Басты бет
! Әлеумет
Елдігіміз
Елдігіміз сын
сынғғаа ттүүскен
скен
««ққасіретті
асіретті ққааңңтар
тар»»
Елдос
Елдос СЕНБАЙ
СЕНБАЙ
— Ақпан 11, 2022
««
Қ
Қасіретті
асіретті ққааңңтар
тар
»
» ооққииғғалары
алары ққаза
азаққ еліне
еліне
сын
сын болды
болды. .
Ә
Әділетті
ділеттіңң өөріне
ріне
, , шын
шынды
дыққты
тыңң
шы
шыңңына
ына ұмтыл
ұмтылғған
ан мұ
мұңң--наласы
наласы мол
мол ққаймана
аймана
халы
халыққты
ты ққал
алққан
ан етіп
етіп, , залым
залым ккүүштер
штер зұлым
зұлым
ниетін
ниетін іске
іске асыру
асыруғғаа ты
тырыс
рысты
ты. . Қ
Қалаларды
алаларды
ққиратты
иратты, , ққарсы
арсы кездес
кездескен
кенді
ді жайратты
жайратты, , ққан
ан
ттөөкті
кті, , елді
елді үүрейге
рейге ббөөкті
кті. . Қ
Қаза
азаққстанымызды
станымыздыңң
бейбіт
бейбіт аспанын
аспанын ққара
ара бұлт
бұлт торлады
торлады. . Елдік
Елдік
пен
пен ттәәуелсіздікке
уелсіздікке тірек
тірек бол
болғған
ан ас
асққаралы
аралы
арман
арман, , асыл
асыл мұ
мұраттар
раттар адыра
адыра ққал
алғғандай
андай
болды
болды. . Ұлт
Ұлт та
тағғдыры
дыры, , ұрпа
ұрпаққ болаша
болашағғы
ы тал
тал--
ққы
ығғаа ттүүскен
скен тарихи
тарихи ссәәтте
тте бейбіт
бейбіт хал
халққы
ымыз
мыз--
ды
дыңң бай
байсал
салдылы
дылығғы
ы, , ел
ел басшылы
басшылығғыны
ыныңң
батыл
батыл ққаадамдары
дамдары елдікті
елдікті са
саққтап
тап, , мемлеке
мемлеке--
тімізді
тімізді тұра
тұраққты
ты ққалып
алыпққаа ққайтарды
айтарды..
Осының арқасында Ұлы даламыз халықаралық
лаңкестік топтардың тартыс алаңына, майдан
даласына айналудан аман қалды. Бірақ сол елең-
алаң шақта ел-жұрт оқиғалардың қалай
өрбитінінен бейхабар еді, беймаза күйге енді. Сол
оқиғалар «Хабар» агенттігі түсірген «Трагический
январь. Как это было» деректі фильмінде көрініс
тапты.
Қанды оқиғалардың ұмытылмас азабы мен шері
бар, бірақ дүние тегершігі өз жайымен ары қарай
айнала бермек. Сондықтан тарих үшін сол
күндерді тағы бір еске түсірген жөн. Бұл
сындарлы шақтан сабақ алу және оның
қайталануына жол бермеу үшін қажет.
««Қ
Қаралы
аралы ққааңңтар
тар»
»
хроника
хроника
сы
сы
2022
2022 жыл
жылғғы
ы 1
1 ққааңңтар
тар.. Жаңажылдық демалыс
күндері басталған кез. Жаңаөзен қаласы
әкімдігінің алдына ондаған адам жиналды. Олар,
тіпті де мерекелік көңіл күйде емес еді.
Жаңаөзендіктер билікке бейнеүндеу жолдап,
сұйылтылған газ бағасын төмендетуді талап етті.
1 қаңтардан Маңғыстау облысындағы жанармай
құю стансаларында сұйылтылған мұнай газының
бөлшек сауда бағасы әр литріне 65-75 теңгеден
120 теңгеге дейін күрт қымбаттады. Ал Маңғыстау
облысында автокөліктердің 90%-дан астамы газға
көшкен. Өмірлік маңызды отын саналады, оның
қолжетімсіз болуы күнделікті тіршілікті
қиындатты.
Халықтың ашынуы әділетті еді. Автогаз
бағасының негізсіз шарықтағанын Бәсекелестікті
қорғау және дамыту агенттігі тек қазір ғана
әшкереледі, іс қозғалып, жауаптылар жазалануда.
Биржадағы алыпсатарлар бұл отынның 1
тоннасының бағасын 62 329 теңгеден 130 680
теңгеге дейін шарықтатқан. Ал бөлшек саудада
кәсіпкерлер әр литрін 95–120 теңгеден сата
бастайды: маржасы, яғни үстеме пайдасы литріне
21-46 теңгеге жетті. Бұған дейін 10-20 теңге ғана
болған.
Алайда о баста жергілікті жауапты тұлғалар да,
антимонополиялық орган да қарапайым
бұқараның талап-тілегіне жедел ден қоймады.
2022
2022 жыл
жылғғы
ы 2
2 ққааңңтар
тар.. Жаңаөзенде көңілі
қанағаттанбаған жұрт тарқамады, керісінше,
наразылық акциясына өткен-кеткен, сұрап білген
адамдар қосылып, жиналғандар қарасы 600
адамнан асты. Адамдар көшелер мен жолдарды
жапты. Құзырлы органдардың баяндамасында
«протест білдірушілердің нақты көшбасшысы
жоқ, қалаған адам микрофонды алып, сөйлей
береді» деген сөз айтылды.
Құқық қорғау органдары көше жабушыларды
қуып таратуға тырыспады, ешқандай күш
қолданған жоқ.
2022
2022 жыл
жылғғы
ы 3
3 ққааңңтар
тар.. Кейін белгілі болғандай,
автогаз бағасы ретке келтірілгенде қарсылық та
тоқтайтын еді. Алайда шенеуніктердің халық
үніне құлақ қоймауы елдің ашуын туғызды.
Ереуілге шыққандардың саны 5 500-ден асып
кетті. Қаңтардың 2-сінен 3-іне қараған түнде
Ақтау қалалық әкімдігі алдына жиналған
қарақұрым халық кіреберіс жолдарға тосқауыл
қойды. Талаптары жаңаөзендіктердікіне ұқсас –
автогаз бағасын арзандату. Сонымен бірге
талаптар ауқымы да кеңейе бастады.
Маңғыстаулықтарға өзге өңірлердегі жұртшылық
қолдау көрсетті: еліміздің 7 өңірінде бейбіт
митингілер басталды.
Құқық қорғау органдары бейбіт
демонстрацияларды тоқтатуға не қуып таратуға
аса күш салмай, негізінен сырттай бақылаумен
шектелді.
Осы кезде топ ортасында арандатушылар пайда
болды, олар жиналған қауымды әлдеқайда
«батыл қадамға баруға», «көтеріліс жасауға»,
қылмысқа үндеді. Алайда бейбіт шерушілер
оларды мас санап, қара ниеттілерді микрофоннан
және мінберден аластатуды сұрады.
Жағдайға ел Президенті араласуға тура келді.
Қ.Тоқаев Twitter арқылы «Үкіметке Жаңаөзендегі
жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп,
құқықтық жағынан тез арада қарастыруды
тапсырғанын» хабарлай келе, шеруге
шыққандардан «қоғамдық тәртіпті бұзбауға»,
диалогқа үндеді.
«Азаматтардың жергілікті және орталық билік
органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар,
бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт
шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы
керек», – деп жазды ол.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен
Премьер-Министр Асқар Мамин өз өкімімен
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-
экономикалық жағдайды қарастыру үшін
Үкіметтік комиссия құрды. АЖҚС иелері
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында газ
құнын 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендетті.
Халық бұл бағаны қолай көрмеді.
Наразылы
Наразылыққ бет
бет--бейнесіні
бейнесініңң
өөзгеруі
згеруі
2022
2022 жыл
жылғғы
ы 4
4 ққааңңтарда
тарда құзырлы органдардың
мәліметінше, республика бойынша наразылық
білдірушілер қатары 37 мың адамға дейін күрт
көбейді. Маңғыстауда Үкіметтік комиссия
белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді.
Автогаз бағасы 50 теңгеге дейін түсірілді. Бірақ
бұл елдің өзге өңірлеріндегі қарсылық
шараларын тоқтата алмады. Экономикалық
талаптар сыртында «Үкіметтің өзі отставкаға
кетсін!» деген секілді саяси талаптар қойыла
бастады.
Дәл осы күні шерулер бейбіт сипаттан арылып, бү-
лікке ұласты. Алматы мен Шымкентте көшелерді
толтырған «ереуілшілердің» бір тобы мемлекеттік
нысандарға шабуыл жасап, қызметтік көліктерді
күйретіп, өртеп, сауда орындарын тонауға кірісті.
Оларға тосқауыл қоюға талпынған, қарапайым
қалқан, дубинкамен жарақтанған құқық қорғау
органдары өкілдерінің құқықтық тәртіпті сақтап
қалуға күші жетпейтіні байқалды. Олардың
ешқайсысы атыс қаруымен қаруланбаған еді. Ал
дамыған елдерде де митингілерді таратуға
қолданылатын су шашқыш көліктерді бүлікшілер
алдын ала басып алған.
Күш құрылымдары өкілдерінің айтуынша, еліріп
алған топ олардан арнайы киім-экипировкасын
шешіп, өз қатарын толықтыруды және өздермен
бірге тәртіп бұзуды талап еткен. Бұған келіспеген
тәртіп сақшыларын таяқтың астына алды, өлімші
етіп соққыға жықты.
Алматыда 32 полицейлік және әскери көлік, 5 өрт
сөндіру машинасы, 30-дан астам жедел жәрдем
көлігі бұзылып, өртелді. Содырлар жаралы
қаруластарын тасымалдау үшін 3 жедел жәрдем
көлігін айдап кеткен. Шымкентте бір тәулік ішінде
21 полицейлік көлік қиратылып, өртелген. Ұлттық
ұланның 5 жауынгері, 15 полицей соққыға
жығылған.
Көздері қарауытқан агрессивті тобырлар
полицейлерді, күш құрылымдары өкілдерін
қоршап алып, таяқпен, арматурамен аяусыз ұрды.
Бұл ретте бір адамға топ болып жабылған,
қорғануға еш мүмкіндік бермеген. Зардап
шеккендерге көмекке асыққан ақ халаттыларды
ілгері бастырмай қойды, жедел жәрдем көліктерін
тартып алды.
Күні кеше ғана бейбіт сипатта болған шеруге
қатысқан тұрғындар оның соңы неге
соқтырғанын көріп, шошынды, бармақ шайнады,
жылап еңіреп, жасын төкті. Жаны ашыған кейбірі
басын бәйгеге тігіп, жаралы тәртіп сақшыларын,
Ұлттық ұланның жас жауынгерлерін ажалдан
арашалап қалуға жанұшыра ұмтылды.
Осы күннен бастап құқық қорғау органдары
бассыз кеткен бүлікшілердің орган
қызметкерлеріне, әкімшілік нысандарға
шабуылын тойтару үшін арнайы құралдарды, атап
айтқанда құлақ тұндыратын жарықты-шулы
гранаталарды қолдана бастады. Оған жауап
ретінде лаңкестер тәнді пәрша-пәрша ететін нағыз
гранаталарды лақтырған…
Шабуылды
Шабуылдыңң шыр
шырққау
ау шегі
шегі
2022
2022 жыл
жылғғы
ы 5
5 ққааңңтарда
тарда бүлік Қазақстанның
көптеген өңірін жайлады. Сарапшылардың
байламынша, бейбіт шерулерді лаңкестік
шабуылдар алмастырды. Бейберекет, стихиялы
жүрген бейбіт наразылық шараларынан
айырмашылығы сол, қанды бүлік пен лаңкестік
актілер бір жерден ұйымдастырылған,
үйлестіруші, жол бастаушылары болған.
Көзі қанға толған қатыгез қанішерлердің мұздай
қаруланып алғаны да мәлім болды. Алматы және
өзге қалаларда атыс пен жарылыс дүмпуі
жұртшылықты жаппай дүрліктірді, елдің бойында
алапат үрей туғызды. «Осы арқылы лаңкестер
елде халықты қорғайтын билік қалмағанын
көрсеткісі келген» деген жорамал бар. Қан
төгілген қазақстандық қалалар майдан даласына
айналып кеткендей еді.
5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты
мәлімдеме жасады, халыққа басу айтты.
– Баршаңызға тағы да айтарым: іштен және сырт-
тан болған сан түрлі жалған ақпаратқа сеніп,
ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен
тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен
ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық
және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға
шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға
қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет.
Билік құламайды. Ал жастарға айтарым: жарқын
болашақтарыңа балта шаппаңыздар, жа-
қындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағ-
дайын ойлаңыздар! – деп сабырға шақырған
Қ.Тоқаев халықтың барлық заң аясындағы
өтініштері мен талаптары ескеріліп, тиісті
шешімдер қабылданатынына сендірді.
Мемлекет басшысы жедел шаралар қабылдап,
«Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022
жылғы 5 қаңтардағы сағат 01.30-дан 2022 жылғы
19 қаңтардың сағат 00.00 кезеңі аралығында
төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлыққа қол
қойды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы елдегі әлеуметтік-
экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізіп,
онда Үкіметті отставкаға жіберді. Қ.Тоқаев
халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет,
Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» бен
«Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.
Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық ахуалды
тұрақтандыру үшін бірқатар шара қабылдады:
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, бензин,
дизель, сұйытылған газ бағасына 180 күнге
мемреттеу, ал коммуналдық тарифтерді көтеруге
6 айға мораторий енгізді. Бұдан бөлек,
азаматтарды борыш батпағынан құтқаратын
«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң
әзірлеуді, осал топтар үшін баспананы жалға алу
құнын субсидиялауға кірісуді, «Қазақстан
халқына» қорын құруды жүктеді.
Алайда арандатушылар парасатқа, ақылға
шақырған аталы сөзге тоқтамайтынын анық
аңғартты. Жағдай шетін шараларды қабылдауды
талап еткен. Сарапшылардың айтуынша, осы
кезде Алматы және басқа қалаларда бейбіт
тұрғындар емес, лаңкестер және бандиттер
әрекет етті. Олар Қазақстанның 11 өңірінде ойран
салып, елді қырғынға, шығынға батырып жатты.
Құзырлы органдардың дерегінше, ғимараттарды
басып алу, тонау және басқа да қылмыстарға
қатысушылар саны 50 мыңнан асты. 4-нен 5-іне
қараған түні қылмыскерлер Алматы әкімдігін
басып алып, бар құжатты шашып, нысанды өртеп
жіберді. Басып алу процесі нақты үйлестірілгені
аңғарылады. Бейнежазбаларға мына бір мезет
түсіп қалыпты: полицейлер жиналған халықпен
бейбіт келісімге келуге, ағат әрекетке барудан
сақтандыруға тырысуда, алайда кенет топ ішінен
суырылып шыққан арандатушы әкімдік алдында
тұрған полиция көлігіне өрт қойды және
жиналғандарды шайқасқа шақырды. «Арқасы
қозған» адамдар екі ортадағы қарусыз полиция
шоғырын тапап өтіп, ғимаратқа лап қойды. Ұқсас
ахуал, қорқынышты көрініс өзге де қалаларда
қалыптасып жатты.
Автоматтармен, өзге де қару түрлерімен
қаруланған радикалды топтар Алматы
қаласының Полиция департаментіне 27 рет
шабуыл жасаған. Полицейлер қорғанысқа көшіп,
түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін шабуылдардың бетін
тойтара алды. Радикалды топтар не себепті
қоймай-қоймай шабуылдаған? Өйткені нысан
ішінде қару-жарақ қоймасы болды. Егер мол қару
экстремистер қолына түскенде, адам шығыны
әлдеқайда көп болуы мүмкін бе еді?!
Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы
Ризабек Ожаровтың мәліметінше, Алматы және
Жамбыл облыстарында полицейлер Полиция
департаменттерінің ғимараттарын оқ-дәрі және
қару-жарақпен бірге тастап кеткен. Бүлікшілердің
қолына 1,5 мың бірліктен астам арсенал түсті.
Олар аңшылық дүкендерден де қарулар ұрлады.
Бүгінде мыңнан астам қару-жарақ табылды. Әр
жерде жасырылған арсенал әлі күнге табылып
жатыр.
Тек Алматының өзінде 7 қару-жарақ дүкені то-
налған, 1 564 бірлік қару ұрланған. Куәгерлер
түсірген әуесқой видеожазбалардың бірінде
тобыр ортасына келіп тоқтаған нөмірі жоқ
көліктен бүлікшілерге қару-жарақ таратылып
жатқаны бейнеленген.
Осы күні Қызылордада 9 автомобиль өртелген.
Әскери қызметшіні көлікпен басып кеткен. Тағы
екі мүрде соңыра табылды. Талдықорғанда
бүлікшілер полиция және облыстық ҰҚК
департаментінің ғимаратын тартып алды. Алматы
облысының әкімдігі тып-типыл етіліп, өртелді.
Маңызды мемлекеттік нысандарға шабуыл және
көліктерді өртеу Шымкент, Тараз және басқа
қалаларда өрістеді. Бірден бірнеше өңірдің
әкімдіктері бүлікшілердің қолына өтті.
Президентті
Президенттіңң ппәәрменді
рменді істері
істері
5 қаңтарда ел Президенті Қазақстан халқына
екінші қайтара үндеумен жүгінді. Оның алдында
ол барлық өңірде төтенше жағдай енгізген
болатын. Елдегі ахуалдың өте күрделі екенін
ашық айтқан
Қ.Тоқаев Алматыда құқық қорғау
қызметкерлеріне жаппай шабуыл жасалып
жатқанын, қаза тапқандар, жараланғандар барын
жеткізді.
– Бұзақы топтар әскери қызметшілерді ұрып-со-
ғып, көшеге жалаңаш шығарып, мазаққа
айналдыруда. Әйелдерді зорлап, дүкендерді
тонап жатыр. Бұл жағдай Алматының барлық
тұрғынына қауіп төндіріп отыр. Бұған төзуге
болмайды. Алматыдан басқа кейбір облыс
орталықтарында да жағдай ушығып тұр. Осыған
байланысты бірқатар өңірде Төтенше жағдай
енгіздім. Бұл – қажетті шара! – деді Президент.
Ол азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тынышты-
ғына, Қазақстанның тұтастығына қауіп төнгенін
білдірді. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің
Төрағасы ретінде, әрі бейбіт тұрғындардың
өтінішіне орай сол күннен бастап барынша қатаң
әрекет ететінін мәлімдеді.
– Бұзақы топтардың әрекеттері жоғары деңгейде
ұйымдастырылған. Бұл қаржыландырылған
бүлікшілердің жан-жақты ойластырылған
жоспары екенін дәлелдейді. Бұл – қаскөйлердің
қитұрқы әрекеті, – деп бүлікшілерге алғаш баға
берген Қ.Тоқаев қазақстандықтардың бойына
сенім құйған маңызды сөзді айтты: «Қандай
жағдай болса да мен елордада боламын! Ха-
лықпен бірге болу – Конституциялық міндетім», –
деді ол. Қазақстан лидері мерт болған азаматтар-
дың отбасыларының қайғысына ортақтасып,
көңіл айтты.
Еліміздің барлық өңірінде коменданттық сағат
енгізілді. Террористер өз іс-қимылын үйлестіре
алмауы үшін интернетке қолжетімділік шектелді.
Қолға алынған шаралар нәтижесінде 6 қаңтарда
бүкіл өңірлердегі тәртіпсіздіктерге қатысушылар
саны 11 мыңға дейін азайды. Шегініп, үйді-үйге,
ауыл-аймақта тығылған бандалық топтарды
жоюға бағытталған антитеррорлық операциялар
басталды.
6 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын
өткізген Қ.Тоқаев «террористерге қарсы штабты
өзі басқаратынын» жариялады. Президент
бүлікшілердің шетелде үлкен дайындықтан өткен
халықаралық террористер екенін және олардың
Қазақстанға жасаған шабуылын басқыншылық
акті ретінде қарастыру қажет екенін айта келе,
ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы
террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға
әскери көмек көрсетуді сұрағанын мәлімдеді.
ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Анатолий Си-
доровтың мәліметінше, жедел жеткен 2 мыңнан
астам жауынгерден тұратын ҰҚШҰ бітімгершілік
тобы елді лаңкестік топтардан тазарту
операцияларына қатысқан жоқ, олар маңызды
мемлекеттік және әскери нысандарды күзетуге
тартылды. Мысалы, беларустік бітімгершілер –
әскери аэродромды, әскери қару-жарақ
қоймасын, алматылық ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ні,
армян бітімгершілері – Алматыны нанмен
қамтитын комбинатты күзетіпті. Тәжік бітімгер-
шілеріне жергілікті жауынгерлермен бірлесіп,
мегаполисті кәусармен жабдықтап отырған су
арнасын лаңкестердің улауына жол бермеу
миссиясы жүктеліпті. Ресейлік десантшылар
босатылған Алматы әуежайының қауіпсіздігін
қамтамасыз еткен. Бір тобы елордаға бағыт
алған. Осының арқасында күзет ісінен боса-
тылған қазақстандық күш құрылымдары бар
күшін контртеррористік операцияға, қоғамдық
тәртіпті қалпына келтіруге жұмылдыруға
мүмкіндік алды.
Қазақстан Президентінің пәрменіне орай ҰҚШҰ-
ның республикадағы миссиясы 11 қаңтарда
аяқталды. 13 қаңтардан бастап, он күн ішінде
ұйым әскерилері қазақ жерінен әкетілді. Бірқатар
сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанға
одақтас мемлекеттер көмекке келгенде,
терроршыл топтар өз жоспарының жүзеге аспай-
тынын, қазақ елін басып ала алмайтынын жете
түсінген.
Шеруші
Шеруші емес
емес, , терроршы
терроршы ма
ма??
Ерлан Қарин «Хабар 24» телеарнасына берген сұх-
батында мұның бәрі елдегі жағдайды тұрақсыз-
дандыруды мақсат тұтқан қастық ниеттегі
күштердің «нақты жоспарланған, үйлесімді іс-
әрекеті болғанын» айтты.
«Біз Қазақстанға қарсы гибридтік террористік
шабуылға тап болдық. Оның түпкі мақсаты
жаппай тұрақсыздандырып, бәлкім мемлекеттік
төңкеріс жасау болса керек. Оларда
меммекемелерді, құқық қорғау органдарының
ғимараттарын басып алудың алгоритмі болған.
Қаруларды басып алу, коммуникация құрал-
дарына соққы жасау, жолдарды жауып тастау,
инфрақұрылымдық объектілерді бұғаттау секілді
шараларды жүзеге асырды», – деді Мемлекеттік
хатшы.
Оның пайымдауынша, зиянкес күштер Қазақ-
станда түрлі-түсті революция жасай алмайтын
еді: «Өйткені елімізде ахуал басқа. Биліктің
позициясы орнықты. Басқа да факторлар түрлі-
түсті төңкерістің классикалық тәсілдерін іске
жаратуға мүмкіндік бермес еді. Сондықтан
Қазақстанда жағдайды тұрақсыздандырудың
мүлдем басқа моделі, өзгеше сценарийі сынақтан
өткізілген. Осы мақсатта радикалды және
террористік топтар пайдаланылды», – деген
пікірде Е.Қарин. Сондай-ақ «ішкі және сыртқы
деструктивті күштер ымыраласуы мүмкін».
Отандық арнайы қызметтер елдегі соңғы
оқиғаларға бірқатар радикалды және
экстремистік ұйымдар мүшелерінің қатысқанын
анықтады. Құзырлы органдар ондай тұлғаларды
табу, ұстау жұмыстарын жалғастыруда.
Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат
Таймерденов брифингте қаладағы
тәртіпсіздіктерге, шабуылдарға 20 мыңға дейін
адам қатысқанын жеткізді. Отандық, шетелдік
сарапшылар: «Алматыға сонша террорист қайдан
кіріп кеткен?» деп күмән білдіргені мәлім.
«Қирату, полиция, күш құрылымдарының нысан-
дарына шабуыл, әкімшілік ғимараттарды басып
алу, бейбіт тұрғындарға, әлеуметтік нысандарға,
ауруханаларға шабуыл жасау және басқасы –
мұның бәрі зорлықшыл экстремизмнің
элементтері саналады. Ондай зомбылық
әрекеттерін еш ақтауға болмайды. Өзге елдерде,
соның ішінде Батыста мұндай қылмыстар зор-
лықшыл экстремизм және терроризм ретінде си-
патталады. Бұл мәселеде мемлекет те, қоғам да
бірауызды болғаны жөн. Біз зорлық-зомбылықты
жақтайтын экстремизм идеологиясының жолын
кесуге тиіспіз. Бұл оқиғалар, сөзсіз, терроризм
актілері ретінде бағалануы тиіс», – деді Ерлан
Қарин.
Алматы қаласына шабуылдаған адамдардың
қарапайым ереуілші, тіпті бассыз кеткен бұзақы
емес, жымысқы жоспары бар лаңкес екенін
айғақтайтын оқиға болды: 5 қаңтардың кешінде
бүлікшілердің үлкен тобы Алматы халықаралық
әуежайын басып алды. Бейбіт шерушілерге
мегаполистің әуе қақпасын басып алудың еш
қажеті жоқ екені даусыз. Бұл – шетелден басқын-
шылар басып кіруін қарастыратын гибридті
соғыстар кезінде пайдаланылатын тәсіл екені
мәлім. Терроршылдардың бұл қадамының құпия-
сырын, астарын кейін «Хабар24» арнасына берген
сұхбатында Президент Қ.Тоқаев түсіндірді. Оның
мәліметінше, бұл – шетелдік содырларды елге еш
тексерусіз, еркін өткізу үшін жасалған.
«Сіз содырлардың Алматы әуежайын басып
алуды ұйымдастырғанына назар аударған
боларсыз. Қазір тергеу анықтағандай, әуежай
орталықазиялық қаланың бірінен ұшып келген
шетелдік азаматтардың елге өтуін қамтамасыз
ету мақсатында басып алынған. Олар
дайындықтан өткен содырлар, командирлер.
Оларды шекаралық тексеру бекеттерінің қасынан
PO
LICE
15.02.2022, 07:47
Стр. 1 из 1