Коммуникация



Pdf көрінісі
бет237/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

3.  Стильдеу
Көпшілікке ықпал  етудің айрықша кеңтараған әдісінің бірі - ты- 
йым  салынған  орындарға  сай  стильдеу  тәсілі.  Бұл  әсіресе  Англия- 
ныңтарихи  жәдігерлері  орналасқан жерлерде  көп  кездеседі.
Көне  қорғандар мен  ағылшын ақсүйектерінің үйлерінде келуші- 
лерге сол  заманғы  әдеп  пен  тектілікті  сезінту үшін  көнерген  сөздер 
мен жазу үлгілері қолданылады. Мысалы, VIII  Генрих жасәйелі Анна 
Болейнмен  тұрған,  патшалық  құрған,  Англияның  болашақ ұлы  пат- 
шайымы  I  Елизавета дүниеге келген  Хэмптон  Корт салтанат сарайы- 
на  келушілер  алдымен  өздеріне  арналған  «Ережемен»  танысады. 
Онда  келушілерге  не  істеуге  болатын-болмайтыны  айтылмайды, 
тарихи  орында  оған  тоқталу  үлкен  әбестік  болар  еді.  Сізге  керемет 
қызмет  көрсету  түрлері  ұсынылып,  сосын  өзіңіздің  де  бұған  үлес 
қоса алатыныңызды тұспалдап жеткізеді:
Hampton  Court Palace Visitors'  Charter
Our aims are that you.
Enjoy your visit to  HCP.
Find  all  the staff helpful,  informative  and 
courteous.
Find the Palace and Gardens well presented 
and that the information  is clear and  helpful.
Find your surroundings  litter free and the 
toilets clean.
You  can  help  us achieve this aim.
Find  our shops and catering of a  high  standard.
Сарайға  келуші ағылшындардың айтуынша, сарай аумағындағы 
ескертулердің  барлығы  Тюдор  әдебінің  стилінде  (Tudor  politeness) 
жасалған.  Әдеттегі  Quiet  please  [Өтінеміз, тыныштық сақтаңыздар]; 
No  noise  [Шулауға  болмайды],  No  photographs  [Суретке  түсіруге 
болмайды] деген  ескертулердің орнына  Корольдің теннис алаңын- 
да  мынадай ескертулер  орнатылған:
Please  maintain  silence  and  refrain from  taking  photographs when 
game  is  in  progress  [Өтінеміз,  тыныштық  сақтаңыздар  және  ойын 
кезінде суретке түсіруден аулақ болыңыздар].
Тіпті  қарапайым  No  smoking  деген  сөзден  кейін  қолтаңбаның 
қойылуы  оған  біраз салмақ үстейді:
Town  and  County  of  Hampton  Court  [Хэмптон  Корт  қаласы  мен 
графствосы].
Хэмптон  Кортсарайы келушілерініңережесі.
Сіздің көңіліңізден  шығу үшін біз барымызды саламыз. 
Қызметкерлеріміздің  әрдайым  көмек  көрсетуге дайын  екені- 
не, ақпарат беріп, сыпайылық көрсететініне көз жеткізіңіз. 
Сарай  мен  оның  бақтарының  күтімі  жақсы,  ацпараттардың 
барлығы түсінікті  әрі  пайдалы екеніне көз жеткізіңіз. 
Сарайдың  айналасында  қоқыс  жоқ  екеніне,  әжетханаларда 
тазалық сақталатынына  көз жеткізіңіз.
Біздің осы талпыныстарымызға сіз де үлес  қоса аласыз.
Біздің дүкендеріміз бен  кафеміздің  деңгейі өте жоғары екені- 
не көз жеткізіңіз.


Үйреншікті  No  food  or drink  here  [Мұнда  тамақ жеуге  және  ішуге 
руқсат етілмейді] дегеннің орнына сарай кафесінде сізге былай дейді: 
Please  note -   only  food  and  drinks  bought  here  may  be  consumed 
on the premise [Өтінеміз, назар аударыңыз: сарай аумағында тек осы 
жердей сатып алынған тағамдар мен сусындарды  ішіп, жей аласыз]. 
Басқа  мысалдар келтірейік:
Enter this door as if
Бұл есіктен  кіргенде, 
еденін алтыннан жасалғандай, 
керегелерін асыл тастармен  көмкерілгендей 
көріңіз.
Хор айтылғандай,
не оттар ән can жатқандай елестетіңіз.
Шуламаңыз, саспаңыз, 
ештеңе деп ауыз ашпаңыз.
Мунда  Құдай бар деп біліңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет