109
қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан кӛрініс табады. Жастайынан
ел басындағы ауыртпалықты кӛріп ӛскен ақын ӛзінің тӛл ӛлеңдерінде ел
билеген әкімдерді, кейбір байларға тән дүниеқоңыздықты, озбырлықтарды
еркін сынап отырады. Оның “Бӛрбас байға“, “Отыншы байға“, “Бір молдаға“
т.б. ӛлеңдерінде ӛмір шындығы реалистік түрде кӛрсетілген. Жалпы алғанда,
Шәді шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі эпикалық
жанрды ӛрістетуде ерекше орыны бар.
ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар да
болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, Ақылбек
Сабалаұлы тәрізді ақындар кӛбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып, немесе
бастырып шығарумен айналысқан. Шығармаларының қай-қайсысында
болмасын діни уағыз, дін құдіреттілігі жайлы ойлар ӛріс тауып отырған.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде діни-ағартушы
ақындар ӛзіндік бет-бағдарын айқын танытқан. Олардың шығармашылығы
кӛлемі жағынан аса мол, жанр, түр жағынан мейлінше бай болып келеді.
Талант, дарындары әрқилы ақындардың, ӛзіндік қолтаңбалары да әр-қилы.
Бұларды біріктіретін басты белгі – діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-
мұраттары.
Достарыңызбен бөлісу: