құлымызға түсірген Құранға күмәндансаңдар, қанеки, бір сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Алладан басқа сенетіндеріңнің барлығын шақырыңдар, егер күмәндарың әрине рас болса. Бұны жасай алмасаңдар, – ешқашан жасай алмайсыңдар да – Ендеше, отыны адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге әзірленген тозақ отынан сақтаныңдар» (Бақара, 23-24). Әншейінде
намысшыл келетін шайырлар бұл жолы тағы да Алланың
талабына дәрменсіз қалып, Құранға ұқсас бір кітап емес,
тіпті он сүре де емес, жалғыз ғана сүре жазу да қол-
дарынан келмегендіктен тағы да үнсіз қалды. Иә, күмән
келтірген арабтардың өздерінен талап етілген Құранға
ұқсас бір кітапты, яки он сүресін, тіпті жалғыз сүресін
жазу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жаңа дініне тосқауыл
болудың ең қысқа әрі оңай жолы бола тұра, мал-жандарын
қатерге соғатын соғыс жолын таңдауларының астарын-
да Құран сүрелерінің ұқсасын жаза алмаулары бар еді.
Өйткені Құран мағынасындағы тереңдігі мен тәсіліндегі
ерекшелігі жағынан арабтардың қара сөздеріне де, өлең
45
Һуд сүресі/11-13.