Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,78 Mb.
#2993
1   2   3   4   5   6   7

Нәби  мешіті  (رارضلا  دجسم):  Мұхаммед  пайғамбардың  хижрадан  кейін 

сахабаларымен  бірге  Мадина  қаласында  салған  мешіті.  «Мәсжиди 

расул», «мәсжиди сағадат», «мәсжиди шәриф» деп те атайды. 

Нәхр  (رحن):  Құрбандыққа  арналған  түйенің  тамағының  астынан 

бауыздау.  Түйені  осы  тәсілмен  сою  сүннет  амалдарынан  бірі  болып 

табылады.  

Наху  ілімі  (وحنلا  ملع):  араб  тілінің  грамматикасындағы  сөйлемнің 

құрылымын зерттейтін синтаксис саласы.  



Нажаши (يشاجن): Эфиопия патшасы. Эфиоп патшаларына берілген атау. 

Мұхаммед пайғамбар дәуірінде Эфиоп нажашиінің есімі Әшамә болды. 

Діні  христиан  болып,  кейіннен  мұсылмандықты  қабыл  етті.  Мекке 

мүшріктерінің қысымынан қашқан мұсылмандар алғашқыда Нажашиден 

пана сұрап Эфиопияға көшкен.   

Нажжария:  мұсылман  жыл  санауы  бойынша  хижраның  ІІІ  ғасырында 

пайда  болған  адасқан  ағым.  Олардың  сенімдік  ұстанымдары 

Жәбәриямен  және  кейбір  тұстары  Мұғтазила  ағымының  көзқарасымен 

сәйкес  келеді.  Нажжарилердің  көзқарасы  бойынша  Алла  жүректегі 

танымның қуатын көзге береді. Осы танымның қуатымен Алланы тануға 

болады.  Алланы,  пайғамбарларды,  парыздарды  білу  және  оны  тілмен 

айтуды  иманның  нышандары  ретінде  қабылдаған.  Бұлардың  біреуін 

білмеген және айтпаған адам имансыз болып табылады. Иман күшейеді, 

алайда  әлсіремейді.  Алланың  ілім,  құдірет,  хаят  және  басқа  әзәли 

сипаттарын қабылдамайды. Нажжария өз ішінде бірнеше топқа бөлінді. 

Олар мыналар: Бургуссия, Зафарания жән Мустадрика топтары.  

Нәби (يبن): жаңа бір дін әкелмеген, бұрын жіберілген елшілердің (расул) 

дініне шақырған пайғамбар.  



Нәжасат  (ةساجن):  мұсылманның  ғибадаттарына  кедергі  келтіретін  лас 

заттар. Оларға кейбір жануарлардың нәжістері, қан, ірің және т.б. заттар 

кіреді.  Намаз  шарттарының  бірі  нәжасаттан  киімді  таза  ұстау  болып 

табылады.  



Нәжіс: дін бойынша таза болмаған, лас заттар.  

Нәпсі  (سفنلا):  араб  сөзі,  ауыспалы  мағынада  жан  және  адамның  қалауы 

деген мағыналарды білдіреді. 



Нифақ  (قافن):  екіжүзділік.  Жүрегі  мен  ислам  діні  негіздеріне  сенім 

келтірмей,  адамдардың  көзіне  мұсылман  көрінген  адам  мұнафиқ  деп 

аталады. Дін дұшпандарына қарсы қолданылатын атау.   

Неке (حاكن): үйлену үшін жасалған келісім. Үйленетін ер кісі мен әйелдің 

куәгерлердің қатысуымен жасалатын шариғи келісімі. Неке – ер  кісінің 



36 

 

үйленетін әйел адамына «сені әйелдікке алдым», ал әйел кісінің «қабыл 



еттім» деуімен жүзеге асатын келісім. 

Нығмет  (ةمعن):  Алла  Тағала  тарапынан  адамдарға  жіберілген 

жақсылықтар мен  игіліктер.  



Нисаб  (باصن):  өлшем,  мөлшер.Мұсылманның  байлық  өлшемі.  Ислам 

дініндегі  байлық  пен  кедейшілік  арасындағы  шекара.  Ханафи  мәзһабы 

бойынша  нисабтың  мөлшері  адамның  күнделікті  мұқтаждықтарынан 

артып  қалған  байлығынан  бөлек    96  гр.  алтынның  құнына  тең  болуы 

керек. 

Ниет  ( لا

ةين ):  жүректің  бір  істі  жасауға  бағытталуы.  Дінде  Алланың 

разылығын  алу  үшін  ғибадаттар  мен  әмірлерді  орындауға  адамның 

жүрек арқылы шешім қабылдауын айтылады.  



Нұр  (رونلا):  жарық,  сәуле.  Құранның  24-сүресінің  атауы.  Сондай-ақ, 

Алланың көркем есімдерінің бірі – Ан-Нұр. 



Нұсайрия  (ةيريصن):  сахабаларға  жала  жапқан,  адасқан  ағымдардың  бірі 

болып  табылады.  Х  ғасырда  сириядағы  шииттік  топтардың  бірінен 

бөлініп шыққан. Бұл ағымның негізін қалаушы Мұхаммад бин Нусайри 

ан-Нумайри (883 ж. қ.б.) Ағым өкілдері он бірінші имам Әбу Мұхаммад 

әл-Хасан  бин  Әли  әл-Әскеридің  құдайлық  сатыға  көтерілгенін  айтып, 

өздерін оның өкілі ретінде сипаттайды. 



Нубууәт  (تاءوبن):  пайғамбарлық.  Алла  Тағалаға  жетуге  тура  жолды 

көрсету  үшін  жіберілген  адамдардың  ішіндегі  таңдаулыларына 

пайғамбарлық міндеті жүктелген.  

 

О 

 

Оразаның  қазасы:  белгілі  бір  үзір  себебімен  уақытында  ұсталмаған 

немесе  ұстап  жүрген  кезде  қандай  да  бір  жағдайға  байланысты  білмей 

бұзылғандықтан, ораза айты мен құрбан айт күндерінен басқа күндерде 

әр күніне бір күн тұтып, өтеу қажет болып табылатын рамазан оразасы. 



Ораза кәффараты:Рамазанда ораза ұстап жүргенде біліп тұрып оразаны 

бұзудың жазасы. 



Ораза (موص):ислам дінінің бес шартының бірі. Сәресіде тамақтанғаннан 

кейін ниет етіп, күн батқанға дейін тамақтанудан, жыныстық қатынастан 

және  басқа  да  нәрселерден  өзін  тыю.  Ораза  мұсылман  күнтізбесі 

бойынша тоғызыншы айда ұсталады.  



 

Ө 

 

Өлім (توم): рухтың денемен байланысының үзілуі. 

37 

 

Өмір  (ةايح):  өмір  сүру,  адамның  дүниеге  келуінен  ақыретке  аттануына 

дейінгі өткізген кезеңі. 

 

П 

 

Пақыр  (ريقف):  негізгі  қажеттіліктерінен  басқа  діни  мөлшердегі  дүние-

мүлкі болмаған адам.  



Парыз  (ضرف):Алла  Тағаланың  Құран  Кәрімде  орындалуын  нақты 

білдірген бұйрықтары.  



Парыз айын (نيع ضرف):әр мұсылманның жеке тұлға ретінде орындауға 

міндетті болған парыздары. 



Парыз  кифая  (ةيافك  ضرف):мұсылмандардың  бір  бөлігінің  орындаған 

жағдайда басқа мұсылмандардың мойнынан түсетін парыз. 



Пәтуа  (ىوتف/ةوتف):  қандай  да  бір  істің  ислам  дініне  сәйкес  келетін-

келмейтіні  жайлы  мүфти  тарапынан  берілген  жауап.  Пәтуа  беретін 

ғалымды мүфти деп атайды. 

Періште  (كلم):  Алла  Тағала  нұрдан  жаратқан  көзге  көрінбейтін 

күнәлардан пәк жаратылыстар. 



Пайғамбар (يبن): парсыша  «пәйғам»  –  «жолдау»,  «бардән»  –  «жеткізу» 

сөздерінен  құралған.  Алланың  әмірлері  мен  тыйымдарын  құлдарына 

жеткізу үшін адамдар арасында таңдалған және мұғжиза берілген адам.  

Пір:  қартайған,  қарт  адам.  Кейде  сопылық  жолындағы  тариқаттың 

көсемдері немесе рухани басшыларын «пір» деп те атайды.  



Пітір  садақасы(رطفلا  ةقدص):  нысап  мөлшеріне  байлығы  жеткен 

мұсылманның  Рамазан  айтының  бірінші  күні  айт  намазына  дейін 

мұқтаждарға  бидай,  арпа,  құрма,  жүзім,  алтын,  күміс,  ақша  және  т.б. 

түрінде берілетін садақаның түрі. 



 

Р 

 

Рабыта  (ةطبارلا):  сопылықта  ұстаз-пірдің  бейнесін  қиялына  келтіріп, 

рухани  байланысқа  түсе  отырып,  оның  жүрегіндегі  жақсылық  пен 

ілімдерге  жету  жолы.  Іштей  жүректі  ұлы  адамдардың  жүрегімен 

байланыстыру арқылы рухани нәрлену, нұр алу. 



Ражим  (ميجر):  «Алла  Тағаланың  рақымынан  қуылған,  аластатылған» 

мағынасында Құрандағы шайтанның сипаты.  



Рамазан  (ناضمر):  мұсылман  жыл  санауы  бойынша  тоғызыншы  айдың 

аты.  «Рамазан»  сөзі  «жану»,  «күю»  деген  мағыналарды  беріп,  бұл  айда 

ораза  ұстап,  тәубе  еткендердің  күнәләрі  жану  арқылы  жоқ  болады 

дегенді білдіреді.  



38 

 

Расих  ғалым  (ملعلا  يف  خسار):  Құран  Кәрімнің  және  хадистердің 

мағыналарын терең түсіне алған дін ғалымы. 

Рай  ( ر

أ

ي ):  дін  ғалымдарының  Құран  аяттары  мен  хадистерге  сүйеніп 



айтқан жеке пікірлері.  

Раузаи  Мұтаххара  (ةرهطم  ةضور):  (таза  мекен)  –  Мадина  қаласындағы 

пайғамбар  мешітіндегі  мінбер  мен  Мұхаммед  пайғамбардың  қабірі 

арасындағы қасиетті жердің аты.  

Рауи (يوار): хадис жеткізуші.  

Раббиул  әууәл  (لولأا  عيبر):  мұсылман  жыл  санауы  бойынша  үшінші 

айдың аты. Мұхаммед пайғамбар туылған ай.  



Ражаб айы (بجر رهش): мұсылман жыл санауы бойынша жетінші айдың 

аты.  Қасиетті  үш  айдың  біріншісі.  Ражаб  айы  Алла  Тағаланың  айы 

болып  есептеледі.  Миғраж  оқиғасы  ражаб  айында  болған.  Бұл  айда 

мұсылмандар нәпіл ораза ұстап, түндерді ғибадаттармен өткізеді.  



Раддия:  исламдағы  мирас  құқығы  бойынша  өлген  адамның  артында 

қалған  мирасқорлары  мирастың  өздеріне  тиісті  бөліктерін  бөліп 

алғаннан  кейін,  артылып  қалған  мал-мүлікті  алатын  адам  табылмаған 

жағдайда, өзгелерге үлестіріп беруін «раддия» деп атайды.  



Рағайыб түні (بئاغرلا ةليل): қасиетті түндердің бірі. «Рағайыптың» сөздік 

мағынасы  «рағибә»  сөзінің  көптік  мағынасын  береді.  Ал  «рағибә»  сөзі 

«жауһар,  құнды,  бағалы,  ихсан»  мағыналарына  келеді.  Осыған 

байланысты  «Ләйләту Рағайып» тіркесін  «Жақсылық  пен игілікке толы 

және  аса  құнды,  ерекше  бағалауды  қажет  ететін  түн»  деп  түсінуге 

болады. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда Мұхаммед пайғамбар 

бұл  түнді  адамның  жан  сарайына  шуақ  берер  амалдар  жасап,  нұрлы 

сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ келтіріп, шүкіршілік жасап, 

дұға  мен  кешірім  тілеп,  намаз  оқыған.  Рағайып  түні  қасиетті  Рамазан 

айының келетіндігін бірінші болып сүйіншілейді. 



Рағайып  намазы  (بئاعرلا  ةلاص):  ражаб  айының  алғашқы  жұма  түні 

оқылатын нәпіл намазы. Рағайып, бәраат және қадір түндерінің намазын 

жамағатпен оқу мәкрүһ болып табылады.  

Рафизилер  (نويضفار):  «рафзи»  –  «айырылғандар»,  «тастап  кеткендер» 

деген  мағынаны  білдіреді.  Шииттік  ағымдардың  бірі.  Имам  Зейнел 

Әбидин  қайтыс  болғаннан  кейін  оның  баласы  Зейдтен  бөлініп  кетіп, 

сахабаларға  дұшпандықта  шектен  шыққан,  Хазіреті  Әбу  Бәкір  мен 

Омардың халифалығын қабылдамаған ағым. 

Расул  (لوسر):  елші,  хабаршы.  Жаратылысы,  мінез-құлқы,  ілімі, 

ақылдылығы және парасаттылығы жағынан сол кезеңдегі адамдардың ең 

ұлығы болған, жаңа бір дінмен жіберілген пайғамбар. 

Рухани:  рухқа  және  көңілге  байланысты  болған,  сенімге  тікелей 

қатысты, материалдық емес (хәл, күй, құндылық, т.б.). 



39 

 

Рәжім (مجر): өлім жазасының түрі. 1. Зина жасаған еркек немесе әйелді 

таспен ұрып өлтіру. 2. Қажылықта шайтанға тас ату амалы.  

Рәкағат (ةعكر): намаз бөлімдері. Бұл бөлімнің ішінде қиям, рүкұғ және 

екі сәжде бар. Намаз негізінен төрт, екі және үш рәкағаттан тұрады.  



Риба (ابر): өсім. Ақшаны немесе құнды затты қарызға пайыздық өсіммен 

беру.  Өсіммен  қарызға  ақша  беруге  ислам  шариғаты  тыйым  салған. 

Құран  Кәрімнің  «Бақара»  сүресіндегі:  «Негізінде  Алла  сауданы  халал, 

өciмді харам еткен» аятының негізінде пайызға харам үкімі жүреді. 



Риуаят  (ةياور):  бір  нәрсенің  хабарын  жеткізу.  Хадис  ілімінде  хадисті 

жеткізуге қатысты айтылады.  



Риуаят  тәпсірі  (يئاورلا  ريسفتلا):  Құран  Кәрімдегі  кейбір  аяттарға  басқа 

аяттармен немесе пайғамбардың сүннеті және сахабалардың сөздерімен 

түсініктеме  жасалуы.  Мұндай  тәпсірлерге  «мәсур»  немесе  «нақли 

тәпсір» атауы да қолданылады.  



Рия(ءاير):  көзге  көрсетушілік,  екіжүзділік.  Өзінің  табиғи  мінезін 

жасырып, адамдардың көзіне алдамшы бейнеде көріну. Риякерлік ислам 

дінінде айыпталатын амалдардың қатарына кіреді.  

Рух  (حور):  1.Адамның  денесіне  қуат  беруші  зат.  2.  Бір  нәрсенің  өзегі, 

ақиқаты.  



Руқия  (ةيقر):  Құранның  кейбір  аяттарын  оқу  арқылы  ем-шипа  табу 

мақсатында  адамға  үрлеу.  Руқия  жасу  үшін  үш  шарттың  болуы  қажет. 

Олар:  

Біріншісі – Құран аяттары мен Алланың есімдері болуы шарт; 

Екіншісі – араб тілінде немесе мағынасы түсінікті тілде болуы қажет; 

Үшінші  –  Алла  Тағаланың  қалауымен  шипасының  жіберілетініне  сенуі 

қажет.  

Рүкін (نكر): бір нәрсенің бөлігін немесе бүтінін ортаға шығарған нәрсе. 

Сондай-ақ,  намаздың  ішіндегі  парыз  амалдар.  Оның  ішінде  қиям, 

қырағат,  рүкуғ,  сәжде,  соңғы  отырыс  амалдары  намаздың  рүкіндерінен 

болып табылады.  



Рүкуғ  (عوكر):  намаз  ішіндегі  шарттардың  бірі.  Намаз  ішіндегі  қиямнан 

кейін қолдарын екі аяқтың тізелеріне қойып иілу.  



Рұя (ةيؤر): түс көру. Адамның ұйқы кезінде көрген көріністері. Түс үшке 

бөлінеді. Олар мыналар: 

1.

 

Адамның  күнделікті  өміріндегі  армандары  мен  қуанышты 



немесе қайғылы оқиғалардың көрінісі.  

2.

 



Шайтанның  адамды  қорқыту  және  онымен  ойнау  мақсатында 

көрсетілетін  ұйқы  ішіндегі  көріністер.  Бұл  түстер  мұсылман  үшін  лас 

болып кейбір жағдайда тазалануды қажет етеді.  

3.

 



  Алла тарапынан сүйген құлдарына жол көрсету немесе аян беру 

арқылы келген түстер. Бұл түс «салихалы түс» деп аталады.  



40 

 

Руят-и-Хилал  (للاحلا  ةيؤر):  жаңа  туған  айдың  көрінуі.  Айдың  тууы 

мұсылман  күнтізбесінде  ескі  айдың  аяқталып,  жаңа  айдың 

басталғанының  нышаны  болып  табылады.  Мұхаммед  пайғамбардың 

ораза  айы  туралы:  «Жаңа  айды  көрсеңдер,  оразаны  бастаңдар»  деген 

хадисі де бар. 



 

С 

 

Саби  (يبص):  балиғатқа  жетпеген  ұл  бала.  Қыз  бала  болса  «сабия»  деп 

аталады. 



Сабилер  (ةئباص):  ай  мен  жұлдыздарға  табынған  қауым  өкілдері.  Алжир 

мен  Харран  аймағы  арасында  өмір  сүрген  бұл  қауым  иудаизм, 

христиандық 

және 


отқатабынушылықтың 

кейбір 


элементтерін 

қабылдаған.  Құран  аяттарында  сабилер  туралы  ақпараттар  бар. 

Сабилердің сенімі бойынша  жұлдыздар ұлы рухтар болып табылады.  

Салих  амал  (حلاص  لمع):  жақсы  амал,  пайдалы  іс.  Алланың  құлға 

жасағаны үшін разы болатын ұнатқан ісі, ғибадаты. 



Садақа  (ةقدص):  Алла  Тағаланың  ризалығын  алу  мақсатында  мұқтаж 

адамдарға дүние-мүлік, ақша және басқа материалдық заттармен жәрдем 

беру.  

Садақа жария (ةيراج ةقدص): ізгі амалдар іске асырылғаннан кейін сауабы 

жалғасатын жақсылықтар. 



Салафия  (ةيفلس):  өздерін  «салафи  салихиндердің»  (сахабалар, 

табиғиндер  және  табаға  табиғиндер)  жолында  жүргендер  деп  танытуға 

тырысатын  діни-саяси  қозғалыс.  Бұл  қозғалыстың  ең  алғашқы  негізін 

қалаушылар тобы біздің заманымыздың XI ғасырында Ханбали мәзһабы 

құрамынан  бөлініп  шыққан.  XIV  ғасырда  Ибн  Таймия  (1328  жылы 

қайтыс  болған)  аталмыш  қозғалыстың  жұмыстарын  жандандырған. 

Оның  шәкірті  Ибн  Қайим  әл-Жаузии  (1350  жылы  қайтыс  болған)  одан 

ары  қарай  жалғастырған.  Ал  енді  XVIII  ғасырда  Мұхаммед  Ибн 

Абдулуаһһаб  (1794  жылы  қайтыс  болған)  жаңадан  кең  тұрғыда 

салафилік  сенімге  байланысты  көзқарастарын  таратқан.  Салафия  діни-

саяси  қозғалысы  қазіргі  Сауд  Арабиясы  мемлекетінде  орныққан,  басқа 

да  мұсылман  елдерінде  таралуда.  Құранда  айтылғандармен  ғана 

шектелу, кейінгі құбылыстардың барлығын жаман бидғатқа жору, Құран 

аяттарын  тура  мағынада  ғана  ұғыну,  оларды  ақылмен  жоруға  қарсы 

шығу,  ақылдың  пәтуа  берудегі  маңызын  жоққа  шығару  тәрізді 

салафилікке  негіз  болған  буквализм  көріністері  еліміздегі  мұсылман 

жамағаты  арасында  пікір  қайшылықтары  мен  талас-тартыстарға  алып 

келуде. 



Сап: қатар, сап. Намаздағы жамағаттың қатары немесе бір сапта тұруы. 

41 

 

Сауап  (باوص):  жақсылық  және  құлшылық  еткен  адамға  Жаратушы 

тарапынан ақыретте берілетін өзіндік ерекшелік сипаты бар сыйлық.   

Сафа  және  Маруа  (ةورم  و  افص):  Қағбаның  қасындағы  екі  төбенің  аты. 

Қажылықта мұсылмандар Сафа және Маруа төбелерінің арасында «саи» 

деп  аталатын  амалды  орындайды.  Саи  жасау  –  екі  төбенің  арасында 

жүрістерді қайталап жасау. Бұл ғибадат Исмаил әләйһиссәләмнің анасы 

Ажардың  баласына  су  іздеп  жүгірген  оқиғасын  еске  алады.  Хажар 

ананың Сафа және Маруа төбелерінің арасында бірнеше рет арлы-берлі 

су  іздеп  жүгіріп,  шаршап,  соңғы  рет  Маруа  төбесінің  үстіне  шыққанда 

бір дауыс естиді.  Сол дауыстың шыққан жағынан бір періште көріп сол 

жаққа қарай жүреді. Ол жерден содан кейін зәмзәм суы шыққан. 

Сахаба  (ةباحص):  Мұхаммед  пайғамбарды  тірі  кезінде  бір  рет  болса  да 

көрген,  көзі  көрмесе  сұхбатына  қатысқан,  иман  келтірген  әртүрлі 

жастағы  үлкен  және  кіші  бірнеше  немесе  одан  да  көп  мұсылмандарға 

қатысты  қолданылатын  атау.  Сахаба  –  «сахиб»  сөзінің  көпше  түрі. 

Сахабалардың  аттары  аталғанда  оларға  қатысты  «радиаллаху  анхум» 

(Алла Тағала оларға разы болсын) сөзі қолданылады.  



Сахих  хадис  (حيحصلا  ثيدحلا):  тілдік  мағынасы  «дұрыс  хадис»  дегенді 

білдіреді.    Терминдік  мағынасы:  адал,  нақты  рауилермен  соңына  дейін 

тізбегі  жалғасқан,  әрі  қайшылығы  (шәзз)  мен  хадистің  дұрыстығын 

жоятын бүркеме олқылығы (ғилласы) болмаған хадис.  



Сахих  Бұхари  (يراخبلا  حيحص):  хадис  жинақтары  арасындағы  ең 

танымалы.Танымал  алты  хадис  кітабының  біріншісі.  «Сахих  Бұхари» 

жинағында  7175  сенімді  хадис  жинақталған.  Бұл  хадистер  600  мың 

хадистің арасынан таңдалып алынған. «Сахих Бұхари» хадистер жинағы 

16 жылда жинақталып біткен.  

Сахихайн (نيحيحصلا): Құраннан кейінгі сенімді болған, ислам ғалымдары 

тарапынан  бекітілген  алты  хадис  кітабының  арасындағы  «Сахих 

Бұхари» мен «Сахих Муслим» хадистер жинақтарына берілген атау.  

Сахур  (روحس):  сәресі.  Күннің  батуымен  сәресі  уақытына  дейінгі 

уақыттың  он  алтыдан  бір  бөлігі.  Сәресі  уақытында  ораза  ұстаушы 

тамақтану үшін тұрады.  

Салих амал (حلاص لمع): Алла Тағаланың ұнатқан ізгі амалдары. 

Саллалаһу  алайһи  уассаллам  (с.а.у)  (ملسو  هيلع  الله  ىلص):  Мұхаммед 

пайғамбардың есімі айтылғанда немесе жазылған кезде бірге айтылатын 

тіркес. «Алланың игілігі мен сәлемі болсын» деген мағынаны білдіреді. 

Сарф пен наһу ілімі (وحنلاو فرصلا): араб тілін зерттейтін ілім салалары. 

Сарф – морфология, ал наһу – синтаксис ілімі.  



Сәлде: бөрік, тақия сияқты бас киімдерге оралған ақ мата. Сәлде тартып, 

бас киім кию мүстахаб амалдарға жатады. 



42 

 

Саум (сиям) (مايص ،موص): Ораза тұту. Таң ағарып белгі бергеннен бастап, 

күн  батқанға  дейінгі  аралықта  жеуден,  ішуден,  жыныстық  қатынастан 

өзін тыю арқылы жасалынатын ислам парыз еткен ғибадаттың түрі.  



Саи:  қажылықта  Қағба  маңындағы  Сафа    мен  Маруа  төбелерінің 

арасында Сафадан Маруаға және Маруадан Сафаға жеті рет барып-келу. 

Саи төрт рет бару, үш рет келуден тұрады.  

Сәббия:  хазіреті  Әлиге  деген  сүйіспеншілігінен  сахабалардың 

көпшілігін  жамандаған  адасқан  ағым.  Сахабаларға  жала  жапқандарды 

үш топқа бөлуге болады. 1. Тафдилия – хазіреті Әлиді сахабалардың ең 

ұлығы  дегендер.  2.  Сәбәбия  –  сахабалардың  көпшілігін  залым,  кәпір 

дегендер. 3. Ғұлат (адасқандар) – хазіреті Әлиді тәңір дегендер. 

Сәбәуия:  хазіреті  Әлиді  «құдай»  деп  санайтын  адасқан  шииттік  ағым. 

«Хуруфилер» деп те аталады. Бұл ағымның негізін қалаушы – Абдуллах 

ибн Сәба. 

Сәжде  (ةدجس):  намаздың  ішіндегі  парыздардың  бірі.  Намазда  маңдай, 

мұрын, екі қолдың алақаны, тізелер мен аяқ бармақтарының жерге тиюі 

арқылы орындалатын амал. 

Сәжде  аяттары  (ةدجسلا  تايآ):  бұл  аяттар  оқылғанда  немесе  естілгенде 

сәжде  жасау  уәжіп.    Құран  кәрімнің  14  жерінде  сәжде  аяты  бар.  Олар: 

«Ағраф» сүресі, 206-аят; «Рағыд» сүресі, 15-аят; «Нахыл» сүресі, 50-аят; 

«Исра»  сүресі,  109-аят;  «Мәриям»  сүресі,  58-аят;  «Хаж»  сүресі,  18-аят; 

«Фурқан» сүресі, 60-аят; «Нәміл» сүресі, 25-аят; «Сәжде» сүресі, 15-аят; 

«Сад» сүресі, 24-аят; «Фуссилат» сүресі, 37-аят; «Нәжім» сүресі, 62-аят; 

«Иншиқақ» сүресі, 21-аят; «Алақ» сүресі, 19-аят.  

Сәһу  сәждесі  (وهسلا  ةدجس):  намазда  қателескен  жағдайда  жасалатын 

сәжде. Намаз парыздары мен уәжіптерін уақытынан бұрын немесе кейін 

оқыған жағдайда сәһу сәждесі орындалады.  

Сырат  көпірі  (

جلا

طارصلا  رس ):  жұмаққа  қарай  өтетін,  тозақтың  үстіне 

құрылған, сипаты кесімді түрде белгілі болмаған көпір деген сипаттама 

бар.  Басқаша  айтқанда,  рухани  жолы  бар  көпір  деп  сипатталады. 

Сонымен  бірге  «қылдан  жіңішке,  қылыштан  өткір»  деп  сипаттама 

берілген. Дүниеде мұсылман болғандар әрі нәпсісіне ие болғандар сырат 

көпірінен  жеңіл  өтеді,  ал  нәпсісіне  ие  бола  алмағандар  жұмаққа  өте 

алмай,  тозаққа  түсіп  кетеді  делінеді.  Сонымен  қатар  күнәлары  үшін 

тиісті жазасын өтеген мұсылмандар да жұмаққа кіреді делінген. «Үлкен 

құрбандық  алып,  сойыңыздар!  Өйткені  құрбандыққа  шалынған 

малдарыңыз – сырат көпірінен өтердегі көліктеріңіз» деген хадис бар. 



Сыратул  мустақим  (ميقتسملا  طارص):  «ислам  діні  көрсеткен  тура  жол» 

деген  мағынаны  білдіреді.  Құранда  «сыратул  мустақим»  туралы 

«Фатиха»  сүресінің  5-аятында,  «Ясин»  сүресінің  4-аятында,  сондай-ақ 

«Зухруф»  сүресінің  43-аятында  баяндалады.  «Сахих  Муслим»  хадис 



43 

 

кітабында ардақты Айшаның риуаяты бойынша Хазіреті Мұхаммед дұға 



жасау  барысында  «Ей,  Микаил,  Жәбрейіл  мен  Исрафилдің  Раббысы 

болған,  көктер  мен  жерді  жаратқан,  жасырын  және  ашық  кез  келген 

нәрсені  білуші  Аллаһым!  Құлдарының  арасындағы  айырушылықты 

түзетуші Хаким (үкім етуші) сенсің. Мені ақиқатқа бастай гөр! Өйткені, 

сен  қалғанынды  тура  жолға  бастаушысың»  деген.  Садықтар  (тура 

сөйлегендер)  мен  ақиқатқа  ергендердің  (шындықты  тапқандардың)  сөз 

бірлігі бойынша: «Сыратул мустақим» – «әһлі сүннет уал жамағаттың», 

яғни пайғамбардың және оны сұхбатына болған сахабалардың жолы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет