100
ұмтылған кейіпкерлер іс-әрекеті шығарманың бүкіл жүйесін құрап, олардың
ерекше тұлғасына тәнті етеді.
Автордың ӛмір шындығына, айнала қоршаған ортаға ӛзіндік қатынасын
білдіретін мұндай кейіпкерлер ерекше ӛткір сезімдерімен, ӛзі ӛмір сүрген
қоғамдық-әлеуметтік заңдылықтарға ӛзгелердей мойынұсына қоймайтын
жігер-қайратымен ерекшеленеді. Олар айналасындағылардан үнемі жоғары
тұрады. М.Сералиннің “Топ жарғанындағы” Адай жігіт, Шәкәрімнің “Еңлік-
Кебегіндегі” Еңлік, Міржақыптың “Бақытсыз Жамалындағы” Жамал,
Мағжанның “Батыр Баянындағы” Баян – міне, осындай кейіпкерлер. Олар
кӛбіне жалғыз күреседі. Жалғыздық мәселесі ірі жанрлар емес, майда жанр-
ларда да кӛрініс тауып, автордың ішкі жан-дүниесімен қабысып жатады.
Әрине, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде романтизм түгелдей бір әдеби
бағыт ретінде бой кӛрсеткен жоқ, ол жеке ақын-жазушылардың жеке
шығармаларында, тіпті жеке образдар бойынан бейнелі бедер тапты десек,
жаңылыспаймыз.
“Әдеби әдіс-қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес,
уақыттың кӛркемдік концепциясы”, – дей келіп, академик З.Қабдолов
сыншыл реализм ӛмірдің даму заңдылықтарына орай дәуір тынысына
байланысты туатын құбылыс екенін айтады.
ХІХ ғасырдағы жаңа ӛзгерістер жұқтырған жат қылықтарды, ескіліктің
ӛмір кӛшіне ілесе алмаған кейбір құбылыстарды сынаудан бастау алған қазақ
әдебиетіндегі сыншыл реализм сипаты Абай шығармашылығы арқылы биік
кӛркемдік әдіс ретінде қалыптасты. Бұл әдістің басты ерекшелігі – адам
характерінің әлеуметтік жағдайларымен тығыз байланыста ашылуы. Мұнда
әлеуметтік ӛмірді талдау адам жан дүниесіне тереңдеп бойлау арқылы жүзеге
асырылады. Бұл тұрғыдан алғанда романтизм мен сыншыл реализм арасын-
дағы байланыс барлығы айқын. Яғни сыншыл реализмнің пайда болуының
негізгі романтизм арқылы жүзеге асты. Жеке адам тұлғасының ішкі
болмысына ену, оны ӛмірмен тығыз байланыста кӛрсетуге итермеледі.
ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік ӛзгерістерге байланысты жаңа сатыға
кӛтерілген қазақ жазба әдебиеті ӛмірдің қат-қабатына терең бойлап,
қоғамдық әлеуметтік қайшылықтарды ашуға ұмтылды. Россиядағы саяси
хал-ахуал, қазақ зиялыларының саяси кӛзқарастарының қалыптасуы сыншыл
реалистік әдістің әдебиетте жетекші әдіске айналуына әсер етіп қана қоймай,
осы саладағы әдеби дамуға негіз қалады.
Сӛйтіп сыншыл реализм ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің кӛрнекті
ӛкілдері Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Мағжан
т.б. дарынды ӛкілдерінің ӛнерпаздық-шығармашылық қызметіндегі басты
кӛркемдік әдіс болды. Олардың барлығы да қазақ елінің дертті мәселелерін
тілге
тиек етіп, қоғамдық ӛмірдің кӛлеңкелі тұстарын ашып кӛрсетті.
101
ХХ ғасыр басындағы сыншыл реализм оқу-тоқусыз, мал соңынан ерген
қазақ жастарының, елге тұлға бола алмай, ел тұлғаларын кӛре алмай, жез
түйме мен шенге мәз болып, елін сатқан болыстарының, батыстың ұлттық
болмысқа тән емес ерсі қасиеттерін бойына жұқтырғанына мәз болған
оқыған-зиялыларының сан-қырлы образдарын жасады. Кесепатты, кесірлі,
жағымсыз мінез-құлықтарды аямай сынады. Ащы да болса, шындықты
айтты.
Сыншыл реализм әдісінде “Гүлкәшима”, “Қалың мал”, “Кім жазықты?”
сынды шығармалар жазылды. Тек тың жанрлар ғана емес, тӛл жанр іспетті
ӛлең-жырларда да жоғары дәрежедегі дүниелер туды. Шағын жанрдағы
реализм кӛбіне саяси, азаматтық лирикада кӛрінді. Бұл әсіресе Шәкәрімнің,
Ахметтің, Міржақыптың қазақты “ояту” идеясы тұрғысынан жазылған
ӛлеңдерінен
айқын
кӛрініс
тапты.
Жері тәркіленіп, санасын қараңғылық орап, отаршылдық торына шырмалған
қазақ тағдыры бұрмасыз шындықпен жырланды:
Ахаң:
Қалтылдақ қайық мініп, еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру,
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Міржақып:
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың ӛзгермеді ӛртеген.
Тырп етпейсің бас кӛтеріп кӛрпеден…
деп, қазақтың сол тұстағы тұрмысын шыншылдықпен суреттеді.
Сұлтанмахмұт қаламынан кӛбіне әлеуметтік теңсіздік зардаптарын ащы
айта білген шығармалар туса, Шәкәрім адамдық болмыстың сан-қырлы
құпиясын аршып, адамдық белгісін әркімнің ӛз бойынан табуына үндеген
тәрбиелік мәнді, ӛткір сынды шығармалар жасады. Мұны “Ашу мен ынсап”,
“Анық пен танық”, “Сәнқойлар”, “Ызақорлар”, “Мақтау мен сӛгіс”, “Талап
пен ақыл”, “Бай мен қонақ”, “Еріншек”, “Қалжыңшыл қылжақпас”,
“Құмарлық”, т.б. ӛлеңдерінің тақырыптары-ақ танытып тұр.
Рахым, ұят, арыңның,
Бетін топырақ жасырған.
Қайраты қайтып кәріңнің
Қайғысын сӛйтіп асырған.