орындалуы кезінде бір-ақ рет инициалданады. Келесі
кірген сайын инициалданады. Программа экранға келесі нəтижені шығарады:
n m p
0 0 0
1 1 0
2 2 0
n m p
3 0 0
4 1 0
Функциялар бірігіп жұмыс істеген кезде өзара ақпарат алмасуы тиіс. Ол
үшін ауқымды (глобалды) айнымалыларды, параметрлерді жəне функцияның
қайтаратын мəнін қолдануға болады.
78
Ауқымды айнымалылар
Ауқымды (глобалды) айнымалылар өздерімен аттас жергілікті айны-
малылар сипатталмаған барлық функцияларда көрінеді, сондықтан оларды
функциялар арасында мəліметтер алмасу үшін қолданған өте жеңіл. Деген-
мен, бұл тəсілді пайдаланбаған жөн, себебі мұндайда программаны түзету
қиындайды жəне функцияларды ортақ пайдаланылатын кітапханалар ішіне
орналастыруға кедергі келтіреді. Функциялар барынша тəуелсіз болып,
олардың интерфейсі толығымен функция прототипі арқылы анықталуына
ұмтылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: