Мазмҧны кіріспе


 Кӛркемдік әдіс кӛріністері



Pdf көрінісі
бет25/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

7. Кӛркемдік әдіс кӛріністері  
 
Әдебиет тарихын, ондағы кезеңдерді сӛз еткенде кӛркемдік әдіс мәселесін 
айтпай кетуге болмайды. Ең алдымен кӛркемдік әдіс ұғымының басын ашып 
алу керек. 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  әдебиет  теориясының  білгірі,  академик 
З.Қабдолов  бұл  туралы:  “Стиль,  ағым  қайталанбайтын  құбылыстар  болса, 
әдіс  қайталанып  отыратын  құбылыс;  стиль  мен  ағым  құбылмалы  нәрселер 
болса,  әдіс  тұрақты  нәрсе…”
35
  деген  тұжырым  жасайды.  Ендеше  шығарма-
шылық  әдіс-ӛмір-болмысты  ӛзіне  ғана  тән  ерекшелікпен  емес,  қалыптасқан 
жүйе,  сала  бойынша  бейнелеу,  ӛмір  шындығынан  кӛркемдік  ӛнерге  тән 
кӛркемдік шындық жасау әдісі. 
Әдебиет  теориясының  тағы  бір  білгірі,  академик  З.Ахметовтің  пікіріне 
жүгінсек,  ол:  “…жазушының  ӛмірде  нақты  болған,  яки  болатын  жайларды, 
ӛмір құбылыстарын тірек етуі немесе ӛмірдің ӛзі қандай болуы қажет деген 
ӛз  ой-түсінігіне  сүйенуі…  …кӛркем  әдебиет  пен  ӛнердің  бүкіл  даму 
тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой кӛрсетіп келе 
                                                 
35
 Қабдолов З. Сӛз ӛнері. –Алматы, 1992. -343- б.
 


98 
 
жатқан  негізгі  екі  кӛркемдік  әдіс  –  романизм  мен  реализм  деуге  болады”
36
 
деп, анықтама береді. Академик З.Қабдолов осы екі әдістің бірі романтизмді 
“ерекше  жағдайда  ерекше  характер  жасау  жолы”  ретінде  түсіндірсе, 
реализмді “детальдар шындығымен” қоса “типтік жағдайда, типтік характер 
жасау” жолы ретінде түсіндіреді.  
Әрине,  әдістердің  ӛзіне  ғана  тән  ерекшеліктері  мен  қолданыс-тәсілдері 
жетерлік. Бірінде алдыңғы қатарға кейіпкерлердің биік рухын, асқақ арманын 
биіктете  кӛрсету  шықса,  екіншісі  де  нақтылық  –  ӛмірдегі  қарапайымдылық 
пен  шындықтың  астасып  келуі,  осыдан  кейін  кӛркемдік  шындықтың  тууы 
негізге алынады. Қалай болғанда да бұл екі әдіс жазушының, ақынның ӛмірді 
ӛзінше кӛріп, ӛзінше түйіндеуінен мұрат табары анық. 
Алайда,  академик  З.Ахметовтің  пайымдауынша  екі  әдісті  “бір-біріне 
түгелдей қарама-қайшы нәрсе” деп қарауға болмайды, “оның бірі бар жерде, 
екіншісі  жалғаса  жүреді”.  Олар  үнемі  бір-бірімен  жалғасып  жатады.  Бір 
творчестволық  тұлғаның  шығармаларынан  романтизмнің  де  реализмнің  де 
іздерін  тануға  әбден  болады.  Түрлі  әдеби  ағым-бағыттар  “қалайда  осы  екі 
әдістің  біреуін  тірек  етеді”.  ХХ  ғасыр  басындағы  әдеби  бағыттардан  да 
осындай бірлікті таба аламыз.  
Жаңа ғасыр басындағы әдебиетте осы екі әдіс қабаттаса, қанаттаса кӛрініс 
тапты.  Бір  қатар  ақын-жазушылар  ӛткен  баба  ерліктерін  асқақ  рухпен 
жырлап,  болашақ  күнге  қияшыл  сезіммен  қараса,  екінші  бір  топ  ӛз 
дәуіріндегі  ӛмір  шындығын  нақты  сипаттап,  ӛткір  сынай  білді. 
Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, М.Дулатов т.б. шығармалары 
бұған  нақты  дәлел  бола  алады.  Махамбет,  Шәңгерей  шығармашылығынан 
айқын  кӛрінген  романтизм  рухында  Мағжан  ӛзінің  сыршыл  да  сұлу 
жырларын туғызып, әсем де асқақ ойларының ажарын ашты. Қазақ әдебиеті 
тарихындағы  “ақтаңдақтар  ақиқатын”  ашқан  профессор  Т.Кәкішев  “Әр  да-
рынның  тарихта  ӛз  орны  бар”  деген  мақаласында:  “М.Жұмабаев  қазақ 
әдебиетінде  романтикалық  арнаның  негізін  қалаушы  деп  тауып,  ӛзіндік 
мектебін жасағанын именбей айтуымыз керек. Мағжанның ақындық мектебін 
айтқанда Бернияз Күлеев, Ғұбайдұлла Балақадыровты алғашқы “шәкірттері” 
қатарына  қосып,  “оқта-текте  дәріс  тыңдағандар”  ішінде  І.Жансүгіров, 
Қ.Аманжолов,  Ә.Тәжібаев  қана  емес,  осы  күнгі  “сырттан  оқыған”  кӛп 
ақындардың біразын” жатқызуға болады деп түйіндейді
37

Романтизм 
Шәкәрім, 
Міржақып, 
Сұртанмахмұт, 
Ахмет 
шығармашылықтарынан да кӛрініс тапты. Романтизм әдісінде жазылған деп 
Шәкәрім  поэмаларын,  Міржақып,  Ахметтің,  Сұлтанмахмұттың  азаматтық 
лирикаларын атай аламыз. Ахаңның:  
                                                 
36
 Әдебиеттану терминдер сӛздігі. –Алматы, 1992 .-186 б. 
 
37
 Кәкішов Т. Санадағы жаралар. –Алматы. 1993 .-208 б.
 


99 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет