Кім бүлдірді атамекен еліңді?
Кім тілдірді кіндік кескен жеріңді?
321
Малды адаммен, қанды жанмен тӛлетіп,
Кім жүндеді тірідей тонап теріңді?
Гүл жайнаған жасыл жібек далаңды,
Алтай, Арқа, Еділ, Жайық – алаңды,
Бір қауызға жинап бәрін қусырып,
Кім жанышты жүректегі жараңды?
Бернияз қазақ поэзиясындағы қалыптасқан дәстүрлі үлгімен сұрақ қоя
отырып, ӛз сұрағына жауапты ӛзі береді:
Патша, зада, сұлтан, тӛре, хандардың,
Жан алушы генерал мен жандарм.
Тіске жұмсақ бұқараны жем қылып,
Айдаһардай азу біткен заңдарын…
Ӛлең соңында ақын отаршылдыққа қарсы күрес жолында жүріп, халқын
бостандыққа жеткізер ел ерлеріне деген ӛз сенімін білдіреді.
Аз шыдасаң, елді жаудан ашарсың,
Жау жүрегін жасқанбастан басарсың.
Біріктіріп бес бӛлегін жалғанның,
Мәңгі-бақи елмен еркін жасарсың.
Ақынның ауыз әдебиеті үлгілерін, жыраулар дәстүрін жаңғырта отырып
жазған, елдікке шақырып, ерлікке үндейтін ӛлеңдері де бар. Ерлік
тақырыбын жырлай отырып ақын жалпы қазақ ұғымындағы ер жігіт қандай
болуы керек, оған қойылар талаптар, ерлігіне сын болар ӛлшем, шарт қандай
деген мәселелерді алға тартады. Бұл тақырыптағы шығармаларға ақынның
“Ер жігітке”, “Кім бар” ӛлеңдерін жатқызуға болады. “Ер жігітке” ӛлеңінде
Бернияз поэзиясының жыраулық ӛнердің ежелгі ерлік дәстүрін мықты
ұстанған Махамбет жырларымен үндестігі қатты байқалады. Әсіресе, әйгілі
“Ереуіл атқа ер салмай” ӛлеңінің рухы осы ӛлеңнің ӛн бойына ӛзек болып
тартылған. Ер деген ұғымға сай болу үшін ел қорғаны азамат қандай болуы
керек. Бернияз түсінігінде бұл былай кӛрініс табады:
Ер қаруы – бес қаруды басқармай,
Тас тӛсеніп, темір қазық жастанбай,
Қанын ұрттап, жау жүрегін туралап,
Шаш ал десе, домалатып бас алмай.
Жел жетпесті жорыққа мініп еліртпей,
Кӛкірегінде қорғасын оқ ерітпей,
Қақпақ жауырын, бұдыр білек, тас жүрек,
Жалғыз сӛзбен мың сан жолдас ерітпей.
322
Жапан түзде жауға жалғыз жолықпай,
Наркескеннен тамған қан жерге сорықпай,
Еркін дала, асқар тау, шалқар кӛлдерден
Қабат ӛтіп, жолбарыстай жорытпай…–
Ӛлең жолдарынан Махаң поэзиясының рухын айқын аңғарып, тап басып
танимыз. Әуез, екпін ырғақ ӛзге болғанымен, ӛлеңнің ішкі бұлқысынан
танылар асқақ рух кӛзге ұрып, жан толқытады. Ер ұғымына тән қасиеттерді
санамалай келіп, ақын ер жігіттің мақсат-мүддесін, ел алдындағы парызын
былайша түйіндейді:
Ӛшпес ерлік, кӛрсете алмай жалғанда,
Жан ұшырып қан ұрттамай майданда,
Қой үстіне ұялатпай бозторғай,
Ер жігіт, сен ӛлгенде де арманда.
Жалпы осы ӛлеңнен биік рухтағы ақынның қазақ ұғымындағы ер жігіттің
бүкіл болмыс-бітімін, оның азаматтық асқақ арманын, ел парызын ақтауды
қалай ұғатынын танып білеміз. Ел ұғымындағы ер жігіттің басты сипаты осы
ӛлеңде нақты берілген. Тек ақын сипаттауындағы осындай жігіт ғана еліне
азаттық әкеле алатындығына күмәнсіз сенесіз. Осы ой ағыны ақынның келесі
ӛлеңі “Кім барда” да сақталған. Бұл ӛлеңнен де ақынның асқақ үнін, отты
жігерін, ӛршіл ойын танимыз. Лирикалық қаһарманның әрбір сӛзі отты да
жігерлі. “Ер жігітке” ӛлеңіндегі ел қамын жеген ер бейнесі мұнда да елес
беріп отырады. Ӛлеңде жалпы азаттық жырға тән кӛркемдік теңеулер
молынан кездеседі. Ақын лирикалық қаһарманның аузына “арыстанбыз”, “аш
бӛріміз” деген Мағжан теңеулерін салуы арқылы оған жанының жақын
екендігін аңғартып қояды. Мұнда жаңа заман қаһарманының іс-әрекеті
азатшыл жырға тән тәсілдер арқылы былайша кӛрініс табады:
Сырылдатып алысқа жақ тартқанда,
Қозы жауырын оқ жоғалар атқанда.
Ӛткір қылыш, түзу құрыш болаттан,
От жарқылдар жауға жалғыз шапқанда.
Жаңа заман ерлері арымыз да, иманымыз да азаттықтың жолында деп
біледі. Ақын бұл ерлердің азаттық жолдағы күресін “тӛбесі қар”, “бауыры
жібек”, “түбі тас” асқар тауларда, мың жасаған түрлі ағаш та, судың
сылдыры, жердің гүлі, құстың жыры да қысқасы барша жаратылыс құптап,
қоштайды деп сендіреді және оған ӛзі де сенеді. Ӛлең соңында ақын “Кім бар
бізбен қан майданда алысар!” деген қайтпас қайсарлыққа, отты жігерге толы
ӛткір сұрақ қояды. Бұл – елін сүйген, ұлтының азаттығы жолында күрескен
ерлер үшін олардың жеңер күш жоқ деген сенім.
Ақынның 1921 жылғы ӛлеңдерінде азаматтық, азаттық сарын сәл
босаңсып қалған десе болғандай. Ақын бұл жылы азаматтық тақырыптан
323
аулақтап, жеке басқа қатысты мұңды сарынға мойын ұсынып, ӛзінің ішкі
сезім күйлерін сыртқа шығаратын ӛмір құбылыстарына кӛбірек үңіліп, ӛткен
ӛмірге ӛкінішпен қарап, болашаққа сенімсіздік танытып, сары-уайымға бой
алдырғандай болады. Кезінде ақын мұрасына азды-кӛпті баға бергендер
ақынның осы жылдары жазған жырларының барлығы дерлік ой-күйрек,
сарыуайымшыл деп бағалаған болатын. Бірақ олардың кӛбі ақын
жырларының
мұндай
сипатта
болып
келуі
ӛмір
шындығынан
туындайтынына назар аудармады. Бернияз бұл жылдары туған елден
алыстап, Қазанға қазақ кітаптарын бастыру жӛніндегі ӛкілі болып барған еді.
Ол
сол
жылдары
кеңестік
идеологиямен
қырғиқабақ
ақындар
А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың т.б. кітаптарын қайта
бастырып шығарды. Бұндай үлкен азаматтық істің айтыс-тартыспен жүзеге
асқаны белгілі. Елден жырақ кетуде сезімшіл ақынға аз әсер етпесі тағы
белгілі. Кешегі бостандыққа жеттік деген ақын сенімінің алдануы, дүниенің
басқа арнаған бет бұруы, азамат соғысынан кейінгі елде жүріп жатқан әр
түрлі әлеуметтік, қоғамдық-саяси шаралар ұлт қамын ойлаған азамат
ақынның күйіне әсер еткені анық. Уақыт уытын аңғара бастаған ақын нық
сеніммен бет алған бағдаршамын жоғалтқандай күй кешті. Ӛмір кӛшінде
бағытсыз, бағдарсыз қалғандай болды. Сәулелі үміт сӛнді, асқақ арман
орындалмады. Сонымен бірге сол жылдары Қазанда танысқан Зейнеп
Ахмеровамен арадағы махаббаттан туындаған драмалық жағдайда кӛп
нәрсені шешіп кетіп еді. Міне, осының барлығы жаны нәзік, әсершіл,
сезімтал ақын кӛңілі түбіндегі кӛп күдікті сыртқа шығарып, кӛңілінің күйін
шертетін мұңлы жырлар туғызуға итермеледі.
Ақын ӛмірінің соңғы мерзімдерінде, яғни 1922 жылы және ӛмірінің соңғы
айы 1923 жылдың қаңтарының ішінде оншақты ӛлең жазған. Ӛлеңдерінің
кӛпшілігі ӛлім тақырыбына бағышталған. Ақын ӛмірінің соңғы сәттері
жақындап қалғанын сезген болуы керек. Ӛйткені ӛз тағдыры ӛзіне белгілі
емес пе?! Ақынның бұл тақырыптағы ӛлеңдері: “Ӛмір – құрдым, ӛмір – ӛзен,
жағалап”, “Ал, жүрегім, ӛлейін”, “Мен есіткен кӛп адам”. Осының ішіндегі
“Ал, жүрегім, ӛлейін” ӛлеңін ақын ӛмірмен қоштасар алдында жазған болуы
керек. Ы.Дүйсенбаевтың айтуы бойынша ӛлеңінің жазылу мерзімін 1923
жылғы 21 қаңтар кешкі сағат 5 деп кӛрсетіпті. Арманда кеткен ақын
ғұмырының қорытындысы іспетті бұл ӛлеңінде:
Ал, жүрегім, ӛлейін,
Дегеніңе кӛнейін.
Аз күн тұрған жалғанға,
Келіп едім демейін.
Ӛлер жерің, осы деп,
Дәл жүректің тұсы деп,
Қорғасын оқ ӛткізіп,
Ӛз қаныма ӛзімді,
Қарық қып мәңгі кӛмейін, –
324
деп ақтық сӛзін айтыпты.
Иә!.. Сӛйтіп, 1923 жылғы 29 қаңтарда Б.Күлеев Қазан қаласында қайғылы
қазаға ұшырап, ӛзі жан-тәнімен сүйіп, іңкәр болып ӛткен ӛмірмен қоштасады.
Ақын жүрегі соғуын мәңгілікке тоқтатып, ұлтының бақыты үшін күреске
бағыттаған ақын ғұмыры осылай аяқталды. Бар болған 24 жас ӛмір сүріп,
аққан жұлдыздай ағып ӛткен ақын қысқа ғана шығармашылық ғұмырында аз
жасаса да саз жазып, соңына мәңгі ӛлмес, ұрпағына рухани азық болар мол
мұра қалдырып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |