
мекендеген  тҥрік  жҧрттарында  Х-ХІ  ғасырда,  яғни  Хорезм 
шахы  Мҧхаммедтен  ҽлдеқайда  бҧрын  сонау  Алаша  ханның 
тҧсында Есілҽм дінінің толық орнығып, салтанат қҧрғанын, араб 
ҽрпінің  негізінде  Тҥрік  ғарпы  пайда  болып  қалыптасқанын 
баяндаған  «Баба  тіл»  дастаны  шумақтарының  тҥсіп  қалғаны, 
яғни естен ҧмытылғаны кімді де болса, қынжылтарлық жайт. 
 
Керей ханның кезінен, 
Екінші рет таңба іске асқан. 
Арабтың ғарпын кегізге ап, 
Қазақша жазу қҧрасқан. 
 
Таза қазақ тілінде, 
«Жеті жарғы» жазылған. 
Ҽз Тҽукедей ханымыз, 
Жоқ еді елді аздырған. 
 
 

 
23 
Ҿткенде дейін Ҽз Тҽуке, 
Қолданды ел қазақ таңбасын. 
Осы кҥнде сҧлтандар, 
Қолға алды Татар жазбасын. 
 
Ҥш жҥз жылдан аса уақыт 
Қазақша жазды ел жазуын. 
Сҿйте тҧра кҿрдің бе, 
Бектердің  бҥгін  азуын,  -  дейді  де  «Сҧлтандарға 
ермеңдер, қазақша жазуларыңды тастамаңдар», - дейді. 
Дастанның  бір  топ  шумақтары  баба  тілді  –  ана  тілді 
қадірлеуге, қҧрметтеуге, пайдалануға, тазалығын сақтау туралы 
насихатқа  арналған.  Жыраудың  бҧл  насихат  сҿздерін  ҿзінен 
артық сҿзбен жеткізу қиын, сондықтан ҥзінді келтірейік: 
 
Баба тілді сақта деп, 
Айтып тҧрмын жалрыға. 
Ақындардың жырларын 
Салып кҿр деп талқыға. 
 
Кезің жетті Ҥш жҥзім, 
Ашатын анық кҿзіңді. 
Тҥріктің басқа ҧлынан, 
Кем санама ҿзіңді. 
 
*  *  * 
Осы тілді жек кҿрген, 
Дҥниеден қалар қҧр. 
Бағаласаң шынымен, 
Баба тілің асыл – дҧр. 
 
Пайдалан қазақ сҿзіңді, 
Жазғанда ҿз қалпында. 
Туған тілді қҧрметте, 
Кір жҧқтырмай салтыңа. 

 
24 
Бҧдан  ҽрі  жырау  қазақ  тілінің  қалыптасу  тарихына 
тоқталады.  Қазіргі  қазақ  тілінің  байлығы  бір  ғасырдың  ғана 
жемісі емес, мың жылдан артық уақыттың жемісі дей келе, тҥрік 
тектес  халықтар  тілдерінің  ішіндегі  ең  сҿзге  бай,  дамыған  тіл 
дейді.  Ақынның  бҧған  дҽлелі:  тіліміздің  оралымдылығын, 
бірнеше мағына беретін сҿдерің кҿптігі жҽне кҿптеген сҿздердің 
бір мҽнде келетіні яғни синонимдік қатардың кҿптігі. 
«Тоқсан  ауыз  сҿздің  тобықтай  тҥйіні  бар»,  -  дегендей, 
қорыта  келгенде,  Қожаберген  жырау  Толыбайсыншыҧлының 
Қазақ  тарихынан  да,  Қазақ  ҽдебиеті  тарихынан  да  ҿз  орнын 
алатын уақыты жетті. 
«Иҽ,  ҿлмейтін  жан  жоқ.  Абай  баба  айтқан  «Ҿлді  деуге 
болама,  ойлаңдаршы,  ҿлмейтҧғын  артына  сҿз  қалдырған»,  - 
дегендей,  қазақ  халқының  ҥш  ғасырлық  жҥрек  жарды  жыры 
«Елім-айдың»  авторы  Қожаберген  жырау  ҿз  халқымен  мҽңгі 
бірге жасайды. 
Қожаберген  есімі  Ҽз  Тҽуке  хан,  Абылай  хан,  Ҽбілхайыр 
хан,  Бҧқар  жырау,  Ҽйтеке  би,  Тҿле  би,  Қызыбек  би  сияқты 
ҧлтымыздың 
ҧлыларының 
қатарында 
Отан 
тарихында 
хатталады».  (М.Қ.Қозыбаев,  ҧлттық  ғылым  академиясының 
Академигі, Қазақстан Республикасы Ҧлттық ғылым академиясы 
тарих жҽне этнология институтының директоры. Дауылпаз баба 
– Қожаберген (Қожабергентану проблемалары хақында)). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
25 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет