Әлеуметтану ғылым ретінде


Әлеуметтанудың негізін салушылар



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата30.03.2022
өлшемі470,23 Kb.
#29203
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтану ғылым ретінде

Әлеуметтанудың негізін салушылар

Герберт Спенсер (1820–1903)

Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі – британдық философ ғалым

Герберт Спенсер болды. Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына

эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады:

жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты

қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді. Бұл идеялар

арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы

қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам – қоршаған ортаға бейімделу» деп түсіну

керек деген қорытындыға келді. Бұл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну

үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ

қоғамды ұйымдастырудың бір ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдіреді.

Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын

байқатады.




Неміс экономисі, тарихшысы және философы Макс Вебер әлеуметтік зерттеулердің, оның

ішінде дін, бюрократия және саясат сияқты ұғымдардың теориялық негізін

қалыптастырды. 

Вебердің ғылымға қосқан негізгі үш үлесі бар: ол әлеуметтiк iсәрекеттердiң субъективтi

мағыналарын ашты, экономикалық себептерден гөрі әлеуметтiк себептерге, ал

әлеуметтiк проблемаларды зерттеуде объективтiлiкке сүйену қажеттігін алға тартты. 

Вебер мінез-құлықтың үлгілерін білу оның мағынасын түсінуден маңызды емес деп

санайды. Мысалы, Вебер өткен ғасырдан бері ажырасудың мағынасы қаншалықты

өзгергенін түсіну де ажырасу санының қаншалықты өзгергенін түсіну сияқты маңызды

деп есептейді. Вебердің адам әрекеттерінің субъективті мәнін зерттеген еңбектері

діннен бастап иммиграцияға дейінгі алуан түрлі тақырыптағы көптеген ғылыми

жұмыстарға негіз болды.

Макс Вебер (1864–1920)



Огюст Конт (1798–1857)

Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды.

Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану»

терминін алғаш енгізген де осы ғалым. Конт – әлеуметтік жағдайларға ғылыми

әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған

позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми

дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді.

Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын

анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Алайда молекулярлық

мінез-құлықты болжай алатынымыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай

алатынымызға сенетін ғалымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс

әлеуметтанудың негізгі ұғымы болып қала береді.




Философ, экономист және қоғам қайраткері 23 жасында философия докторы дәрежесін

алды. Радикалды көзқарастарына байланысты ол ешқашан профессор болмады және

өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта өткізді. 

Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. Замандастарының

көбінен айырмашылығы – ол кедейлікті табиғи құбылыс немесе Құдайдың жазғаны деп

мойындамады. Оның орнына ол кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған,

бай адамдардың мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде

қарастырды. Нәтижесінде, өзінің күш-жігерін сол жүйені түсінуге және жоюға арнады.

Маркстың идеяларының басым бөлігі әлеуметтанушыларға қарағанда

саясаттанушылар мен экономистерді көбірек қызықтырды. Бірақ оның идеялары

экономикалық жүйе, әлеуметтік конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді

құбылыстардың маңызына әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті.

Карл Маркс (1818–1883) 



Қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:

1.Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортега Әлеуметтану негіздері, Астана, 2018

2.Раушанбек Әбсаттаров,Мұқсын Дәкенов Әлеуметтану:өзекті мәселелер,Алматы 2015

3.https:engime.org



4.Google фото


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет