Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Муқауқыстың жалған дүниені қалауы



Pdf көрінісі
бет315/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Муқауқыстың жалған дүниені қалауы 

Сол  күні  түн  ортасы  ауғанда  Муқауқыс  сахаба  Хатыб  ибн  Бәлтааны 

сарайына  шақырып  ұзақ  әңгімелесті.  Қастарында  аудармашыдан  басқа  жан 

жоқ. 


Муқауқыс сөзін аяқтай келе: 

"Мен әйтеуір бір пайғамбардың келетінін білетінмін. Шамнан шығатын 

болар  деп  үміттендім,  бұрынғы  пайғамбарлардың  көбі  сол  жерден  шыққан 

ғой. 


Кітаптардан соңғы пайғамбардың Арабстаннан жоқшылық пен азаптың 

арасынан  шығатынын  да  көзім  шалғаны  бар  еді.  Алланың  кітаптарында 

жазылғандай, ақырзаман пайғамбарының келер сәті де осы уақытқа сәйкес. 

Менің білуімше, пайғамбардың сахабалары біздің мемлекетімізге дейін 

келіп,  үлкен  жеңістерге  қол  жеткізеді.  Амал  қайсы,  оған  мойынсұнуға 

халқымызды көндіре алмаймын. Өзім илансам, салтанат, дәулеттен айрылам 

деп қорқам", - деп үнсіз қалды. 

Муқауқыс  дүниелік  өткінші  бақтан  қол  үзгісі  келмей  құлқынын  жеңе 

алмай,  тағдырдың  мәңгілік  сыйынан  құр  алақан  қалды.  Ақиқаттан  хабардар 

бола тұрып халқына насихаттаудан да бас тартты. 

Муқауқыс  Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  елшісін  құр  қол  қайтармады. 

Мұсылман  болмағанмен  Мұхаммедке  (с.а.у.)  хат  жазып,  заттай  сый-сияпат 

және екі күңін жібереді. Мумин елшіні шығарып салып тұрып: 



 

341


"Халықтың 

хабары 


болмасын", 

деп 



қайта-қайта 

ескертті. 

Муқауқыстың пайғамбарға тарту-таралғысы: ақ боз қашыр мен бір есек, мың 

мысқал  алтын,  Мысырда  тоқылған  жұқа  көйлектер,  шыны-аяқ,  бал  және 

иіссу. Сыйлыққа берілген қашыр «Дүлдүл», ал есек «Ұфайыр» аталған. 

Күңдерге  келсек,  апалы-сіңлілі  Мәрия  және  Сиринге  жолай  Хазіреті 

Хатыб  Исламның  ерекшеліктерін  түсіндіреді.  Ақыры  екі  бойжеткен  де 

мұсылмандықты мойындайды. 

Кейінірек Расулаллаһ Хазіреті Мәрияға үйленіп, ақ некелілері қатарына 

қосады. Сирин болса шайыр Хассан ибн Сабитпен отау құрады. 

Хазіреті Хатыб ибн Бәлтаа Мысырда бес күн жатып Мәдинаға оралады. 

Муқауқыстың аманат-сыйын пайғамбарға аман-есен табыстайды. 

Жауап хатта Муқауқыс: 

"Мұхаммед  ибн  Абдуллаһқа  қыбтылар  басшысы  Муқауқыстан!  Саған 

сәлем жолдаймын! 

Хатыңды  алдым,  оқыдым,  түсіндім.  Бір  пайғамбардың  келерін 

бұрыннан  біліп,  Шамнан  шығатын  болар  деп  ойлаушы  едім.  Қолымнан 

келгенше елшіңе қонақкәде көрсетіп бақтым. 

Мініт көлік-қашыр, киім-кешек пен қоса қыбтылар арасында қадірі бар 

екі күңді сыйладым. Бар қолымнан келері осы. Тағы да сәлем жолдаймын", - 

делінген еді. 

Пайғамбарымыз Муқауқыстың сәлемін алып тұрып: 

"Неткен  бақытсыз!  Мал-мүлкін  қимай  бәлені  тілеп  алды.  Сол 

салтанаттың өз басына зәредей пайдасы болмайды", - деді өкінішпен. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет