Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет121/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   336
Байланысты:
Руководство для студента

Wiki беттері
Wiki дегеніміз не?
Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін білмей-ақ, web-сайтты бірлесіп 
дамытуға мүмкіндік береді. Кез келген адам wiki-де беттерді қоса алады немесе редакциялай 
алады – бұл толық эгалитарлы (тең құқылы) болып табылады. Беттің атымен жаңа сілтемені 
жасай  отырып,  кез  келген  адам  wiki-дің  жаңа  беттерін  жасай  алады.  Беттер  иерархиялық 
қағидатпен емес, олардың арасындағы еренсілтемелермен байланыстырылған.


63
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Кейс-стади: wiki бетін жаратылыстану ғылымы сабақтарында пайдалану
Сабақ жоспарына қысқаша шолу
Сабақ басталғанға дейін мен үш оқушыдан тұратын топ құрдым. Мен оқушыларды тек 
олардың қабілеттерін ғана емес, тұлғалық ерекшеліктерін негізге ала отырып, ең тиімді ком-
бинациялар жасайтындай етіп топтастыруға тырыстым. Тұтастың бөлшектерін қалай бөлуге 
болады деген сияқты нақты тақырып бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен тұратын жеті түрлі 
wiki  беттерін  жасадым.  Ақпарат  дұрыс,  дұрыс  емес  немесе  жартылай  аяқталмаған  болды 
және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.
Мен  жасаған  wiki  беттерінде  топ  ішінде  талқылауға  түрткі  болатын  «бастапқы 
материалдың» белгілі бір мөлшері болды. Барлық оқушыларға өз деңгейлеріне сай келетін 
тапсырма бергім келгендіктен, әртүрлі топқа түрлі мөлшердегі материал таңдадым. Ал бір 
топқа  ең  қиын  тапсырма  берілді,  оларға  ешқандай  материал  берілмей,  тек  таза  парақ  пен 
атауы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет