Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет136/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Жарық күн туды, 
Жер жүзін жуды, 
Кӛктен нұрлар тӛгіліп. 


319 
 
Ежелгі, ескі, 
Ортадан кетті 
Етек-жеңі сӛгіліп. 
Міне, хақтың бергені – 
Кӛздің жасын кӛргені
 
Бостандық күні 
Шығатын үні 
Қалғандарың келіп тұр. 
Бұлт бетін ашқан, 
Кӛктен нұр шашқан 
Күнді кӛзім кӛріп тұр. 
 
 
Жүрек жұлқып шарқ ұрып, 
Шыдатпайды талпынып. 
 
Ақын  жүрегі  қуаныштан  осылайша  жалын  болып  шалқиды,  құс  боп 
ұшады.  Ӛткен  күнге  қаны  қайнап,  жаны  аши  келіп,  қалың  жұрты  қазағына 
“Хақтың  бергені”  құт  болуына  тілек  білдіреді.  Б.Күлеевтің  бостандық 
тақырыбындағы  ӛлеңдеріне  қарап  отырып,  ақынның  бостандық  деп 
отырғаны  таптық  түсініктегі  бостандық  емес,  жалпы  халыққа,  ұлтқа  деген 
бостандықпен ұштасып жатқан түсінік екенін аңғару қиын емес. Ӛйткені ол 
таптың  тартып  алғаны  емес,  хақтың  бергені.  Осындай  күрделі  де  қиын, 
алмағайып  кезеңде  ӛмір  сүрген,  ұлтжанды  азаматтардың  тәрбиесін  кӛрген, 
Ахмет  Байтұрсынов,  Мағжан  Жұмабаев,  Міржақып  Дулатов  сынды  ұлт 
қамын 
кӛксеген 
азаматтардың 
теңдікке, 
азатыққа 
шақырған 
шығармаларымен  қанаттанған,  ұлт  қамын  ту  ғып  кӛтерген  ақыннан  басқа 
түсінікті  күту  мүмкін  емес  еді.  Алаш  азаматтарының,  “Қазақ”  газетінің  игі 
әсері  арқылы  таза  ұлтжандылықты  ардақтаған  ақыннан  тапшылдықты  күте 
қою қиын. Сондықтан да ақын жырын “атам қазақ баласына” арнады: 
Аттасаң алға: 
“Оңдасын алла”, – 
Біз де соған деселік. 
Жаялық құшақ, 
Қолға алып пышақ, 
Тұсауыңды кеселік. 
Атам қазақ баласы, 
Қаз-қаз тұрып қарашы?! 
 
“1917  жылға”  деген  ӛлеңінде  де  ақын  осы  түсінікті  одан  әрі  ӛрбіте, 
тереңдете түседі. Ӛлең неге бұлай аталған десек, бұл жыл қазақ үшін ерекше 
жыл.  Қазақ  жұрты  ғасырдан  астам  уақыттан  соң  алғаш  бостандықтың  тәтті 
дәмін татты. Ӛзінің ӛзгелермен тең екенін сезінді. Ендеше ұлт үшін жан пида 
деп жүрген Бернияз үшін де бұл жыл ерекше. Сондықтанда: 
 
Ардақты жыл, атақты жыл, қанды жыл, 


320 
 
Ұмытылмас жыл, ӛмірі ұзақ мәңгі жыл. 
Теңдік, теңдік – тіршіліктің тұтқасы, 
Бірлік, ерік, бостандықпен атқан гүл, – 
деп, ақын бұл жылдың қайшылықты да күрделі сипатын, буырқанған замана 
ағымын,  дүлей  дауылды  құбылысын  ашып,  “ардақты  жыл”,  “атақты  жыл”, 
“қанды жыл” деп мың құбылған бітім-болмысын тап басады, нақты ашады. 
 
…Қара күштің жаман ойын тапқан жыл, 
Кем-кетікті, кеміс күнде жаққан жыл. 
Баулы бұлбұл байлауынан босанып, 
Жаңа күннің жарық шамын жаққан жыл… 
 
…Сенде рахат, сенде жеңіс, сенде гүл, 
Әлді-әлсіз айырусыз сенде бір. 
Тарих беті, жұрт аузында ұмытылмас, 
Жылдың жылы, жыл патшасы – сенсің гүл! 
 
Жас  ақынның  бұл  жылдары  үлкен  ізденіс  үстінде  болғаны  шындық. 
Орынбордағы оқытушылар семираниясында оқып жүріп, орыстың, батыстың 
классикалық  поэзиясынан  кӛп  үйренгенді.  “Жас  ақын  ел  ӛміріндегі  – 
революцияны  құшақ  жая  қабылдайтынын  жасырмайды”  –  дейді,  зерттеуші 
Ы.Дүйсенбаев ақын ӛмірінің осы кезеңі туралы. Дұрыс та шығар. Тӛңкерістің 
болашақ  кесапатын  дәл  сол  жылдары  кім  ұқты  дейсің?!  Жүректің  қан 
жылайтыны кейінгі жылдар! Оған әлі уақыт бар еді. 
Ақынның  ӛнімді  де  белсенді  еңбек  еткен  жылдарының  бірі  –  1920  жыл 
екенін  жоғарыда  айттық.  Бұл  тұста  ақын  поэзиясының  кӛркемдік  кестесі 
әрленіп, ӛлеңдегі ой ӛткірлігі, ішкі тебіреніс қуаты арта түскен. Осы жылғы 
ӛлеңдерге  тән  басты  бір  ерекшелік,  ақынның  азаматтық  үні  айқындала 
түскендей.  Неге  десеңіз,  осы  жылдан  бастап  Бернияздың  кӛп  нәрсеге  кӛзі 
жетпегенімен,  кӛңіл  толқысынан  белгі  бере  бастағанды.  Сондықтан  болу 
керек ӛлеңдеріндегі әлеуметтік тақырып кӛбірек кӛзге шалынады. Ақынның 
“Алға”,  “Қу-ларға”,  “Заман-ай  әніне”,  “Жаз”,  “Ел  ерлеріне”,  “А,  дариға-ай”, 
“Күз”,  “Ер  жігітке”,  “Кім  бар?”  лирикалары  осы  сипатымен  құнды.  “Ел 
ерлеріне”  деген  ӛлеңінде  ақын  қазақтың  бұрынғы  ӛткен  халы,  талайсыз 
тағдырына назар салады. Кӛңіліне күдік ұялағанда ақындар қашанда ӛткенге 
үңілері  белгілі.  Бұл  ӛлең  кезіндегі  зерттеулерде  тек  таптық  түсініктен  ғана 
қаралып,  талданылып  келді.  Шындығына  келсек,    ӛлең  мазмұнына  тап 
теңсіздігі  емес,  қазақ  ұлтының  теңсіздігі  арқау  болған.  Отаршылардың 
халыққа  әкелген  кесір-кесепаты,  жалпы  отаршылдықтың  ауыр  зардаптары 
ӛлеңде нақты бейнеленген. Ақын ӛзі қайырылып отырған Ел ерлерінің есіне 
отаршылдардың  зобалаңы  мен  зұлымдығы,  қаныпезер  қаталдығы  мен 
озбырлығы бас кӛтертпеген кезең тарихын салады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет