тын əрекеттерді анықтайтын бір немесе бірнеше символдар тізбегі. Операция
12
санына байланысты операциялар унарлы, бинарлы, тернарлы болып бөлінеді.
Мəтін ішіндегі орнына, яғни қолданылатын ортасына қарай бір таңбаның
қызметі əртүрлі болуы мүмкін. Мынадай операциялар
[ ], ( )
жəне
?
таңбаларынан басқа белгілер жеке лексема қызметін атқарады.
С++ тіліндегі операциялар таңбалары «Операциялар» бөлімінде, 25 б. жəне
де бірінші қосымшада берілген. Стандартты операциялардың басым бөлігін
қайта анықтауға (асыра жүктеуге) болады. Операцияларды асыра жүктеу
əрекеті 205 б. қарастырылған.
Тұрақтылар
Тұрақтылар деп программадағы мəні өзгермейтін шамаларды айтады. Олар
бүтін, нақты, символдық жəне тіркестік тұрақтылар болып бөлінеді. Компиля-
тор тұрақтыны лексема ретінде белгілеп алып, оны сыртқы бейнесіне қарай
белгілі бір типке жатқызады
1
.
Əрбір типке сəйкес келетін тұрақтылардың форматтары 1.2-кестеде
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: