Мазмҧны кіріспе


Мақыш  Қалтаев  (1869-1916)



Pdf көрінісі
бет28/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Мақыш  Қалтаев  (1869-1916).  Ақмола  маңында  туып  ӛскен.  М.Қалтаев 
шығармаларында  діншілдік  сарын  ӛте  басым  болып  келеді.  Жалпы 
адамзаттық  имандылыққа  кӛбірек  үндейді.  Дінді  –  адам  жанының  рухани 
тазаруы ретінде ұсынады. Кейде пәни дүниеден жақсылық таппай, бақидағы 
қызықты жырлау арқылы қайшылыққа ұрынатын тұстары бар. 1907 жылдан 
бастап  шығармашылықпен  айналысып,  1907-1913  жылдар  арасында  сегіз 
кітап  шығарған.  М.Қалтаев  ХХ  ғасырдың  басында  ең  кӛп  кітап  жазған 
ақынның бірі болып табылады. 
М.Қалтаевтың  “Қалтайұлының  қазақ  ахуалынан  бәхас  еткен  манзұмасы“ 
(1907) “Қазақтың айнасы (1910), “Біраз ғибрат сӛз“ (1910), “Насихат қазахия“ 
(1911),  “Бар  оқиға“  (1912),  “Тура  жол“  (1912)  атты  жинақтарының 
тақырыптары  ортақ,  бір  сӛзбен  айтқанда,  қазақ  жайы.  Татар  ақындары 
З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған “Айна“, “Сақ-сұқ“ ӛлеңдер жинағы бар. 
Бұл аудармаларда ақынның ӛзіндік қолтаңбасы айқын сезіліп тұрады.  
Діни кӛзқарас жетегінде бола тұра, Мақыш – ӛз кезінде замана шындығын 
дұрыс  пайымдай  білген  ақын.  Оның  жинақтарына  енген  ӛлеңдерінен 
(“Аплотондай  адамдар  кедей  болып“  т.б.)  қазақ  қозғалысындағы  әлеуметтік 
теңсіздікті  кӛре  алғанын  айқын  байқаймыз.  Ақын  дүние,  тіршілікке  ӛз 
кӛзқарасын  білдіріп,  ӛлеңдерінде  ӛзіндік  ой-пікір  қорытуға  ӛте  шебер. 
Шығармаларында алланы шын сүю, Мұхаммедтің үмбеті болу тәрізді рухани 
тазарудың  ұлы  мақсаттарына  жетелеумен  қатар,  ой  астарында  ӛмірдің 
қиындығына  тӛзу,  алланың  бергеніне  масаттанбау  тәрізді  адами  асыл 
қасиеттерге  тәрбиелеу  мақсаты  басымдау  жатады.  М.Қалтаев  ӛлеңдерінде 
ұлттық  мүдде  жоғары  қойылып,  Отанға,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілік 
ерекше шабытпен жырланады. 


106 
 
Алғашқы  шығармасы  “Қалтайұлының  қазақ  ахуалынан  бәхас  еткен 
мәнзұмасының”  ӛзінде-ақ  қазақ  тұрмысына  тән,  содан  туындайтын 
әлеуметтік  мәселелерді  ӛткір  кӛтере  білді.  Діни  уағыз  айта  отырып,  ӛмір 
шындығынан  алшақ  кетпей,  бақилық  шындықтан  фәнилік  шындықтың 
болмысын ашады. Алланы адамға қуат берер рухани күш деп біліп, тіршілік 
тірегі  іс-әрекет,  ізденіс  деп  түсінеді.  Діни-пәлсапалық  түйін-дері  кӛбіне 
қарапайым  қазақи  ұғыммен  астарлас  болып  келеді.  Ӛз  дәуіріндегі  қазақ 
даласында қалыптасқан кейбір кертартпа әдет, теріс мінез-құлықтарды ашық 
түрде ащы сынайды. 
“Бар  оқиға“,  “Насихат“  жинақтарындағы  ӛлеңдерінде  пайдалы  іске 
ұмтылу,  еңбекқорлық  сияқты  жақсы  қасиеттерді  дәріптейді.  Дінді  арамдық 
істеріне  бүркеу  еткен  екіжүзділікке  қарсы  болып  (“Қаж  хаhында“),  дін 
тазалығы үшін күрес жүргізуге тырысады. “Ӛнерге тағлым үшін бала берді“, 
“Ӛнерге  жабыспасақ  іс  бітпейді“,  “Михнат  босқа  кетпес  қиналсаңыз“  атты 
ӛлеңдерінде 
ӛнерді 
дәріптеу 
айқын 
кӛрініс 
табады. 
М.Қалтаев 
шығармашылығының  басты  тақырыптарының  бірі  –  әйел  теңсіздігі.  “Сәбия 
қыз“ ӛлеңі – осының нақты мысалы. 
“Қазақтың  айнасы“,  “Біраз  ғибрат  сӛз“  жинақтарының  ӛлеңге  қойылар 
талап тұрғысына сапасы ӛте жоғары. “Біраз ғибрат сӛз“ жинағындағы мысал 
ӛлеңдерінің  (“Есектің  ойнауы“,  “Аз  үмітпен  кӛп  зарар  берер“,  “Бал  құрты 
мен  шыбын“,  “Жақсылыққа  жамандық“,  “Пақырлық  пен  Байлық“  т.б.) 
тәрбиелік мәні зор. Мақыш – қазақ әдебиетіндегі мысал жанрын дамытушы, 
ӛркендетушілердің бірі. 
“Тура  жол“  жинағында  дүние,  жан,  рух  туралы  түсініктер  діни  ілім-
біліммен  астасып  жатыр.  Ақынның  қазақ  тарихына кӛз жіберіп,  хандар  мен 
тӛрелердің  озбыр  іс-әрекеттерін  ашар  тарихи  деректерді  алға  тартуы 
(“Қазақтың ханы болған тӛрелері“) – оның ӛткенге ӛзінше қарайтындығының 
белгісі. 
М.Қалтаев 
шығармашылығына 
тән 
басты 
ерекшелік 
адамдық, 
адамгершілік қасиеттерді ардақтап, жалпыға ортақ ілгершілікті қолдайтыны. 
Мақыш  – ӛмірден  түйгендерін,  оқыған-білген  нәрселерін  қарапайым қазақы 
тілмен  ұйқас,  ырғаққа  түсіріп,  баяндау  тәсілінде  жазуға  бейім  ақын. 
М.Қалтаев  поэзиясының  идеялық  маңыздылығы,  мазмұн  байлығы  кӛбіне 
уақыт  тынысын  тап  басып,  замана  құбылысын  дәл  танып,  ӛз  ӛлеңдерінде 
күрделі  ойларды  арқау  еткен  пікірлер  толғайтынынан  кӛрініс  табады. 
М.Қалтаев  поэзиясында  жалаң  дидактиканың  кӛрініс  беріп  қалатынын 
жасыруға  болмайды.  Ақынның  тіл  шұбарлығына  жол  беріп  алатындығы  да 
бар. Ӛлең жолдары араб, парсы, татар тілдеріндегі сӛздермен араласып кетіп, 
қазақ тіліне тән ұйқас, үндестік заңдары бұзылып отырады. 


107 
 
Жалпы  алғанда,  М.Қалтаев  –  ӛз  дәуіріндегі  күрделі  мәселелерді  қозғап, 
халықты  оятуға  күш  салып,  ӛнерғылымды  насихаттап,  ағартушылық 
әдебиетке елеулі үлес қосқан ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет