Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет56/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

#include

int main(){

 

int a, b, res;

 char 

op;

 

cout << "\nБірінші операндты енгізіңіз: "; cin >> a;

 

cout << "\nОперация белгісін енгізіңіз: "; cin >> op;

 

cout << "\nЕкінші операндты енгізіңіз: "; cin >> b;

 

bool  f = true;

 switch 

(op){

 

   case '+': res = a + b; break;

 

   case '-': res = a - b; break;

      case '*': res = a * b; break;

      case '/': res = a / b; break;

      default: cout << "\nБелгісіз операция"; f = false;

}

if (f) cout << "\nНəтиже: " << res;

return 0;

}

ЕСКЕРТУ

default

 сөзiнде синтаксистiк қате кеткен жағдайда ол туралы хабарлама 

шығарылмайды, өйткені онда компилятор бұл сөзді оператор алдындағы белгі ретінде 

қабылдайды.

Шарттарды тексеру əрекеттері көрсетілген басқа программалар мысалда-

ры практикумның [11] 30 б.  берілген. 



Цикл операторлары

Цикл операторлары бірнеше рет қайталанып орындалатын есептеулерді 

ұйымдастыру үшiн қолданылады. Кез келген цикл оның тұлғасынан, яғни 

бірнеше рет қайталанатын оператор тізбегінен, бастапқы берілген мəндерді 

тағайындаудан, цикл параметрiнің өзгеруінен жəне цикл қайталануын 

жалғастыру шартын тексеруден тұрады (1.8-сурет). 

Циклдің бiр рет орындалуы итерация (қадам) деп аталады. Шарттың 

тексерілуi əрбiр итерация сайын кейде цикл тұлғасына дейін (алғы шартты 

цикл), кейде цикл тұлғасынан кейiн (соңғы шартты цикл) атқарылады. Олардың 

арасындағы айырмашылық: соңғы шартты цикл кем дегенде бір рет орында-

лады да, содан кейiн барып оны қайталап орындау қажеттілігі тексеріледi. 

Ал алғы шартты циклде оны қайталау шартын тексеру цикл тұлғасына дейiн 

жүргізілетіндіктен, оның бір рет те орындалмауы мүмкiн.



41

1.8-сурет.

 Цикл операторларының құрылымдық сызбасы: а – шарты алдын ала 

тексерілетін цикл; ə – шарты соңынан тексерілетін цикл

Цикл тұлғасында өзгертілетiн жəне оны қайталау шартын тексеруде 

қолданылатын айнымалылар цикл параметрлерi деп аталады. Əрбiр итерация 

сайын тұрақты қадаммен өзгертілетiн бүтiн сан типіндегі цикл параметрлері 



цикл санауыштары болып табылады.

Бастапқы берілгендер программаға айқын түрде қатыспауы да мүмкiн, 

олардың атқаратын қызметі – циклге кіруден бұрын онда қолданылатын 

айнымалыларға мəн беру болып саналады.

Егер циклдi жалғастыру шарты орындалмаса, ол бірден аяқталады. Орын-

далып жатқан ағымдағы итерацияны да, циклдің өзін толығымен де мəжбүрлі 

түрде аяқтауға болады. Ол үшiн 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет