Мазмҧны кіріспе


Бекет  Ӛтетілеуов  (1883-1949)



Pdf көрінісі
бет50/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Бекет  Ӛтетілеуов  (1883-1949).  Қостанай  ӛңірінде  дүниеге  келген. 
Орысша  оқып,  орыс  мәдениетін,  орыс  әдебиетін  жете  меңгерген.  Орыстың 
реалистік  әдебиетінен  нәр  алып,  аудармамен  айналысып,  ұстаздық  қызметі 
мен  аудармашылықты  ағартушылық  жолына  пайдаланды.  А.Пушкин, 
М.Лермонтов,  К.А.Жуковский  т.б.  аударған  ӛлеңдерінде  кӛркемдік  белгілер 
бар.  И.А.Крыловтан  (“Кӛкек  пен  кӛгершін”,  “Мұжықтар  мен  ӛзен”, 
“Ысырапқор  мен  Қарлығаш”,  “Бұлбұлдар”,  “Бала  мысық  пен  қара  торғай”, 
“Бүркіт  пен  ӛрмекші”,  “Бай  мен  етікші”,  “Түлкі  мен  жеміс”,  “Піл  мен 
қанден”,  т.б.),  И.И.Хемницерден  (“Құмырсқа  мен  дән”)  аударған 
мысалдарынан  ӛзіндік  қолтаңбасы  танылады.  Б.Ӛтетілеуов  аудармалары 
түпнұсқаға  ӛте  жақын.  Аудармаларын  кӛбіне  қазақы  ӛлең  жүйесіне  салып 
жасайды.  Сондықтан  да  кӛбіне  түпнұсқаның  ӛлең  құрылысын  сақтай 
бермейді.  Б.Ӛтетілеуовтің  “Дүние  ісі  ақыретке  кетпес”  (Қазан,  1912), 
“Жиған-терген”  (Орынбор,  1914)  жинақтарының  қазақ  әдебиетінен  алар 
ӛзіндік орны бар. 
Оның  тӛл  туындыларында  ағартушылық  бағыт  басым  боп  келеді.  Ақын 
әлеуметтік  теңсіздік  кӛре  білді.  Байлардың  озбырлығын,  надандығын 
әшкереледі  (“Қазақтың  байлары  мен  нашар  кӛршілері”  т.б.).  Елдің 
қараңғылық күйіне жаны күйзеліп, оқу-білімге шақырды (“Болғанда сыртың 
бүтін,  ішің  түтін”  т.б.).  Жаман,  кертартпа  қасиеттерден  жиренуге,  жақсы 
қасиеттерді  үйренуге  үндеді  (“Данышпан  қазы”  т.б.).  Бір  қатар  ӛзіндік 
шығармаларында  ой  оятар  пікір  мол  кездесіп,  кӛркемдік  деңгейі  жоғары 
болып келеді (“Ӛмірдің үш басқышы”, “Хат”, “Жалғыздың ӛмірі”, т.б.). 
Б.Ӛтетілеуов  шығармашылығына  тән  басты  белгі  –  барлық  шығармалары 
ағартушылық  оймен  ұштасып  жататындығы.  Ақын  Қазан  тӛңкерісінен 


141 
 
кейінгі  алмағайып  заманда  шығармашылықты  біржола  доғарып,  ұстаздық 
еңбекпен айналысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет