Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет125/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Осы ойлармен Сыздық атын ерттеген, 
Тап сол кезде ер жүрегі ӛрт екен… 
Заман озды, адам тозды, ерлер жоқ… 
Заман озды, ер заманы ерте кен. 


299 
 
 
Сыздықтың  жалғыздығы  –  еркіндігі,  еркіндігі  ел  үшін  жасалар  ерлікке 
жетелейді.  Ертегі  ермек  емес,  айтар  ой  сыртқа  шықпай  тұншыққан  заманда 
“ой түбінде жатқан сӛзді” шығарар кӛркемдік тәсіл. 
 
Бітті ертегі. Аласұрад жас жүрек, 
Қарақ па әлде? Арақ па әлде? Не керек? 
Арағы да, қарағы да құрысын! 
Қиялтайым айтшы тағы, тағы ертегі!.. 
 
Мағжанның  жанына  жұбаныш,  жалғыз  алданыш  осы  –  “ертегі”.  Ол  үшін 
“ертек”  шындықтан  да  қымбат.  Шындық  шырмалған,  сана  уланған  заманда 
одан  басқа  не  жұбаныш  болмақ.  Ақын  тағы  “ертек”  тудырады,  ол  – 
“Оқжетпес қиясында”. Ондағы “жынды қиял” – тіпті шарықтап кетеді.  
Мағжанның  шағын  поэмасының  бірі  –  “Қойлыбайдың  қобызы”.  Мұнда 
ақын “Қорқыттағыдай” ӛнер құдіретін, рух құдіретін жырлайды. Бұл поэмада 
Қойлыбай бақсының  ат бәйгесіне  қобыз  қосқаны жайлы  аңыз арқау  болған. 
Мұнда  әлеуметтік  астар  басым.  Ӛнерпаздың  ел  алдындағы  мерейі,  халық 
құрметі бар мұнда. Ӛнерпаздың ӛнері келелі, аузы дуалы, сӛзі жұғымды, ойы 
ұғымды болған, елі ардақтап, қадір тұтқан заманды аңсау меңзеледі. 
 
Найманның арыстаны – батыр Барақ, 
Ӛмірінде жан ба Барақ жаудан тайған. 
Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы, 
Алыста елестейсің заман қайран! 
…Құдай-ау, албастының ойнағындай, 
Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан? 
Шіркін-ай кер заманды күл қылар ем, 
Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан. 
 
“Батыр  Баян”  –  қазақ  тарихының  белгілі  кезеңіне  арналған  кӛркемдік 
деңгейі  жоғары  поэма.  “Қазақтың  ӛткендегі  ӛмірі  мінсіз,  кірсіз,  идеальни 
ӛмір  кӛрінеді,  оған  бұрынғы  ӛткен  қарттар  да,  батырлар  да,  ақындар  да, 
жақсылар  да  бұ  заманда  болмайтын  жат  адам  болып  кӛрінеді.  Нағыз  ӛмір, 
нағыз  дәурен  соларда  болған  “адам”  деп  “ер”  деп  ауыз  толтырып  айтуға 
солар  жарайды.  Бүгінгілер  немене?  Адамгершілік  ар-ұяты  жоқ,  қыбырлаған 
қоңыздар, қорсылдаған доңыздар”… сықылды кӛрінеді. 
Қазақ  әдебиетінде  романтизм  дәуірі  аяқталуға  Мағжан  кӛмек  кӛрсетті 
деуге  болады.  Бұрын  Мағжан  ӛлеңдерінде  орыстың  түрлі  ақындарына 
еліктегені  кӛрініп  тұрса,  қазақтың  ақындарымен  танысқаннан  кейін  Ақан 
сері,  Шәңгерейлерді  жинағаннан  былай,  Мағжан  ӛлеңінің  бетін  ескілікке 
қарай  бұрады.  Енді  қазақтың  ескі  ақындарын  дәріптейді.  Қазақтың  ескі 
заманын жырлайды.    
Ертегі,  Қорқыт,  Баян  –  Мағжанның  романтизмі  күшейгендігіне  дәлел”,  – 
дейді  Ж.Аймауытов.  Ақынды  бүкіл  болмысымен  түсінген  қаламгердің  бұл 


300 
 
ойлары  “Қорқыт”  пен  “Батыр  Баян”  поэмалары  тек  қана  романтизммен 
шектеліп  қалмай,  бойында  реализмге  тән  белгі,  әдіс-тәсілдер  түгелдей  бой 
кӛтеріп, бір-бірімен тоғысып, толығудан, түйісуден туған дүние деп қарауға 
жол ашады. 
 
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, 
Сұм ӛмір абақты ғой саналыға. 
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі, 
Сондықтан жаным күйіп жанады да, – 
 
деп, “қолы емес, тілінің кісендеулі” болуынан бұл тіршіліктен безінген ақын 
“Қу ӛмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға” деп ӛз 
сырын  тағы  ашып  береді.  Одан  әрі  ақынның  романтикалық  биік  ӛресінің 
қиясына  бірге  самғап,  іштей  онымен  сырласып  кетесіз.  Ӛткен  замандағы  ӛз 
ұлтыңның  ұланғайыр  даланы  қорғаудағы  ұмытылмас  ерлік  күресінің  куәсі 
боласыз. Ұлтының айбары болған Абылайды, махаббат сезімінің құрбандары 
Ноян мен қалмақ қызын, елін жаудан қорғаған Батыр Баянды танисыз. Оның 
ӛкініш ӛзегін ӛртеген сәттегі жан-дүниесіндегі ала құйын сезімдер мен кӛзсіз 
ерліктерінің сырына қанығасыз. Ақын бірде мӛлдір сезімді, бірде қайғының 
қасіретін  алма  кезек  жырлай  отырып,  оқушының  сезімін  үйіріп,  ақындық 
құдіретіне табындырып, ӛлең сӛздің тылсым тереңіне тартады. 
Ақынның  “Батыр  Баяны”  –  тілі,  сюжеттік  құрылымы,  композициялық 
құрылысы  жағынан  ең  озық  үлгідегі,  Мағжандай  ақынның  шеберлігін, 
талантының  сан  қырын  ашып,  кемел  дарынын  тап  басып  танытатын 
туындының бірі. 
Поэманың ең басты жетістігі Баян батырдың шындықтан сомдалған соны 
тұлғасының жасалуы. Ол – шынайы кӛркем образ. Сыздықтай, Кенесарыдай, 
Қорқыттай,  Қойлыбайдай  аңызбен  астасып,  ертегімен  етене  байланысып 
кеткен  бейне  емес,  ӛмірдің  реальды  шындығынан  жаралған  толыққанды 
тұлға.  Ол  оқырманға  бірте-бірте  ашылғанмен,  ә,  дегенде-ақ  ӛзіне  ерекше 
тартып,  ӛзгеше  қызықтырады.  Баянды  алғаш  ел  тұтқасы  хан  Абылай 
сипаттауынан танимыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет