307
шыққанын ерекше атап айтуға болады. Қазақ әдебиеті жаңаша даму жолына
түскен осы бір тұста Бернияз Күлеев туған әдебиеті үшін аянбай еңбек етті,
қазақ мәдениетінің дамуына үлкен еңбек сіңірді.
Бұл қызметті ақын ӛмірінің ақырына дейін, жауапкершілікпен атқарды.
1923 жылы 29 қаңтарда ақын ӛмірі күрт үзіледі. Бұған жастық кездегі
махаббат-сүйіспеншілік пен бірге, үміті алданған ақын трагедиясы себеп
болған. Қазанда жиырмасыншы жылдары татар зиялылары ұйымдастырған
“Шығыс клубы” деп аталатын жастардың пікір алысып отыратын үлкен
мәдени орталығы болған. Бұл орталақ ұйымдастырған кештерге ӛзгелермен
бірге Қазан университетінің медицина факультетінің студенті Зейнеп
Ахмерова үнемі қатысып жүрген. Бернияз бен Зейнеп осы кештерде
танысады. Бірін-бірі сүйген екі жас тіл табысып, отау құрмақ болады. Бірақ
Зейнептің ата-анасы жастар шешіміне қарсы шығады. Бұл қарсылық ӛмірден
түңілген арманшыл ғашықтардың атылып ӛлуіне алып келеді.
Поэзиясынан ӛзінің отты жырларының ұшқынын танып, ақынды
жанындай жақсы кӛрген Мағжан Жұмабаев Бернияз ӛліміне азалы ӛлең
жазады. Онда:
Жаны жалын, жаны шерлі жеткіншек,
Күлсін саған, сӛксін мейлі кӛк есек.
Мен сӛкпеймін, сені сонау толқынмен,
Қан майданға неге ғана кірдің деп.
Мен күңіренем ұлы ойлар кеп басыма,
Жырласаң ед шомылып кӛз жасыңа.
Тұңғиық түбіндегі тамаша
Ӛзі-ақ кӛшіп келмес пе еді қасыңа… –
деп күйінеді жас ақын ӛліміне Мағжан.
Осылайша Бернияз Күлеев ӛз жырын тамсана оқыған қалың оқырманын,
ӛзінен үлкен үміт күткен аға толқынды қайғыға батырып, бар болғаны 24
жыл ғұмыр кешіп, кӛк ӛрім кезінде кӛз жұмады.
Ӛмірден ерте кеткен ақынның ӛзіне соққан ескерткішіндей болып, оның
артында мәңгілікке жалғасқан биік рухқа толы, сыршылдық пен сезім
тоғысынан жаралған жалынды жырлары қалды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне тұнба тұнық жыр, кӛрікті де кӛркем
поэзияны әкелген кӛрнекті ақынды тануға, танытуға біраз зерттеушілер ӛз
үлестерін қосты. Олар – Бернияздың ақындығын әр қырынан зерттеп жан-
жақты танытуға лайықты үлес қосқан кӛрнекті ғалымдар Ы.Дүйсенбаев,
Б.Кенжебаев, Ә.Дербісалин, К.Шәменов және жас ғалым С.Жәмбеков.
Достарыңызбен бөлісу: