305
Күнәмді тәңірім кешпес, кешер бірақ,
Жауында жан берген соң алты алашым!”
Ел намысы үшін қос ғашықтың жас жанын қиған күнәсін алты алашы
кешіреріне сенімі бар Баян “қос қарағынан” кешірім сұрап, дүниеден озады.
Мағжан тарихи шындықтан ӛзі екшеп алып, қиялына қанат бітіріп,
жүрегін жарып тужырған туындысына кӛркемдік шындықты шырақ еткен.
Тарихтағы Баян дәл мұндай болмаса да, дәл осылай ерлікпен қаза таппасада,
алғашқы ғашықтық желісін ел намысына жеңдіру арқылы ӛз арын
арашалаған ұлттық ұлы айбары – Батыр Баянның мәңгілік идеал кӛркем
бейнесін дәуір шындығымен астастыра отырып сомдаған. Шығармада ӛткен
ӛмірдің реалистік шындығы мен мұндалап тұр.
Мағжан… “тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма бәріне
де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі,
кӛңілінің кірбіңі кӛрініп тұрады” дейді Жүсіпбек. Рас. Бұған қосарымыз
ұлтжандылығы, тіпті, мейлі, “ұлтшылдығы” танылып тұрады.
“Батыр Баянда” ашу қысқан соқыр сезім мен махаббат атты мӛлдір
сезімнің арпалысын суреттей отырып, ақын оқырманды небір қиырға
салдырған ойға Батыр Баян кім?! Ардақ тұтар тұлға ма?.. Жоқ әлде інісін
ӛлімге қиған қанішер ме?.. Жо-Жоқ! Батыр Баян елі үшін жаралған – ұлт
ұланы. Ӛйткені
Алаштың ардагері Батыр Баян,
Бір қырда қала берді топырақ қауып.
Жаудан да мейірімді боп жылады жел,
Күңіреніп, ер денесін құммен жауып, –
деп, ақын батыр Баянның ашумен істеген ісі үшін ӛзін-ӛзі жазалауын түсінуді
кейінгі ұрпақ үлесіне қалдырады. Ақын оның ел есінде мәңгілікке қаларына
сенеді.
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,
Ел үшін тӛккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шӛлі, белі,
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
“Батыр Баян“ – реалистік шығарма. Мағжан поэмасының реализмі
кейіпкерлерінің тарихи нақты тұлғалар екендігімен емес, оқиғаны
суреттеуінің кӛркемдік шешімі мен ӛмір шындығының сай келіп жатуымен
дәлелденсе керек.
Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы – қазақ поэзиясына ӛзгеше леп
әкелген, соны шығармашылық ізденіс жемісі. Қазақ оқырманы Мағжан
поэзиясын енді ғана тұщына оқып, “мың қайталап”, жанына ләззат тауып
жатуының сыры осында. Қазақ әдебиеттану ғылымы оның ұлттық ақын
306
ретіндегі ұлылығын енді-енді тану жолына түсті. Мағжантану мәңгіге
жалғасын табады.
Достарыңызбен бөлісу: