Мазмҧны кіріспе


Ақын поэмаларындағы азатшыл рух



Pdf көрінісі
бет122/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Ақын поэмаларындағы азатшыл рух 
 
Мағжан поэзиясы  лирикалық ӛлеңдерімен ғана  шектеліп қалмайды.  Ол  – 
эпикалық  жанрда  да  қарымды  еңбек  еткен  ақын.  Оның  “Қорқыт”  (1922), 
“Ертегі”  (1922),  “Оқжетпестің  қиясында”  (1923),  “Қойлыбайдың  қобызы” 
(1923),  “Батыр  Баян”  (1923),  “Жүсіп  хан”  (1924)  тәрізді  бірнеше  поэмалары 
бар.  Бұлардың  тақырыптары  әртүрлі,  кӛркемдік  деңгейлері  әркелкі 
болғанымен  қазақ  поэзиясында  ӛзіндік  орны  бар  дүниелер.  Мұның  ішіндегі 
кӛркемдігі келіскен терең мағыналы шығармаларының бірі – “Қорқыт”.  
“Қорқыт” поэмасы – қазақ ауыз әдебиетіндегі белгілі аңыздық кейіпкер – 
Қорқыт турасындағы туынды. Бұл поэмада әлемдік әдебиеттегі қаһармандық 
ұлы  тұлғалардың  бірі,  ұлы  мақсат  арқалап,  адамзатты  ӛлімнен  арашалауға 
ұмтылған, ӛлімнен қашып, ажалмен күрескен Қорқыт бейнесін сомдай отыра, 
ақын Қорқыт образын ӛз  рухымен ұштастыра береді. Поэманың соңындағы 
мына жолдар осының айғағы. 
 
Енді менің жолдасым – жалғыз қобыз, 
Сарна қобыз, мұң-зарлы шығар лебіз, 
Сен жыласаң, жылармын мен де бірге, 
Жан жыласа жыламай қалама кӛз?! 
Ӛмірде арманым жоқ – Қорқытқа ерсем, 
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем. 
Жас тӛгіп, сұм ӛмірде зарлап-сорлап, 
Құшақтап қобызымды кӛрге кірсем!…
84
 
 
Мағжанның  бұл  сӛздерін  ӛмір  мәнін,  ондағы  тартысты  күрес  сырын 
толғаудан  туған  шешім  деп  қабылдау  керек.  Бұл  –  ақынның  сол  тұстағы  ӛз 
ӛмірінде  тап  болған  қиындықтардың  әсірінен  жазылған  поэма.  Ӛлімнен 
қашып,  ажалмен  күрескен  Қорқыт  –  Мағжан  үшін  мәңгілікке  символ  болар 
қаһармандық  бейне,  ӛлмес  рух.  Оны  жырлау  –  ӛмір  үшін  күресті  жырлау. 
Тағдырдың  тақсіретін  кӛп  тартқанмен  ақын  о  дүниені  аңсайды  деген  ой 
тумауы  керек,  ол  -  ӛмірін  күреспен  ӛткізіп,  “Қорқыттай  қобызыммен  кӛрге 
кірсем”  деген  ұлы  арман  иесі.  Ол  ӛлмес  рухтың  күйін  шерткен  Қорқыт 
қобызын  ажалға  қарсы  күрес  қаруы  кӛреді.  Ал  Мағжанның  жан  қобызы  – 
                                                 
84
 Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, 1989 .– 230 – бет. 
 


295 
 
оның  поэзиясы,  мәңгі  жас,  ӛміршең  ӛлеңдері.  Мағжанның  сыршыл 
лирикаларынан  бастау  алған  бұл  сарын  –  яғни  ӛмірді  бейнешілдік  арқылы 
суреттеу,  ӛмір  мұң-зары  туралы  ой  толғау  оның  “Қорқыт”  поэмасында 
жинақталып, ең шырқау биігіне кӛтерілген. 
Мағжанның  поэманы  “Қорқыт”  деп  атауында  үлкен  мән-мағына,  терең 
сыр  жатыр.  Ақынның  ӛз  поэмасына  арқау  етіп,  аңыздағы  ажалмен  алысқан 
Қорқыт бейнесін  алу  себебі  біріншіден,  туған  әдебиеттегі озық  бейнелердің 
болмысын  жанымен  түсініп,  соны  ӛзінше  жырлауды  мақсат  тұтқан  ойдан 
туса, екіншіден, жалпы түрік елінің ӛткенінен ӛзінің тынымсыз ойына тиянақ 
тауып, бабалар рухына бас июді мақсат тұтқан ұрпақтың парыз кӛрінісі.  
Мәңгілік ӛмір үшін күрескен Қорқыт Мағжан поэмасында аңыздық бейне 
күйінде  қалып  қоймайды.  Қазақ  санасына  ой  мәйегі  тұнып  қалған  дана 
ойшылының,  ӛнерлі  рух  ұстазына  айналған  күй  атасының  романтикалық 
құлшыныстан  туып,  кӛркемдік  шындықтан  жаралған  кӛркем  образы 
жасалады. Ақынның ол туралы: 
  
Ӛткен күн ертегі ғой тамаша таң, 
Ойласаң ӛткен күнді жұбанар жан. 
Байқасаң адамзатта болған ба ақын, 
Қорқыттай атасынан бата алған, – 
 
деуі  осыны  танытса  керек.  Қорқыт  –  жанды  бейне.  Рухы  күшті  ұлық  ұстаз 
ажалмен  күреске  саналы  түрде  барады.  Мағжан  “Қорқытты”  белгісіздігі 
басым  аңыздың  ішінен  шығып,  ӛмірлік  болмыстан  туған  ақиқатты  тұлғаға 
айналады.  Ол  ажалмен  сенімсіз,  тылсым  күштер  арқылы  емес,  ұлы  ӛнер 
күшінің  құдіреті,  күңіренген  күйдің  сазы  арқылы  кездеседі.  Мұны  ақын 
Қорқыттың  ішкі  әлемімен  астастыра  бейнелеп,  биік  романтикалық  рухтың 
табиғатын ашып, нанымды суреттейді. 
Мағжанды  Қорқыт  тақырыбы  рух  үндестігімен  қызықтырған.  Ӛйткені 
Қорқыттың ажалмен күресі – ақынның бостандық сүйгіш, азатшыл рухымен 
үндес.  Мәңгілік  ӛмір  идеясы  –  мәңгілік  еркіндік  идеясының  әу  бастағы 
шамшырағы  іспетті.  Қайда  барса  алдынан  “кӛр”  шыққан  Қорқыт  тәрізді 
тәуелсіз  ӛмірді  аңсаған  Мағжан  әлемі  де  үнемі  қайшылыққа  ұрынудан  кӛз 
жазбайды.  “Қолмен  ұстап,  кӛзбен  кӛріп”  сендім  дегені  сағымға  айналып 
шыға келсе амал бар ма?! Аз уақыт ішінде тәуелсіздікке қол жетті деп, екі рет 
алданған  шерлі  жүрек  қалайша  күңіренбесін.  Ақын  жаны  қалай  алас 
ұрмасын.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет