95
ИМАНИ ГҮЛ
мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн.
Себебі, балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына
бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің
пайдасынан зияны басым болуы кәдік.
Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан
сүйіп, иіскеуі яки құшақтап арқасынан қағуы, көтеріп
құшағында тербетуі – бәрі-бәрі балаға оң әсерін тигізеді.
Бала үлкеннің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне
сенеді әрі сол кісіге деген құрметі де артады. Құшақтап,
басын сипаған кісіні өзінің қорғаушысы деп біледі.
Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген,
басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың
кейбір
психологиялық
ауруларға
ұшырайтынын
дәлелдеуде.
Ата-ана яки кез келген педагог үшін балаға көп
ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі оның басынан си-
пап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі.
Бұның астарында құрғақ сөздермен жеткізуге келмейтін
небір сезімдер бар. Жоғарыда келтірілген оқиғада
«қате
іс-әрекет үстінде ұсталып, енді не істер екен» деген
үреймен келген балаға пайғамбарымыз, ең алдымен,
«балапаным!» деген жылы сөзін арнаған. Қорқып кел-
ген балаға жылы сөз ғана айтып қоймай,
«қорықпа, мен
сені қорғаймын» дегендей басынан сипауы, әрине, бала
жүрегіндегі қорқыныштың орнына қуаныш сыйлады.
Өзіне жанашыр жан тауып, оның қасында өзін сенімді
сезінген бала ойындағысын бүкпесіз айтты.
Достарыңызбен бөлісу: