саналады. Олар көрсетілген типтегі айнымалыны құру кезінде қалыптасып,
айнымалыны жойғанда жоғалады.
104
Сыртқы блокта анықталып, программаның ішкі блогында аты қайталана-
тын айнымалыны анықтаудан басқа барлық жағдайларда объектінің көріну
аймағы əрекет ету аймағымен бірдей болатынын еске салайық. Мұндайда
атауы қайталанатын сыртқы айнымалының əрекет ету аймағы ішкі блокқа
енгенімен, сыртқы айнымалы бұл блокта көрінбейді. Осыған қарамастан,
сыртқы айнымалы ауқымды (глобалды) болса, оны көріну аймағына ену опе-
рациясын
::
қолдана отырып ішкі блокта пайдалануға болады. Жасырын
жергілікті (локалды) айнымалыны пайдалану тəсілі жоқ.
Əрбір əрекет ету аймағында атаулар кеңістіктерін айқын көрсетуге бола-
ды. Атаулар кеңістігі – идентификатор қайталанбай бірегей болуы тиіс аймақ.
Əртүрлі кеңістіктердегі атаулар бірдей болуы мүмкін, себебі сілтемелерді
таңдау идентификатордың программадағы контекстіне байланысты жүзеге
асырылады, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: