Ақынның поэмалары
Шәкәрімнің тӛл туынды ретінде саналатын үш поэмасы бар. Олар –
“Қалқаман-Мамыр”, “Еңілік-Кебек” (алғашқы аты “Жолсыз жаза, яки кез
болған іс”), “Нартайлақ пен Айсұлу”. Жоғарыда атап ӛткеніміздей, бұлардың
ішінде “Нартайлақ пен Айсұлуды” Шәкәрімнің ӛзі кӛркемдік деңгейі тӛмен
деп бағалаған. Бұл шығармалардың тақырыбы – бір сӛзбен айтқанда әйел
теңсіздігі. “Қалқаман-Мамыр” мен “Еңлік-Кебек” те ӛз дәуірлерінің тарихи
болмысы ашылып, ӛмір шындығы кӛркемдік шындыққа айналып, кӛркемдік
шешім тапқан.
Осыдан 113 жыл бұрын жазылып, 89 жыл бұрын жарық кӛрген
“Қалқаман-Мамыр”-Шәкәрімнің іргелі шығармаларының бірі. Кезінде бұл
шығарма туралы Әлихан Бӛкейханов “Қазақ” газетінің 1915-жылғы 121-
санында сын жазып, поэманың жанрын тарихи жыр деп таныған. Кейінгі
зерттеушілер (М.Мағауин) бұл поэманы лиро-эпикалық дастан санайды. 1912
жылы Семейдегі “Жәрдем” баспасынан жарық кӛрген поэмасын ақынның ӛзі
“Қазақ тіліндегі тарихи хикая” деп атаған. “Мұтылған” деген бүркеншік
есіммен жазған автордың кіріспе сӛзі де осының бір дәлеліндей. Онда автор
былай дейді: “Бұл әңгіме 1722 жылы біздің Орта жүз қазағы Сырдария
бойында жүргенде болған анық іс. Біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, “ақ табан
шұбырынды” болғаннан бірақ жыл бұрын Қалқаман-Мамырдың ісіне ескі
қазақтар теріс кӛзімен қараса да, осы күнгі кӛңілінің кӛзі ашықтар жазықсыз
екенін біліп, дұға қылса керек.
162
Ӛлгенді тірілтпесем де, ӛткенді жандырғандай болсын деп, биыл жүз
тоқсан жыл, ұмытылған істі алдыңызға қойдым. Бұл әңгіме ақсақалдар
аузынан қалып бара жатыр. Сол асықтардың ӛзі кетсе де, ізі жоғалмасын
дедім. Біздің де ізіміз жоғалатынын ойлап”. Кіріспеден кӛріп
отырғанымыздай ақын бұл шығармасын – тарихи дүние ретінде жазуды
ойластырған. Дәл тарихи дастан болмағанмен, мақсат солай болған.
Екі ғашықтың махаббат трагедиясын арқау ӛткен бұл поэма – Қалқаман
мен Мамыр атты екі жастың ғашықтық сырын шертеді. Шығармада екі
ғашықтың махаббаты романтикалық сарын да бейнеленген. Мәселен мұны
Мамырдың Кӛкенай батыр қолынан қаза табар сәттегі сӛзінен айқын
аңғаруға болады:
Тілегім келді орнына арманым жоқ,
Артында Қалқаманның қалғаным жоқ,
Мені сен ӛлтіргенмен жасармайсың,
Сүйткенмен жас жанымды алғаның жоқ.
Тағдырдың сүйгенінің алдында алып, махаббатының пәктігі сақталғанын
жұбаныш еткен Мамыр рухының биіктігі осы жолдардан анық сезіледі. Ақын
екі жас жағында, ол екі жастың трагедиясы арқылы олар ӛмір сүрген тұстағы
қоғамның қатігездігіне ӛз үкімін шығарады. Тақырып желісі махаббат
болғанмен де, ақын сол тұстағы қазақ ӛмірінің, салт-дәстүрінің, ой-сана,
кӛзқарастар қайшылығының бүкіл қыр-сырын ашуға ұмтылған.
Поэмада баяндалған оқиғаның қысқаша мазмұны мынадай. Ағайындас екі
жас Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық болып қалады. Шын сүйген
жүрек ӛз дегеніне жетіп, олар қосылады. Бұған Мамырдың немерелес ағасы
Кӛкенай батыр қарсы болып, ақыры ол Мамырды садақпен атып ӛлтіреді.
Қалқаманның жақыны, тобықтының әулиесі іспетті Әнет бабадан
Қалқаманды ұстап беруді сұрайды. Әнет баба үкімді қанша жұмсартқысы
келгенімен, одан ештеңе шықпайды. Ақыры жүйрік атпен шауып ӛтетін
Қалқаманды Кӛкенайдың садақпен атуына шешім шығарады. Кӛкенай
батырдың атқан оғы Қалқаманның қара санынан тиіп, ердің қасын жарып
ӛтеді. Тірі қалған Қалқаман еліне ӛкпелеп, Ұлы жүздегі нағашы жұртына жол
тартады. Осы кезде қалмақ-қазақ соғысы басталып кетіп, бұл оқиға
ұмытылып, аяқсыз қалады. Кейін ел есін жиған тұста Қалқаманды іздестіру
мүмкін болмай қалады.
Шәкәрім сюжеттік желіге осынау тарихи оқиғаларды негіз ете отырып,
қазақтың бұрынғы тұрмысын, әдет-ғұрпын кеңінен кӛрсететін махаббат
драмасына құрылған дастан жазып шыққан. Поэмадағы махаббат мәселесі
Шәкәрімнің жалпы адамгершілік, азаматтық кӛзқарасының негізі ретінде
кӛрініп, оның бостандық сүйгіш бағытын айқындайды.
163
Поэмадағы басты кейіпкер екеу. Олар – Қалқаман мен Мамыр. Ақын осы
екі кейіпкерін сырттай ғана бейнелеп қоймай, ішкі сезімдеріне терең бойлап,
олардың ӛздеріне ғана тән табиғи болмыстарын аша алған. Ақын оқиғаны екі
жастың балғын кезінен бастап дамытады. “Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора” бай
қызы Мамыр бозбалаша киініп жүрсе де, жігіттердің кӛз құрты болады. Оған
ғашық Қалқаман ӛз сырын жылқы бағып жүргенде білдіреді. Жұмбақ күйінде
айтылғанмен, жігіт ойында не бар екенін сезген ақылды қыз ӛзіне туыс
болып келетін жігітке басу айтады. Бірақ ӛзінің ғашықтығын қайта-қайта
еске салған жігітке ақыры кездеседі, бір шешімге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |