287
Осы ӛлеңде Мағжан сан рет айтып келгеніміздей “сары уайымға салынып
зарлап” тұрған жоқ, ақын елінің ертеңіне ой жіберген адал перзент ретінде
шынайы ақындық сезімін жырға қосып отыр. Ол – ӛз ӛмірін халқы үшін
құрбан еткен, барлық саналы ғұмырын елінің келешегін ойлаумен ӛткізген
арлы азамат. Бостандықтың бозала таңын түрмек болып жүргенде
шығармашылығы да ӛзі де қайғылы қасіретке тап болған ақын. Мағжан
поэзиясындағы ӛршілдік пен оттылық оның ақындық жанының нәзіктігімен
тығыз байланысты. Қазақ поэзиясында сыршылдығы жӛнінен Мағжан
ӛлеңдері деңгейіндегі биікке кӛтерілген ақын кемде-кем. Кезінде
С.Мұқановтың Мағжанды "ақынның ақыны” деуінде осындай бір сыр жатса
керек.
Біз Мағжан туралы, оның символистік (бейнешілдік) ағым-әдіс әсерінде
жазған ӛлеңдерін батыс халқының әдебиетіндегі декаденттік ағымның
ықпалы деп айтып та жазып жүрміз. Осы пікірдің негізгі болғанымен, тым
жалпылама, бір жақтылау кӛрінеді. Олай дейтініміз қазақ ауыз әдебиетіндегі,
ежелгі әдебиет үлгілеріндегі “Асан қайғы” немесе “Қорқыт” туралы аңыз-
әңгімелер мен қазақ жырауларының торығу, ӛмірден түңілу сарындағы ӛлең-
жырларын неге естен шығарамыз. Осыған байланысты қазақ әдебиетіндегі
түңілу, торығу сарында жазылған ӛлеңнің бой кӛрсетуі біздің әдебиетіміздегі
тосын жайт емес. Ежелгі әдебиетімізде бар, бірақ белгілі бір кӛркемдік әдіске
айнала қоймаған құбылыс.
Жалпы Ж.Аймауытов айтқандай, “сыртқы түрі бейнешілдік, ішкі түрі
күйректік, жылауықтық, (сентименталдық)" әдісте жазылған Мағжан
ӛлеңдерін шартты түрде солай дегеннің ӛзінде екі топқа бӛліп қарастыру
қажет сияқты. Бірінші топқа Мағжанның жоғарыда талданған “Қысқы дала”,
“Жазғы дала”, “Қараңғылық қоюланып келеді” т.б. ӛлеңдері жатады. Бұған
басты себеп - бұл ӛлеңдердің тақырыптық, сарындық ұқсастығы, халқының
мұңын жоқтау кӛрініс тапқандығы, оны бейнелеп де бедерлеп бергендігі.
Бұларда жинақтық, жалпылық мұң басым. Екінші топқа Мағжанның ӛз
басындағы қайғы қасіретпен ұштасып жатқан ӛлеңдер жатады. Бұлар: “Мені
де, ӛлім әлдиле”, “Ой”, “Күзді күні”, “Алдамшы ӛмір”, “Альбомына”, “Жел”,
“Сағындым”, “Сарғайдым”, “Түс”, “З-ға”, “Бүгінгі күн ӛмір, ӛлім – менікі”
т.б. жатады.
Мағжанның “Пәниден байыз таппай, бақидан бақыт күту" тәрізді күңгірт
ұғымда жазылған ӛлеңдерінің бірі деп жүрген туындысы - “Мені де, ӛлім,
әлдиле”. Мағжан шығармаларын жинап, бастырушылар: “Бұл ӛлең сүйген
жары Зейнеп, онын соң сүйікті ұлы Граждан мезгілсіз қайтыс болғаннан
кейін жазылған болса керек, ӛйткені ӛлеңде періште күйінде о дүниеге
аттанған жас нәресте, жасқа тұншығып ӛлген, “Бетінен алма қан тамған” жас
сұлу образдары бар”, – деп, ӛлеңнің шығу тарихына түсінік береді. Осыған
сүйене отырып ақынның жеке басындағы қайғыдан туған десек те, әйгілі
Бальмонттың “Әлдиле, ӛлім, әлдиле” деген ӛлеңінен бағыт алғандығын
жоққа шығаруға болмайды:
Достарыңызбен бөлісу: