Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады



Pdf көрінісі
бет45/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   336
Байланысты:
Руководство для студента

Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. 
«Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті да-
мытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.
Соңғы  зерттеулер  оқу  қай  жерде  өтетініне  қарамастан,  жалпы  белгілері  болатынын 
дәлелдеді, атап айтқанда:
•  Адамдар  ассоциациялар  арқылы,  мнемоника,  жаттығулар,  имитация,  нұсқаулық 
беруді пайдалана отырып, білім алады, бұл түсінік пен дағдылардың кезең-кезеңмен 
қалыптасуына ықпал етеді. Ассоциациялық оқыту нақты мәліметті жаңғырту немесе 
есте сақтауға жол ашады.
•  Адамдар белсенді зерттеулер – зерделеу, эксперимент, басқалардың жетекшілігімен 
зерттеу, тапсырмаларды орындау, ойлау арқылы түсінік пен дағдыларды құра отырып 
білім алады. Сындарлы оқыту дағдылардың ықпалдасуына және тереңірек түсінуге 
ықпал етеді.


26
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
•  Адамдар  диалог  әдісін  қолдана  отырып,  мәселен,  талқылау,  дебат,  ынтымақтастық, 
білімді  бірлесіп  құру  арқылы  түсінік  пен  дағдыларды  қалыптастыру  арқылы  білім 
алады. Әлеуметтік-сындарлы оқыту да дағдылардың ықпалдасуына және тереңірек 
түсінуге мүмкіндік береді.
Барлық әдістер мыналарға назар аударады:
•  оқушының белсенділігі;
•  қызмет бағыттарын күтілетін нәтижелерге сай жүзеге асыру;
•  кері байланыстың маңыздылығы;
•  шоғырлану (тәжірибе) және ықпалдасу мүмкіндігі.
Сонда мектеп мұғалімі үшін бұлардың маңызы не? Оқу теориясы мұғалімдер үшін тікелей 
нұсқау бермегенімен, оқу мүмкіндіктерін ұлғайту үшін оқу ортасын қалай құру туралы нақты 
қорытындыларды тұжырымдауға мүмкіндік ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет