Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет66/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

ИМАНИ ГҮЛ
Хазіреті Әбу Бәкір рұқсат берген соң хазіреті Біләл 
Хабаши  Шамға  барып,  Ислам  туын  биікте  желбіретуге 
жігерін салды.
Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мәдинаға келді. 
Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазіреті Хасан мен 
Хұсейнді кездестіріп, Алланың Сүйікті Елшісімен (с.а.у.) 
бірге өткізген тәтті күндерді еске алды. Әлемдердің Па-
дишасы  (с.а.у.)  дүниеден  озғаннан  соң,  Мәдинада  азан 
шақырмаған еді. Ғаламның рақым нұры (с.а.у.) ақыреттік 
болғаннан  кейін  азан  шақыруға  тағаты  да  жетпеді. 
Өйткені, азандағы «Әшһәду әннә Мухаммадан Расулуллаһ» 
(Мұхаммедтің Алла елшісі екендігіне куәлік етемін) деген 
сөйлемді айта алмай іркіліп қалатын. Даусы шықпай көз 
жасына булығып, аяқтарының буыны босап кететін.
Пайғамбарымыздың  «менің  дүниеде  иіскеген  екі 
райханым»  деген  немерелері  Хасан  мен  Хүсәйіннің 
өтінішінен  кейін,  соңғы  рет  Мәдинада  азан  шақыруға 
бел буды. Көзін көкке қадап тұрып, бүкіл жан дүниесімен 
азан  шақырды.  Бүкіл  Мәдинада  Алла  елшісіне  (с.а.у.) 
деген  сағыныш  жаңғырды.  Ел  тегіс  көшеге  шықты. 
Алла Расулының нұрлы өмірін көз алдарына елестетіп, 
Пайғамбарымыз  қайта  тіріліп  келіп,  Біләлге  азан 
шақыртқандай әсерде болды. Сол күні көзіне жас алып 
иығы селкілдемеген тірі жан қалмады
22

Айналасындағы  заңғар  тұлғалардың  Оған  деген 
мұншалық терең сүйіспеншілігі мен махаббаты – Оның көз 
бояушылығының  емес,  тек  шынайы  пайғамбарлығының 
дәлелі болса керек.
• Әрбір нәрсенің шынайысы мен алдамшысы, табиғиы 
мен жасандысы ешқашан бірдей болмасы анық. Сауатсыз 
адам  ғалымның  рөлін,  қарапайым  адам  мемлекет  бас-
22
  Алау  Әділбаев,  Саңлақ  сахабалар,  175-бет.  Дәуір  баспасы,  
Алматы, 2004 ж.


85
ИМАНИ ГҮЛ
шысының рөлін, міндетін қанша уақытқа дейін ешкімге 
білдіртпестен, сездірместен жүргізе алады? Бәлкім, сауат-
сыз адамның алғашқы жүріс-тұрысы айналасындағыларға 
күмән тудырса, қарапайым адамның басқа мемлекет бас-
шыларымен  бір-екі  кездесуінен  кейін-ақ  жалғандығы  су 
бетіне  қалқып  шыққан  майдай  жария  болады.  Ал  енді 
оқу-жазу  білмейтін  бір  адамның  пайғамбарлық  сияқты 
ғалымдықтан  да,  мемлекет  басшылығынан  да  ауыр  бір 
рөлді,  міндетті  жиырма  үш  жыл  бойы  айналасындағы 
өте зерек те ақылды адамдарға еш білдіртпестен ойнауы, 
жүргізуі мүмкін бе? Тіпті, жиырма үш жыл емес, қияметке 
дейін келіп-кетер сансыз кемеңгер, ойшылдарға, ғалымдар 
мен әулиелерге, жалпы адамзатқа өзінің жалғандығын еш 
сездірместен  жалғастыра  беруі  мүмкін  бе?  Әрине,  жоқ. 
Олай болса Ол (с.а.у.) – шынайы пайғамбардың дәл өзі.
•  Тарихта  ереже-қағида  қойып,  жаңа  жүйе  құрған 
көптеген  тұлғалар  бар.  Олардың  көбі  өздері  қойған 
ережелерді  басқаларға  үлгі  боларлықтай  дәрежеде  іс 
жүзінде  атқармағандықтан,  адамдар  тарапынан  шы-
найы  жанашыр,  ешбір  қолдау  таппағанын  көреміз. 
Ал  енді  пайғамбарымыздың  «Намаз  оқыңдар!»  –  деп 
адамдарды  намазға  шақырып,  ереже  қойғаннан  кейінгі 
Оның  оқыған  намазына  қараңыздаршы.  Бес  уақыт  на-
мазды  жамағатпен,  жылап  тұрып  оқуы  былай  тұрғанда, 
түн  жарымда  тұрып  «тәһәжжуд»  намазын  егіле  жы-
лап,  аяқтары  талып-ісігенше  оқитын.  Айша  анамыздың: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет