Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет117/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Жұрттың қамын кӛп ойла, 
Уайым қайғы жеп ойла! 
Артта қалған сорлы жұрт  
Алға бассын деп ойла. 
 
Аты  еліткіш  болса  да,  заты  терең  ӛлеңнен  биік  ӛреге  қанат  қаққан  бала 
қыранның  шаңқылы  естіліп  тұрған  жоқ  па?!  Бірте-бірте  ақын  үні  ширыға 
түсіп, дауылпаз дабылына  ұласты. 
1922  жылы  Бернияз  Күлеев  Қазан  баспасынан  шығарған  “Мағжан 
Жұмабаев  ӛлеңдері”  атты  кітабы  мен  1923  жылы  Сұлтанбек  Қожанов 
басшылығымен Ташкент баспасын шыққан ӛлеңдер жинағына енген ӛлеңдері 
қазақ  поэзиясына  “ешкімге  ұқсамайтын  біртума…  ӛзіне  ғана  тән  үні, 
таңғажайып әуенді жыры бар…” (С.Құдаш) ақын келгенін паш етті. Ӛйткені 
ондағы  ӛлеңдер  ғасырлар  тоғысында  орын  алған  тарихи  оқиғалардың, 
аласапыран күрделі кезеңдердің шындығы мен дауылды жылдардың тулаған 
толқынында арпалысқан ақынның жан жүрегін жарып шыққан жырлар еді. 
Бұл кездегі ақын шығармашылығынан жан-жақты ізденіс кӛзге шалынады. 
Ол тек алдыңғы аталған ұстаздар шығармашылығынан үйреніп ғана қоймай, 
орыс,  европа  ақындық  мектептерінен  ӛзіне  қажетті  ӛлең  жасам  тәсілдерін 
бойына  жұқтырып,  қазақ  поэзиясына  жаңаша  бір  леп  әкелуге  ұмтылады. 
Және  де  кӛп  ұзамай  бұл ізденіс ӛз  жемісін берді де.  Яғни  әлемдік  ақындық 
тәжірибеден берік орын тепкен бейнешілдік (символистік) әдістің әуезді үні 
Мағжан  ақындығымен  біте  қайнасып,  қазақ  поэзиясындағы  сырлы  дүние 
ретінде  Мағжанның  ӛзіне  ғана  тән  ӛлең  ӛрнегін  қалыптастырды.  “Ӛзінің 
қайталанбайтын 
ерекшелігімен 
М.Жұмабаев 
поэзиясы 
А.Ахматова, 
Б.Пастернок,  А.Блок  творчествосын  еске  салады”  депті,  башқұрттың  халық 
ақыны  Сәйфи  Құдаш.  Мағжан  замандасының,  оның  шығармашылығымен 
жақсы таныс жанның бұл пікірінде түйінді шындық бар. Ӛйткені Мағжанның 
ӛмірі  мен  шығармашылығын  ерекше  құлшыныспен  зерттеп  жүрген  ғалым 
Шерияздан  Елеукеновтың  тӛмендегі  ойларынан  Сәйфи  Құдаш  пікірінің  бар 
сыры  ашыла  түскендей:  “Ӛткен  ғасырдың  аяқ  шенінде  орыс  әдебиетінде 
декаденттік  ағым  күшейді.  Оның  кӛрнекті  ӛкілдері  К.Бальмонт,  В.Брюсов, 
Д.Мережковский,  Ф.Сологуб,  жас  А.Блок  ӛз  туындыларына  символизм 
айдарын  тақты.  Символистер  ақиқат  ауылын  реальды  дүниеде  іздеу 
адасқандық деп жар салды. Олардың пікірінше, кӛркем шығарма шындықтың 
құпия  сырын  ашуға  тиісті.  Ол  үшін  мистикалық  о  дүниені  ой  кӛзімен 
елестету  керек.  Жалт  берген  тылсым  түйсіктерді  ұстап,  тілін  тауып  сӛз 
кестесіне  түсіре  алсаң,  міне,  нағыз  поэзия  сол.  Шындықты  интуциямен, 
емеурінмен  сезіп,  белгілі  символмен  жеткізе  алатын  суреткер  ғана  нағыз 
ақын  болмақ”.  Міне,  Мағжан  осы  ақындарға  еліктеді.  Бірақ  оның  еліктеуі 
жалаң  емес,  жалпы  символдық  поэзия  ӛнері  атаулыға  тән  қасиеттерді  ала 
отыра,  оны  ұлттық  эстетикалық  бейнелеу  жүйесіндегі  таза  сипаттармен 
тығыз  байланыста  ұстайды.  Сӛйтіп  екі  арнаның  асыл  қасиеттерін  ӛз 


285 
 
ӛлеңдерінің табиғатына терең үйлестіріп, ӛзіндік үнін таныта білді. Мағжан 
поэзиясының сыршылдығы мен сырлы әуезінің бар құпиясы осында жатыр. 
Европа  ақындарының  бейнешілдік  ағым-әдісінің  ішкі  әлемін,  сыртқы 
түрін  тез  қабылдап,  ӛзінің  бағытын  айқындайтын  мектеп  ретінде  таныған 
ақын туған халқының тағдырымен ұштасып жатқан терең толғанысты, мұңлы 
сарындағы  ӛлеңдерді  кӛптеп  жазды.  Кӛп  ретте  ақынның  ӛмірден  түңілуі 
ретінде  қабылданған  бұл  ӛлеңдер  шындығында  ұлтының  басына  түскен 
сергелдең  кезеңдердің  ақын  жүрегінде  шемен  болып  қатып,  поэзия  арқылы 
зарлы саз болып тӛгілуі еді. 
Мағжанның  терең  толғаныс,  ішкі  қайшылықтың  толқынысынан  туған 
торығу сипаты мұңлы сарындағы ӛлеңдеріне: “Мен сорлы”, “Жар”, “Жаралы 
жан”, “Алыстағы бауырыма”; “Батқан күн”, “Атқан таңның жыры”, “Бүгінгі 
күн  ӛмір,  ӛлім  менікі”,  “Сарғайдым”,  “Ӛмір”,  “Қысқы  жолда”,  “Жазғы 
жолда”,  “Жиегіңде  қара  орман”,  “Алдамшы  ӛмір”,  “Күзгі  күні”,  “Мені  де, 
ӛлім,  әлдиле”,  және  т.б.  жатады.  Осы  ӛлеңдердің  жазылу  себептерін,  ел 
басына  замана  әкелген  ауыртпалықтарға  тоқтала  келіп,  Ж.Аймауытов 
Мағжанның  түңілу  сарынындағы  ӛлеңдерінің  мәнісін:  “Бейнеттен  қашсаң 
дӛң-бекке”  дегендей  қайда  барсақ  та,  кімді  паналасақ  та  “Қорқыттың  кӛрі 
дегендей”  қалың  бұқара  әркім-ақ  "кӛй-кӛйді  тартты.  Қорқыттың  қобызын 
қолына  алып,  “кӛй-кӛйді”  Мағжанда  тартты.  Қазақ  ашаршылық 
ауыртпалықты кӛтере алмай жоғалып, құрып кете ме деген қауіп туды. Табан 
тірейтін  нәрсе  қалмады.  Жалғыз  сенетіні  –  қызмет  басындағы  қазақ 
азаматтары болса, ақын олардың қызметтеріне де қанағаттана алмады” – деп, 
түсіндіреді. Шындық  осы  емес пе?!  Ұлтым деп жаралы жүрегі  зар жылаған 
ақынның басқа жолы қалды ма?… 
Елінің мұң мен зары кенеуінен асып тұрған кезеңдерде жазылған “Қысқы 
жолда” деген ӛлеңінде жасырын тұрған символикалық меңзеу бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет