Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет138/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Ақынның поэмалары 
 
Бернияз  Күлеевтің  ӛлең  сӛздің  шебері,  керемет  лирик  ақын  екендігі 
қандай талассыз болса, оның ірі эпик ақын екендігі де еш талас туғызбайды. 
Ақын  шығармашылығының  осы  бір  қырына,  яғни  ӛмір  құбылысын, 
қоғамдық  ӛзгерісті  мейлінше  молынан  қамтыған  кең  кӛлемді  дүниелеріне 
кезінде  жеткілікті  түрде  назар  аударылмады.  Мұның  екі  түрлі  себебі  бар. 
Біріншіден,  ақын  поэма  жанрының  қыр-сырын  енді  меңгеріп,  биікке  қанат 
қаға бастаған тұста ӛмірмен қош айтысып, талай-талай толғаулы дүниелерін 
ӛзімен  бірге  ала  кетті.  Екіншіден,  қысқа  ғұмырында  жазған  азды-кӛпті 
кӛлемді дүниелерінің кейбірі аяқталмай, біттіге саналғандары ақынның қайта 
бір қарауынан, уақыт тезінен ӛтпей қалды. Яғни бір қайнауы ішінде сияқты 
дүниелер  болып  саналды.  Міне,  осы  бір  жағдайлар  ақынның  эпикалық 
жанрдағы туындыларына селқостау қарауға әкеп соқты. 
Ал  шындығына  келсек,  ақын  бұл  жанрда  да  табысты  әрі  қызығарлықтай 
еңбек  еткен.  Әрине,  Бернияз  Күлеевтің  поэмалары  мүлде  сӛз  болмады,  ол 
туралы  пікір  айтылмады  десек,  артық  айтқандық  болар  еді.  Бернияз 
поэмалары  туралы  зерттеуші-ғалым  Әнуар  Дербісалин  біраз  құнды пікірлер 
білдірген.  Бірақ  түбегейлі  зерттеген  арнайы  еңбек  жоқ  екендігі  шындық. 
Сондықтан  да  біз  ақын  поэмаларына  арнайы  тоқтап  ӛткенді  жӛн  санадық. 
Ақынның бізге жеткен тӛрт поэмасы бар. Олар: “Жорық”, “Жердің жүзі жаз 
еді”, “Қайда екен?”, “Гүл” (“Жындымын ғой, кейде қаным таситын”). Соңғы 
туынды аяқталмай қалған. 
Бұл  поэмалар  –  Бернияздың  ойы  жүйрік,  қаламы  жүрдек  арналы  ӛзен 
іспетті құлашын  кеңге жайған  эпик  ақын екендігінің  дәлелі  іспетті.  Оларды 
ақынның  толқынды  ішкі  сезім-күйдің  сан  құбылысын  кеңінен  ашқан,  оны 
лирикалық  тебіреніспен  толғаған  шынайы  лирикалық  толғаулар  десе  де 
болғандай. 
Сол себептен де бұл туындылар ӛзінше бір кӛркемдік ізденістен жаралған 
ӛзгеше дүниелер болып шыққан. Бұл – Бернияз ақындығының ішкі даралық 
сипатына тән ӛзіндік құбылыс. Сондықтанда Бернияз поэмалары оның ӛзіне 
ғана тән ақындық меризм қуатының ерекшелігі мен даралығын айғақтайтын 
шығармалар.  
Ақынның  осы  жанрдағы  ең  кӛркем  дүниесінің  бірі  –  “Жорық”  поэмасы. 
Бұл  поэма  –  ақынның  ақындық  тегереуінін,  ішкі  иірімге  терең  бойлайтын 
сезімшілдігін,  кӛркем  дүние  туғызар  суреткерлік  табиғатын  танытатын 
бірегей туынды. 


325 
 
“Жорық”  –  Бернияздың  туған  халқының  ӛткен  тарихына  шолу  іспетті 
шығармасы.  Ақын  –  қашанда  халық  ұлы.  Сондықтанда  ол  ұлтының  ұлы 
арманы  бостандықты  жырламай,  сол  бостандыққа  қол  жеткізер  ер  бейнесін 
сомдамай  тұра  алмақ  емес.  Бұл  –  ұлы  арманнан  туған  поэма.  Ұлтының 
азаттығын  аңсау  –  ақынды  осындай  романтикалық  шабытқа  толы,  халық 
поэзиясының,  жыраулар  толғауының  құнарынан  нәр  алған  рухы  биік  от-
жалын жыр тудыруға алып келген.  
Ұлы мұратты айқын жырлау үшін ақын ӛзгеше тәсілге барып, ежелгі аңыз-
ертегі,  эпостық  шығармалар  үлгісіне  бой  ұрған.  Қырық  күн  ұйықтайтын 
батыр,  белгісіз  жау  мұның  бәрі  негізгі  ойды  жеткізу  жолындағы  шартты 
нәрселер. Сондықтанда поэма  
 
Ер ұйқысы қырық күн 
Қыз қылығы қырық түн, 
Ояна кетсем жоқ түк үн…
87
 – 
 
деп басталып, ӛз бойына дәстүрлі эпикалық жырлардың ең бір озық үлгідегі 
кӛркемдік  тәсілдері  мен  құралдарын  жинақтаған.  Бұл  арада  “қырық” 
санының орнын тауып, қиыса қолданылуы ерекше назар аударарлық. 7, 9, 40 
т.б. қасиетті сандар қазақтың дәстүрлі поэзиясында, жалпы ауыз әдебиетінде, 
ұлтымыздың  ұғымында,  наным-сенімінде  ӛзіндік  орын  алады.  Және 
әрқайсысының  қазақ  ой-танымында,  мәні  мен  маңызы  бар.  Мысалы,  қырық 
күн  ұйқы  батырлар  жырында  кӛбінесе  батырдың  алыптығын  білдіру  үшін 
қолданылып,  алып  күш  иесінің  ұйқысы  ұзақ  болуы  керек  деген  ұғымды 
қалыптастырған. Поэмада ақын батырлар жырының осы тәсілін қолданып, ел 
азаттығы  жолындағы  күрескерді  қырық  күн  ұйқтатып,  сонансоң  жорыққа 
шығарады.  
Поэмадағы  лирикалық  кейіпкердің  (батыр)  жан  серігі  –  батырлық 
жырлардағыдай семсері мен тұлпары, қанжары. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет