«Пән атаулары термин жөнінде» деген мақаласында «қазақша термин таңдағанда мынадай
3 шартты ескеру қажет» - дейді Н.Қоймекеұлы.
1. Мүмкін болғанша қазақтың көпшілігіне мәлім, құлаққа таныс сөзден алу.
2. Тілге жеңіл, айтуға сыпайы болу
3. Орыстың сөзін сол күйінде аудара салумен қанағаттанбай, табылса неғұрлым түпкі
мағынасына сәйкес сөз іздеу:[14.36] - деп жазғанымен бұл шарттар көбіне ескерілмей
келді.
«...білімпаздардың
қабылдаған пән атаулары әр жорналдың бұрышында
қыстырылыб жүрмей, 3-4айда бір кітаб болыб басылыб шығуы керек. Кітабша шықпас
бұрын, осы қалай деген сөздердің тізімі қазет бетіне жарияланыб, жалпының пікірін
сұрау керек
Сүйтіб, сан сығалаб, сыннан өткізіп барыб «пән атаулары»деб қолға ұстауымыз тиіс.
Жана көрінген жат сөзді күйретіб қазақшалай бермей, қазақ тұрмысында жоқ пән
сөздерін сол күйінше алу керек. Қазақ тұрмысына, сөзіне дәл келетін пән сөздерін,
әрине, қазақшалап алу керек. Екінші ескерілетін нәрсе – пән сөздерін қараб, бақылаб,
жариялаб тұратын орталық бір ұйым сайлануы тиіс. Бұрынғы алынған пән
атауларындағы былықбайларды шығарыб тастау керек» [15.]- деген сияқты мерзімді
баспасөз беттерінде термин туралы мақалалар жиі жарияланып отырды. Бұдан 20-
жылдары-ақ зиялы қауым өкілдері, жастарымыз білім алу үшін таза ұлт тіліндегі
терминдердің маңызы зор екендігін байқаған.
Жалпы тіл білім інде және түркологияда терминологияның зерттелуі.
Қазақ тіл білімінде терминологияның зерттелуі
Терминжасамдағы бастапқы кезең.1910-1930.
Аласапыран кезең.1930-1940.
Сабыр мен шүкіршілік кезеңі. 40-50 жылдар.
Тоқырау мен тоқмейілсу кезеңі.70-90
90-жылдың бас кезі.Есе көтеру кезеңі
Әдебиеттер.
Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.А,1992
Аханов К .Тіл білімі негіздері.А.1973
Кеңесбаев І .Қазақ тіл білімі туралы зерттеулері. А,1987
Біләлов Ш.Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері.А,1998.
Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993
Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000
3-дәріс. А.Байтұрсынұлы –қазақ терминологиясының атасы.. А.Байтұрсынұлының
терминжасам тәжірибесі.
Ғалым қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне
тұңғыш әліппесін, тіл құралын, әдебиет танытқышын сыйлаған, таза қазақ емлесімен
шыққан тұңғыш «Қазақ» (1913 - 1918) газетінің тұрақты редакторы, көрнекті ақын,
аудармашы, публицист – журналист, ірі қоғам қайраткері ағартушы ұстаз. Мұхтар
Әуезовтың сөзімен айтқанда, қазақ халқының «Рухани көсемі» болған Ахмет
Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан – салада көрінеді.
Ахмет Байтұрсыновтың сан – салалы мұрасын теру ісі енді ғана басталды. Оның
ағартушылық қызметі, ғылыми ізденістері, жазушылық жалыны, ақындық дарыны,
аудармашылық өнері және қоғам қайраткері ретіндегі ісі т.т. толып жатқан қоғамдық
қызметтердің қай – қайсысында да ол өзінің өшпес ізін қалдырды.
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің өмірбаянында былай дейді: «Орынборға келгеннен
кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан
зерттеумен, екіншіден қазақ алфавитін, орфографиясын жеделдету және реттеу үшін
реформа жасаумен, үшіншіден қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан арылтуға,
...термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса
бастадым» [ ] дей келе, оны өзі жасаған оқулықтар мен өзі басшылық еткен «Қазақ» газет
арқылы жүзеге асырғанын айтады. Ғалымның «Қазақ» газетін жарыққа шығаруының
астарында үлкен мән бар. Сол кездегі қараңғы қазақ халқын титтей де болса тілге, ұлтқа,
білімге ғылымға жақындату еді. Оны «Қазақ» газетінің алғашқы санында жазған мына
еңбегінен көруге болады. А. Байтұрсынұлы «Аталы жұртымыздың ауданды ұлтымыздың
аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін
қосвп, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет... Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан
келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетейік. Малша оттап, асап ішіп халық үшін қам
қылмай, қарын тойғанша мәз болып, мал өлімінде өлмейік!» [ ] Халықтың сана – сезімін
ояту үшін жаппай сауаттандыру жұмысын жүргізу керек екенін ұққан ғалым. Өзі мақсат
еткен мәселелерге ретімен тоқталған. Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы Орынборда
«Оқу құралы» деген атпен жарық көрген кітабы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе
құралы. Мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін «Тіл құрал» атты 3 бөлімнен тұратын
оқулығының I бөлімі фонетикаға (1914 жыл ), II бөлімі морфологияға (1914 жыл), III
бөлімі синтаксиске (1916 жыл) арналған. «Баяншы» 1915 жылы Қазаннан жарық көрген
еңбегі қазақ мұғалімі үшін әдістемелік құрал болса, «Әдебиет танытқыш» 1926 жылы
басылып шыққан әдебиет танытуға кіріспе еді. 1925 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін
жариялайды. Ғалым осындай құралдың ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп,
«Сауаташқышты» жазады. Ол оқулық бірінші 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы
Семейде басылып шыққан. Осы оқулықтарды түзу барысында ғалым әрбір ұғым, түсінік,
нәрсе, затқа әсіресе, грамматикалық категориялардың бас – басына қазақша термин
береді. Ал оларды дәл, нақты, дұрыс тауып қолданғанын өмір, уақыт сыны дәлелдеп
отыр.Cондықтан қазақ терминін сөз еткенде терминология мәселесінің тууына,
жасалуына, қалыптасуына тікелей атсалысқан Ахмет Байтұрсыновтың есімін бірінші
алатынымыз белгілі.
«Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше,
көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәрін жұмсай білетін адамы табылса, тіл
шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай
білетін адам табылуы қиын... Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген әркімнің
қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола
бермейді» [27], - деп, тілдің міндетін терең түсініп, оны термин шығармашылығында
асқан шеберлікпен, үлкен жауапкершілікпен жұмсай білген ұлы тұлғаның қазақтың
ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы еңбегі ұшан – теңіз.
Ғалымның тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи
тұрғыдан баға беру бүгінгі тілші ғалымдардың еншісіндегі жұмыс. Тілші ғалым Ө. А.
Айтбаев тұлғаның термин жасау тәжірибесін саралай келе, оны «Қазақ
терминологиясының атасы» [1.203] деп бағаласа, 1988 жылдан бері, Ахметтануға өзіндік
үлесін қосып жүрген тілші – ғалым Рабиға Сыздықованың тіл білімі әдебиеттану
ғылымдарының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы А.Байтұрсыновтың ірі
ғалым екендігін былайша саралайды. «....Терминдік мәндегі күрделі атауларды ұсынуда
Ахмет Байтұрсынұлы тек ұғым дәлдігін ғана көздеп қоймай,сипаттама (характеризующий)
компонентін әсерлі үнді, тұлғалас сөздер болып келуіне қатты назар аударған.
Әдебиеттану саласында ұсынған терминдерінде бір тектес және сөздер мен әдемі әсерлі
«ойнақы» компоненттер ... көбірек кездеседі. [8.171 б] Ахмет Байтұрсынұлы төл
терминдерді жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігін барынша сарқа пайдалану арқылы анық
та айқын принцип ұстанды.Ол «пән сөзі (термин) ретінде тиісті ұғым мағынасын толық
беретін қазақ сөзін алу» принципін басты қағида етіп алды. Сол кездің өзінде – ақ ғалым
кірме терминдерді талғаусыз қабылдау тіл үшін қандай қасірет алып келетінін
көрегендікпен болжай білген.
Ахмет Байтұрсынұлы термин жасауды теориялық тұрғыдан ғана көрсетіп қойған жоқ, өз
еңбектері арқылы іс жүзінде жүзеге асырды.
Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінің құндылығының нәтижесінде әр жылда еңбектері
толықтырылып басылып отырған. Ғалымның «Тіл құралдың» Фонетика (дыбыс жүйесіне)
арналған І бөлімі атты еңбегі 1914, 1918, 1920, 1922, 1924, 1925, 1927 жылдары, яғни 7
рет басылған.
«Тіл құралдың» морфологияға (сөз жүйесіне ) арналған ІІ бөлімі 1914 жылы жарық
көрген. Еңбек әр жыл сайын толықтырылып өңделіп 1914, 1915, 1920, 1922, 1923, 1924,
1925, 1927 жылдары, яғни 8 рет басылған. Бұның себебі ғалымның еңбектері сол кездің
«Тіл құрал» синтаксис (сөйлем жүйесі) атты ІІІ бөлімі 1925 жылы Қызылордадан
басылып шыққан оқулығында әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген
және қолданыла беруге тиіс сөйлем мүшелері, тұрлаулы, тұрлаусыз, бастауыш,
баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш (мезгіл пысықтауыш, мекен
пысықтауыш, сын пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мақсат пысықтауыш) қыстырма сөз
қаратпа сияқты терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің терминге қойылатын
талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеу артық, өйткені, олар уақыт сынынан өтіп, тұрақты
қолданылатын дәрежеге жетті.
Әдебиеттер .
Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997.
Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998.
Жұбанов Қ қазақ тілі бойынша зерттеулер.А,1966
Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993
Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000
4-дәріс. Қ.Жұбанов және қазақ терминологиясының негізгі принциптері.
Құдайберген Жұбанов латын әріпбиі негізіндегі қазақ жазуы мен орфографиясын
жүйелеген ғалым.
Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілген ғалым, қазақ тіл
грамматикасының морфология саласына , тіл грамматикасына синтаксиске көптеген аса
құынды еңбектер берді. Тіл тынысын зергерлікпен бақылап , оның сан , сапасын саралаған
Қ.Жұбанов өзінің бүкіл білік – білімін туған халқын сауаттандыру жолына жұмсады.
ХХ ғасырдың алғашқы , жартысында қазақ халқының рухани – мәдени өміріндегі аса
зор саяси - әлеуметтік , халықтың мәні бар мәселенің бірі – жазу, емле термин туралы
мәселенің басы қасында Қ.Жұбанов жүрді.
Қазақ тілінің зерттелуі жайында профессор Қ.Жұбанұлы «Қазақ тілі осы уақытқа шейін
жүйелі түрде тексеріліп , ғылым тезіне түспеген тіл қазақ тілін алғаш зерттегендер Н.И
Ильминский, профессор П.М. Мелиоранский, М.Терентьев, И.Лаптев, В.В.Катаринский,
академик В.В.Радлов, профессор Е.Д.Поливанов тағы басқалар болатын - ды» [ 118 ] -
деп жазды. Қазақ ғалымдарынан қазақ тілін зерттеген ғалымдар Ш.Уалихановпен пен
А.Байтұрсынұлын атайды.
Терминологияның, жаңа атаулардың дәл осы кезеңде кең көлемде дамуы қоғамдағы
өзгеріс,дамуымен байланысты, яғни оның қоғамдық қажетіліктен туғандығы сөзсіз. Ең
алғаш терминолгия мәселесі,1924 жылы 12-18 июль аралығында Орынборда өткен
республикалық ғылыми қызметкерлерінің І съезінде сөз болған. [ 120]
1926 жылы Баку қаласында болған түркалогтардың Бүкілодақтық І съезі тікелей осы
мәселелерді қарастырды. Мұнда арнайы жасалған бес баяндаманың бесеуінде де қазақ
алфавиті, орфографиясы және терминологиясы сөз болды. Осындай съездермен газет
бетіне шыққан мақалаларымыз және ағартушылықпен айналысқан ардақты
азаматтарымыздың еңбегінің нәтижесінде 1933 жылы Мемлекеттік терминология
комиссиясы (Мемтерминком) құрылған. Оның тұңғыш төрағасы Қ.Жұбанов, мүшелері
Б.К.Асфандияров, Г.К.Бірімжанов т.б. болған.Алғашқы ұйымдасқан күннен бастап бұл
комиссияқазақ тілінің терминологиялық жүйесін жасау, қалыптастыру жұмыстарымен
айналысты. Сол мақсатпен 1935 жылы мәдени құрылыс қайраткерлерінің бүкіл-
қазақстандық І съезі ашылар қарсаңында мемлекеттік терминология комиссиясы
«Бюллетенінің» төрт саны жарық көрді. «Бюллетеннің» бұл сандарында алдағы зерттеу
жұмыстарына бағыт-бағдар сілтейтін материалдар жарияланды. «Бюллетеннің» 1935
жылы небәрі төрт-ақ саны
шығып үлгерсе де терминология мәселесін үлкен әлеуметтік дәрежеге көтеріп тастады.
Сонда «Бюллетеннің» төрт санында 17 ғылыми мақала жарияланған. Термин мәселесінің
өзіне жеті-сегіз мақала арналған,ал қалғаны орфаграфия мен алфавитті әңгіме етеді.
«Бюллетеннің» алғашқы санының өзінде Құдайберген Жұбановтың «Қазақ әдебиет тілінің
терминдері туралы»,(«Термины казакхского литератуного языка») деген атпен мақала екі
тілде берілсе, «К пересмотру казахской орфографий» мақаласы орысша берілді. «Қосар ма
дара ма?», «Қазақ тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін өзгерістердің жобасы» атты
мақалалары жарияланған болатын.
Ал екінші санында «Физика терминдері жайынан», «Математика терминдері жөнінде»
атты мақалаларымен қоса тағы ғалым екі тілде «Терминдердің спецификасы жөнінде» («О
специфке слов-терминов»), «Қазақ тілі орфографиясы мен алфавитіндегі өзгерістер
жөнінде жоба» («Проек изменений орфографии и алфавита казахского языка») деген
мақалалары басылған. Қарап отырсақ Қ.Жұбанов сол кездің өзінде-ақ кезеңнің тілек –
талабына сай мұқтажын өтейтін мәселелерді әлеумет талқысына салып, көпшілік назарын
аудара білген.
Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбанов тіл білімінің әр алуан
саласында өзіндік із қалдырған ғұлама. Өз кезінде профессор А.Ысқақов атап өткендей
«Қ.Жұбанұлы тіл білімінің барлық салаларыменде шұғылданған; қазақ тіл білімінің ол
араласпаған, я қатыспаған бірде бір қалтарысы қалмаған деуге болады. Өйткені оның
ғылыми мұрасынан қолды болмай аман сақталып, бізге дейін келіп
жеткен, еңбектерінің өзін барласақ, олар қазақ тілінің фонетикасын да, грамматикасын да,
қазақ тілінің тарихын да, қазақ жазуы, оның емлесі,терминологиясы-бәрі-бәрін де
қамтиды» [ 73 ].
Қазақ ғалымдарының ішінен термин сөздің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасаған
Құдайберген Жұбанұлы болатын. «Бұдан жарты ғасыр бұрын профессор Қ.Жұбановтың
терминдерге қойған талаптары, берген анықтамалары кейінгі кездегі көрнекті тіл
мамандарының айтқан пікірлерінен алшақ емес».
Тұңғыш профессор Қ.Жұбановтың да қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орны
бөлек. Ол терминжасамның ғылым принциптерін алғаш түзген жан. «Осының негізінде
бұдан былай қарай термин жасау ісі ісі белгілі бір ғылыми жүйеге, тіл заңдылығына
сәйкес қабылданған принциптер негізінде жүргізілетін болды. Яғни , термин жасаудың
ортақ принципі түзіліп, оның басқа маңызды мәселелері шешім тапты ».
Әдебиеттер .
Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997.
Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша зерттеулер.А,1966
Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993
Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000
5-дәріс.
Мемлекеттік
терминология
комиссиясы
және
оның
термин
қалыптастырудағы орны.
1933 жылы КСРО Ғылым академиясында ғылыми – техникалық терминология комитеті
(КНТТ) ұйымдасқан болатын. Бұл комитет терминология мәселесімен шұғылданушы
барлық мекемеге жәрдем етуге тиіс еді. Сол міндетін күні кешеге дейін атқарып кеді. Бір
қызығы – бұл шаралардың бір де бірінен Қазақстан ғалымдарының да қалыс
қалмағандығы. Дәл осы 1933 Қазақ автономиялы Республикасы Халық комиссарлар
Кеңесінің 508 санды қаулысымен Мемлекеттік термінологія комиссиясы (Мемтерминком)
құрылған. Он тұңғыш төрағасы Қ.Жұбанов, мүшелері Б.К.Асфандияров, Г.К.Бірімжанов
т.б. болған. Алғаш ұйымдасқан күннен баста бұл комиссия қазақ тілінің терминологиялық
жүйесін жасау, қалыптастыру жұмыстарымен айналысты. Сол мақсатпен 1935 мәдени
сала қайраткерлерінің бүкіл қазақстандық І сьезі ашылар қарсаңында Мемлекеттік
термінологія комиссиясы Бюллетенінің төрт саны жарық көрді. Бюллетеннің бұл
сандарында алдапғы зерттеу жұмыстарына бағыт – бағдар сілтейтін материалдар жарық
көрді.
Бюллетеннің әрбір санында комиссияда қаралған, талқыланған темин сөздер жиыны
жарияланып отырған.
Мемтерминкомның жаңа құрамы да (1939 жылы маусымның 23- і Қазақ ССР Халық
Комиссарлар Кеңесінің кезекті Қаулысы) бекітілген болатын. Өз жұмысын негізінен
тоқтатпағанымен, соғыс жылдарында бұрынғыдай қарқын ала алмағаны белгілі.
1945 жылдың 8-ақпанында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 54-қаулысына
сәйкес Мемтеминком құрамы қайта қаралып, бекітілді. Бұл шешім боцынша комиссия
үкімет үйінінің жанына көшті де, әуелі төрағасы І.О.Омаров, кейіннен Т.Т.Тәжібаев
болды. Ғалым хатшысы М.Б.Балақаев еді. Құрамы 23 адамды қамтитын.
Әдебиеттер .
Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997.
Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998.
Жұбанов Қ Қазақ тілі бойынша зерттеулер.А,1966
Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993
Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000
6-дәріс.Терминжасам . Терминжасам көздері. Тіл аралық ауыс-түйістер.
Тіл – тілде жаңа термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып,
терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы,
жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Яғни терминдер де байырғы сөздер
секілді тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде жасалады. Олай болса, бұлардың
қатарында ұлт тіліне тән неше алуан құрылымдық типтері (түбір, туынду түбір, күрделі
сөз сөз тіркесі) молынан кездеседі.
Терминжасам процесінде ұлт тілі өз сөзжасам амалдарының дайын үлгілерін алға тартса,
басқа тілдерден кірме сөздерді қабылдау сәтінде де осы тәсілдерге сүйене отырып, ол
өзіндік модельдерін құрайды.
Қазақ тілінде термин жасау күрделі де қызық проблеманың қатарына жатады. Ол
негізінен тіліміздегі сөзжасам процесінің аумағына енетін мәселе. Осы сөзжасам
процесінде, оның ішінде терминжасам ісінде мамандардың тірек ететін негізгі материалы,
ең алдымен, ана тілінің өз сөз байлығы, оның негізгі сөздік құрамы .
Әдебиеттер.
Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993
Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000
7-дәріс. Терминжасам және сөздіктер
Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін
терминологиялық сөздік деп атайды. Терминдер топталып бір сөздік түрінде де, белгілі
бір ғылым саласына байланысты жеке –жеке кітап болып та шыға береді. Мәселен,1931
жылы шыққан «Атаулар сөздігі», 1936 жылы шыққан «Қазақ тілі терминдері», 1948, 1950
жылы шыққан «Терминология сөздігі» ғылым мен техниканың жеке бір саласына ғана
арналмаған сөздіктер еді. Бұларда революциядан бергі кезеңде тілімізге енген термин
сөздерді барынша жинақтап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты көзделді.
Елуінші жылдардан бергі кезеңде экономика мен мәдениеттің, техника мен ғылымның
дамуына байланысты әрбір ғылым, техника саласының терминдерін өз алдына жеке сөздік
етіп басып шығару мәселесі күн тәртібіне қойыла бастаған. Осындай мақсаттың
жаршысы ретінде С.Арымбетовтың «Орысша – қазақша ауыл шаруашылық терминдерінің
сөздігі » (1952, 0955) жарық көрді. Сонан бергі кезеңде ғылымның өзге салаларының
терминдері де кезекпе – кезек басылып шыға бастады.
Әдебиеттер.
Байтұрсынов А Тіл тағлымы.А,1992
Аханов К Тіл білімі негіздері.А.1973
Кеңесбаев І қазақ тіл білімі туралы зерттеулері. А,1987
Біләлов Ш.ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері.а,1998.
Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993
Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000
8 -дәріс.. Араб-парсы тілдерінен енген терминдер.
«Терминдік лексиканың құрамын толықтырған ең бай арнаның бірі ретінде араб-парсы
сөздеріне иек артамыз. Қазақ тілінің сөздік құрамын байыта түскен бұларды біз ең көне
қабат есебінде қарастырамыз.Қарап отырсақ, рухани өміріміздің қай саласында
қажетімізді өтеп қатар тұра алатын арабизмдердіңмүлде кіріккені соншама, қазір оларды
өзге тілдік элемент деп те ойланып жатпаймыз» дейді өз еңбегінде академик Өмірзақ
Айтбайұлы.
Расында да араб-парсы сөздері қазақ тілінің заңдылығын бойына сіңіріп, ерте кезден-ақ
өзіміздің төл сөздер қатарына айналған. Ғылымда араб-парсы сөздері тіліміздің
фонетикалық жүйесіне бейімделген, фонетикалық тұрғыдан өзгеріске түскен нұсқада
жұмсалады.Сондай араб-парсы сөздері әр түрлі білім саласында даәр мөлшердеұшырасып
отырады.Араб-парсы элементтерін мектеп оқулықтарында қазір әбден қалыптасып, бір
ізге түскен терминдер ішінен кездестіруге де болады. Бірақ осы күнге дейін сақталған
мұндай терминдер онша көп емес. Мысалы,
Әліппе, әліп-би термині қазақ тіліне араб тілінен ауысқан. Елеулі өзгеріске түспеген.
Дегенмен араб тілінде ол бұдан гөрі сәл басқашалау, «Әлифба» болып
қолданылады.Яғни бұл тіліміздің фонетикалық жүйесіне бейімделген, фонетикалық
тұрғыдан өзгеріске түскен нұсқада жұмсалады.
Әдебиеттер .
Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997.
Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998.
Жұбанов Қ .Қазақ тілі бойынша зерттеулер.А,1966
9-дәріс. Орыс және орыс тілі арқылы енген халықаралық терминдер.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында ең бір бай әрі күрделі қабатты орыс тілінен енген
кірме сөздер және сол арқылы келген халықаралық терминдер алып жатады. Бұлардың
тілімізге ену, келу жолдары да басқаша. Бұл арада біз тіл дамуында бола беретін заңды
құбылысты да, заңдылықтан тыс күштеу тәсілінің де орыналғанын байқаймыз.
Қазіргі лексикадағы ең өнімді де өрісті сала орыс тілінен енген кірме сөздерді негізінен
екі кезеңге, яғни Қазан төңкерісінен бұрынғы және содан кейінгі кезеңге бөліп қарауға
зерттеушілер келісетін сияқты.
Бірінші кезең ХҮІІ ғасырға дейінгі дәуірді қамтиды. Бұл орыстар мен қазақтардың әлі
қоян – қолтық араласа қоймаған, шаруашылық – экономикалық барлау, бақылау түрінде
жүре бастаған кезі. Міне, сондықтан бұл кезде әлі орыс сөздері тілімізге ене қойған жоқ
болатын.
Екінші кезең ХҮІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аралықты қамтиды.
Бұл тұста тіларалық қатынас қоныс аударушылармен арадағы қатынасқа дамыған тәрізді.
Оның үстіне, Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ өміріне түбірлі өзгерістер әкелгені
мәлім.
Әдебиеттер.
Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993
Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988
Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000
Достарыңызбен бөлісу: |