ИМАНИ ГҮЛ Әр буынға бір садақа Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) буындарға
қатысты бірқатар хадистер айтқан. Тіпті, адам денесінде
қанша буын болатындығын нақты білдірген. Бір қызығы,
сол хадистерде көрсетілген буын сандарын қазіргі меди-
цина дәлелдеп шықты.
Буын жайында айтқан Пайғамбарымыздың хадистері
мыналар:
«Әр адамның жаратылысында 360 буын бар. Олай болса, Алла Тағаланы ұлықтаса, мақтау айтса, лә иләһа иллаллаһ, сүбханаллаһ десе, Құдайдан кешірім тілесе, ел жүретін жолдан тас, тікен немесе сүйек секілді нәрселерді жол шетіне алып тастап отырса я болмаса жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса, осы жасаған жақсылықтарының барлығы 360-қа жет- се, сол күннің кешіне дейін тозақ отынан қорғалады». «Әр буын үшін адам күн сайын бір садақа борыш-