327
Жалғыздың жары “ӛзі” деп,
Құйысқанды қысқарттым.
Екі айылды берік тарттым,
Қалыңға қарай жол тарттым,
Қыруға шеттен бӛрі боп.
Мен жазғызбын, дұшпан мың,
Мен жараумын, дұшпан тың,
Шаба алмасам маған сын.
Ақырын келіп тиістім…
Албастыдай еліріп,
Жалмауыздай емініп…
Күннің кӛзін басты шаң,
Жердің жүзін басты қан…
Жауына жалғыз шабу, аттанар алдында аллаға сиыну, жауына албастыдай
еліріп, жалмауыздай емініп тиісу, осындай айқастың нәтижесінде күннің
кӛзін шаң, жердің жүзін қан басты деп кӛрсету – қазақ батырларының ерлігін
жырлаудағы ежелден қалыптасқан кӛркемдік шарттар. Ендеше Бернияз ұлт
азаттығын, оның күрескерлерін жырлаудың қиын кезеңінде ӛзінің іштен
тынған ойларын ауыз әдебиетінің үлгісімен пернелей отырып жеткізуге
тырысқан. Және ол тұста әлі де болса бұл тәсіл халыққа ӛте жақын еді. Соны
тәсілдерді игеру әлі қалыптаса қоймағанды. Ерлік жырлар елдің ұғымына сай
болуы тиіс еді. Сондықтанда сол тұстағы ақындар осы әдісті ұтымды деп
тапты. Б.Күлеевте – солардың бірі. Бернияз үшін ертегінің елесіндей
батырдың сыртқы тұлғасы, қиялға негізделген қимыл-әрекеті емес, оның ұлы
арманы, биік рухы қымбат еді. Ақын оқырманын лирикалық кейіпкердің ішкі
болмысына бойлатады. Жаңа ізденіске ұмтылыс әлі алда болатын. Мағжан,
Сәкен ізденістерінің жемісі Берниязға да тән еді, амал нешік.
Ӛзін ұлтының ұланы сезініп, халық атынан сӛйлейтін ақын, яки, оның
лирикалық кейіпкері заманалар соқпағының сан түрлі қияпатынан ӛткен
елінің тәуелсіздікке қол жеткізер болашағына сенеді. Сондықтанда ол
ұлтының рухымен ұштасып жатқан лирикалық кейіпкердің қаһармандық
қуатының белгісі мен бейнесін былай береді:
Достарыңызбен бөлісу: