«ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ ЖАЙЫНДАҒЫ
ХИҚАЯТ» атты шағын хисса:
Алладан пайғамбарға келген аят,
Аят хақы қолдай кҿр бір нашаят.
Кешіргей қатам болса жаббар қҧдай,
Айтайын бҧрынғыдан бір хикаят.
Шығарам шағын хисса қҧлағың сал,
Ҽлеумет аз жырымды қабылдап ал.
Алланың ҿзі берген ҿнері ғой,
Пендеге ҿлең айтса, болмас обал.
Ертерек қазақ, ноғай бір болғанда,
Жол жҥрген тҥйе мініп бір кҽрі шал.
Жаратқан жат қылған соң ісін оның,
Қосылмай жалғыз ҿткен бір жҧбайға.
Жазғанның барар жолы ҧзақ екен,
Бейшара шығып кетті елсіз жайға.
Жол жҥрді ҥш кҥн тынбай ҧдайына,
Ол ҿзі кҿп сыйынған қҧдайына.
Су таба алмай сол ғарып халі бітті,
Адамзат қарар емес шырайына.
Алла деп жолға тҥсті таң атқанда,
Ҧйықтамай елегізіп ел жатқанда.
Кҿрінді қарсы алдында жалғыз отау,
Сол ҥйге тҥнемекші кҥн батқанда.
Ол ҥйде отыр екен жалғыз қатын,
Шығарар тҽуір ҽйел ердің атын.
«Еркек жоқ ҥйге ешкімді қондырман», - деп,
Бастады қатал сҿзбен жағдаятын.
Сонан соң ұрмақ болды бақанменен,
Жүргейсің таяқ жемей аулақ менен.
235
Сендейдің жҥзі келіп, жҥзі кетер,
Кҿремін нендей пайда кезбелерден.
Сҿйлейді кҿк долы ҽйел кет деп ҽрі,
Тыңдамас оның сҿзін жазған кҽрі.
Ғайбаттап шайпау ҽйел тҧрғанында,
Қатынның келіп қалды ҥйге жары.
Тіршілік бес кҥн жалған ҿтер бастан,
Шығады ҿнер, ақыл қайран жастан.
Келе сап ҥй иесі жҿн сҧрады,
Шал жайын білмек болып ҽуел бастан.
Қария ҿз жағдайын баян етті,
Кҿргенін жастан нелер қасіретті.
Ғарып шал су іше алмай қалжыраған,
Шертеді ҥй иесіне болған кепті.
Айтады ҥй иесі шалға қарап,
Бҧл ғарып неткен пенде кҥйсіз жатқан.
Ҽлде бҧл диуанама елді кезген,
Шайхы боп хақ жолында жҥріп жатқан.
Мейманды сусын беріп сыйладың ба,
Сапарын білгеннен соң жаңға батқан.
Ҽйелі дҽм бермеді сараңданып,
Ерінің тілін алмай қиқарланып.
Қонақты кҥт десе де байы оған,
Айтқанын тыңдамады қҧлақ салып.
Ҽйелін соның ҥшін сабады ері,
Қолына талдан кесіп шыбық алып.
Мейманды жігіт сонда сыйлайды енді,
Қария абзал жанды жақсы кҿрді.
Шҽугімге су қайнатып шайын демдеп,
236
Қонаққа ҥй иесі тамақ берді.
Шал мҧндай жомарт жанды кҿрген емес,
Аралап жҥргенменен талай жерді.
Ҥй иесі айтты: Ата сҿзге қҧлағың сал,
Жігіт ем шыныменен біткендей мал.
Айырылып жау шапқан соң дҽулетімнен,
Бҧл кҥнде азық тапшы, болмай тҧр хал.
Тҥйеңді астыңдағы маған сатып,
Болады қанша динар бағасын ал.
Ҽйеліне айтты: дем алсын ғарып пенде,
Еш мейірім жоқ екен деді сенде.
Келгенде мейманыңды қабыл алсаң,
Иманнан сен қалмайсың болып кенде.
Бҧл кісі тҥйе мініп жҥрген екен,
Таулардың басып ҿтіп асуларын.
Азығы таусылған соң қалжыраған,
Шҿлдердің асып ҿтіп шағылдарын.
Еш жерден бір жҧтым су таппаған соң,
Сен оған дҧрыс жауап қатпаған соң.
Қайғырып жатыр екен ғарып ата,
Орынсыз ҿзін босқа даттаған соң.
Қонаққа айтты ҥй иесі сат деп тҥйе,
Сҿздерін тҥйені алып сҿйлеп жҥйе.
Нарды сойып, мҥшелеп, етін тҧздап,
Бетіне сҧм ҽйелдің жақты кҥйе.
Ҥй иесінен қария қҧрмет кҿрді,
Ет асып мырза жігіт тамақ берді.
Шалдың ҿзіне сары нарын сойып беріп,
Шығарды кҿкірегінен қайғы-шерді.
237
Ғарыпты қонақ етті тҥйе сойып,
Піскен соң тҥйе етін жеп қалды тойып.
Меманды қабыл алып қҧрметтессең,
Алла кешер кҥнҽңді бірден жойып.
Шал байғҧс қайғыланды тҥйесіне,
Келмейді айтса сҿзі жҥйесіне.
«Бҧл жерге бекер босқа келіппін», - деп,
Қорыққанынан айта алмады ҥй иесіне.
Кҿзінен ҧйқы қашып жата алмады,
Қайғымен еттен жҿнді тата алмады.
Қария уайымдаса да амалы жоқ,
Ешбір сҿз ҥй иесіне қата алмады.
Солайша уайыммен апта ҿтті,
Ғарыпты ҥй иесі қҧрметтепті.
Кҥн сайын тҥр-тҥрімен тағам беріп,
Мейманды жомарт жігіт жақсы кҥтті.
Бір кҥні ертеменен тҧрды дейді,
Сиынып аузына алды пірді дейді.
Мейманды ҥй иесі қасына ертіп,
Екеуі мал ішіне кірді дейді.
Есепсіз тҥйе жатыр қҧмда толып,
Тҥйесін шалдың алған сынамақ болып.
Кҿрсетті мың тҥйеден таңдап ал деп,
Жау шауып кеткен емес дҽулеті толық.
Ҿзінің жомарттығын білдірмек боп,
Қонаққа ҽзіл айтқан жатқан қонып.
Қараса қойы менен жылқысы кҿп,
Маңайды қария да шықты шолып.
238
Шал тҥйе таңдап алды қырық діллалық,
Мырзаға разы болды кҿрген халық.
Толтырып ғарып қалтасын кҿп ақшаға,
Жҿнелтті ҽбден кҥтіп батасын алып.
Қҧрметтеп қарияны шығарып салды,
Қҧдайым сахыларға берген малды.
«Қонағым қош, разы болыңыз», - деп,
Жеткізіп кҥндік жерге шығарып салды.
Сонымен мейман кетті жолға тҥсіп,
Сарғайып жҥреді екен іші пысып.
Шаршады қария пақыр жол ҥстінде,
Ҿкпесін ыстық жел де қатты қысып.
Ғарып шал аз дем алып жолға тҥсті,
Ҽмірі қадыр Алла сондай кҥшті.
Сыйынды ол қҧдайға да, аруаққа да,
Сапарда кҿрсет пе деп зор қипысты.
Қария келе жатыр нарға мініп,
Барады ҧзақ жолда кҿңілі тынып.
Сарғайып ыстық кҥнде сапар қылды,
Қҧдайдың қҧдіретіне мойын ҧсынып.
Ақсақал келе жатып керіледі,
Ҽрі қарай жол жҥруге ерінеді.
Қария ҥш кҥн, ҥш тҥн жҥрген кезде,
Алдынан жҽне де ақ ҥй кҿрінеді.
Ақ орда қарсы алдында кҿрді тағы,
Ашылар дінді кҥтсе ердің бағы.
Сол ҥйге тоқтап қария мейман болды,
Кҥн батып, қызыл іңір болған шағы.
239
Жас ҽйел ҥйден шықты сылаңдаған,
Кҿңілі мейман кҥтпей тына алмаған.
Ҽуелі қарияға сҽлем етті,
Кҿңілін бҿгде іске бҧра алмаған.
«Қонағым, хош келіпсіз, ҥйге кір», - деп,
Келген соң жолаушыны қабыл алған.
Қҧрметтеп қарияны қонақ қылды,
Дҧрыстап тамақ беріп тойындырды.
Мейманға мҧсылмандар барын тосып,
Баршаны мырзалықпен мойын ҧсындырды.
Ертеңіне ҥй иесі келді дейді,
Адамды аттанбақшы кҿрді дейді.
«Сен неге бҧған тамақ бересің», - деп,
Ҽйелге ҧрып жаза берді дейді.
Қатынын ҧрып-соғып басын жарды,
Ҽйелге жолдас қылған пейілі тар-ды.
«Қҧдая, бҧл жауызға жаза бер!?» - деп,
Жылайды жас келіншек етіп зар-ды.
Ҽйелден тоқтап қария сҧрайды сҿз,
Нелерді есен жҥріп кҿрді ғой кҿз.
Кінҽсіз қарғам сені, ҧрып-соқты,
Қалайша бҧл байыңның ашуы тез?
Таң қалам еске тҥссе кҿргендерім,
Сахының ішіп-жеппіз бергендерін.
Жарлымын қолдан хайыр бере алмаймын,
Байқадым сараң екен келген жерің.
Ей, қызым, айтқаныма қҧлағың сал,
Жақсыдан шыққан лебіз шекер мен бал.
Сҿйлейін ішімізден тарқасын шер,
Ҿзімнің жол-жҿнекей кҿргенім бар.
240
Шырағым, жақсы болсаң жаннат жаның,
Екі дҥниеде жарылқар бір қҧдайым.
Азабың ерден кҿрген зая болар,
Ешқашан оның ҥшін қылма уайым.
Қорлығың байдан кҿрген болар зая,
Болады берген хайыр зиннаһ файа.
Сираттың кҿпірінен заулап ҿтіп,
Табарсың бейіштен орын, жанға сая.
Байыңның жамандығын кек кҿрмесең,
Барарсың ҧжымақтағы жақсы жайға.
Қиянат кҿрсең байдан жаман деме,
Береді сондай азап маған деме.
Кҿрмейтін жақсы ісімді кҿңілі соқыр,
Қап-қара жан дҥниесі харам деме.
Тірілікте алған жарын сыйламайтын,
Ҧқпайтын адам жайын надан деме.
Не айтса айтқандарын қабыл еткей,
Еш пайда берілмейді саған деме.
Қостағай алған байың ықтиярың,
Басқаға есіттірмей болса зарың.
Жаман да болса, соның айтқанын қыл,
Тҿгілер араздассақ намыс-арың.
Бір ҥйге келіп қондым кешке таман,
Сарғайып су таба алмай болғам жаман.
Ҽйелі: «Бҧл ҥйден кет далаға», - деп,
Қалдырды кҿңілімді болып надан.
Жаныма айтқан сҿзі тиді қатты,
Қылар ма қҧдай мҧндай адамзатты.
«Жолаушы, бҧл жерде енді тҧрмашы», - деп,
Қолына тасты алып маған атты.
241
Ҽйелден азап кҿрдім жанға тиіп,
Тағы да балағаттады, тілдеп-сиіп.
Қалжырап алыс жолда жайым болмай,
Сол ҥйге тоқтаймын деп тарттым кҥйік.
Бір кезде ҥй иесі келді кіріп,
Бҥктҥсіп жатқан мені кҿзі кҿріп.
«Қонақты неге кҥтпей отырсың?» - деп,
Ҽйелін кҿк шыбықпен тартты келіп.
Қатынға ашуланды қатты кейіп,
Неден пейілің жаман деп тҥпке жетіп.
Ҽйелін ҧрып-соғып қинаған соң,
Жығылды денесіне таяқ ҿтіп.
Бір уақытта сҽлем беріп, келді маған,
Дастарқан жайып, алдыма қойды тағам.
Ықыласпен жаны ашып қҧрмет етіп,
Шҽугімге су қайнатып, шай қамдаған.
Ҿзіме ҿз тҥйемді сойып берді,
Ҽбден-ақ мен разы болдым оған.
Бір нарды таң атқан соң келді алып,
Ішіне қоржынымның азық салып.
Бір адамға бір тҥйе сойып берген,
Келемін мҽрттігіне қайран қалып.
Шаттанып мейман келсе, кҿңілі тасқан,
Дҽулеті ол мырзаның елден асқан.
Қҧдайдың қҧдіретіне таң қаламын,
Сахыға жаман ҽйелді жар қып қосқан.
Айтамын неше алуан сҿз кҿңілі кірге,
Зар қылып жалбарынам кҽміл пірге.
Сенің байыңды сол ҥйдің қатынымен,
Екеуін жҧбай қылып, қосса бірге.
242
Ол жігіт жомарт екен бҧл жалғанда,
Жылаймын еске тҥсіп, ойға алғанда.
Біреуді жаман, біреуді жақсықылып,
Қҧдайым пешенеге қҧп салғанда.
Соны естіп ҽйел айтты: тыңда баба,
Сҿзіме менің айтқан қҧлақ сала.
Сол кҿрген жомарт жігіт кім десеңіз,
Болады бірге туған маған аға.
Лаухылда пешенеге жазған екен,
Ылаж жоқ мҧнан кетіп қылар шама.
Ағам мен ҽлгі жҥрген сҧмырай байым,
Алысқан бір-бірінің қарындасын.
Кенеттен бір асыл кеп қҧтқармаса,
Қайғыға тап болып тҧр менің басым.
Ағамыз қатынынан жапа шегіп,
Ҿткізді қасіретпен жарым жасын.
Бір жҽгу кҥллі шҽйі келген аят,
Қолдағай аят хақы бір нашаят.
Бақылдық сахилықта насинан деп,
Соңғыға қалған екен бір хикаят.
Қиналдық пендем ҥшін шығарып ҿлең,
Кҿрмесін жҧртым бейнет орып-азып.
Осы бір хиқаяны хисса еттім,
Жақсылардың кҿңілі ҥшін гҥлден нҽзік.
Асылдар бҧл сҿзімді мҧқият тыңда,
Тҽңірім жан жаратты неше жҧмлҽ.
Жарлығы бір Алланың ораза-намаз,
Айтқанын пайғамбардың екі қылма.
Бҧл сҿзім кітап сҿзі тыңда жаным,
Болғанда бірің-уҽзір, бір ханым.
Жарлығын бір қҧдайдың тҽрп етпесең,
Дозаққа кез болмайсың, кҥймес тҽнің.
Жетерсің тҽуір болсаң қадіріме,
243
Шыдармын надан болсаң да жҽбіріңе.
Жиында шығарып хисса, ҿнеге айтып,
Сҿйлеймін ҥлкен-кіші нҽзігіне.
Пайғамбар хадисінің бҽрі де рас,
Кейінгі ҥммҽтіне қалған мирас.
Кҿрерсің қияметте ғазим сауап,
Қатарлас пенделерге жегізсең ас.
Кетеді ҧшырасқанмен, бізден тҥнек,
Кҿтеріп кҿрмесем де тосып білек.
Қҧрбылар ҽр кездерде қонақ болып,
Хиқаят сҿз тыңдауға қояр тілек.
Бір апта ақ ордамда мейман болып,
Ғибрат сҿз ҧғады менен тілеп.
Жайылған тҧз-несібем ҽр тарапқа,
Болады мені іздеген ер санатта.
Қазақ-қалмақ соғысы жылында да,
Тҽңірім зар қылған жоқ ас-тамаққа.
Жас болсам да, қорғадым ҿз халқымды,
Қҧрметтеп соңыма ерттім кҿп жалпымды.
Тойтарыс беріп жауға ҽр кезеңде,
Тоздырмай жҥрміз ҽлі ел салтымды.
Ҽрқашан жҧрт қолдаған талабымды,
Таңдадым жауға жҧмсар жарағымды.
Ертерек ҿнер қуып, қару соғып,
Қорғаймын ел мекені алабымды.
Хиссама азаматтар сал қҧлағың,
Кетпесін жҽмиғаттар ынтымағың.
«Ғибрат сҿз айтатын ағалар бар», - деп,
Тыңдаңыз ҥлкен-кіші ер жауабын.
244
Ағайын, ҥлкен-кіші ақылдасым,
Сыйлы ғой жҧрт ішінде ғазиз басым.
Осы айтқан сҿздеріме қҧлақ қойып,
Шынымен туған халқым мақҧлдасын!?
Бҽрі де жақсылардың салауатты,
Жаратқан қҧдай артық асыл затты.
Жиылмас мырзалардың дастарханы,
Сҿзі бар қонақтарға балдан тҽтті.
Онан соң тҽуір жігіт, би менен бек,
Олардың сҿзін ешкім кҿрмейді жек.
Ақ ҿзі оразасын артық қылған,
Сҿзіне қанбай адам тҧрады тек.
Ҿлең-жыр иелері, ғалым фазыл,
Неше аят пайғамбарға болған назыл.
Бҽдғаттан ғҽйбҽт сифҽт тілін тыйған,
Етпеген тақуа адам қалжың-ҽзіл.
Кҿз кҿрген жҽмиғаттар қадірдан-ды,
Іс қылып халалдықпен жиған малды.
Ер жігіт ғаділдікке бел байлаған,
Аямас ағайыннан ғазиз жанды.
Даналар қадір білген дегдар текті,
Аузына алған емес жаман кепті.
Берген соң Алла дҽулет неге аясын,
Шақырған бата алмаққа дҥйім кҿпті.
Білерсіз обалын да, сауабын да,
Жел есер жазғы кҥннің шуағында.
Қҧдайым есендік пен һҽқ жеткізсе,
Кҿресіз сізде тҥрлі іс уағында.
245
Қолдасын адал жанды Иран ғайып,
Жарандар бҧл сҿзімді етпе айып.
«Сіздерден кҿп мҽнфҽғат кҿрдім ғой», - деп,
Жібердім жақсы істерді жҧртқа жайып.
Қҧдайға қҧл, ҥмметпіз Мҧхаммедке,
Осы бір шағын хиссам жетсін шетке.
Мойнына жырдың хақы қарыз болмай,
Кетпегей тым-ақ алыс қияметке.
Қой жайып, бір ҿлеңім қойға кетті,
Ат мініп, бір ҿлеңім тойға кетті.
Бҽрін де ҿзге ҿлеңім ойландырып,
Дҥниеден сол ҿлеңім бойдақ ҿтті.
Жҧмсадым сҥр бойдақты біліп кел, - деп,
Қайғысыз барған жерден кҥліп кел,- деп.
Жібердім ауылдарға жаяу кҥйде,
Сыйлығын барған жердің іліп кел, - деп.
Кҥздікке Нҿктерекке жылда қонам,
Ҽр істің болашағын оймен шолам.
Ашамайлы керейде Толыбай сыншыҧлы –
Қожаберген дейтҧғын жырау болам.
ДАСТАНДАРЫНАН ҮЗІНДІЛЕР,
ӨЛЕҢ-ТОЛҒАУЛАРЫ
«АТА ТЕК» дастанынан ҥзінді
Тҥріктен тараған ел тоғыз дейді,
Тартатын кҥй аспабы қобыз дейді.
Башқҧрт пен Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ,
Тҿртеуін шежірешілер Ҿгіз дейді.
246
* * *
Алтай тау Ҿгіз атам туған жері,
Соғысып Қытайларды қуған жері.
Алатау, Алтай мен Сыр мекен болып,
Ҿгіздің қобыз тартқан кҿсемдері.
* * *
Ҽр кезде кҥштіден ел зар илеген,
Шабуыл жылдан жылға жиілеген.
Башқҧртты, Ҧзақ, Созақ бірге қосып,
Қазақты ҥш мың ҥш жыл хан билеген.
Бҧл тҿрт ел Ер Аннастан таралады,
Ҿгізге Аннас тархан сайланады.
Нҧх қаһаннан ҿрбіген тҥріктерге,
Ежелден дҽулет пен бақ байланады.
Тҥріктен шыққан елдің бірі - Ҿгіз,
Жырыма жҧрт шежіресі болар негіз.
Мекені қалың тҥрік ҧлан байтақ,
Жер шеті тірелгені орта теңіз.
Аннастан балалары бата алады,
Сырт жаудан ел қорғауға аттанады.
Кейінгі Алтын орда заманында,
Ноғай деп Ҧзақ жҧрты атанады.
Ҧзақтың ағасы екен Қазақ тархан,
Соғысқан дҧшпандары болған талқан.
Сайланып сауыт киіп, тҧлпар мініп,
Іліпті сол қарына болат қалқан.
* * *
Тҥріктің бір дегдары – Алтай қаған,
Оның да ҿткеніне талай заман.
Сол Алтай Ҿгіз елін қондырмаққа,
Шығыстан таулы ҿлкені таңдап алған.
247
Таулы ҿңір сонан Алтай атанады,
Мекендеп қалың тҥрік шаттанады.
Оранған қарағайға биік тауға,
Бекініп Ҿгіз халқы сақтанады.
Алтай деп тауда ердің аты қалды,
Тастарға ойып жазған хаты қалды.
Ол кезде араб жазу тарамаған,
Тҥріктен кҿне жазу таңба барды.
Алтай мен Сыр арасын сайран қылған,
Байлығы кҿрген жҧртты қайран қылған.
Алатау, Қаратау мен Кҿкше теңіз,
Ҿңірін Ҿгіз тҥрік мекен қылған.
Тҥріктің екі жҧрты қырғыз, татар,
Кҿне ел Ҿгіздермен шыққан қатар.
Сҿзімде кемдік болса, сҿкпе халқым,
Мен емес осы жайды кітап айтар.
Алтай мен Енесайдың аралығын,
Ежелден Қырғыз, Татар мекен еткен.
Шыңғысты хан кҿтерген қалың татар,
Сібір мен Еділ жаққа кҿшіп кеткен.
* * *
Қазаққа таяу шыққан «Ҥш жҥз» атау,
Кҿңілің еш болмасын оған жадау.
Ҥш жҥз деп аталса да ел бытырай қонып,
Ҽр жерден қоныс тепкен қадау-қадау.
Қазаққа ел боларлық кезең жетіп,
Ҥш жҥз боп аталғанда, бірлік бекіп.
Алтайға жиналуға ҥлгірмепті,
Соғысы Шыңғыс ханның киіп кетіп.
248
Қазақтың тҥп бабасы Ҿгіз Тҥрік,
Қҧт қонған ҧйытқы болып орнап бірлік.
Татардың Шыңғыс ханы шапқан кезде,
Ҥш жҥз тҥгіл Ҿгізге салған бҥлік.
«ӘУЛИЕ ҚОЙЛЫБАЙ» дастаннан ҥзінді:
Ертеде Қыпшақта ҿткен Ер Қойлыбай,
Қолына жҥрмейді екен қобыз алмай.
Болған соң сол асылдан бізге мирас,
Қобызды мен де жҥрмін тастай алмай.
Тҧсында сол Қойлыбай ҽулие екен,
Аруақты ҽрі дана, киелі екен.
Санасқан оныменен хандар, билер,
Атқарған істері оның жҥйелі екен.
Біздерге жҽрдем етіп аруақ, қҧдай,
Жауларды талқандадым соғыста ҧдай.
Қойлыбай ҽулиені жырға қос деп,
Тҥсімде аян берді ҽкем Толыбай.
Ҽкеміз кҿп сиынған Қойлыбайға,
Жау қоршап қиын болған бір жағдайда.
Қалмақты қысылшаңда жеңіп шыққан,
Болған соң зор қасиет Қойлыбайда.
Бҿленген ҽкем Толыбай зор даңққа,
Ҥлгі айтқан қазақ, естек қос халыққа.
Бейітіне Қойлыбайдың тҥнеп ҽкем,
Мінгендей болған екен алтын таққа.
Дана екен Ер Қойлыбай шарапатты,
Тілесең шыныменен берер бақты.
249
Сауыққан зиратына тҥнеп науқас,
Болған соң емші-баба аруақты.
Қыпшақта Қолыбайдың Бҧлтың заты,
Басқадан артық болған парасаты.
Молда боп заманында аты шыққан,
Ҽбубрахыман ҽкесінің екен аты.
ЕДІГЕ БИГЕ АЙТҚАНЫ.
Уағалайкемиссалам, нағашы би,
Кетіп тҧр қарт жиеннен бҧл кҥнде кҥй.
Қартайған мен байғҧсты сҿге кҿрме,
Лайықты кҿре алмасаң қҧрмет пен сый.
Аман ба, елі-жҧртың жас нағашы,
Есен болар Сҥйіндік кҽрі-жасы.
Жас жетіп ақ ордада мен жатырмын,
Ҿмірдің ҿтіп қызық тамашасы.
Айырылып он жеті ҧл мен жалғыз қыздан,
Жатырмын ажал жетпей шарасыздан.
Теңелген ҿлі аруақпен жағдайым бар,
Жҥрміз ғой жер бетінде амалсыздан.
Жасымда топты жардым елден бҧрын,
Майданға бастап шықтым қазақ ҧлын.
Сыпырған томағасын қыран қҧстай,
Самғаушы ем ҽр қияға кешкі тҧрым.
Есімнен ҧмытылды ҿнер-білім,
Қарлықты кҽрілік жеңіп асқақ ҥнім.
Кҿзімнен осы кҥнде бір-бір ҧшты,
Ту ҧстап, тҧлпар мінген қайран кҥнім.
250
Жасымда жігіт болдым бойдақсыған,
Ботадай от басатын ойнақшыған.
Бҧл кезде жасым жетіп, тҽнім тозды,
Дҽл менде не бар дейсің ой бықсыған.
Бір кезде бозбала едім бҧлғақтаған,
Ҥкілеп бҽйге ат мініп ырғақтаған.
Жылқының суға айдаған тозаңындай,
Ол дҽурен табылмай тҧр біздің маңнан.
Қорқамын ерттеулі атқа мінуге де,
Сескенем шаппақ тҥгіл желуге де.
Бір кезде сауыт киген Қожаберген,
Жарамас енді аяңдап жҥруге де.
Тоқсанның алтауына жас жеткен соң,
Келмейді жастар сҽлем беруге де.
Ҿзімнің қатар-қҧрбым таусылған соң,
Зар болдым қарт кісіні кҿруге де.
Болсам да жҧрт ағасы дер кҥнімде,
Батпаймын ауыл ҥйге кіруге де.
Хал кетіп, жаным жҥдеп осы кҥнде,
Айналды жастар менен жеруге де.
Кҽрілік жаныма менің ҽбден батты,
Ҽуелден сҿздерім бал, тілім тҽтті.
Кешегі жастық дҽурен қайта оралмай,
Қиналтты ой тҥсіріп біздей қартты.
Қазақтың кҿрдім талай жарлы, байын,
Кҿмейден ағылтуға жырым дайын.
Кҽрілік иығымнан мықтап басып,
Меңдетіп ҽлім кетті кҥн-кҥн сайын.
251
Тоқсан бес былтыр келді жылжи басып,
Мен қалдым сонан кейін жездей жасып.
Сайраған гҥлбақшада бҧлбҧл едім,
Жоламайды жігіт-желең менен қашып.
Тоқсанның алтауына келіп жасым,
Кер болдым, кҥн ҿткен соң, ғазиз басым.
Жанымда тірі болса отырмас па еді,
Айшадай таңдап алған жан жолдасым.
Жасымнан жырау болдым сҿзге ҧста,
Ҧрпаққа қалдыруға ҿлең-нҧсқа.
Адам атадан бері қарай ҿлім мирас,
Сҧм ажал тегіс жетер кҽрі-жасқа.
Атадан жҥз тусаң да бір жалғыздық,
Кҿңілі ҽр пенденің басқа-басқа.
Бҧл кҥнде тҧлпар аттан топырыш озып,
Теңелген жер қыртысы гауһар тасқа.
Жігіт деп артық туған соны айтамыз,
Тар жерде қайырылысса жан жолдасқа.
Жігіттер, алды-артыңды ерте ойла,
Тірілікте кҥн тҥспесін надан-насқа.
Дҥние бір соқпақ жол бҧраңдаған,
Бақ тайса ерге дҽулет қҧралмаған.
Тҥбіне сол дҥниенің жетемін деп,
Бек пен бай содан мойнын бҧра алмаған.
Жасыңнан Қожаберген болдың ақын,
Дҥние ҿтпейді деп қалдың ғапыл.
Шонжар мен осы кезде кҥн бектікі,
Жарлы мен жалқы сҿзін кҿрмес мақҧл.
252
Дҥниеден қазаң жетіп ҿтіп кетсең,
Иесіз қала берер тҧлпар атың.
Тірілікпен ҽлі-ақ бір кҥн қоштасарсың,
Ҧрпаққа ҥлгі етіп кет ата салтын.
Нағашы хал сҧрайсың сҿзбен тартып,
Бір сҿзің бір сҿзіңнен тҥседі артып.
Ҥлкенді сыйлай білген ата ҧлысың,
Мен саған жеткізе алман жайымды айтып.
Ҽрқашан қҧрметтей біл қазақ ҧлын,
Бақ қонып, кҿбейе берсін мал мен пҧлың.
Хан, сҧлтан, тҿрелерге билік берме,
Даулы істе жолың болсын, буыршыным.
Ҿрлей тҥс қыран қҧстай кҿкте қалқып,
Ҥш жҥзді соңына ерт, тҥгел қамтып.
Дҧшпанға тіршілікте басыңды име,
Жайнай бер жанып тҧрған отша шалқып.
Бір ауыз сҿзбенен айт ердің қҧннын,
Негізге ал, тҿрелік берсең істің шынын.
Сыйлай біл, ел-жҧртыңмен тіл таба біл,
Ақылғой зиян емес менің мҧным.
Болғанда сҿйлеу арзан, ҧғу қымбат,
Айтқанды еске сақта, дҧрыс тыңдап.
Ҧлағатты сіздер ҥшін кеңес болсын,
Кҿрейін ҿлең сҿзбен аздап жырлап.
Ҿзің айтсаң, аз сҿйле, кҿп ҧғып ал,
Асыл сҿз қасиетіңді кетпес ҧрлап.
Атқарған ҽр ісіңе ҧқыпты бол,
Сапасы артық болсын, меңгер шындап.
253
Сҿйлеме кҿсем болсаң, сҿзді бҧлдап,
Сҿйлей біл қасиетті сҿз ҽркез сырлап.
Сырты сыр, іш мағынасы терең болса,
Тыңдайды ондай сҿзді халқың қҧндап.
Қыдыр дарып, бақ қонсын, Едіге саған,
Мерейің ҥстем болып артсын бағаң.
Ҿзінің қатарының алды болсын,
Қасыңа еріп келген мына балаң.
Тірі болса билердің зоры болсын,
Хан, сҧлтан, тҿрелердің соры болсын.
Бітіміне ақыл мен ісі сай боп,
Ақдҽулет болмай аты Ер Шоң болсын.
Тіл-аузым, таңданбаймын, деймін тасқа,
Тҧлғасы бҧл ҧлыңның елден басқа.
Жҧртына қорған болып, билік айтып,
Келгейде ғҧмырлы боп ҧзақ жасқа.
Тірілікте қанағаты мол, болсын қоңды,
Сабырлы мінезімен болсын оңды.
Едіге шырақ, замана азып барады,
Бҧл балаң ғадыл бидің болар соңы.
Кҿзіме бҧлдырайды ой менен қыр,
Менен не ҿнер дейсің айтқан мен жыр.
Уақытың біте-тҧғын жап-жақын деп,
Жан алар Ғазірейіл маңымда жҥр.
Жастарға жақпайды ақыл айтқан тура,
Сол себеп қҧлақ қойман айғай-шуға.
Кҽрілік аяқ-қол мен кҿзден алды,
Мен болдым зорға жҥрер ақбас бура.
254
Қартайдым ақыл-айла таба алмаймын,
Арыған тҧлпар аттай шабандаймын.
Айырылған қатарынан мен бір ғарып,
Кҿрші ҥйге шақырмаса бара алмаймын.
Тоқсанның жетеуіне қарап тҧрмын,
Ҽйтеуір тірі аруақ боп қараңдаймын.
Сақал-мҧрт, шашы ағарған біреу кҿрсем,
Ҿкшелес інім ғой деп шамалаймын.
Жас жетіп, тҽн қуарып, хал азайды,
Ҽлсізбін тірі жанға саналмаймын.
Дҽретке уақытымен шыға қалсам,
Есікті қайта айналып таба алмаймын.
Ордада болмаса адам алаңдаймын,
Таяқсыз орнымнан тҧра алмаймын.
Арнап сҽлем бергеніңе кҿп рахмет,
Расында, атаң тҥгіл бабаңдаймын.
Кҽрілік қалжыратты кҥшімді алып,
Сақал-мҧрт, шаш ағарды қырау шалып.
Қартайған арыстандай мен жатырмын,
Немере, шҿбереге кҥнім қалып.
Жҥз жастың қажеті жоқ айтсам анық,
Жақсы емес алжып жатқан естен танып.
Дауа жоқ, кҽрілікке, амал нешік,
Сондықтан ҽуре болман босқа налып.
Қартайған Қожаберген айтты дерсің,
Барғанда сҽлем бере базына қып.
Тҿрінде кҽрі тарлап жатты дерсің,
Ҿткенді ертегі-жыр, қазына ғып.
255
Достарыңызбен бөлісу: |