181
Шындығын айтқанда, ақынның мол әдеби мұрасын тірнектей жинап,
жинағын әзірлеп, Сұлтанмахмұттанудың бастауын салған ұлтымыздың ұлы
тұлғаларының бірі – Ж.Аймауытов болатын. Оның ой-пікірлері
Сұлтанмахмұт шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі алар
орны мен ӛзіндік жаңашылдығына баға беріп, ӛзіндік ерекшелігін тануға зор
үлес болып қосылды.
Кейінгі зерттеушілердің ішінде Арап Еспенбетовтың “Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың шығармашылық ӛмірбаяны” деген тақырыпта қорғалған
докторлық диссертациясы және “Сұлтанмахмұт Торайғыров” монографиясы
– уақыт талабына толық жауап беретін соны зерттеулердің бірі.
С.Торайғыров мұрасының затына лайық қадір-қасиетін уақыт талабына
сай қарастырып, ақынның сан-салалы шығармашылығының “ақтаңдақ”
қырларын ашып, творчествосын түбегейлі түгендеген еңбек осы болды.
С.Торайғыров – ӛзінің қысқа ғұмырында әдебиетке ӛлмес дүниелер қосып
кеткен, асыл сӛзі ұлтымен мәңгілік бірге жасайтын нағыз тума талант,
шынайы дарын. Сондықтан да ақындық ӛнерпаздығы тылсым сырға толы,
оқыған сайын, қайта оралған сайын жаңа қырынан кӛрініп, кӛкірек кӛзіңді
ашып, ойыңа ой қосатын ақынның ой мен сезімді тоғыстырған мӛлдір
поэзиясы қашанда жаңашылдықпен қарауды талап етеді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылдың қазанында Кӛкшетау облысы
Қызылту ауданында дүниеге келген. Ӛзіне фамилия етіп алған Торайғыр –
Сұлтанмахмұттың тӛртінші атасы. Ағайынды Шоң, Торайғыр деген атақты
билер – қалың қазақ жұртына танымал болған адамдар. Ақын сондықтан да
елге танымал осы тарихи тұлғаның атын ӛзіне фамилия етіп алған болу
керек. Ӛз әкесі – ел Шоқпыт атап кеткен, Әбубәкір деген кедей-шаруа. Ол
мұсылманша хат таныған. Шешесі Зүплен ерте қайтыс болып, Сұлтанмахмұт
әжесі Мӛнтайдың тәрбиесінде ӛскен.
Әкесі Шоқпыт 1896-1897 жылдары туған жері Баянауылға кӛшіп келіп,
Торайғыр кӛліне таяу жерге қыстау салып, сол жерге тұрақтанады. Болашақ
ақын алғашқы сауатын әкесінің оқытуымен ашады. Алты жасында хат
таныған Сұлтанмахмұт бұл туралы:
Достарыңызбен бөлісу: