Коммуникация



Pdf көрінісі
бет30/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

“ О. 
Чечин.
  «Лишьузе/і 
смерти я  не развязал» // 
Врач,  1996, 
тамыз, 45-46 бб.
29


біздің  дәстүр  бойынша,  науқас  адамға  оның  ауруы  туралы  жүм- 
сақтап  жеткізу  принципі  бар,  емделушінің өмірін  сақтап  қалу үшін 
кейбір  жағдайларда  ақпаратты  жартылай  ғана  жеткізу  немесе 
науқас  адамның  туған-туыстарымен  сөйлесу  әдебі  қалыптасқан. 
Дәрігерлер  ұстанатын  әрбір  дәстүрдің  өзіндік  артықшылықта- 
рымен  қатар,  кемшілігі  де  бар  екенін  байқаймыз.
Қатты  қорыққаннан  емделушінің  қан  қысымы  көтеріліп  кетуі 
мүмкін,  одан  жүрекке  жеңіл  болмайды.  Сондықтан  естеріңізде 
болсын  (memento!),  мәдениеттегі  осындай  ерекшеліктерді  есте 
сақтау  керек және  өзге елде  емделу  кезінде абай  болыңыздар!
Оқырмандарға  мәдени  қақтығыстар  туралы  көптеген  фактілер 
келтіруге  болады.  Өйткені  мәдени  қақтығыстар  мәселесі  адамзат 
баласының  өмірі  мен  оның әрекеттерін  толық  қамтиды.  Өзге  ұлт- 
тың мәдениетімен,  мәселен,  шешендік  өнер, театр,  мерзімді  бас- 
пасөз,  радио,  телевидение,  көркем  әдебиеттерімен  танысқанда 
бір  жақтылық сипат  көрініс табады.  Мәдениетаралық  қатынастың 
түрлері  мен  формалары  қалыптасып,  қарқынды  түрде  дамып  ке- 
леді  (тек  интернет жүйесінің өзі  неге турады!).
Шетелдіктермен  тілдік  коммуникация  кезінде  туындайтын  ті- 
келей  мәдени  қақтығыстардан  басқа  (көркем  фильм,  кітап  және 
т.б.),  жанама  мәдени  қақтығыс  деген  түрлері  бар.  Мәдени  қақ- 
тығыстың  жанама  түрінде  мәдени  кедергілер  соншалықты  те­
рец  түсіндірілмейді  және  айқын  көрінбейді,  сондықтан  мұндай 
қақтығыстүрі  қауіптірек  көрінеді.  Шетелдік әдебиеттерді оқи  оты- 
рып,  өзге  елдің мәдениетімен  танысамыз,  танысу  барысында  мә- 
дени  қақтығыстарға  тап  боламыз.  Осындай  мәдени  қақтығыстар 
негізінде  адам  өз  мәдениетін  тереңірек  түсініп,  дүниетанымын, 
қоршаған  ортаға деген  көзқарасын  қалыптастыра  бастайды.
Шетелдік  әдебиетті  оқып  қабылдаудағы  мәдени  қақтығыстың 
нақты  үлгісі  ретінде  америкалық  антрополог  Лора  Боханнанның 
Шекспирдің  «Гамлет»  шығармасын  Батыс  Африканың  түрғында- 
рына  баяндап  бергені  туралы  айтуға  болады.  Олар  бұл  сюжетті  өз 
мәдениеті түрғысынан  қабылдайды:
«Клавдий  -   жақсы  азамат,  өйткені  қайтыс  болған  ағасының 
әйеліне  үйлену  тек  мәдениетті  адамдардың  ғана  қолынан  келе- 
ді,  бірақ  бұл  үрдіс  ағасы  қайтыс  болған  соң  бір  ай  өтпей  жатып, 
тез  арада  іске  асуы  керек.  Гамлеттің әкесінің елесі  олардың сана- 
сында  мүлде  қалыптаспады:  егер  ол  қайтыс  болса,  онда  ол  қалай 
сөйлейді,  қалай  жүреді?  Полонийдің  образы  олардың  мәдение- 
ті  бойынша  мүлде  мақұлданбады:  ол  неге  қызының  рубасының 
үлымен  көңілдес болуына  қарсы болады? Керісінше, ол -  мәртебе 
емес  пе,  ең бастысы,  көптеген  бағалы  сыйлықтарға  ие  болу  ғой?! 
Гамлеттің оны  өлтіргені дұрыс болды, өйткені  бұл  оқиға  Батыс Аф-


рика тұрғындарының аң аулау мәдениетімен сәйкес келеді:  аң ау- 
лау  кезінде  қандай  да  бір  дыбысты  естісе,  олар  «бұл  не,  егеуқұй- 
рық па?» деп айқайлайды; ал Полоний шыққан дыбысқа ешқандай 
жауап  қайтармады,  сол  себепті  өлтірілді.  Бұл  Африка  орманында- 
ғы  кез  келген  аңшыға тән үрдіс:  қандай да  бір дыбыс естілсе,  оған 
айғайлап үн  қатады,  егер  оның айқайына  жауап  берілмесе,  дауыс 
шыққан  жаққа  қарай  оқ  атып,  қауіптің алдын  алады»15.
Қандай да  бір саяси  режим  негізінде тыйым  салынған  кітаптар 
(немесе  өртелетін  кітаптар)  идеологиядағы  қақтығыстың,  сол  қо- 
ғам  мәдениетіндегі  сәйкессіздіктердің айқын  көрінісі.
Әрине,  шетелдік  авторларды  оқу  -   өзге  шіркеуді  бұзып-жарып 
кіру деген  сөз.  Бұдан  өзге  әлемді,  өзге  мәдениетті  өз  ұлттық  мәде- 
ниетіміздің елегінен өткізе отырып бағалаймыз, соған сәйкес мәдени 
қақтығыстардың орын алып отыруы занды. Осындай  қауіпті жағдаят 
ғылым мен білімнің алдында өте күрделі  әрі  құнды  міндеттерді алға 
қояды:  біріншіден  -   түрлі  халықтардың  рухани  және  материалдық 
мәдениетін,  олардың  шығу  негіздері  мен  қалыптасу  тарихын,  өзге 
елдермен  қарым-қатынасын  зерттеу;  екіншіден  -   өзге  мәдениетке 
сый-құрмет көрсетуге, шыдамдылық танытуға  шақыру.
Осы  аталған  мәселелерді  шешуде  түрлі  конференциялар 
ұйымдастырылып,  кітап,  монографиялар  жазылып,  тіл  мен  мә- 
дениеттің  өзара  қатынасына  арналған  жоғары  және  орта  мектеп 
бағдарламасының  оқу  жоспарларына  арнайы  пәндер  енгізіліп 
жатыр.  Шетел  тілдерін  оқытуда  мәдениетаралық  коммуникация 
мәселесін  шешу  маңызды  орын  алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет